Тақырыбы: «Мен,анам,әкем
және жанұям»
Мақсаты:Ұрпақ
тәрбиесінде ата-бабамыздың ұстаған жолын ,баланың отбасыдағы орнының жоғары
бағалағандығын паш ету, бала тәрбиесіне байланысты нақыл сөздерді пайдалана
отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер,плакаттар,шар.
Аудиториясы: 1 «ә»
класс
Барысы: Қуанамын
мен де, Қуанасын
сен де, Қуанайық
достарым, Арайлап
атқан күнге?
1-жүргізуші: Балалар бүгінгі біздін тәрбие
сағатымыздың тақырыбы «Мен,анам,әкем және жанұям» деп аталады.Сабақ барысында
біз отбасы, адамға ең қымбат,ең жақын адамдар туралы,олардың ең жақын адамдар
туралы , олардың мейрімділігі туралы сөз қозғаймыз.
2-жүргізуші: Маған да саған да, Жақын
туыс – бес адам Үш
әріптен тұратын . Онға
оқы,солға оқы . Өзгермейді
еш одан. Бәрі
де өз жұртың Айтады,
қане,кім атын? (апа,ата, ана, іні, аға) Сұрақтар
балаларға: -Отбасы
деген кім?
-Отбасы мүшесін атап берейік?
1-жүргізуші: Енді балалар отбасы мүшесіне жеке жеке
тоқталып өтейік(ата,әже,әке,ана,аға,апа,іні, сіңілі)
2-жүргізуші: Бала – адамның бауыр еті –дейді қазақ халқы. Ұрпақ-ғұмыр
жалғасы, тіршілік көзі.Қай халық болмасын,үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді
.Жанған отын сөндірмей,түтінін түтететін ұрпақ қалдыруды көздейді.Халқымыз
балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған. «Балалар
өмірдің жалғасы,көз қуанышы ,шанырақ иесі»- деп ұрпақты болуға,оның тәрбиесіне
қатты көңіл бөлген. Қуанып
жан жүрегі қақ жарылды, Қасірет
басындағы қалды арылып. Ұл-қыз
көріп дүбірлі той жасайды, Атқан
соң мандайынан таң жарылып. 1-жүргізуші:
Балалар біздің отбасымызда ең үлкен,ең ардақты барлық тәттілерін сендерге арнап
тынығып қоятын кім? - дұрыс ,ол
біздің ата-әжелеріміз.Кім өзінің ата-әжесіне арнап таппақ айтып берем дейді. Алдияр:Аппақ
күміс сақалды,
Жақсы көрем атамды.
Шахматтан ол бүгін,
Меннен тағы мат алған.
Аянат: Менің атам мықты адам,
Күштілерден ықпаған.
Жас кезінің өзінде,
Жігіті жоқ жықпаған.
Бекзат: Әжеме кетсем жұғысып, Тапқандай
болам сөз кенін Ертегін
қызық ұғысып Тыңдаймыз
көзбен көргенің 2-жүргізуші:
Отбасының тірегі,қорғанышы деп кімді айтамыз? Ол әке
Ыстық- ау кім- кімгеде әке деген,
Суыққа шалындырмай мәпелеген .
Өмірдің соқтығымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
Тағдырдың кеуде тосып жартасына,
Біз үшін түскен майдан ортасына,
Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз Біз
бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған ойларын
тыңдап көрейік. Сабина:
Алтын арай таңым әке, Алатаудай
бағым әкем.
Балаң үшін шырылдайсың,
Аман болшы жаным әке.
1-жүргізуші: Балалар енді кезекті ойынға берсек.Қане бәріміз ойын
ойнаймызба?
2-жүргізуші: Келесі кезекті ең ардақты,сүйекті ол кім? -Әрине
ол аналар.
Анаң деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Ұясында кім болса да,
Тек анаңа жақынсың – дегендей аналарға арнау.
Жасұлан: Ана деген асыл сөз,
Ана деген ғаламат. Жер
бетінде анаға Табынады
адамзат.
Әділет:Үш әріптен құралғаң,
Қасиетті ұғымсың.
Дүниеде жалғыз жан Анашым
бір өзіңсің.
2-Жүргізуші:Мәпелеп мені өсірген
Ризамың мен өзіне Ана
деген
керемет
Сыйлап өтем өмірде - дей келе хор «Ақ мамам»
1-жүргізуші:Сонымен балалар сендер үшін ата,әже,әке,ана,қандай адамдар? -ең
қымбат адамдар Құт
береке атаң қымбат,
Мейірімді әжең қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
( Оқушылар өз отбасыларын таныстырып өтеді, топтастыру, сурет салу.) 2-жүргізуші:
Міне, қоштасатын да сәтте жетті.Отбасы – ұшқан ұя,жылылықтың,жылулықтың
мекені.Отбасы ошақ қасымыз аман болсын.Сау саламатта болыңыздар!
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.