Инфоурок Классному руководителю Презентации"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ" 3 класс

"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ" 3 класс

Скачать материал

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: «  Тәуелсіздік тұғыры»
Тәрбие сағатының мақсаты: Білімділік: оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы қол жеткен жетістіктері мен таныстыру, білімдерін одан әрі толықтыру. Отанды сүюге, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді, білікті адамдар керек екенін аңғарту. Еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, әдет - ғұрып, салт - дәстүрді сақтап, әрі қарай жалғастыру. Тәуелсіздігіміздің 23 жыл ішінде жеткен жетістіктерімен таныстыру. Қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, ана тіліне құрметпен қарап, өз Отанын қастерлеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: оқушының ауызекі сөйлеу тілін дамытып, ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты: өз елінің тарихын құрметтеуге, патриоты болуға, адамгершілікпен елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «ҚР Мемлекеттік рәміздері», Кітап көрмесі, слайдтар,
Кіріспе:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
«
Тәуелсіздік тұғыры » атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!  Тәрбие сағатымызды Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына сөзімен бастағым келеді: «Біз бәріміз бір атаның - қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан».
Тәуелсіздік бізге оңайшылықпен келген жоқ. Тәуелсіздік ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі. Өткенге көз салсақ:
1723 жыл - Жоңғарлар шапқыншылығы тарихта «Ақтабан шұбырынды,
Алқакөл сұлама» деген атпен қалды.
1929 - 1933 жж. Ұжымдастыру салдарынан адамдардың жаппай аштан қырылды.
2, 2 млн қазақ қаза тапты, 1, 5 млн адам Қазақстаннан көшіп кетті.
1936 - 38 жж. Репрессия.
1941 - 45жж.- Ұлы Отан соғысы.
1986 жыл - Желтоқсан оқиғасы Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.
Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі желтоқсан желіндей дауылға айналып,ағаш жаңқасындай быт-шыт болып ұшып жатты .Сол үш күнде 60 мың адам алаңға шыққан екен, оның 8 мыңы уақытша қамауға алынса,200-дейі әр түрлі мерзімге абақтыға жабылды.1500 адам әкімшілік жазаға тартылған. Қаншама отбасы қайғы мен қасіреттің қара бұлтын жамылды,қаншама боздақтар жер жастанды . Сондай- ақ желтоқсан ұлт -азаттық  көтерілісі –қазақ ұлтының жүрегіне түскен ауыр жара .Бұл қасіретті күн

Қ.Рысқұлбеков,Е.Сыпатаев,Л.Асанова,С.Мұхамеджанова сынды жүздеген ,мыңдаған қыршындардың қанатын қиып түскен озбырлық күні өктемдік үні еді. Ия,ұзақ жылдар аңсаған ата-баба арманы елімізге оңайлықпен келген жоқ.

Желтоқсан оқиғасы қойылым                                                                                                                                       1 – оқушы:Диана                                                                                                                                                Қасқалдақ ұшып көліне, 
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен, 
Қарғалар билік алған күн.
2- оқушы: Нұрхан                                                                                                                                                        Нашақор деп, ұлтшыл деп, 
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде, 
Қайғыға халық батқан күн.

 

 

3- оқушы:Алдияр                                                                                                                                                      Қақаған қыстың ызғары, 
Сүйектен өтіп кеткен күн.
Қаракөз қазақ қыздарын, 
ОМОН – дар бастан тепкен күн.
4 – оқушы: Дана

Қариялар итке таланып, 
Ер басын күрек шапқан күн, 
Аппақ қар қанға боялып, 
Қып – қызыл мұз боп жатқан күн.
5 – оқушы: Аслан

Озбырлық күшпен тұншығып, 
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір шындық, 
Ер Қайрат қыршын кеткен күн.
6 – оқушы: Азат

Ел басына туды күн, 
Қайғы езіп елдің еңсесін.
Жаншыды – ау жанын батпан мұң, 
Сол бір қарғыс атқан күн.
Желтоқсан құрбандарын еске алып бір сәт үнсіздік жариялаймыз                                                               Гүл қою рәсімі:

Жүргізуші:  Әрбір тарихи кезең белесінде өз үнін,өз жырын,өз әуенін қалдырып отырады ғой, бұл ән де желтоқсан оқиғасына арналады.

Ән: «Желтоқсан желі»

Желтоқсан қозғалысы! Аз ғана уақытта әлем назарын аударған толқу күштеп басылғанмен ,оның мәні мен маңызы енді еш уақытта өшпейді .

Өйткені азаттық аңсаған,теңдікті талап еткен халқымыздың жүрегінде ол мәңгі қалаады. Алайда уақыт сыншы өзі көрсеткендей ,ақ пен қараның ара-жігі ажыратылды. Сөйтіп біз өзімізді өзіміз ақтадық.Бұл да ерлік .Халық арасында желтоқсан құрбандарына арнап,ескерткіштер ашылып,көшелерге аттарын берді.

 Слайдтарды көрсету:

Мен қазақпын,биікпін,байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім .

Мен мыңда бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді ,айта бергім, -дей келе

Тәуелсіздік шежіресіне тоқталайық.

Нұрсат:  1990 жылы 25 қазанда Егемендік туралы декларацияға қол қойылды.
Арманға ақыр жеттік, ел болдық та егемен,
Ойда жоқта түскен жоқ ол төбеден.
Тарихи сол күрестердің тартуы ол,
Аруақ қолдап, әділ шындық жебеген.
Мира : 1991 жылы 2 қазанда Алаштың ақберені Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.
Қарыны ақ түйенің ақтарылды,
Бар қазақ алақайлап атқа мінді.
Біз барып Байқоңырдан қарсы алайық,
Ғарыштан қайтіп келе жатқан ұлды.

Еркеназ: 1991 жылы 1-желтоқсанда ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Барша қауым бейнеттен арылғанда,
Жаңа ғасыр есігі ашылғандай.
Елбасы тыным таппай ел кезіп жүр,
Ел үшін Асанқайғы бабасындай.

Нұрсат : 1992 жылы 4 маусымда ҚР Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
Ердәулет: 1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық , айтулы оқиға болды.
Айбар : 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум нәтижесінде Ата заң қайта қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен елімізің жаңа тарихы бастау алды.
Мұғалім: - «Егемендік» деген осы. Енді, міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды әнұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егеменді еліміздің келешегі үшін жанын пида еткен жас қыршын Қайрат сияқты ағаларыңды, Ләззат сияқты апаларыңды ұмытпаңдар, әрқашан есте сақтаңдар!

Ән: Көк тудың желбірегені                                                                                              1-оқушы:Ердәулет
Мерекең құтты болсын егемен ел,
Терезең барлық елмен тең ерен ел.
Бабалар мәңгі бақи арман еткен,
Теңдікті бостандықты иеленгендер.
2-оқушы:Альбина
Бостандық құтты болсын ерікті ел,
Айдын көл, көк майсалы, көрікті жер.
Бостандықты аңсаған батырлардың
Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.
3-оқушы:Қуаныш
Ел болдық егеменді, теңдік алып,
Бар әлем қазақ елін болды танып.
Қайнауы кенге толы Қазақ елі,
Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.
4-оқушы Абдунур
Ел болдық ерік алдық астаналы,
Енді кімнен қазағым жасқанады?
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,
Нұрсұлтанның атымен басталады.
5-оқушы:Айбар
Кең даласы, кең пейілді қазақпыз,
Құл емеспіз еркін жанбыз, азатпыз.
Ел намысын ешбір жанға бермейміз,
Өмірді алға бастырамыз, өрлейміз.

6-оқушы: Ринат
Бақтың құсы әр адамға қонып бір,
О,Тәңірім, бізді баққа жолықтыр...
Бүгін міне, Тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегі боп соғып тұр!
оқушы: Еркеназ                                                                                                                                                 Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,
Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.
Ел үшін мәңгілікке жалғасады,
Ақыл - ой, ар - намыстың күрестері.
2 - оқушы:Мира
Тойланып мың мереке, ұлыс күні
Құйылған шаңырақтан ырыс нұры.
Халқымның бақыты үшін аз байлық па,
Тәуелсіз еліміздің тыныштығы.
Оқушы: 

Ішкі жау балағыңнан тартпасын кеп,
Сыртқы жау пәле - жала жаппасын тек.
Мен әр кез отырамын Тәуелсіздік,
Қадірін білмегеннен сақтасын деп!
3 - оқушы:Хакім
Шаттық нұры шашылып зеңбіректен
Шуағын күн төгеді енді көктен.
Шылбыр үзді даланың арғымағы,
Тәуелсіздік жалауын желбіреткен.
оқушы:Данияр

Биік ұста тәуелсіздік жалауын,
Бірлік достық бейбітшілік қалауын
Мерейлі 24 жылың құтты болсын
Бақ кетпесін әр үйіңнен қазағым.
Ән: Ұландар                                                                                                                                                                     Біз салған суреттер:   Оқушылардын нені бейнелегенін сұрау.

Қорытынды: Не түйдік, не білдік.

Жүргізуші:

Тәуелсіздік- елімнің  шамшырағы,

Тәуелсіздік-халқымның бәйге пырағы.

Тұрақты болсын,құтты болсын әрқашан,

Шырағы мен пырағының тұрағы.

Шамшырағы енді қайтып сөнбесін,

Жүйрік пырақ енді қайтіп өлмесін.

Адымы еркін ашылсын елім алшаңдап,

Енді ешкімнің байлауына көнбесін,-дей келе ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ" 3 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.05.2016 741
    • DOCX 17.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынбаева Арайлым Ермухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мынбаева Арайлым Ермухановна
    Мынбаева Арайлым Ермухановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33654
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 404 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 782 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 997 человек

Мини-курс

Управление спортивными событиями и организация деятельности в спортивной сфере

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Литературные пути: от биографий к жанрам

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек