Инфоурок Биология Другие методич. материалыУрок по биологии на тему "Қарапайымдар" (6 класс)

Урок по биологии на тему "Қарапайымдар" (6 класс)

Скачать материал

 

Сабақтың тақырыбы:  «Біржасушалы жәндіктер дүние тармағы немесе қарапайымдар»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Қарапайымдардың тұтас организм ретінде құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктерін көрсету.

Дамытушылық: Саркоталшықтылар, кірпікшелілер, споралылар типтер өкілдерінің ерекшеліктерімен таныстыру, салыстыра білу, қарапайымдар клеткаларының құрылысының ерекше белгілерін анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Жануарларды қорғай білуге, оларға қамқорлық көрсете білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, кестелер

Сабақтың түрі:  саяхат сабағы

Сабақ әдісі:  жекелей және жалпы сыныппен

САБАҚ  БАРЫСЫ:

     І.Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ.Үй жұмысын тексеру. /Сұрақ-жауап арқылы/

1.Жануарларды неліктен жүйелі топқа жіктеді? Ғаламшарымызда қанша жануарлар бар?

2.Жүйелеу дегеніміз не?

3.К.Линней жануарларды қандай жүйелік топтарға жіктеді?

4.Түр дегеніміз не?

5.Қазақстанда жануарларды зерттеу тарихы қалай жүзеге асты?

6.Ағзаларға қосарлы атаутізім беруді кім ұсынды? Мысал келтіріңдер.

7.Жануарлар дүниесі неше тармаққа бөлінеді?

8.Жоғарғы сатыдағы жануарларға қандай жануарларды жатқызамыз?

ІІІ. ЖАҢА  САБАҚ

- Жаңа сабағымыздың тақырыбы жануарлар дүниесінің біржасушалы жануарлар немесе қарапайымдар тармағы болмақ.

     Бүгінгі сабақ күнделікті сабақтан ерекше.Өйткені, біз «қарапайымдар» еліне саяхатқа шығамыз және де саяхат маршруты бірнеше станциялардан тұрады:

1 станция «Саркодиналар»

2 станция «Талшықтылар»

3 станция «Кірпікшелілер»

                                   4 станция «Споралылар» 

                                   5 станция «Терминдер»

                                   6 станция «Білімділер».

   -  Балалар, саяхатқа шықпас бұрын электрондық оқулыққа назар аударайық. /оқулықтан қысқаша мағлұмат беріледі/

1 станция «САРКОДИНАЛАР»

     «Саркодина» грекше «саркос» - плазма, сұйықтық жарғақша дегенді білдіреді. Саркодиналар жалған аяқ түзіп, үнемі пішінін өзгертіп отырады. Бұл типке жататын жәндіктер теңізде, тұщы суда тіршілік етеді. Олардың паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.Саркодиналарға жататын кейбір ағзалардың денесін әктен түзілген сыртқы қаңқа қаптайды. Саркодиналар қолайсыз жағдайда денесін жиырып алады да, дене сыртына тығыз қорғаныш қабат бөлініп шығады да циста түзеді. Асқорыту және зәр шығару вакуольдері бар.

     /Саркодиналардың табиғаттағы маңызы жайлы оқушылардың дайындап әкелген хабарламалары тыңдалады, қорытынды жасалады/

2 станция «ТАЛШЫҚТЫЛАР»

     Талшықтылардың дене пішіні тұрақты болып келеді. Олардың дене пішінің сыртынан пелликула /қауыз,тері/ қабаты қаптайды. Ол өте жұқа майысқақ немесе қатқыл плазмалы қорғаныш қабат.

     Бұлар бір, екі немесе бірнеше талшықтардың көмегімен қозғалады. Талшықтар денені алдыңғы жағында орналасады. Дене пішіні сопақша, шар болып келеді. Олардың көбісі теңізде, тұщы суқоймаларында өмір сүреді. Жануартекті талшықтылардың басым бөлігі паразиттік жолмен тіршілік етуге бейімделген. Жыныссыз, екіге бөліну арқылы көбею жүзеге асады.

   Лейшманияның дене тұрқы – 2-4мкм. Опалинаның тұрқы – 1мм.

Лямблия – 15мк. Трипаносома – 15-30мк.

/Оқушылардың дайындаған хабарламасы тыңдалады, қорытынды жасалады/

     3 станция «КІРПІКШЕЛІЛЕР»

     Бұл типке жататын жәндіктер ең алғаш шіріген ағзалы қалдықтары бар тұнба судан табылған. Сондықтан оларды инфузория /тұнба/ деп атаған. Құрылысы күрделірек. Цитоплазмасында  бір үлкен, бір кіші екі ядро болады. Үлкен ядро – қоректену, тыныс алу, қозғалу және зат алмасу қызметін атқарады. Кіші ядро – жәндіктің жыныстық жолмен көбейген кезде екі ағза біріне-бірі жанасу арқылы қосылады. Жанасу арқылы жынысты жолмен көбею – басқа түрінде кездеспейтін қасиет.

  /Оқушылар хабарламалары тыңдалып, талқыланады/

     4 станция «СПОРАЛЫЛАР»

     Споралылар – тек паразиттік жолмен тіршілік ететін, пішіні амеба тәріздес жәндіктер. Бұларда асқорыту вакуолі жоқ. Асты бүкіл денесі арқылы сіңіреді. Көпшілігі тіршілік айналымының соңында қорғаныш қабықшасы бар ұсақ ұрық спора түзеді. Спора паразиттердің таралуына себепші болады.

/Оқушылар дайындаған хабарламалар тыңдалып, талқыланады/

СЕРГІТУ  СӘТІ /Жұмбақтар шешу/

   

 5 станция «ТЕРМИНДЕР»

     Бұл станцияда жаңадан енген терминдерге түсініктеме беріліп,дәптер бетіне түсіріледі.

Терминдер

Аталуы

Түсініктемесі

САРКОДИНА

“саркос”

плазма,сұйықтық

ЦИСТА

“цистис”

Қаптама

ХРОМАТОФОР

“хроматос-форос”

Түс беретін бояғыш зат

СПОРА

“спора”

Егіс,тұқым

ИНФУЗОРИЯ

“инфузум”

тұнба

СУАУРУ

“сурра”

Қатерлі ауру

АМЕБА

“амойбе”

Өзгеру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 станция «БІЛІМДІЛЕР»

1 тапсырма 

   /Бұл станцияда оқушылар алған білімдерін бекітуге арналған сұрақтарға жауап қайтарады/

«Бізден сұрақ, сізден жауап!»

1.Қарапайымдар ғылымда қашан және қандай жағдайда белгілі болды?

2.Біржасушалылар табиғатта қай жерлерде көп тараған?Олардың қандай түрлері бар?

3.Біржасушалылар құрылысында, тіршілігінде бәріне ортақ қандай белгілері бар?

4.Қарапайымдар немен тыныс алады?

5.Біржасушалыларды зерттейтін ғылым қалай аталады?

2 тапсырма    «СИҚЫРЛЫ  КВАДРАТ»

    Сұрақтарға жауап бере отырып, тиісті жауап сандарын текшенің ішінде орналасқан өз әрпінің қасына орналастыр. Текшенің көлденеңі және биіктігі де 15санына тең болу керек.

   /Интерактивті тақтаға жазып,қатесін табу/

А – спора арқылы көбейетін жәндік

Б -  Дене тұрқы 15мк болатын паразит талшықтылардың бірі

В – Жылқы зардап шегетін ауру

Г – Ұйқы ауруның қоздырғышы

Д – Қазақстан даласында кездесетін,түйе зардап шегетін ауру

Е – Тері ауруының қоздырғышы  

Ж – Оңтүстік Африкада ірі қаралар ауруы

З – Адам үшін ең қауіпті аурудың бірі

И – Адам мен жануарлардың ішегінде тіршілік етіп,ішекті зақымдайтын паразиттік жәндік

А    4

Б    9

В   2

Г     3

Д    5

Е    7

Ж    8

З    4

И    6

 

Жауаптары:

1.     Безгек паразиті                                  

2.      Қараталақ

3.     Трипаносома

4.     Құртамыш

5.     Суауру

6.     Дизентерия амебасы

7.     Лейшмания

8.     Нагана

9.     Лямблия

ІУ. ҚОРЫТЫНДЫ

Оқушылардың алған білімдерін қорытындылау.

У. Бағалау

УІ. Үйге тапсырма.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по биологии на тему "Қарапайымдар" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 305 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.10.2015 2613
    • DOCX 25.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанбекова Гульдархан Зарлыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8616
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 59 человек

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 274 человека

Курс повышения квалификации

Организация элективного курса в рамках реализации проекта «Точки роста»: преподавание генетики на углублённом уровне ООО и СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техническое обслуживание и диагностика сельскохозяйственной техники

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе