Инфоурок Дошкольное образование КонспектыУрок на тему "Жомарт күз"

Урок на тему "Жомарт күз"

Скачать материал

Жомарт күз


Мерекеге сай безендірілген сынып. Әдемі сазды әуен ойналып тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге кіріп,орындықтарға жайғасады.

Балалардың қолдарында жапырақтар.


Тәрбиеші: Құрметті қонақтар,ұстаздар,балалар! Бүгін мектепалды даярлық тобының балалары дайындаған «Жомарт күз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Армысыздар халайық!

Бармысыздар халайық!

Күзгі тойды жұп жазбай 

Келіңдер қарсы алайық!

Тәрбиеші: -Қараңдаршы, бүгін біздің сыныбымыз қандай әдемі болып кеткен

-қолымызға не үстап келдік?

-Жапырақтар

-Осы жапырақтардың түсі қандай?

-Сары

\сырттан бір дыбыс естіледі,желдің шуы\

-Балалар,тыңдаңыздаршы бұл не шу?

(Осы кезде әдемі әуенмен Күз ханшайымы келеді) 


Күз ханшайымы:-Сәлеметсіздер ме ,балалар!

Балалар:-Сәлеметсіз бе!


Күз ханшайымы:-Уа,халайық, дархан далам армысың

Табиғатым жаны жайсан тал мүсін

Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр

Алмақ болып бар халқымның алғысын

-Мен Күз ханшайымымын. Сендерді көргеніме ұуаныштымын


Тәрбиеші: Қош келдің, Күз ханшайымы! Төрлет!


Күз ханшайымы: Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын


Ағайынды бәрі,

Шықса –жасыл

Түссе-сары.Бұл не?


Балалар: Жапырақ

Күз ханшайымы:- Дұрыс таптыңдар,жарайсыңдар! Мен өзіммен алтын жапырақтарымды ала келдім.Әр жапырағымда тапсырмалар.Егер де тапсырмамды орындасаңдар, менің де сендерге деген сыйлығым бар 


Тәрбиеші: -Әріне,қымбатты Күз ханшайымы! Біздің балалар күз туралы өлең,тақпақ,жұмбақтар шеше алады. Сіз жайланып отырып,балалардың өнерін тамашалаңыз.


(Би жапырақтармен )


Тәрбиеші: Міне Күз ханшайымның бірінші тапсырмасы-сұрақтар


1-сұрақ:-Күз мезгілі нешеге бөлінеді?(Ерте күз, алтын күз, қара күз)

2-сұрақ:-Күз айларын ата (Қыркүйек, қазан, қараша)


Тәрбиеші:-Ендеше ортаға күз айларын шақырамыз

1-бала: (Қыркүйек) Бір біріне жер аспан

Мейіріммен қарасқан

Ұстаз-шәкірт жүздескен

Қош келіпсіз күз дескен

2-бала: (Қазан) Қазан айы болыпты

Қамбаға астық толыпты

Сары даланы сәндетіп

Дүмандатып,әндетіп

3-бала: (Қараша) Күн суытып барады

Малдар қолға қарады

Қараша ауыл даламыз

Қысқа дайын боламыз


Тәрбиеші:Мінеки,балалар күз айларымен таныстыңдар, енді Күз ханшайымға өз тақпақтарын оқып береді

4-бала: Күзде жауын, бұлт, тұман,

Сары жапырақ жауады

Сары құйын ұйығы

Сапырады ауаны


5-бала: Тапталады табанға

Судыр-судыр жапырақ

Өрттей сары бояуға 

Малынғандай атырап


6-бала: Қайтқан құсты көрдің бе

Қаптай ұшқан әуелеп

Күткен күзім келдің бе 

Сынсып бағын мәуелеп

7-бала : Қамба толды астыққа

Алғыс саған алтын күз

Бір уыс дән шаштық та 

Қап-қап қауын алдық біз


Тәрбиеші:-Өнім биыл тамаша!

Көз тоймайды қараса:

Сәбіз, пияз,қияр.бұршақ

Қызанақ пен қызылша

Орамжапыраққа қарашы!

Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты

Балалар:(хормен ) Жиналып қаппыз бәріміз

Қайсымыз ең дәмдіміз

Ішімізден адамға

Тиеді көп пайдамыз

Бұршақ: Кішкене түймедеймін мен

Ұнаймын мен бәріне

Дәмді тағамдарымен

Сый жасаймын бәріңе!


Қызылша: Үстіне тігіп көк шатыр

Астында қызыл дәу жатыр


Орамжапырақ: жайлы, жұмсақ төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Қалай оны шешемін?


Картоп:Мен ұялшақ картоппын

Мен емеспін мақтанар

Мені жақсы көреді 

Үлкендер мен балалар


Қияр: Дәмім тілді үйірген

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде

Жейді бәрі сүйсіне!


Қызанақ: Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімен

Бар ма адам сүйсінбей

Томат шырын ішпеген


Сәбіз: Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан ішпеген?

Мені жеген адамдар 

Кем болмайды күшке де!


Пияз: Боламын мен дәмдеуіш

Барлық-барлық тағамға

Көкөністер ішінен

Мен пайдалы адамға


( Көкөністер биі)


Тәрбиеші :-Көкөністер бәріде

Денсаулыққа пайдалы

Мұны жақсы біліңдер

Оларды жақсы көріңдер


(Өлең: «Күз келгенде»)


Тәрбиеші: Күз ханшайымы, балалардың өнерлері ұнады ма?

Күз ханшайымы: -Иә,балалардың бәрі өнерлі екен


Тәрбиеші: Кане,балалар,осындай млошылық күз айында бір ойын ойнап жіберейік.Ол ойын « Кім жылдам» деп аталады.Ойын шарты бойынша ұлдар бір себетке көкөністерді жинайды,ал қыздар жемістер жинайды


(ойын Кім жылдам )


Тәрбиеші:-Күз ханшайымы, балалардың ойынына баға беріңіз 

( Современный танец исп: Нәби Мөлдір)

Күз ханшайымы: Жарайсыңдар,балалар! Көкөністер мен жемістерді дұрыс ажыратып жинадыңдар Енді екінші тапсырмамды тыңдаңдар, жұмбақ шешу

1.Жазда інге тығылып

Жатқан қызыл түлкіні

Құйрығынан суырып

Әкелді әжем бір күні Бұл не \сәбіз\


2.Жайлы жұмсак төсегім

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар

Бұл не? \Орамжапырақ\


3. қалың киім ұнатады

Шешіндірсең жылатады Бұл не? \пияз\


4.Аспай піскен, қайнамай түскен \Жеміс\

(Осы кезде әуен ойналады.Ортаға жемістер шығады)


Алмұрт:Мен алмұртпын.алмұртпын

Аузындамын бар жжұрттың


Алма: Мен алмамын, алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім


Жұзім: Мен жүзіммін 2

Моншақ болып тізілдім


Өрік: Өрікпін , мен өрікпін

Бау-бақша көрікпін

Баптап мені күткен соң

Талды бойлап өріппін


Шиелер:-Біз шиеміз, шиеміз

Күннің көзін сүйеміз

Қышқыл шырын бізде бар

Төмен басты иеміз

(Жемістер биі)


Тәрбиеші:-Ал енді балалар Күз ханшаымға тақпақтарымызды әр қарай айтып берейік


8 бала: Қарашы күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді

Құс біткен керуен тізеді 

Қара бұлт қабағын түйеді


9 бала: Жатыр дала жалтылдап

Жаз шуағы мол құйды

Күн астында алтын дән 

Тербеледі толқиды

10 бала: Көктемде егін егетін

Күзде жиып береді

Біздің дала бай дала 

Астық толы айнала

11 бала: Алтын нұрдай тамшылап

Жапырақтар төгіледі

Біздің өмір таң шуақ

Біздің өмір көңілді

12 бала: Біреу астық түсіріп

Біреу бидай ұшырып

Жатқан мезгіл күз екен

Алдым соны түсініп


13 бала: Қыстын жақын қалғанын

Жапырақтар білгендей

Желмен ұшып барады

Жерге қонып үлгермей


14 бала: жапырақтар жамырап

Сайға барып бекінді

Анасынан ажырап

Қалған бала секілді


Тәрбиеші: -Жақсы балалар! Біздің ата аналарымыз көңілсіз отырған сияқты олармен бір ойын ойнайықшы 

(Ойын: Картоп отырғызу ж\е жинау) 

ВАЛЬС
Күз ханшайымы: Рахмет балалар!Өнершіл-өрендерім!Міне ,менің сыйлығым бір себет күз сыйы.Сенднрге денсаулық.шаттық және байлық әкелсін

Тәрбиеші: Күз ханшайымы саған мың алғыс! Сыйлығыңа рахмет! Бізге тағы кел, біз сені сағына күтеміз


Күз ханшайымы: Берекелі бақ даулет

Артта түссін тойланып 

Сау болыңдар ,балалар

Келгенше жыл айланып

(Әуен ойналады.Күз ханшайымы қоштасып кетеді)


Тәрбиеші: Қош бол күз ханшайымы. Күздің кереметі,байлығы өте көп. Күзде біздің дастарханымыз дәнді дақылдарға,көкөністерге,жеміс-жидектерге толы болады,бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар.қазіргі сендердің еңбектерің сабақ оқу. Міне балалар осымен «жомарт күз» атты ертеңілігіміз аяқталды. Сіздерді күз мерекесімен құттықтаймын,әр отбасыларыңызға бақыт,береке тілеймін

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Жомарт күз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 405 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.05.2017 399
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетова Жамила Балапановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Умбетова Жамила Балапановна
    Умбетова Жамила Балапановна
    • На сайте: 6 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 883
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 249 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Теория и методика воспитательной работы в дошкольном образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 213 человек

Курс повышения квалификации

Образовательные ресурсы системы дошкольной образовательной организации в условиях реализации ФГОС ДО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 135 человек

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Развитие дошкольного мышления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек