Тақырыбы: Баға, сан,
құн шамалары арасындағы тәуелділік.
Математика пәнінен 3 сыныпқа арналған
сабақ- жоспары.
Мұғалімі: Туранова
А
Тақырыбы:
Баға, сан, құн шамалары арасындағы тәуелсіздік.
Мақсаты: білімділік:
баға, сан, құн шамалары туралы ұғымдарын кеңейту.Әр түрлі әдіс тәсілдерді
пайдалана отырып, осы шамалар арасындағы тәуелділікке кеңінен тоқталып, оларды
табуды меңгерту. Ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.
дамытушылық: суреттер
және кестелердің көмегімен есептер құрастыруға, логикалық тез ойлау
қабілеттерін арттыру.
тәрбиелік: Оқушының
қызығушылығын ояту, берілген тапсырмаларды орындата отырып, оқушыларды
белсенділікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың
типі: жаңа
білімді меңгерту.
Сабақтың
түрі:аралас
сабақ.
Сабақтың
әдісі:
сұрақ-жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың
көрнекілігі:
интербелсенді тақта, маркерлі тақта, есептерге байланысты суреттер.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
Психологиялық
дайындық:
(оқушылардың сабаққа деген дайындықта-рына, көңіл-күйлеріне назар аудару)
Қуанамын
мен де.
Қуанасың
сен де.
Қуанайық
бәріміз,
Арайлап
атқан күнге.
2.Үй
тапсырмасын тексеру: №4 - 96 бет ,
А)Шарты:
40 3 ? шешуі:
1 дәптердің бағасы -40 тг
құны - ? тг 40 * 3 = 120
Саны – 3
дәптер Жауабы: 120
теңге.
Ә)№ 8 -
97 бет. Қалдықпен бөлуді орындау, тексеру.
19 : 2= 9
(қ.1) 21 : 2 = 10 (қ.1) 28 : 3 = 9 (қ.1)
31 3 = 10
(қ.1) 37 : 4 = 9 (қ.1) 41 : 4 = 10 (қ.1)
3. Жаңа
сабақты меңгерту:
-Оқушылар
бір зат сатып алу үшін қайда барасыздар?
- Дүкенде затты сатып алу үшін, не қажет?
- неге
көңіл аударасыз? (бағасына, санына, құнына)
-ендеше
осы сабақты өткен тақырыбымызды әрі қарай жалғастыра отырып, осы айтылған
шамалар (баға, сан, құн) арасындағы тәуелділік туралы білімімізді
толықтырамыз. Кітаптарыңыздың 98 бетіндегі № 1 есепке назар аударайық:
Жапалақ 4
шар сатып алды. 1 шардың бағасы 2 теңге. Жапалақтың сатып алған шарларының құны
қанша?
А)
интербелсенді тақтамен жұмыс: №1(суреттерді пайдалана отырып, есеп құру)
Шарты: 4
2 ? шешуі:
Саны – 4
шар 4 * 2 = 8
Бағасы – 2 теңге құны - ?
теңге Жауабы: 8 теңге.
Заттардың
құнын табу үшін , 1 заттың бағасын заттардың санына көбейту керек.
Ә) Жапалақ 4
шар үшін 8 теңге төледі. Бір шардың бағасы қанша?
Шарты: 4
8 ? шешуі:
Саны – 4
шар 8 : 4 = 2
құны - 8
теңге Жауабы: 2 теңге.
бағасы - ?
шар
Заттың
бағасын табу үшін , оның құнын заттың санына бөлу керек.
Б)
Жапалақта 8 теңге бар. 1 шардың бағасы 2 теңге. Жапалақ 8 теңгеге неше шар
сатып алады?
Шарты: 4
8 ? шешуі:
құны - 8
теңге 8 : 2 = 4
бағасы – 2
теңге Жауабы: 4 шар.
саны - ?
шар
Заттардың
санын табу үшін, құнын бір заттың бағасына бөлу керек.
4. Жаңа
сабақты меңгергенін тексеру:
№5 99
бет. Сурет бойынша есеп құрастыру. (Әр қатарға жеке тапсырмалар беру).
1
қатар 2
қатар 3 қатар
- ?
40
тг 40 тг ? тг ? тг ?
тг 30 тг
? тг
60 тг 90 тг
5. Сергіту сәті:
«Сатушы мен тұтынушы» ойыны арқылы интербелсенді
тақтадағы кестені пайдалана отырып, есептің мәнін табу үшін сұрақ-жауаптар
арқылы белгілі шамалар арқылы ойын түрінде ауызша түсіндірту, кестені
толтыру.
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
90
тг
?
тг
80
тг
|
2
балмұздақ
4
балмұздақ
?
балмұздақ
|
?
тг
360
320
|
6. № 6
Амалдарды орында:
(амалдардың
орындалу реті бойынша түсіндірту)
2 1 3 1 2
3 1 3 2
792 – 40 * 10 + 8 =
100 50 * 4 * 2 + 80 = 480 60 * 7 + 3 * 20 = 480
7. № 10 ең
үлкен тік төртбұрыштың периметрін әр түрлі тәсілмен табу.
Берілгені:
тік төртбұрыш шешуі:
а = 3
см 1т. Р= 3см + 1 см+ 3 см+ 1 см Р=8
см
в = 1
см 2т. Р = (3см + 1 см) * 2 Р
= 8 см
т/к Р - ?
см 3т. Р= 3 см * 2 + 1 см * 2 Р = 8
см
8.
Сабақты
қорытындылау:
Кластердің
көмегімен ережелер бойынша түсіндірту.
А) Бір
конверттің бағасы 5 теңге. Осындай 3 конверт қанша тұрады?
5
* 3 = 15тг
Ә) бірдей
4 қалам үшін 80 теңге төленді. 1 қалам қанша тұрады?
80 : 4 = 20 теңге
Б) Бір
сызғыштың бағасы 9 теңге. 72 теңгеге неше конверт сатып алуға болады?
72 : 9 = 8 сызғыш.
Сонымен
бүгінгі сабақта –не үйрендік, не білдік?
9.Үйге
тапсырма: № 2, 98 бет, № 3 , 99 бет, № 9, 10
10.Бағалау.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.