Инфоурок Начальные классы КонспектыВоспитательный час "Аттандық бала шақтан, болашаққа"

Воспитательный час "Аттандық бала шақтан, болашаққа"

Скачать материал

Тақырыбы: «Аттандық бала  шақтан, болашаққа»

Мақсаты.

А. Білімнің кең дүниеге есік ашатынын сезіндіру, білімге деген құштарлығын арттыру, оқуға, білімді болуға шақыру.
Ә. Мектепті, ұстаздарды, ата - ананы құрметтеуге, Отанының адал ұл - қызы болуға тәрбилеу.
Б. Ақыл, ой - өрісін дамыту, бастауыш сыныбымен, білімнің алған есігін ашқан ұстаздарымен қоштасарда, жоғарғы сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныта отырып сәт - сапар тілеу.

Көрнекілігі:

Залда А. Еңсеповтің күйі «Балалық шақ» әуені ойнап тұрады.

І бөлім: Білімнің  кілті  бастауышта!

Мұғалім:

Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп, жан – жақтарына таңырқай қарап, жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер. Бүгін, міне, 4 жыл білім нәрімен сусындатқан, қалам ұстап, әріп танытқан, білімнің негізі – бастауыш сатысымен де қоштасар сәт таянды. Адам өміріндегі ең бір тәтті, алаңсыз бақытты шақ – балалық шақ. Ендеше, сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естеріңде қалсын, балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен, бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз.
- Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, қонақтар әрине, бастауыш сыныптың түлектері бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!
Толқимыз, толқып  тұрсыз  баршаңыз  да,

Мұндай  күй  болған  сірә  қаншаңызда.

Қол  соғып, қошеметпен  шақырайық,

4 – сынып  шәкірттерін  ортамызға.

(4-класс  оқушыларын  шақыру)

1.Нұрсұлтан  зерек  ақылды,

   Болшы  бізге  шамшырақ,

   Әлемге  сен  атыңды.

   Біліміңмен  жарқырат.

2.Өнерлі  бала – Сағдат,

   Ата – анаға  қолғанат.

   Оқуда  да, еңбекте  де,

   Болып  жүрші  тек  озат.

3.Ертеңгі  күнін  ойлайтын,

   Бес алам  деп  қоймайты.

   Намысқой  бала – Аслан,

   Жамандыққа  бармайтын.

Бүгін  міне, қоштасады  бастауышпен  балбұлақ

Әні  менен  жырына, көрермендер  сал  құлақ.

Кеше  сәби, бүгін  міне, жас  ұлан.

Лаулап  жансын  болашағын  шамшырақ!

ҚР- ның  Мемлекеттік  Әнұраны  орындалады.

Білімнің  қайнар  бұлағы,

Өнердің  жарық  шырағы.

Тұрағы  өзің – мектебім,

Шәкіртің  асыл қырағы.

-Иә, мектебімізге  қандай  жыр  арнасақта жарасады.

Хормен:

Мектеп  кеме, білім – теңіз,

Барар  жерге  тез  жетеміз.

Төрт  жыл  алған  білім  нәрін,

Азық  етіп  ер  жетеміз.

Нұрсұлтан: 

Мектебім, алтын  ұям, нұрың  жарық,

Жайнаттың  үмітімнің  гүлін  жарып

Сүйкімді  сенің  қоңырауың.

Тұрады  құлағымда  сыңғыр  қағып.

Сағдат: 

Өткіздім  мұнда  балғын  жасымды  мен,

Жаныма  сіңді  сенің  асыл  киең.

Сарқылмас  бастауысың  ұлылықтың

Мектебім, саған  мәңгі  бас  ием.

Аслан:

Армысың  сен  алтын  ұя  мектебім,

Саған  айтар  жыр  алғысым  көп менің.

Жүректерге  жаққан  білім  шырағын,

Мақтан  етем  сені  мәңгі  мектебім.

Ән: «Мектебім»

Сағдат:

Есімде  ұстаздың  алғаш  қарсы  алғаны,

Айқара  есік  ашып  тастағаны

Бір  мереке  думан  боп  осы  маңда

Жетелеп  бір  сыныпқа  ап  барғаны.

Нұрсұлтан:

Өмірге  жол  бір  өзіңнен  бастадым.

«А»  әрпін  алғаш  сенен  жаттадым.

Ұстаздарым, естен  кетпес  мәңгілік

Мейіріммен  жауырынымнан қаққаның.

Аслан:

Ақылшым, асыл  ұстазым

Жолымды  айқын  нұсқадың.

Қасыма  кеп  қаншама  сен,

Қамқор  боп  қалам  ұштадың.

Хормен:

Әліппе  даңғыл  жол  ашты.

Жаңадан  пәндер  жалғасты.

«Әліппе»  сырын  ашатын,

Рахмет  ұстаз  алғашқы!

Ән: «Мұғалім  ол  біздің» 

 

 

Мұғалім.

Ұстазға  бауыр  басқанбыз

Айналып  мектеп  үйіне – дей  келе  4 жыл  бойы  оқу  дәрісін  сусындатқан  ұстаздарымызға  жыр  шашуын  шашайық.

Нұрсұлтан:

Мектепті  ойлап  өткен  айы, жыл – күні,

Сондықтан  да  біздің   мектеп  үлгілі

Нургул  апай – дана  кісі  басшымыз,

Тәртіп  пенен  мәдениеттің  символы.

Сағдат:

Есімізде  мектепке  алғаш  барған  күн,

Нұржамал  апай  күлімдеп  қарсы  алған  күн.

Сыңғыр  қағып  қуанышпен  қоңырау

Қолымызға  Әліппені  алған  күн.

Аслан:

Спорттан талай шәкірт даярлады,
Шәкіртіне бәрін берді, аямады,
Әзілі бірге жүрер өзіменен
Талғат  ағай үйретуден шаршамады.

Нұрсұлтан:

Орысша  оқып, жаза  алдық

Ертегі  тыңдап  қадалдық

Назгул  апай  үйретті 

Қайдан  шыққан  адалдық.

Сағдат:

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз біз бүгін,
Бақыткелді  апай,
Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Мұғалім: 

Бүкіл  жер  бетіндегі  ұстаздар  қауымы  шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып, ыстығы  мен  суығына  төзеді. Мен  мына, бүкіл  адамзат  баласының  атынан  алғыс  білдіріп, тағзым  етемін. Рахмет, сізге Ұстаздар!

Хормен:

Ұсынғаны  адалдық,

Үйреткені  адамдық.

Бар  ұстазға  тілейміз

Бақыт, табыс, амандық.

Ән: «Ұстазым – ақылшым»

Мұғалім:

4 жыл  білім  нәрімен 

Сусындадық, нұрландық,

Барлық  пәннің  бәрімен

Біз  достасып  алдық.

Мән  көп  «Қазақ  тілінде».

Сөз  беремін  алдымен,

Тіл білімін  игерткен,

Сөзшең  қазақ  тіліне.

Қазақ   тілі:  /Аслан/

Ұлттың  тілін  ардақтар,

Ата – бабаң, анаң  да.

Елдің  атын  сақтаған,

Мемлекеттік   тілмін – мақтанам.

Тілсіз  ойың  толмайды,

Ойсыз  білім  болмайды.

Ана  тілі: / Сағдат/

Ана тілі  пәнімен,

Ақыл – ойдың  нәрімен,

Балаға  мол  тәлімім

Әңгіме, жыр  өлеңім

Әсері  мол  бәрінің

Батырлар  жыры, ертегі

Ғажайып  сыр  шертеді.

Мақал – мәтел, санамақ,

Маңызын  біл  саралап.

Бастауыштың  бар  баласы

Ана  тілін  сүйеді,

Мәнін  ойға  түйеді.

Дүниетану: /Нұрсұлтан/

Табиғаттың  сәніне,

Таңғалдырып  үніне,

Жақсы  лебіз  білдірсін.

Дүниетану  пәні  де

Жарқырап  күн  нұрланып,

Жайқалды  тал  бүр  жарып,

Құлпырған   гүлдер  ырғалып

Жан-жануар, құс, балық.

Табиғаттың  көркіне

Жасалмасын   дұшпандық.

Математика: /Аслан /

Математика  пәнімін,

Төрт   амалды  қолданған

Төресімін  ғылымның.

Зер  салып  жақсы  оқысаң,

Негізі   менде  білімнің.

Есеп- істің  әр  қамы,

Есеппен  ой  артады.

Орыс  тілі:  /Нұрсұлтан/

Здравствуйте! - деп  бүгін

Амандасар  бәріңмен,

Орыс тілі  мен  болам,

Достастырар  өзге ұлтпен.

Еңбек, достық, тыныштық

Елге  қосып  ырыс – құт.  

Достасады  халықтар

Достық  сәні – туыстық.

Мұғалім:

Жастың  өсті  санасы,

Елжірейді  жүрегі.

Бастауышқа  бар бала,

Алғыс  айтып  жүреді.

Сағдат:

Оқытты  ұстаз  анамыз,

Өсті  білім  санамыз.

Білімді  боп  өсетін

Біз  бақытты  баламыз.

Бойымыз  да  бұла  күш,

Еркін  өскен  ұланбыз.

Оқу – білім  үйреткен 

Ұстаздарға  мың  алғыс!

Ән: «Ұстазым»

ІІ бөлім: «Болашаққа  саяхат»

-Біз  алғаш  табалдырығын  аттаған  алтын  ұядан  не оқып, нені  білдік? Тек  қалам  алып, хат  танып, оқумен  ғана  шектелмей  білімнің  адам өміріндегі  маңыздылығы  мен  пайдасы  және  білім, ғылым  туралы  білдік. Халқымыз  жан – жақты  адамды  сегіз  қырлы, бір  сырлы  дейді. Адамның  сегіз  қырының  бірі – оның  білімі. Білім-ді  адамның  көкірегі  ояу  болады, жақсы  мен  жаманды  айыра  біледі. Мәне осы  туралы  өз  ойларынды  саяхат  уақытында  ортаға  саласындар. Саяхатты  «Болашаққа»  жасаймыз.

       Саяхаттың  шарты  мынадай: үш  вагон – әрқайсысының  аты  бар. Мысалы, бірінші  вагон  «Шежіре  вагоны» - бұл  вагонға  отырам  дейшілер  жолсеріктің  сұрақтарына  жауап  беріп, қолдарына  билет  алуға  болады. Келесі  вагон  «Математиктер  вагоны»,  ал  үшінші  «Өнер  вагоны», бұл  жерде  сендер  өздерінің өнерлеріңді  көрсете  аласыңдар. Сонымен, балалар  саяхатқа  шығуға  дайынбыз.

Мұғалім:

Ана  тілсіз  іс  өрге  баса  алмайды,

Ана  тілсіз  тарихта  жасалмайды. 

Ата  дәстүр  салтын  біз,

Алға  апара  жатырмыз – деп.

1- сұрақ:

Аталы  сөз  білімді  болуға  бастайды.

Қандай  аталы  сөздерді  білесіздер?

 

Атадан  жақсы  ұл  туса  игі

Елінің  туы  болады.

Атадан  жаман  ұл  туса,

Көшінің  соңы  болады.

Кісі  бірге  туыспау  керек,

Туысқаннан  соң  сөз  қуыспау  керек.

Сөз  қуған  пәлеге  жолығады,

Жол  қуған  олжаға  жолығады.

 

Шешендіктен  не  пайда,

Артында  сөз  қалмаса,

Батырлықтан  не  пайда

Халқына  қайраны  болмаса.

 

2-сұрақ:

Халық  тағылымы – тәрбие  бастауы.

1.Жерден  ауыр  не?

  Судан  терең  не?

Жауабы:

Жерден  ауыр  дегенім – ақыл, білім.

Судан  терең  дегенім – оқу, ғылым.

2.Өмірде  не  жетім?

Жауабы:

Жаңбыр  жаумаса – жер  жетім,

Басшысы  болмаса – ел  жетім.

3.Дүниеде  не  қымбат?

Жауабы:

Алтын  ұяң – Отан  қымбат,

Құт  береке – атан  қымбат,

Аймалайтын – анаң  қымбат,

Бәрінен  де  ұят  пен  ар  қымбат.

3-сұрақ:

Біліммен  қаруланған  қор  болмайды.

Абайдың  білім   туралы  айтқан  ойлары.

 

Болмасаң да ұқсап  бақ,

Бір  ғалымды  көрсеңіз.

Ондай  болмақ  қайда  деп.

Айтпа  ғылым  сүйсеңіз.

Артық  ғылым  кітапта

Ерінбей  оқып  көруге

Әсемпаз  болма  әрнеге

Өнерпаз  болсаң  әрқалаң.

 

Жасымда  ғылым бар  деп  ескермедім,

Пайдасын  көре  тұра  тексермедім.

Ер  жеткен соң  түспеді  уысыма 

Қолымды  мезгілінен  кеш  сермедім.

4-сұрақ: Білмдіден  шыққан сөз, талаптыға  болсың  кез.(көрініс)

-       Бүгін  балалар, біз  адам  өміріндегі  ең  қымбатты  ғажайып   жайлармен тансамыз. Ол  үшін  «Байлық», «Бақыт», «Ақыл», «Данышпанды»  шақырайық.

Мұғалім: Достар, адам  өміріне  қажет  не?

Оларды  ортаға  шақырайық.

          Ертеде  «Байлық», «Бақыт», «Ақыл»  үшеуі  бас  қосады. Ол  кез  үшеуі  адам  баласына  тигізген  пайдасы  туралы  таласып  қалады. 

Байлық: - Менің  арқамда  ғана  адам  баласының  төрт  түлігі  сай, үйі  дүние  мүлікке  толы, ішіп – жемі  мол  болады.

Бақыт: -Мен  Бақытпен, кімнің  басына  қонсам, соның  атақ – даңқын  шығарамын, мансабым  аспанға көтеремін. «Ақ  дегенім  алғыс, қара  дегенім  қарғыс»  етемін.

Ақыл: - О, достарым, мен  сендердің  таластарына  қосыла  алмаймын. Мен – ақылмын.

Адам  баласы  менсіз  өмір  сүре  алмайды. Келіспесеңдер  «Данышпанға» барайық, -дейді.

Мұғалім: Олар  Данышпанның  әдемі  шаһарына   келеді.Данышпан  үшеуінің  дауын  тыңдап  алғаннан  кейін, былай  дейді.

Данышпан:  -Өмірдің  өзі  сабақ. Байлық – бір  жұттық. Бақыт  баянсыз.Ақылдың  еңбек, білім  деген  сүйініш,тіреуі, тұтқасы  бар. Сондықтан  да  ақылды  болып, еңбек ете  білген  адам  баласы  байлыққа  да, бақытқа да кенеліп, мәнді де, сәнді  өмір  сүре алады.

Мұғалім: Ақылды  қасыңнан  қорықпа,

Жарымес  досыңнан  қорық.

Ақыл, қайрат, білімді

Тең  ұстаған  зор  болар...

 

«Математиктер»  вагоны

Мұғалім:

Інжу – маржан  жатар  теңіз тереңінде

Ұлы ойшылдар  қалды  мәңгі  ел  есінде

Талаптанып  жасыңнан  ұғып  алғын

Математика  жарар  әр  кез  керегіңе.

І- тапсырма: Логика  есеп.

ІІ-тапсырма:

ІІІ-тапсырма:

«Өнер»  вагоны:

Ақ сүтінен  ананың  ауыздандық

Ана  тілде  өренім  білім  алдық

Орыс  тілі  әлемге  кең  тараған.

Артық  болмас  бұл  тілді  де  біліп  алған.

Сказка  «Антошка»

4 – класс  оқушылары  өздерінің  өнерлерін  көрсетеді.

ІІІ-бөлім  Әулетіп  ән  салмай  өсер  бала  бола ма?

Мұғалім:

Нұрсұлтан

Бастауышым - Балбұлағым,
Лаулап жансын шамшырағың.
Өзің берген біліміңнен,
Самғап ұшты тау қыраның.
Сағдат:
 Өтті қызық шағым,
Бастауышым –балбұлағым
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын!
Қош бол, қош бол сүйікті бастауышым!
Аслан:

Енді  міне, сағымдай  боп  өте шықты,

Жыл  уақыт  аз  ба  екен, кім  біліпті?

Ұстаз  ана  жасады  мына  бізден,

Ел  таңғалар  азамат  бір- бір  мықты.

Ән:

Жайдарманнан  үзінді.

Флешмоб  биі.

ІҮ. Қорытынды:

Мұғалім:

Ғылым  иесі  ғалым да, ел  қорғаған  батыр да, темір  балқытқан  жұмысшы  да, егін  егіп, мал  баққан  шаруа да, көк  жүзін  шарлаған  ғарышкер де, бәрі – бәрі  ұстаздан  білім  мен  тәрбие  алған. Сондықтан да  ұлағатты  ұстаздар  алдында  бас  иеміз!

Өзіңсің  балауса  көктемім,

Мен  сенен  нәр  алдым, көктедім.

Өмірде  алғашқы  өткелім,

Хормен: Рахмет  саған, бастауыш  сыныбым!

Ән: «Бастауышым – балбұлағым»

Мұғалім:

Қымбатты  да, сүйікті  менің  шәкірттерім! Бастауышта  алған  білімдерің  өздерің  үшін де, еліміз  үшін  де  таусылмас  қазына. Алдағы  уақытта  сендерге  сәттілік  тілеймін. Жақсы  жетістіктерге  жетіңдер.

  Құрметті  ата – аналар! Балаларымыздың  осындай  дәрежеге  жетуіне  сіздердің  де  еңбектеріңіз зор. Сіздердің  балаларыңыз  жақсы  азамат  болып  өссін  деп  тілегім  келеді.

 

Бүгінгі  кеш  әр  үйдің  той  басы  деп  саналар,

Балалардың  шаттығы  әулеттерге  таралар.

Ырым  етіп  сондықтан  да  ертеңгілік  соңында

Ақ   тілекпен  баршаға  тілек  айтар, біздің  қоңақтар – дей  отырып  мектеп  директоры  және  ата – аналарға  сөз  кезегін  береміз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час "Аттандық бала шақтан, болашаққа""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по экономической безопасности

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 661 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.05.2016 611
    • DOCX 25.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алтаева Нургул Арыстангаликызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5247
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Финансовая грамотность для обучающихся начальной школы в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 559 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 497 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс профессиональной переподготовки

Методика организации образовательного процесса в начальном общем образовании

Учитель начальных классов

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 2690 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 529 человек

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе