Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Урок "Біз таңдаған жолдар"

Урок "Біз таңдаған жолдар"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_210e734a.gifАстана қаласы 29 орта мектебі



C:\Program Files\Microsoft Office\MEDIA\CAGCAT10\j0283209.gif

Сыныбы: 11 «а» сынып

Жауапты мұғалім: Мұсатаева Н.Ш.

Мерзімі: 18.01.2016 жыл.

Мақсаты:

1. Білімділік. Оқушыларға мамандық туралы мағлұмат беру,әр мамандықтың өзінің қызығы мен қиындығын түсіндіру; мамандықтар туралы пікірді жас кезеңдерінен ұғындырып,болашақта мамандық таңдауға ықпал ету.

2.Дамытушылық.Оқушыларға қиялды, есте сақтауды, ақыл-ойды,зейінді дамытуға және мазасыздануды жоюға арналған түрлі жаттығулар (тренингтер) өткізу арқылы олардың таным процестерін дамыту, өзіне сенімділігін нығайту.

3.Тәрбиелік. Оқушыларды жылдамырақ ойлауға, болашақ мамандықты дербес ерекшеліктерін ескере отырып таңдауға және сенімділігін нығайтуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: мамандық суреттері, слайдтар, тесттер, үлестірме.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң,арқалан.

Сен де, бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та,бар қалан.

Абай.

Егін сал, не сауда қыл,малыңды бақ,

Білім білмек –әр іске шебер болмақ.

Қол өнерден пайда қыл үйреніп-ақ,

Кетпес дәулет осы ғой әмбеге хақ.

Шәкәрім

Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жай күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе”

Жүсіпбек Аймауытов.

Еліміздің білім беру мен ғылымын дамытуды Елбасымыз әрдайым

өзінің басты назарында ұстап келеді.Білім заңы қоғам талабына сай дамып, өзгерістерге ұшырап отыр. Қазіргі кезде кәсіптік бағдарлы білім беру қолға алынып отыр.2017жылға қарай 12жылдық білім беру жоспарланып отыр.Бұл жүйеде жастар белгілі бір кәсіпті мектеп табалдырығында жүріп ақ меңгеретін болады.

Мамандық таңдау-жасөспірім жастағы ең маңызды шешімдердің бірі.Үлкен өмірге енді ғана аяқ басатын жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

Мамандық таңдауға әсерін тигізетін негізгі факторларға мына төмендегі қасиеттер кіреді.

1.Қызығу. 6.Денсаулық жағдайы.

2.Қабілет. 7. Мамандық туралы ақпарат

3.Темпераменті. 8.Әлеуметтік ортасы.

4.Мінезі. 9.Үй-тұрмыс жағдайы.

5.Даярлық деңгейі(үлгерім) 10.Ата-анасының білім деңгейі

Психолог маманның зерттеуіне кезек берсек :Қазақстанда «психология» ғылым саласын алғашқы зерттеуші Жүсіпбек Аймауытов «мамандықты таңдау» туралы былай деген болатын: «Санап қарасақ әр өнер,әр қызмет мемлекетке,әлеуметке керек.Әлеумет те,мемлекет те әр адамның еңбегі берекелі,пайдалы болуын тілейді:неғұрлым әр мүшесінің еңбегі жемісті болса,соғұрлым әлеумет тұрғысы да тек оңалмақ.Әр адамның еңбегі қашан жемісті болмақ? Әркім «өз орнында»қызмет істегенде.Олай болса,бұл-негізгі мәселе.Әр адам бір жағынан әлеуметтің мүшесі,әлеуметке пайда тигізу керек.

Екінші әр адам өз пайдасын,өз мақсұтын көздемек.Бас мақсұтын біржола ұмытып,әлеумет қызметіне түгел берілетін адам болу мүмкін емес, ондай адам кемде-кем.Біреу әлеумет үшін еңбегін көп жұмсайды,біреу бойын тежеп,бас мақсұтын көбірек сағалайды.Айырма жалғыз осында.Бұл адамның табиғатынан туатын заң.Неге десеңіз,әр адамға тіршілік ету керек.Азды-көпті өмірін әркім өз көңіліндегідей мұңсыз өткізуге талпынады.Сондықтан ең күшті мақсұт-бас мақсұты.

Қайткенде әр жеке адамның,әрі әлеуметтің пайдасы бірден табылады?Қай уақытта әлеумет тілегі мен жеке адамның тілегі тоғысады?

-Әр адам табиғатына біткен қабілетіне,ыңғайына,зеректігіне қарай өз орнында қызмет етсе,сонда табылады...».

Ендігі кезек социолог маманына () кезек береміз. Әрбір жек адам өзінде кездесетін дербес қасиеттерге сүйене отырып,болашақ мамандығын таңдаған жөн.Соған байланысты,қазір біз бірінші «Жоғары сынып оқушыларының кәсіби көзқарастарын байқау»тестін аламыз:

1.Мектепті бітіргеннен кейін немен айналасқың келеді?

а) ЖОО түсемін.

б) Колледжге түсемін.

с ) Жұмыс істеймін. д) Сырттай оқып,жұмыс істеймін. е) Білмеймін.

2. Қалаған мамандықты игеру үшін адамға қандай талаптар қойылады?

а)Білім,дағды. б)Жеке адамдағы барлық сапалар қажет. с)Ақша,қаражат д)Жеке адамдағы арнайы сапалар ғана қажет. е) Мақсат қою,ақша 3.Таңдаған мамандығыңызға өзіңізді қалай дайындайсыз? а)Мамандыққа қажетті кітап,әдебиеттер оқисыз. б)Болашақ мамандығыңызға қажет арнайы сапаларды игересіз. с)Өзіңізді жақсы сапаларды игеруге баулисыз . д)еңбек сүйгіштік,тұрақтылық. е) Сол мамандық иелерімен әңгімелесемін. 4.Кәсіби сапаларыңызды қайда тексердіңіз? а)Мектепте сабақ үстінде. б) Үйірмеде. с)Мектептен тыс жерде . д)Өз бетімше үйде. е)Тексерген емеспін. 5.Таңдаған мамандығыңыз жайлы қандай әдебиеттерден оқыдыңыз? а)Көркем әдебиеттерден. б)Ғылыми әдебиеттерден. с)Арнайы әдебиеттерден. д)Журнал,газеттерден. е)Ғаламтордан,теледидардан. 6.Мамандықты таңдауда сіз қандай бағытты ұстандыңыз? а)Қоғамға пайда келтіруді. б)Бұл мамандық беделді. с)Айлығы жақсы. д)Қызық жұмыс. е)Жұмыс менің мүмкіндіктеріме сай.

Кубизм тәсілі:

-мамандық дегенді қалай түсінесің?

- Сен қандай мамандық иелерін білесің?

-Неліктен мамандық иесі болуы керек?

-Болашақта қандай мамандық иесі болғың келеді?

-халыққа пайда келтіру дегенді қалай түсінесің?

-Ата-анаңның мамандықтары туралы айтып бер?


Сергіту сәті. «Ең-ең.........»

1)Ең ақшасы көп мамандық. а)еден жуушы. б)мал дәрігері,орманшы. с)бухгалтер,экономист.

2)Ең «жасыл»мамандық а)мұғалім,дәрігер б)эколог,бағбан с)мұнайшы,ұшқыш

3)Ең «тәтті»мамандық а)аспаз,кондитер б)сот,заңгер с)шахтёр,ғарышкер

4) Ең күлкілі мамандық

а)журналист,зергер

б)клоун,карикатуршы

с)ғарышкер, ұшқыш


5)Ең жауапты мамандық

а) сот,бухгалтер

б) әнші, биші

с)ұста ,шебер


6)Ең салмақты мамандық

А)клоун, әзілкеш

Б) мұғалім,заңгер

С) аспаз,кондитер


7) Ең қарым-қатынасы күшті мамандық

А) мұнайшы, омарташы

Б) бағбан,диқан

С)Бизнесмен, кәсіпкер.


Кәсіптерді ұнату тесті (Голланд әдістемесі).


Инженер технолог

Инженер – конструктор

Тоқымашы

Санитарлық дәрігер

Аспазшы

Жинақтаушы

Фотограф

Дүкен меңгеруші

Сызбашы

Дизайнер

Философ

Психиатр

Ғалым химик

Бухгалтер

Ғылыми журнал редакторы

Адвокат

Лингвист (тіл маманы)

Көркем әдебиет аудармашысы

10ә

Педиатр

10ш

Статистик (театрда)

11ә

Сабақтан тыс оқу жұмыс меңгерушісі

11о

Профком төрағасы

12ә

Спорт дәрігері

12а

Фельетонист

13ә

Нотариус

13т

Жабдықтаушы

14ш

Перфораторшы

14а

Карикатурист (сынаушы)

15т

Саяси қайраткер

15а

Жазушы

16н

Бақ өсіруші

16о

Метеоролог

17н

Трамвай жүргізуші

17ә

Фельдшер

18н

Инженер – электроншы

18ш

Хатшы-машинист

19н

Телеоператор

19т

Режиссер

20н

Сылақшы

20т

Металл бойынша суретші

21о

Биолог

21ә

Бас дәрігер

22о

Гидролог

22ш

Ревизор (салық инспекторы)

23о

Зоолог

23а

Бас мал дәрігері

24о

Математик

24а

Архитектор

25ә

Полиция

25ш

Есепші

26ә

Мұғалім

26т

Отряд командирі

27ә

Тәрбиеші

27а

Керамика бойынша суретші

28ш

Экономист

28о

Бөлім меңг.

29ш

Корректор

29а

Критик

30н

Шаруашылық меңгеруші

30а

Дирижер

31н

радиооператор

31о

Ядролық физика бойынша маман

32н

Жөндеуші

32ш

Монтажшы

33н

Агроном

33т

Кооператив төрағасы

34н

Киім пішуші

34а

Декоратор

35о

Мұражайдың ғылыми қызметкері

35ә

Консультант

36о

Археолог

36ш

Эксперт

37о

Ғалым

37а

Актер

38ә

Логопед

38ш

Стенографист

39ә

Дәрігер

39т

Елші

40ә

Психолог

40а

Ақын

41ш

Бас бухгалтер

41т

Директор

42т

Кеденші

42о

Мұнайшы

Нәтижелерді өндегенде әр жұптан шыққан бірдей әріптерді қосып, қорытындылаңыз. Мысалы, ол келесі схема түрінде :

Н, О, Ш, Ә , Т, А.

1 7 6 5 2 12

Н-нақты тип; О-ойшыл; Ә-әлеуметтік; Ш-шартты; Т-тапқыр; А-артистік

тип.

Көп ұпай алған әріп сізге лайық мамандық.

Әр типке сай түсті қағазға жазылған типтерге сипаттама таратылады, тесттің қорытындысы таблоға шығады.

Слайд: «Әр бала жарық жұлдыз, жарқырауына жәрдем ет».

Ж. Баласағұн.

Айтқандай, осы бүгінгі сабақ сіздердің жұлдыздарыңыздың жануына септігін тигізсін!

Топтастыру тәсілі: мамандық

Қорытынды: Мамандықтын жаманы жоқ, тек оны дұрыс таңдай білген

жөн. Кейбіреуіне әрине қабілет керек. Дегенмен, ең бастысы

қалаған мамандықтың иесі болу үшін мынадай ережені есте

тұтайық:

  1. Дұрыс таңдау керек

  2. Икемділік

  3. Үлкен өнер, зор шеберлік

  4. Еңбек сүйгіштік

  5. Білім

  6. Халқыңа көмегің тию керек.


Біліп жатып кәсіптің Талаптан да сондықтан

Талай сырына қанықтық. Жақсы маман болып өс.

Қандай іске машық кім, Уақытпен жолды ұтқан

Зерделеніп дәл ұқтық. Өмір деген - ұлы көш.

Қалап көңіл ауаны, Сол керуенге қосыл да,

Талап оны қолдаса, Өз орныңды тауып ал.

Кәсіптің жоқ жаманы, Жаңа толы асылға

Нашар маман болмаса. Азамат бол, бағы бар.

Слайд: «Өтер көктем, өтер күз,

Кім болармыз ертең біз?

Тырналардай жан-жаққа

Біздер ұшып кетерміз.....»

Ән: Армандастар

Нақты(реалистический) тип.

Ол өзіне дұрыс болып есептелетін мақсаттар, құндылықтытар мен міндеттерді өзін қоршаған әлеуметтік ортадан алады. Ол нақты істермен айналысады: құрал-жабдықтармен, заттармен, жан-жануармен және машиналармен. Ол дерексіз (абстрактное) ойларды талап ететін істермен,әлеуметтік қатынастармен айналысуды ұнатпайды. Бұл ер адамның типі,эмоцияға тұрақты, нақты, нағыз іспен ғана шұғылданатын. Ол ұжымды басқарғаннан гөрі, оның мүшесі ғана болғанды ұнатады. Олар мына мамандықтарды таңдайды: механик, инженер, электрик, аграном, бақ өсіруші, машина жүргізуші т.б Бұл типтегі адамдарда ауызша сөйлесу қабілеттеріне қарағанда, математикалық қабілеті жағынан дамыған. Олар, негізінен, техника және спорт салалары қарапайым ғана. Шешім қабылдаулары басқа адамдарға байланысты.

Ой типіндегі жеке адам.

Ол қоршаған ортаның мәселелерін шешуге байланысты идеялар(ойлар), сөздермен, рәміздермен айналысады. Ол әр істі талдауға, нақты қарауға, ешкімге тәуелденбеуге ұмтылады және істі сынағанды, көп білгенді ұнатады. Онда таным мен қиял қабілеттері дамыған. Оған ғылыммен айналысушы мамандықтар ұнайды: ботаник, астроном, физик, математик. Ғалым және т.б. Ол ауызша және математика қызметімен айналысатын салаларда да үлкен жетістіктерге жете алады. Ол ерекше дарынды, ерекше белгі, сыйлықтарды жеңіп ала алады, ғылымда шығармашылық жетістіктерге жетуге қабілеті бар.

Әлеуметтік тип.

Оның алдына қойған мақсаттары мен міндеттері, оны қоршаған ортадағы адамдармен тіл табысуға ықпал етеді. Оларды адамдармен қарым- қатынас жасайтындай іскерлік қасиеттері жеткілікті. Бұл типтерге тән қасиеттер: адамгершілік, нәзіктік, басқаның жанын түсінуге және тәрбиелеуге икемділік. Әлеуметтік тип өзінің қарамағындағылардың тіршілігі туралы сұрап біліп отырады. Мәселелерді шешуге ақылға қарағанда, эмоция мен сезімге сүйенеді. Бұл типтегі адамдар этикалық және әлеуметтік жұмыстармен, істермен айналысады. Бұл типтегілер адамдарды оқытқанды және емдегенді ұнатады: дәрігерлер, психологтер, кеңесшілер және т.б. Әлеуметтік типтегі адамдар «нағыз еркектің» жұмысынан қашқақтайды. Оларда математикалық қабілеттерге қарағанда, ауызша қабілет дамыған. Онда жақсы бейімделгіш қабілет бар. Мұндай адамдар қарым- қатынаста, басқаруда, өнерде және оқуда үлкен жетістіктерге жетеді. Олар емдеумен, білім берумен және де осы сияқты қызмет түрлерімен айналысады.

Шартты(конвециональный)тип . Олар әлеуметтік және физикалық қоршаған ортада бекітілген әдет-ғұрыптар мен қоғамнан мақсаттар мен міндеттерді, құндылықтарды алады.Олар барлық мәселелерді шешуге әдептілік,ептілік танытады.Кей жагдайларда ол бірбеттік,кертартпалық және мызғымайтын қасиеттер көрсетеді.Олар барлық мәселелерді шешуге әдептілік,ептілік танытады.Кей жағдайларда ол бірбеттік,кертартпалық және мызғымайтын қасиеттер көрсетеді.Оған құрылым жағынан нақты мамандықтармен айналысқанды ұнатады.Оған әсемдік талап ететін мамандықтар ұнамайды.Шартты типтегілерде ауызша қабілеттен гөрі,математикалық қабілет дамыған.Олардан жақсы шещен (оратор) және басшы шықпайды,ортаға да бейімделу қиын.Өмірге көзқарас қарапайым,оның шешім қабылдауына басқалар әсерін тигізеді.

Тапқыр тип.

Өзінің жігерін,ынтасың,албырттығын,доминаттығын таныта алатындай мақсаттарды,міндеттерді,құндылықтарды таңдайды.Оған басшылық қызметтер ұнайды,мысалы; меңгеруші,директор,телерепортер, товаровед, артист,журналист,елшілік және т.б.қызметтер. Бұл типтердің іс-әрекет өрісі өте кең. Оларға қол еңбегі, шыдамдылықты қажет ететін жұмыстар ұнамайды. Спортта және басқару салалары бойынша үлкен жетістіктерге жетеді. Басқаларға тәуелді.Өз-өзін басқаларға тек ұрысу арқылы таныта алады.

Артист типі.Көркем бейнелер мен өнімдерді жасау үшін қоршаған ортамен қарым-қатынаста,өзінің сезімі мен эмоциясын,интуициясы мен қиялына сүйенеді.Мәселелерді шешуде ол өзінің талғамы мен қиялына сүйенеді.Ол кездескен мәселелерді шешуде өзінің пікірі мен қиялына сенеді.Оның өмірге көзқарасы күрделі,алғыр.Ол эстетикалық құндылықтарды өте жоғары деңгейге қояды.Ешкімге тәуелсіз суретші және өз өнерінің түрінен сабақ беретін мұғалім болуға талпынады.Артист шығармашылық жұмыстармен айналысқанды ұнатады;музыкамен,сурет салумен,әдеби шығармашылықпен,суретке тусірумен және т.б.Оған нағыз ер адамның атқаратын жұмыстары ұнамайды,мысалы; спорт,машина жөндеу және т.б.Ол өнер саласында үлкен жетістіктерге жетеді.Ол ең түпнұсқалық тип.Шығармашылығында бірінші кезекте түпнұсқалығы байқалады.Арифметикалық қабілетіне қарағанда,ауызша қабілеті дамыған.Олардың қабылдау қабілеті мен моторикасы жақсы дамығандықтан,өнер саласында үлкен жетістіктерге жетеді.Олар көп адамдармен қарым-қатынас жасағаннан гөрі,өзінше жүргенді жақсы көреді,себебі шығармашылық жұмыспен айналысатын болғандықтан,оларға еркіндік және еркін ойлау қажет.





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 30.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров235
Номер материала ДВ-394222
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх