Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Математика / Рабочие программы / Внеклассная работа на тему: "Кім жылдам?" (6 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Математика

Внеклассная работа на тему: "Кім жылдам?" (6 класс)

библиотека
материалов

Тақырыбы: «Кім жылдам» атты интеллектуалдық ойын.

(6 «А» «Б» сынып арасында)

Мақсаты: Оқушыларды дайындай отырып, математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін, ең алдымен, азаттық пен білім қажет» деп Шоқан Уәлиханов, «Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп

Қ. Сәтбаев айтып кеткендей, еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз.

Олай болса, 6 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Кім жылдам» атты интеллектуалдық сайысымызды бастаймыз.

Ғылымдардың патшасы атанғансың

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың.

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа

Жасықтан емессің сен, қаталдансың

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың! – дей келе ортаға «Кім жылдам» ойынына қатысушыларды шақырамыз. (2 команда)

Ұпай есептеу үшін әділқазы мүшелерін сайлау.

Алдымен қатысушы оқушыларды таныстыру.

Сайыс 5 бөлімнен тұрады.

І бөлім – «Бәйге»

ІІ бөлім – «Тіл - өнер»

ІІІ бөлім – «Дода»

ІҮ бөлім – «Тапқырлық»

Ү бөлім – «Жорға»


Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар

Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.


І бөлім «Бәйге». Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

  1. Математикалық өрнек дегеніміз не? (санды және әріпті өрнектер)

  2. Бұрыштың түрлерін ата (сүйір, доғал, тік)

  3. Толық бұрыш неше градус. (3600)

  4. Бөлшектің түрлері. (дұрыс, бұрыс, аралас, ондық)

  5. Процент дегеніміз не?

  6. Пропортция дегеніміз не?

  7. 2 ғасырда неше жыл бар? (200)

  8. Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура. (бұрыш)

  9. Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады. (түзу)

  10. Масштаб дегеніміз не?

  11. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

  12. Екі теріс санның қосындысы.

  13. Танбалары әр түрі сандардың қосындысы.

  14. Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады? (1)

  15. Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?(құрамында әрпі бар өрнекті әріпті өрнек деп атайды)

  16. Координаталық жазықтықта неше ширек бар? (4)

  17. Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу.

  18. Ноль санын қатысты амалдар қолдану.


ІІ бөлім «Тіл - өнер».

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізеді.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Тіл - өнер» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, үш тілде жауап берсе 3 ұпай.

Осы бөлімнен кейін ұпайы аз 4 оқушы ойынмен қош айтысады.

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)

  1. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? ( он екі, двенадцать, twelve)

  2. Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді.(қалам, ручка, pen)

  3. Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fifty)

  4. Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды? (отыз, тридцать, sooty)

  5. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book)

Ұпайы аз 4 оқушы шығады.


ІІІ бөлім. «Дода»

«Ең қиыны жарыстың «Дода» келді,

Мықтылары қалыпты жеңсін енді.

Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай

Осы ойыннан көреміз ерен ерді» - дей келе, сайысымыздың бөлімі «Дода» бөліміне келіп жеттік. Енді «Дода» бөлімінде білімдеріңізді ортаға салуға мүмкіндіктеріңіз бар. Бұл бөлімде 4 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

hello_html_6aac920c.gif

1 Қазақтың байырғы есептері 20 30 40 50

hello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gifhello_html_4b449663.gif

2 «Ақбота» есептері 20 30 40 50


3 «Кенгуру» есептері 20 30 40 50



4 Викториналық сұрақтар 20 30 40 50





  1. Қазақтың байырғы есептері:

20-ұпай. Наурыз кезі. Ат жарыс өтуде үш пар ат 60км шауып өтсе, әр ат неше км-ден шабады? (60 км)

3-ұпай. Түйеқұс екі аяғымен тұрғанда бір пұт тартса, бір аяғымен тұрғанда қанша тартады? – деп атасы немересіне қарады. (бір пұт)

40ұпай. Жасы 100ге келген қарттың туған күні 25 рет ғана болған. Оның туған күні қашан? «29 ақпан)

50ұпай. Екі адам тоғыз құмалақты екі сағат ойнайды, әрқайсысы неше сағаттан ойнайды? «2 сағ»


  1. «Ақбота» есептері:

20-ұпай. Үш бала 17 бауырсақ жеді. Ең көп жегені Тимур. Аз дегенде Тимур неше бауырсақ жеген?

А) 5 б) 9 с) 7 д) 8

30-ұпай. Қайрат Жанардан кіші, бірақ талғаттан үлкен, ал Ажар Жанардан үлкен болса ең үлкен кім? (Ажар)

40-ұпай. Үшбұрыштың екі қабырғасының ұзындықтары 5 және 1, үшінші қабырғасы натурал санмен өрнектелсе қандай болады?

А) 4 б) 5 с) 6 д) 3

50-ұпай. Месопотамияда біздің эрамызға дейінгі 2005 жылда бір саны- α, он саны – β, ал алпыс саны - € таңбаларымен белгіленетін. Мысалы, 22 саны β β α α түрінде жазылатын. Сонда 124 саны қалай жазылады?

А) β €€ α α α α б) € € β β α α α α с) € β β α α α α д) € € α α α α


  1. «Кенгуру» есептері:

20-ұпай. Қояндар жанұясының үш мүшесі барлығы 73 сәбізді жеп қойған. Әкесі шешесіне қарағанда 5 сәбізді артық жеген. Ал баласы Банни 12 сәбіз жеген, шешесі неше сәбіз жеген?

А) 27 б) 28 с) 31 д) 33 е) 56

30-ұпай. Айдар қағаз парақты 5 рет бүктеді, сосын ол бүктеген қағазды тескен. Қағаз парақты қайта жазғанда неше тесік шығады?

А) 6 б) 10 с) 16 д) 20 е) 32

40-ұпай. Мына сандардың ең үлкені қайсысы?

А) 999 б) 999 с) (99)9 д) 999е) 9999

50- ұпай. Компьютерлік вирус компьютерлік дискінің қандай да бір бөлігін зақымдайтыны белгілі. Бірінші күні ол дискінің hello_html_m272a88b6.gifбөлігін зақымдаған, екінші күні зақымданбаған жерінің hello_html_m3d16dc41.gifбөлігін, үшінші күні қалған бөлігінің hello_html_7439a781.gifбөлігін, ал төртінші күні қалғанының hello_html_47dd28ff.gif. Дискінің қандай бөлігі зақымданбай қалған?

А) hello_html_47dd28ff.gif б) hello_html_35ce9.gif с) hello_html_m2b73d30c.gif д) hello_html_m24fddfed.gif е) hello_html_ma937564.gif

4. Викториналық сұрақтар:

20-ұпай. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды?(түйеқұс ұшпайды)

30-ұпай.Тәрелкедегі 7 бауырсақтан 7 балаға бір-бірден және тәрелкеде бір бауырсақ қалатындай етіп қалай бөліп беруге болады? (бір бала тәрелкесімен алады)

40-ұпай.Ұшақ А қаласынан В қаласына дейін 1 сағ 20минут ұшады да, сол жолмен қайтарда 80 мин. Ұшты . Себебін түсіндір. (1 сағ20 мин=80 минут)

50-ұпай. Төрт дос бала мейрамханаға жиі барып, әрқашан бір үстелге отырады. Жалғастың әрқашан бір орынға отыра беретіні белгілі болса, достар неше түрлі тәсілмен үстелге отыра алады? (3)

ІҮ бөлім. «Тапқырлық»

Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан – цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім мен оларды айтып бермек үшін-деп,

Біздің үйдегі қабырға сағаты қоңыраулы, ол әрбір жарты сағатта 1 рет, толық сағат сайын сол уақытты көрсету санына тең қоңырау соғады. Сонда ол тәулігіне неше рет қоңырау соғады?

Жауабы: (1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12)*2+24*2=204

Ұпайы аз 2 оқушы шығады.


Ү бөлім. «Жорға»

«Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол

Еңбектену жалықпау»- дей отырып, ойынымыздың «Жорға» Ү бөлімінде әрбір ойыншаға жеке-жеке сұрақтар қойылады, жылдам, тез жауап беруі қажет. (Әр дұрыс жауап 10 ұпай)

  1. Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.(радиус)

  2. Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. (өзара жай сан)

  3. Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)

  4. Нәрселерді санағанда қолданылатын натурал сан. (натурал сан)

  5. 369 саны 3-ке бөліне ме? (иә)

  6. Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)

  7. Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)

  8. Бағытталған кесінді. (вектор)

  9. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер)

  10. ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)


  1. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді. (диаметр)

  2. Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (өзара кері)

  3. 640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)

  4. Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)

  5. Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)

  6. Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)

  7. Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)

  8. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні нешеге тең? (3,14)

  9. Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (шаршы, ромб)

  10. ОУ осі қалай аталады? (ордината)


Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз -дей отырып, жеңімпазды анықтау үшін әділқазы мүшелерге сөз кезегін берейік.


Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендерге көп рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!


Ең жоғары үпай алған оқушы «Кім жылдам» мақтау қағазымен марапатталады.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 16.01.2016
Раздел Математика
Подраздел Рабочие программы
Просмотров137
Номер материала ДВ-346597
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх