Инфоурок Начальные классы КонспектыҮш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері. Математика

Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері. Математика

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  Үш таңбалы санға  жазбаша бөлу тәсілдері.

Сабақтың мақсаты:    Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін  меңгерту, есеп шығарудың әр  түрлі тәсілдерін  қарастыру.

Дамытушылығы:        баланың ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамыту; ойша есептеу, математикалық тілде сөйлеу, тұжырым жасау дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелілігі:  ұйымшыл, тапқыр, білімді  болуға, Отанын сүюге , қорғауға  тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер,  кесте, слайдтар, семантикалық  карта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. 

а) Оқу құралдарын түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ә) Психологиялық дайындық.

Абай атамыздың   «Ғылым таппай мақтанба»   өлеңінен үзінді келтіру.

Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз.

Дүние де өзі, мал да өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.

- Бұл кімнің өлеңі ?

-  Абай атамыз балаларды кішкентай кезінен ғылымға құштар болуға шақырған екен.  4 – сыныптар  арасында  балалардың  ғылымға  деген  қызығушылықтарын  арттыру  мақсатында  « Ғылымға көңіл бөлсеңіз...»атты апталық өтуде. Сендер бастауыш  сыныпта   ғылымның алғашқы  баспалдақтарын  негізгі  пәндер арқылы  меңгересіңдер. Бүгін  сол  пәндердің  бірі   математика пәнінен алған  білімдеріңді  көрсетесіңдер. Сабаққа  белсенді  қатысып  отырайық. Сабағымызды күндегі әдетіміз бойынша ауызша есептен бастайық.

І топ – 11-мен сана: 11,22,33,44,55,66,77 ...,

ІІ топ – 100-ден бастап 6 қоса отырып сана: 106, 112, 118, 124, 130, 136, 142, 148.

ІІІ топ – 1000-нан бастап 5-ті азайта сана:  995,990,985,980,975, 970,965, 960.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.   (Бағалап отыру: әр дұрыс жауап - 1 ұпай)

№ 3, 50-бет    

І топ:   208500 –ден   44 455 пен  523-тің  бөліндісін азайтамыз.

             208500 - 85= 208415            

Өрнек қалай аталады?     (Жауабы: айырма )

ІІ топ:  204932+328=205260          

Өрнек қалай аталады?     (Жауабы: қосынды )                                                   

ІІІ топ:  56058-ге  452 мен 325-тің көбейтіндісін қосамыз.             

               56058 + 146900=202958     

Өрнек қалай аталады?      (Жауабы: қосынды )                                                   

Қорытынды:   амалдардың орындалу тәртібіне қарай  соңғы орындалатын амал қайсы болса, өрнек  солай  аталады.

Топ  басшылары  өздеріне берілген бағалау бетшелеріне ұпай санын жазып отырады.

 

ІІІ.«Бәйге» ойыны  (әр дұрыс жауап - 1 ұпай)

   Ұяшық таңдап, тапсырмасын орындау арқылы жасырын сөздегі тиісті әріптер жазылады.

«Математика» сөзі шықты

Қорытынды:Математика –  ғылымдар  патшасы.  Математика – арифметика, алгебра, геометрия деген үш саладан  тұрады.  Ақыл – ойды  тәртіпке  келтіретін – математика. Сондықтан  да  оны  оқу  керек.

 

ІІІ.    Семантикалық карта.  Топтық жұмыс.      (2 ұпай)

  Енді  геометриялық  білімдерімізді  анықтайық.

                                                                           Аты

                Ережесі

Ауданы  S

Перриметрі  Р

Палетка

Перпендикуляр

  түзу

Тіктөртбұрыш

1

Барлық бұрышы тік және қарама-қарсы қабырғалары тең төртбұрыш

2

Фигураның ұзындығы мен енінің көбейтіндісі

3

Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы

4

Квадрат сантиметрге бөлінген мөлдір пластина

5

Түзулер қиылысып төрт тік  бұрыш құрайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Балалар,  геометриялық білімдеріңізді  көрсете білдіңіздер.  Енді бүгінгі мына сұрақтарға  жауап беріңізші.  Бүгінгі  сабақта ...

ІҮ.  Жаңа  сабақ

                             Нені оқимыз?

Күннің   жады.  Тақырып. 

                                                         Қалай оқимыз?

                                                                                      Не үшін оқимыз? – бұл  сұраққа  сабақтың  соңында   жауап  береміз.

 

ІҮ. «Ұшқыр ой» стратегиясы

Топтарға тапсырма беру.(әр дұрыс жауап - 2 ұпай)

№ 1 тапсырма. Есептемей салыстыру.

Топ оқушылары өзара пікірлесіп, ортаға салып, қорытындысын айтады.

- көбейткіштердің орындары ауыстырылған

- 4200-ді  70 есе кеміту, 4200-ді  2 есе арттыру

- екінші көбейткіштері бірдей, бірінші көбейткіштері біреуінде екі таңбалы сан, біреуінде 3 таңбалы сан

-  бөлінгіші  бірдей  сандар, 5480-ді  2 есе кеміту, 20 есе кеміту

-  бір  көбейткіштері  бірдей , екінші  көбейткіштері  1 жүздікке артық

-  екі жақтың көбейткіштерінің біреуі екі таңбалы сан, екінші көбейткіштері біреуінде төрт, біреуінде бес таңбалы сан

Қорытынды:  кей жағдайларда өрнектерді  есептемей-ақ  салыстыруға  болады.

 

Ү.  № 2  (а).  Бөлудің қалай орындалғанын түсіндіру

      Мұғалімнің  түсіндірмесі

 

ҮІ. ә)  Есептеп, дұрыстығын тексер.   (1 ұпай)

Тақтамен  жұмыс

Әр топтан бір оқушы шығып тақтада бір-бір мысалдан орындайды. Оны  көмекшілері көбейтумен  тексереді.  (1 оқушы –1 ұпай)

Өзіндік  жұмыс(1 оқушы –1 ұпай)

Қалған мысалдарды топ оқушылары дәптерге орындап болған соң слайдтағы дұрыс жауаптар бойынша  бір-бірін тексеріп, бағалайды  (сағат тілі бағытымен ауыстыру арқылы). Топ басшысы дұрыс орындалған тапсырма санын анықтайды, бағалау бетшесіне белгілейді.

Қорытынды:үш  таңбалы  санға жазбаша  бөлудің   алгоритмін  үйрендік.

 

Логикалық  қызықты тапсырма орындау арқылы балаларды сергітіп алу.

«Қайықшыға көмектес»

 

ҮІІ.Перфокартамен  жұмыс               (1 ұпаймен  бағаланады)

№ 6 тапсырманың  1 - бөлігін орындаймыз.

Топ басшылары қанша жауап дұрыс екенін анықтап, бағалау бетшесіне белгілеп отырады   (бір оқушыға оқыту).

Диаметр мен радиус туралы түсініктерді қайталау.

     r = 22м : 2 =      м =       см =       мм

 

Қорытынды:  шеңбердің радиусы оның диаметрінен 2 есе кем болады.

 

«Бәйтерек» туралы мәлімет

Бәйтерек – Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені, сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Астананың орталығында көкке бой созып тұрған «Бәйтерек» – қазіргі Қазақстанның нышан-символы. 

 

ҮІІІ.Талқыла, ойыңмен бөліс, ортаға сал, дәлелде.

(топ жұмысы бағаланады5  ұпай)

№ 4 тапсырма    «Биологтар»  тобы

Бір қайың – 67 л

19 және 35 қайың -  ? л

Шешуі:   67·19 + 67 · 35= 3618 (л) 

немесе    (19+35) · 67 = 3618 (л)

Жауабы:  3618  суды  буландырады.

«Биологтар» қорытындысы: Ағаштардың, жалпы жасыл желектердің адамға, қоршаған ортаға пайдасы көп. Сондықтан, оларды қорғау керек.

№ 5  тапсырма      «Экологтар»   тобы

5 г – 50 м²

1 г - ? м²

? г – 10 км²

Шешуі. 10 км² = 10 000 000 м²

50:5=10 (м²) – 1 г мұнай өнімі зиянын  тигізетін  аудан.

10 000 000 : 10 = 1 000 000 (г)

немесе

10 000 000 : ( 50 : 5) = 1 000 000 (г)

1 000 000 г = 1000 кг = 1 т

Жауабы: 1 000 000 гмұнай  өнімі  10 км² ауданды алып жатады.

«Экологтар» қорытындысы:

  Мұнай еліміздің байлығы, бірақ оны табиғатқа зиянын тигізбей өндіру керек.

Қосымша  мәлімет:

  Мұнайдың салмағы судан жеңіл болады. Сондықтан судың бетінде қалқып тұрады. Сұйық  тамақ   ішкенде, байқасаңыздар,  сорпаның  бетінде  май  қалқып  тұрады. Себебі, май судан  жеңіл.

 

№ 6  ә)  тапсырма     «Сәулетшілер»тобы:

Пирамида -  62 м

Бәйтерек - ?, 350 дм >

Шешуі: 350 дм = 35 м

 62 + 35 = 97 (м)

Жауабы:Бәйтеректің биіктігі 97 м.

 

Бейбітшілік және келісім сарайы

Сарай Қазақстан жеріндегі достастық, бірлік пен бейбітшілік нышаны болып табылады. Республиканың  жас елордасында тәуелсіз мемлекеттің бейбітшілік пен келісімге ұмтылысын бейнелейтін Пирамида түріндегі құрылыс салу идеясы Елбасы Н.Назарбаевқа тиесілі. Жоба авторы болып атақты британ сәулетшісі Норман Фостер табылады. Сарайда Әлемдік және дәстүрлі діндер съезі, халықаралық ауқымдағы , мемлекеттік деңгейдегі іс-шаралар  өткізіледі. 

- Пирамида, шар дегеніміз не? (геометриялық денелер)

- Пирамида туралы не айта аласыңдар?  (пирамида- төбесі ортақ болып келетін үшбұрыштардан тұратын көпжақты фигура, табанының бұрыш санына қарай пирамида үш жақты, төрт жақты т.б. болып бөлінеді).

«Сәулетшілер» қорытындысы:

   Астанамызда, елімізде, өз қаламызда да  сәулеті мен дәулеті келіскен, әдемі ғимараттар  көбейе берсін. Өйткені, қаламыздың көркеюі тұрғындарға рух береді, мақтанышқа бөлейді.

ІХ.   Логикалық  тапсырма:

«Кім  шапшаң?»   ойыны   шырпымен  ойналады.

 Бір шырпының  орнын  қозғау  арқылы  бұрыс  теңдікті  дұрыс  теңдікке  айналдырамыз.

 

Х.  № 8 тапсырма   (есептеудің тиімді тәсілімен танысу)

Оқушылармен бірге талдау, түсіндіру.

Пайымдау тәсілі: 37·3= 111 екенін басшылыққа алып, ары қарай көбейтіндінің мәндерін  жан-жақты талдап, түсіндіре отырып табамыз.

   Көбейтінділердің  бәрінде  бірінші  көбейткіш  бірдей,   ал екінші көбейткіш қанша артып отырса,  көбейтіндінің мәні де сонша артып отырады.

37 · 3 = 111 екенін біле отырып орындаймыз.

37 · 6 = 37 · (3 · 2) = (37 · 3) · 2 = 222

37 · 9 = 37 · (3 · 3) = (37 · 3) · 3 = 333

37 · 12 = 37 · (3 · 4) = (37 · 3) · 4 = 444

37 · 15 = 37 · (3 · 5) = (37 · 3) · 5 = 555

Не  байқадың?

Қорытынды: тиімді  тәсілмен  есептеуге үйрену  маңызды.

 

ХІ.  №7  тапсырма.  Қима  қағазбен   жұмыс       (5 ұпай)

Жұптық  жұмыс:

Тіктөртбұрыштың ені

17 м

36 см

 

18 мм

 

Тіктөрбұрыштың ұзындығы

18 м

 

26 дм

?, 17 мм артық

15 см

Периметрі

 

158 см

 

 

48 см

Ауданы

 

 

624 дм²

 

 

Қорытынды:

1.   Периметрін табу үшін  (a+b)·2

2.   S  және  ені  белгілі  болса,  ұзындығын  S  еніне  бөлу  арқылы  табуға  болады.

3.   Р  мен ені белгілі  болса, ұзындығын  табу  үшін  Р  екіге  бөліп,  одан  енін  азайту  арқылы  табуға болады.

ХІІ.  Сабақты қорытындылау: Рефлексия

                                      Нені оқыдық?

                                                         Қалай оқыдық?

                                                                              Не үшін оқыдық?

ХІІІ.  Балаларды  бағалау, мадақтау.

Топтардың  ұпай  сандарын  санап, қорытындысын  шығару.

ХІҮ.  Үй тапсырмасы: 52- бет, № 3.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері. Математика"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 676 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2015 2380
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мурынова Гулбану Мерекеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мурынова Гулбану Мерекеевна
    Мурынова Гулбану Мерекеевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15674
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Курс профессиональной переподготовки

Гигиенические требования к условиям реализации основной образовательной программы начального общего образования

Учитель начальных классов

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 721 человек

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Основы профессиональной деятельности эксперта в области индивидуального консультирования

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе