Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / 52-24 түріндегі азайту. Математика

52-24 түріндегі азайту. Математика

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

hello_html_a52e95f.gifhello_html_m14d1a9bf.gifhello_html_m57d48484.gifhello_html_2cf072e6.gifhello_html_m212c9552.gifhello_html_m26f9bb3.gifМатематика 13.03.2013ж.

Сабақтың тақырыбы: 52-24 түріндегі азайту.

Мақсаты: 1.Оқушыларға екі таңбалы сандарды жазбаша және ауызша қосу тәсілдерін меңгерту, кестелік қосу және азайту дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың ойша есептеу дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.

3. Туған жерді сүюге, табиғатты қорғауға, сақтыққа, шапшаңдыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе цифрлар, суреттер, слайдтар.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

Психологиялық дайындық.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару,құралдарын түгендеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5 тапсырманың орындалысын тексеру.

Әр қатардан екі оқушыға оқытып,тексеру.

Бірінші бағанда қай амал орындалады? 20 мен 40-тың қосындысын 100-ден азайту. 16 мен 4-тің қосындысын 90-нан азайту.

ІІ- бағанда: айырмалардың мәндерін оқыту.

ІІІ- бағанда қай амал бірінші орындалады? Оқыту,тексеру.


ІІІ. Өткенді пысықтау

«Миға шабуыл»

1. Көпбұрыштың периметрін қалай табады?

2. Қосудың қандай қасиеттері бар?

3. Қосуға кері амал.

4. Ұзындық бірліктерін ата.

1 дм-?см 1м-?см 1см-?мм

5. Масса бірліктерін , уақыт бірліктерін ата.

6. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш қалай аталады?

7. Қандай бір таңбалы сандардың қосындысы 12-ге тең?

8. 9 санын алу үшін 14-тен қандай санды азайту керек?

9. Сүйір бұрыш тік бұрыштан қандай?

10. Доғал бұрыш тік бұрыштан ше?

Балалар, өткен сабақта не өттік, не үйрендік?

Екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдерін шығаруды үйрендік.

Олай болса, бүгінгі сабағымызда да екі таңбалы сандарды азайтудың тағы бір тәсілімен танысамыз?

ІV. Жаңа сабақ

52-24 түріндегі азайту. Шығарылуын түсіндіру.

Азайтудың ауызша тәсілін қайталау.

Суретті пайдаланып, 52-24 мысалынан 24 санын бөліктеп азайту: алдымен 20-ны азайту,содан шыққан саннан (32-ден) 4-ті азайту.

Баған түрінде шығарылуын түсіндіру:

52 мен 24-тің айырмасын баған түрінде жазамыз. Бірліктерді азайтамыз. Азайғыштың бірлігі азайтқыштың бірлігінен кем болған жағдайда қалай азайтамыз? 5 ондықтан 1 ондықты аламын. (Ұмытып кетпеу үшін 5 цифрының үстіне нүкте қоямын ) 1 онд. және 2 бірл. – бұл 12 бірл.

12-4=8 Бірліктердің астына 8-ді жазамын. Енді ондықтарды азайтамыз:

5 онд. болды,бірақ 1 онд. бірліктерді азайтқан кезде алдық; ендеше 4 онд. қалды; 4 онд. – 2 онд.=2 онд., ондықтардың астына 2-ні жазамын.Айырма 28-ге тең.

1.

Әр қатардан 1 оқушы шығарып (3 мысалды) ауызша түсіндіре отырып орындату.Соңғы екі мысалды өздерінің дәптерлеріне орындату.Тексеруді орындау.


2

Өмірмен байланыс:

Балалар, біз қай қалада тұрамыз? Қаламызда жаңа үйлер, жаңа нысандар көптеп салынуда. Соның бірі жаңадан салынған 6-шағынаудан. Сол туралы № 2 есеп берілген. Оқу,есептің сұрағын толықтыру,талдау, шығару.


Өткен жылы-12 үй

Осы жылы-?, 3 үй > ?

Ш: 12+3+12=27 (үй)

Ж: Барлығы 27 үй салынды.


Сергіту сәті: Санамақ есеп (1 оқушыға оқыту)

Менің туған күнімде

Келді бірім-бірімдеп;

Балнұр тәтем келді,

Арнұр көкем келді,

Үлкен атам келді,

Нағашы әпкем келді,

Бөлем Бөжен келді,

Жездем Шәкен келді.

Әпкем Сәпен келді.

Достарымнан бесеу келді.

Ұстазым кешеу келді.

Барлығы нешеу келді? М.Әлімбай

3.

І-үй-35 пәтер

ІІ-үй-?, 20 пәтер < ? ?

ІІІ-үй – сонша

Ш: 1) 35-20=15 (п)

2) 35+15=50 (п)

3) 35+15+50=100 (п)

Ж: Барлығы 100 пәтер бар.


5. Көбейтуге дайындық ретінде

32+4+4+4 18+9+9

27-9-9-9 14-7-7

32 санына қандай сандарды қосты? 18 санына ше? (Бірдей сандарды)

32 санына қанша бірдей санды қосты? (3); 18 санына ше? (2)

27 санынан қандай сандарды азайтты? 14 санынан ше? (Бірдей сандарды )

Нәтижесінде қандай сан шықты? (нөл). Ендеше, 27 санында 9 саны 3 рет келеді. 14 санында 7 саны неше рет келеді? (2 рет).

Тапқырлыққа тапсырма

Есепте.Екі топқа бөл

Есептемей тұрып, мына өрнектерді қандай екі топқа бөлуге болады?

(қосынды және айырма). Тағы қандай екі топқа бөлуге болады? Қосыл –ғыштарының біреуі бір және екі таңбалы сандар деп бөлуге де болады. Ал енді есептеп, мәніне қарай екі топқа бөлейік.


Логикалық тапсырмалар

1. Аптада неше күн бар? Апта күндерін атау. Тиін туралы мәлімет беру.

Дүйсенбі-2 ; Сейсенбі-3; Сәрсенбі-4; Бейсенбі-5; Жұма-6; Сенбі-7

Жексенбі-8;

Өрнек жазу. Қалай оңай есептеуге болады? Қосудың терімділік қасиетін пайдаланып есептеу.

(2+8)+(3+7)+(4+6)+5=35 (жаңғақ)


2. Балық туралы мәлімет беру. Каспий теңізіндегі балықтарды атау ( бекіре, қорытпа,шабақ, т.б.). Балықтың құрамында фосфор мен кальций бар.Ол сүйек пен көзге пайдалы. Балық тез бұзылатын тағам, қылтанынан да сақ болу керек.Балық аулауға келген үш баланың қайсысының аты 2 рет қайталанды? Дархан. Сонда , Дархан 2 үлкен және 4 кішкентай балық ұстаған.Ал, 2 үлкен балығы бар шелек Қанаттікі болса,4 кішкентай балығы бар шелек Асылдікі болғаны.

Қанат Дархан Асыл

2 үлкен 2 үлкен 3 үлкен

3 кішкентай 4 кішкентай 4 кішкентай

Қосымша логикалық тапсырмалар

1. Шөпте қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрініп тұр. Қанша қоян тығылып отыр? (5 қоян)

2. Ауылда 4 күн 4 түн боран соқты.Неше тәулік боран соқты? (4 тәулік)

3. Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды? (1 адам).

4. Мараттың кілең 1 теңгеліктен тұратын барлығы 100 теңге ақшасы бар еді. Құрал – жабдық сатып алған ол дүкенге 97 теңге төлеуі тиіс еді. Қалай тез есептеп беруге болады? (3 теңгесін алып қалады).

Қорыту: Не үйрендік? Не білдік?

Бағалау:

Үйге тапсырма: 48-бет, № 4.









Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-035736
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>