Инфоурок Начальные классы КонспектыУрок на тему: Абай Кунанбаев

Урок на тему: Абай Кунанбаев

Скачать материал

 

                        

1. Пән аты: Әдебиет  Сыныбы:  Күні, айы, жылы:14.10.2015

Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы  « Қыс»

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, « Қыс» өлеңінің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу..

3. Дамытушылық: оқушылардың  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне  ықпал ету,ойлау  шеберлігін,  сөйлеу  мәдениетін  жетілдіру.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, түсіндіру, салыстыру

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, проектор,  ақын  портреті, қысты  бейнелейтін суреттер, тірек  сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

                                           2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

                                           3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

 ІV  Жаңа  сабаққа  дайындық

   1.Сабақ  тақырыбын  тақтаға  жазу

2.Сабақ  мақсатын  түсіндіру

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

1.Оқушылардың  назарын  тақтадағы  тірек – сызбаға  аудару.

 

 

 

 

 


    2.Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.

       Ұлы жазушы М.Әуезов Абай шығармашылығын алғаш зерттеп жүрген кезінде-ақ, былай деген екен: «Абайдың істеп кеткен қызметі-әдебиетімізге асыл іргетас. Бұл асыл

 

 

іргенің үстіне салынатын ілгері қазақ әдебиетінің дүкені көрікті, көрнекті, нақысты өрнекті болуына лайықты. Қуанамыз! Нанамыз! Марқұм атамыз қазақ халқына халықтығын жоғалтпайтын өшпес белгі орнатты».

    Абай (Ибраһим) Құнанбаев 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы (бұрынғы Семей облысындағы) Шыңғыс тауында дүниеге келген.

    Абайдың әкесі тілге шешен, ақылға бай, әділ ел басқарып, жұртына жақсылық жасаған адам болыпты. Сол кездің өзінде жол бейнетін тартып, қажылық жолына тартып, Меккеге барған. Онда қажылыққа барған қазақтар үшін қонақ үй салдырған. Меккеден келген соң, ел басқаруды қойып, Қарқаралыда мешіт салдырып, мұсылманшылық жолын ұстаған. Абайдың «Арғы атасы қажы ед» атты өлеңіндегі әкесі Құнанбай туралы айтылған сөзін оқып көрелік.

    Арғы атасы қажы еді,

    Бейістен татқай шәрбәтті.

    Жарықтықтың өнері

    Айтуға тілді тербетті

    Адалдық, ақыл жасынан

    Қозғапты, тыныштық бермепті.

    Мал түгіл, жанға мырза еді

    Әр қиынға сермепті.

    Мұңды, шерлі, жоқ-жітік

    Аңсап алдын кернепті

    Құнанбай қажы туралы Абайдан артық ешкім айта алмас. Біздің  білетініміз: Абайдың ақылды әкеден алған тәлімі, тәрбиесінің көп болғандығы.

     Абай өлеңді бала кезінен-ақ сүйді. Әжесі  Зере мен анасы Ұлжаннан көптеген әңгімелерді, естеліктерді,ертегі, жырларды тыңдап өсті.

      Оқу дегенде, Абай не бары үш жыл мұсылманша, үш ай орысша оқыды.

    Абайдың  табиғат  лирикасы:

            Абайдың  табиғат  лирикасы – ақындық  шеберлікпен   жазылған сұлу, сырлы  жырлар. Жыл  мезгілдерін  сипаттайтын   өлеңдерінде  оқушының  көз  алдына түрлі – түрлі  табиғат  көріністері  келеді: жайқалған  бәйшешек, «көгорай  шалғын»  мен  күркіреген   өзені  бар, тамылжып  тұрған  шыбынсыз  жазда  сонда, ақтүтек  бораны  мен  үскірік  аязы  бар, қылышын  сүйреген  қытымыр  қыс  та  сонда, аспанын  бұлт  торлап, гүлі  солған, сарғыш  даласын  шаң  басқан, сұрғылт  күз  де  сонда.  Табиғат  туралы  әр  өлеңінде  ақын  әуелі  табиғат  көріністерін  суреттейді, ізінше  сол  көрініске  бөленген  қазақ  ауылының  тіршілік  кәсібіне, шаруа  жайына  көшеді. «Жаз»  өлеңінде  күркіреп 

 

 

жатқан  өзеннің  көгорай  шалғын  жағасына  көшіп  барып,  қонып  жатқан  ауыл,  ақ  білегін  сыбанып, үй  тіккен  қыз-келіншектер  суреттелсе, «Қыс»  өлеңінде  шидем  мен  тон  қабаттап  киіп, оранып  алса  да, долы  боранға  «бет  қарауға  шыдамай, сырт  айналып»  мұз  жастанған  жылқышылар,  бет – ауызын  үсік шалған  жас  балалар, суық  өтіп, титығы  құрыған  жылқылар, айналада  жортып  жүрген  аш  қасқырлар  көз  алдымызға  келеді.

«Қыс» өлеңін мәнерлеп оқу. (Алдымен өзім оқимын.) Одан кейін оқушыларға оқыту. Талдату.

VІ. Түсінік  тексеру: Суретпен  жұмыс:  сендер  қыс  бейнесін  көз  алдыларыңа  қалай  елестетесіңдер? Абай  атамыз  қысты  қалай  суреттеген  екен? Ақын жансызға жан бітірген  яғни қысты  адам кейпінде суреттеген. Кейіптеу – жансызды жанды түрінде  суреттеу.

Түсініксіз  сөздермен  жұмыс  істеу. Сөздікпен жұмыс

            Ұшпа – шашыранды  бұлт. Шидем – қойдың  жабағысынансыртын  қаптап  тіккен  тон.

            Қондыбай, Қанай – кедей  ауылдың аттары.

VІІ Жаңа сабақты бекіту.

1.      Өлеңді  қандай  бөлімдерге  бөлуге  болады?

(«Қыстың  сипаты», « Қысқы  ауыл»)

2.      Оқушыларға  әр  бөлімді  жеке – жеке  оқыту.

3.      Сатылай  кешенді  талдау  арқылы  өлеңнің  теориялық  мазмұнына  көңіл  бөлу

     Қыс

 
                                                                      

 

 

 

 

 

 


Тақырыбы  мен  идеясы

 
                       

 

4.Сұрақтарға жауап беру:  Не  білдік? Не  үйрендік? Не  білгің   келеді?

  5.Оқушыларға әдебиет  теориясынан білім беру.

 

VІІІ Сабақты  қорыту: Қыстың суретін салайық.

Кесте бойынша салған суреттерін өздеріне бағалату. Одан кейін көршісіне бағалату.  Суретті қалай салғанын

  1. Бағалау : Оқушылардың өздеріне бағалату.
  2. Үй тапсырмасын беру: Өлеңді жаттау

 

1.Абай  «Қыс» өлеңін  жаттау,  өлең  соңындағы  сұрақтарға  жауап  беру.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему: Абай Кунанбаев"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.10.2015 771
    • DOCX 19.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Мейрамгауль Жакатаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7067
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания курса «Шахматы» в общеобразовательных организациях в рамках ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 273 человека из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 597 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Мини-курс

Детское развитие: ключевые моменты взаимодействия с детьми и подростками

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 307 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 174 человека

Мини-курс

Эффективное взаимодействие с детьми: стратегии общения и воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 668 человек из 74 регионов
  • Этот курс уже прошли 565 человек

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек