Сынып: 5-сынып
Күні: 16.11.16 Бекітемін:
Тақырыбы: Математикалық
шырғалаң
Мақсаты: Балалардың
математика пәніне қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру,
ауызша есептеу дағдыларын жетілдіруге жағдай жасау. Сондай-ақ тез шешім
қабылдауға, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Міндеттері:
Білімділік:
Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, математикадан алған
білімдерін нығайту.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілетін дамыту,іздену-шығармашылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа,ұқыптылыққа,ұйымшылдыққа,өз
бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Түрі: ойын сабақ
Ұйымдастырылу түрі: топпен жарысу
Көрнекілігі: шараға
қатысты сызбалар, логикалық тапсырмалар, карточкалық тапсырмалар
Құрылымы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ғажайып жұлдыз
3. Ойымды жалғастыр
4. Сиқырлы шаршы
5. Кім жылдам
6. Жұмбақтар сайысы
7. Қорытынды
Барысы.
1. Ұйымдастыру бөлімі
«Халық
пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе — білім»
М.Әуезов
Уа, халайық,Халайық!
Бәріне жар салайық,
Бүгінгі ойын төрінде,
Математика еліне, математика тіліне, есеп
шешіп жарысып, шабыт тасып шалқысып, көңілді ойын жасайық!
Бүгінгі өткізілетін «Жұздызды сәт»
атты математикалық сайысына «Қош келіпсіздер!». Құрметті ұстаздар,
көрермен қауым және тікелей осы сайысқа қатысушылар!
Біреу озса жарыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден, жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол, еңбектену жалықпау.
Сәт-сапар тілеп бәріңе, сайысты біздер
басталық.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Біреуінің жүрегінің түгі бар
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.
Біреуінің күмбірлеген күйі бар
Енді біреуінің қатты істейтін миы бар
Әр команданы ортаға шақырамыз.
1-топ _________________, 2-топ
_________________, 3-топ _________________.
Білеймін деп қысылма,
Талабың болса бойыңда.
Өнерлінің ырысы,
Жарқырап жатыр жолында.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға
Шақырамыз сіздерді,
— дей отырып
сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін
әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.
(Әділқазы алқасында
әдістемелік бірлестігінің мүшелері сайланады).
Тақтадан бүгінгі кештің
жоспарымен таныс болайық.
Ғылымдардың патшасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа
Ақыл ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән ғой математика, – дей келе, әр топ
өздерін таныстырып кетсін.
1-топ ______________, 2- топ ______________,
3- топ __________________.
2 – кезең .
Жүргізуші:
Мықты болсаң – алдағыны басып оз,
Мықты болсаң – арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң – тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң – бөгеттерді бұзып өт, — деп
алғашқы сайысымыз «Ғажайып жұлдыз» сайысына кезек береміз. (Әр топтың
мүшелері ұсынылып отырған жұлдызшалардың біреуін таңдап, бірінен соң бірі
сұрақтарға жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі).
1-жұлдыз сұрақтары:
Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады?Әріпті
өрнек
24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6,
8, 12, 24
5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен
аяқталса
2-жұлдыз сұрақтары:
Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны
бар теңдік қалай аталады?Теңдеу
27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27
9 санының бөлгіштік белгісі? Цифрларының
қосындысы 9-ға бөлінсе
3-жұлдыз сұрақтары:
Амалдар таңбалардан, жақшалардан және
сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?Санды өрнек
32 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 4, 8, 16,
32
10 санының бөлгіштік белгісі? 0 -ден
аяқталса
3 – кезең .
«Ойымды жалғастыр» Әр топ өздері дайындап әкелген мақал –мәтелдерін қарсылас
топтарға жасырады. Мақал – мәтелдерде сандар болуы керек. Әрбір дұрыс жауап
5-ұпаймен бағаланады.
1. Жеті жұрттың тілің біл...(Жеті түрлі білім
біл)
2. Білікті бірді жығар...(Білімді мыңды жығар)
3. 2 жақсы қас болмақ...2 жаман дос болмақ
4. 100 сомың болғанша ...100 досың болсын
5. 30 тістен шыққан сөз... 30елге тарайды
6. 1 кісі қазған бұлақтан...жүз кісі у ішеді
7. 30 күн оразаның ...1 күн айты бар
8. 1 жылы сөз...көп күнге азық
9. Жерді 2 рет жыртқан...өнімді көп алады
10. 1 күндік жолға шықсан ... 3 күндік азық
ала шық
11. Досыңды үш күн сынама (үш жыл сына)
12. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан
тоғыз)
4 – кезең. Жүргізуші:
Ойланайық азырақ, уақытыңды үнемдеп,
Кім шығады кәнеки, жауабын мен білем деп – келесі
сайыс кезегі «Сиқырлы шаршы». Әр топқа жеке тапсырма
беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді
1 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге
тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
2 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке
тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12 сандарымен бос торкөздерді толтыр.
3 топ:
Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 30-ға
тең болатындай етіп 2, 4, 6, 8, 12, 14, 16, 18 сандарымен бос торкөздерді
толтыр.
Жауаптары:
5 – кезең. «Кім жылдам?»сайысы-(1ұпай)
2бала көзін басты
5бала тұра қашты
Үшеуі сайға тығылды
2-уі ойға тығылды
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап? (12)
2.Биік терек алда тұр
Басында көп алма тұр
Бұтақ сайын 5 алма
5бұтақта неше алма
Қане ойлап бағайық
Шешімін тез табайық. (25)
3.Аулада 5 үйрек, қорада 3үйрек.
1 үйрек тығылды, 1 үйрек жығылды, қалғаны неше
үйрек? (6)
4. 11түйе,5 жылқы,2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3
түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.(25)
5.Портфелімде әуелі, 13 жаңғақ бар еді,
Науат пен Сағатқа, Самат пен Маратқа , Апасына
Қанаттың,
-2-2ден тараттым. Қанша жаңғақ қалғанын , айта
қойшы шешімін? (3)
6. Бір-бірімен жарысқан-4 аю, 1 арыстан, 2 қой
мен 1 түлкі Бәрі нешеу кім білді? (8)
7. 4 қойдың неше аяғы бар?(16)
8. 1Жылдың неше айында 30 күн бар? (5)
9. Егер тырна 1 аяғымен
тұрса, 3 кг болады, ал 2 аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3)
10. Ең үлкен 2 таңбалы
сан? (99)
11. Миллионда неше нөл
бар? (6)
12. 1ағаштың 12 бұтағы
бар, әр бұтағында отыздан жапырағы бар, жапырақтың 1 жағы ақ, 1 жағы қара?(жыл,
ай, күн мен түн)
6 – кезең. Жұмбақтар сайысы
Айыра біл жақсы менен жаманды
Айыра біл, қарындаш пен қаламды.
Айыра біл, соқпағын да өмірдің,
Айыра біл тапсырмаңды алдағы – деп кезекті
«Жұмбақтар» сайысына береміз: (Әр топтың топбасшылары қатысады, әр дұрыс
тапқан жауапқа 5 ұпайдан беріледі, егер топбасшысы шеше алмай жатса топ
мүшелері көмектесе алады, бірақ та ұпай саны 2-ге кемиди)
Көлден ұшты 50
қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді?
Жауабы: 30 қаз
6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады.
Жауабы: 4
Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?
Жауабы: 70 үйрек
11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы?
Жауабы: 24
Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде?
Жауабы: 45 алма
Қанша жұмыртқа қалды?
Тауықтың біреуі
Бес балапан шығарды.
Көптен күтіп жүреді
Інім қатты қуанды.
Он жұмыртқа бастырған
Қарай алмай шаршады
Жаулығының астында
Жатыр әлі қаншауы?
Жауабы: 5
Қанша жанғақ?
Портфелде әуелі
13 жаңғақ бар еді
Науат пен Маратқа
Самат пен Сағатқа
Апасына Қанаттың
Екі — екіден тараттым
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы ал жаным
Жауабы:
3
Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен
Анам және енесі
Енесінің бөлесі –
Отыр еді шай ішіп,
Жеңгем кірді майысып
Арқасында кіші інім
Саны қанша айта ғой
Үйдегі бар кісінің
Жауабы: 11
Қорытынды
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаздарын тапсырады.
№7 Е.Халықов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Сыныптан тыс жұмыс
(математикалық сайыс)
Сабақтың тақырыбы: Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
5 «а,б,в» сынып
Дайындаған: математика пәні мұғалімі Сәрсен Әділет
2016-2017 оқу жылы
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.