Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Менің Отаным - Қазақстан"

Тәрбие сағаты: "Менің Отаным - Қазақстан"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: : Менің Отаным - Қазақстан
Мақсаты:
Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту; 
Отаның, туған жерін қорғай білуге, халқымыздың талантты ақындарының өлеңдері мен ата - бабаларымыздың өн
еге етіп қалдырған даналық сөздері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, атамекенін көздің қарашығындай сақтай білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Ойларын жүйелі түрде жеткізе білу, шығармашылықпен жұмыс жасап, мәнерлеп өлең оқып, мағынасын түсіне білу дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: Елбасы суреті
, рәміздер, авторларының суреттері,  қанатты сөздер,  Астана қаласына байланысты суреттер.

Әдісі: сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндірмелі, көрнекілік
Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру.
Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер: «Жақсы көңіл-күй сыйлау»
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын.  «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз.

- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
- Қазақстан
- Қазақстан жері қандай?
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.
- Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.
Отан туралы өлеңдер.

Жанэль: Отан-жерім,Отан-суым,

Отан қуат,нәр береді.

Отан-ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

Нұржан: Отан-сенің ата-анаң,

Отан-досың,бауырың.

Отан-өлкең,астанаң,

Отан-аудан,ауылың.

Сымбат: Отан-тарих,Отан-тіл,

Жасаған елің,ер халқың.

Отан-өлең,Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

Мәдениет: Отан-осы,достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс,жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Ақмаржан: Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу,неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Жанерке: Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс,алқабы малға толған.

Неткен сұлу,неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Молдир: Құқығымды қорғаған,

Ата заңды қолға алам.

Оның әрбәр бабымен

Әділеттік орнаған.

Карина: Құқығыңды білгейсің,

Тәртіпті боп жүргейсің.

Заңды білсең қашанда,

Жаман өмір сүрмейсің.

Камила: Елдігімді сақтаған,

Бар үмітті ақтаған,

Ата заңым әділ деп

Барша жұртқа мақтанам.

-         Біздің ана тіліміз қандай тіл?

-         Қазақ тілі.

 Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте,

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

-         Балалар қандай рәміздер бар бізде?

-         Ту, Елтаңба, Әнұран.

-         Енді осы рәміздер туралы қысқаша айтып берейін.

Нурлан: Рәміздерім елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім Әнұран,Ту,Елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Биыл 20 жыл .Әрбір азат елдің өзіңнің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады.Солардың бірі мемлекеттік рәміздер.1992 жылы 4 маусымда егемен еліміз Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері қабылданды.Олар Қазақстан Республикасының әнұраны, Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы,Қазақстан Республикасының туы.

Туымыз туралы: 

Мемлекеттік туымыз бірыңғай көгілдір түсті.Бұл түс төбедегі бұлтсыз ашық аспанды елестетеді.Бұлтсыз ашық аспан әрқашан да бейбітшіліктің тыныштықпен жақсылықтың нышаны.Көк түс –Қазақстан халқының бірлік,ынтымақ жолына адалдығын білдіреді.

Нұрға малынған алтын күн тыныштықпен байлықты бейнелейді.Күн –қозғалыс , даму,өсіп өркендеудің ,өмірдің бейнесі.Қанатың жайған қыран құс –бар нәрсенің бастауындай,билік,айбындылық бейнесі.Күннің астындағы қалықтаған қыран елдің еркіндік сүйгіш асқақ рухын,қазақ халқының жан дүниесінің кеңдігін жария етеді.Ағаш сабына бекітілген тұстағы тік жолақ ұлттық оюлармен өрнектелген.Күн, қыран,ою -өрнек алтын түсті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы- суретші Шәкен Ниязбеков.

 Елтаңбамыз туралы: 

Елтаңба негізі –Шаңырақ   ол елтаңбаның жүрегі.Шанырақ мемлекетің түп- негізі отбасының бейнесі.Шаңырақ- күн шеңбері .Айналған күн шеңберінің қозғалыстағы суреті іспетті.Шаңырақ- киіз үйдің күнбезі.Көшпелі түркілер үшін үйдің ,ошақтың, отбасының бейнесі.Тұлпар –дала дүлділі болып табылады.

Әнұранымыз туралы 

Әнұран мәтінінде ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрініс табады.Сонымен қатар асыл мұрамыз- еліміздің кең байтақтығы,жер мен ел байлығы ,біздің ұрпақтарымыздың болашағына айқын жол ашатыны көрініс тапқан.Ең бастысы-тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі-ел бірлігі баса айтылған.

Әнұран 2006 жылы 7 қаңтарда  Қазақстан Республикасының жаңа Әнұраны қабылданды.Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының Әнұраны деп жарияланды.Кезінде Жүмекен Нәжмиденов жазған ән сөзіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кейбір түзетулер енгізілді.

Әнұран авторлары: Шәмші Қалдаяков,Жүмекен Нәжмиденов ,Нұрсұлтан Назарбаев

Мемлекеттік рәміздерді мемлекеттік мекемелерден мектептерден көруге болады.

Рәміздерді құрметтеу,қастерлеу баршамыздың борышымыз.Әнұран сөзің жатқа білу міндетіміз.

Назерке:Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығым.

Қазақты әлем таныды,

Егеменді ел боп бүгін.

Мирас: Таңдай қаққан шартарап,

Көк туымда барша бақ.

Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап.

Манас: Көк туымнан нұр алдым,

Сол қыранға сыңармын.

Ерікті елдің еншісі-

Еркіндігі қыранның

 Ануар:Еліміздің жалауы

Желбірейді аспанда.

Бар әлемге танылып,

Биік тұрар қашанда!

 Азат:  Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат,әдемі!

Тұнығындай көңілдің,

Ортада-аспан әлемі.

 Аселя: Құт,береке-шаңырақ,

Орын алған ол төрден.

Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.

 Алдияр:  Тәуелсіздік жолында,

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім-Елтаңбам.

-  Балалар біздің президентіміз кім:

Н.Ә.Назарбаев.

-         Балалар біздің Астанамыз қай қала?

Астана.

-         Осыған байланысты тақпақтар айтылсын.

Ақбота: Болашаққа бастаған,

Шарықтайды асқақ ән,

Елордасы Отанның,

Мақтанышым – Астанам.

Әнуар: Алматы мен Астанам,

Арудай әсем бас қалам.

Бірі-жас, бірі-бас қалам.

Сәулеті асқан басқадан.

Саян: Атамекен тұрағым,

Сөңбейтұғын шырағым

Көк байрағым –айбыным.

Қасиетті тұмарым.

С.Дилназ: Сая болған баршаға,

Байтақ жерім қаншама,

Атыраудан-Алтайға.

Жетісудан арқаға. 

«Біз Қазақстан Республикасының азаматы  Отаным Қазақстанның дүние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті ,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз мәдениетті адам боламыз.Туған халқымыздың ата-дәстүрін жалғастырамыз. Мемлекетімнің Президентін құрметтейміз. Конституциясымен заңдарын бұлжытпай орындаймыз, Елімнің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын сыйлап қастерлейміз.»

 

 

 

 

Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие сағаты

 

Тақырыбы: «Менің Отаным – Қазақстан»

 

Сыныбы: 1 «Г»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                          Өткізген: Калаубаева Д.М.

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Менің Отаным - Қазақстан""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Маркетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 104 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.11.2015 933
    • DOCX 22 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калаубаева Диана Мараловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калаубаева Диана Мараловна
    Калаубаева Диана Мараловна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15576
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель математики в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 180 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 353 человека

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 33 человека