Инфоурок Начальные классы КонспектыҮй жануарларының қысқы тіршілігі

Үй жануарларының қысқы тіршілігі

Скачать материал

 

 

Сабақтың мақсаты: Үй жануарларының қысқы тіршілігі

1. Білімділік мақсаты: Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы ұғым беру. 2.Дамытушылық мақсаты: Сұрақ-жауап, әңгіме жүргізу арқылы тіл байлықтарын молайту. Сипаттау, талдау, салыстыра білу дағдыларын дамыту. Ауыл шаруашылығы туралы түсінік беру.

3.Тәрбиелік мақсаты: Үй жануарларын күтіп баптауға, үйрету. Еңбекқор, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың көрнекілігі: Үй жануарларына байланысты суреттер, плакат, тыйым сөздер, слайдтар .

 Сабақтың типі: топтық жұмыстар, баяндау, сұрақ – жауап, ой түйіндеу. Сабақтың әдісі: сын – тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану әдісі

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

– Сәлеметсіздер балалар? Бүгін бізде ерекше сабақ өткелі тұр. Бізге қонақтар келіп отыр. Сабағымызды жақсы көңіл-күймен бастау үшін бір-бірімізге қарап күлімдейік, қонақтарға қарап күлімдейік. Осындай жақсы көңіл күймен сабақты бастайық.

Сүйейік, табиғатты аялайық!

Біз де онан жақсылықты аямайық!

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

Сабақты төрт топқа бөліп жүргіземіз.

1 ТОП:ТҮЙЕ

2 ТОП:ЖЫЛҚЫ

3 ТОП:СИЫР

4 ТОП:ҚОЙ

Берілген тапсырмаларды, жұмыстарды ынтамен, белсенділікпен, тиянақты орындауға тырысыңдар. Сабақ соңында әр топқа атқарған жұмыстарыңа, өздеріңді ұстауларыңа байланысты атақ беріледі.

II. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасы пысықталады.

 - Алдыңғы сабақта қандай тақырыппен таныстық?

 - Аю қайда қыстап шығады? Оның үйі не деп аталады?

- Тышқан ше? - Тоқылдақты неге «орман дәрігері» деп атайды?

 - Жәндіктердің тіршілігі жайлы не білесіңдер?

III. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Жұмбақ шешу. Олардың суреттері слайд арқылы көрсетіледі. 1) Кезікті бір жануар Үстінде екі тауы бар. (түйе)

2) Қамыс құлақ, тостаған тұяқ, Мінсең қанат, сүті дәрі, еті тамақ. (жылқы)

3) Екі айнасы бар, Екі найзасы бар. (сиыр)

4) Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар. (қой)

5) Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар. Екі құлағы бар, Иегінде сақалы бар. (ешкі)

- Бұл жануарларды бір сөзбен не деп атаймыз?

 - Төрт түлік мал, үй жануарлары, малдар.

 - Не себепті төрт түлік дейміз, мына жерде бес жануардың аты жазылған?

 - Себебі қой мен ешкі бір топқа жатады, өйткені ол екеуі де ұсақ малға жатады. Болжау стратегиясы.

- Балалар, қалай ойлайсыңдар, біздің бүгінгі сендермен өтетін тақырыбымыз не туралы болады?

Үй жануарларының қысқы тіршілігі.

2–тапсырма. Сол жұмбақтың шешуіне байланысты әр топқа үй жануарларының суреті таратылады. Әр топ соған қарап не білетінін жазады.

Ассоциация жасау.

1-топ «Түйе» Түйенің өркештері болады. Бір, екі өркеші бар түйе болады. Бір өркешті түйені «нар» дейді. Түйенің төлін бота деп атайды. Түйені адамдар көлік ретінде пайдаланады. Түйенің сүтін шұбат деп атайды. Шұбат өте пайдалы. Түйе шөлге шыдамды. Ол бір рет жақсылап ішіп алса, бір апта бойы сусыз шыдай алады. Адамдар түйенің терісін де пайдаланады. Ол ауыр жүкті де жақсы көтереді. Сол себепті бұрын қазақтар көшіп – қонып жүргенде түйені көлік ретінде пайдаланған.

2-топ. «Жылқы» Қазақ халқы жылқыны өте жақсы бағалайды. Оның етін, сүтін тамақ ретінде пайдаланса, ал өзін көлік ретінде пайдаланады. Оның сүті

қымыз деп аталады. Қымыз адам ағзасына өте пайдалы. Қыста қазақтар жылқыны соғымға сояды. Жылқының төлін құлын деп атайды.

3-топ. «Сиыр» Адамдар сиырдың сүтін, етін, терісін де пайдаланады. Сиырдың сүтінен айран, қаймақ, май, ірімшік, құрт, жент сияқты өнімдер алынады. Оның төлін бұзау деп атайды.

4-топ. «Қой, ешкі» Қойдың төлі – қозы, ешкінің төлі – лақ деп аталады. Қой мен ешкінің етін, жүнін, терісі пайдаланады. Суық тиіп ауырса қойдың майын емге пайдаланады. Қойдың етін тамаққа пайдаланса, жүнінен киім, шұлық, қолғап тоқуға болады. Терсінен тон жасайды. Ал ешкінің жүні түбіт деп аталады. Одан да осындай киімдер тоқылады. Ешкінің сүті де пайдалы. Қой момын болса, ешкі керсінше тентек болып келеді. - Балалар, сендер үй жануарларының пайдасы туралы айтып бердіңдер. Бұл мал шаруашылығына жатады. Біздің жеріміз бай. Онда биік таулар, ну орман мен өзен–көлдер, жазық дала да көп. Сондықтан мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы.

 - Ал сендер осы жануарлардың күтімі жайлы не білесіңдер? (жауап алынады) Ендеше бүгінгі сабақта осы үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы айтамыз.

- Қысқы тірішілігі туралы не айтар едіңдер? (жауап алынады)

Сергіту сәті.

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың,

Секең секең ей лақ,

Жүрмін саған кеіп ақ.

Тыныш тапсаң болмай ма,

Секірмей ақ кей уақ.

Мұғалімнің түсіндіруі.

Тақтадағыны түсіндіру

 Үй жануарларын адамдар бағып, күтеді. Ауылды жерлерде үй жануарларына арнайы жылы қоралар салынады. Онда жем – шөп салатын, су құятын орындары болады. Малдың қысқы азығын адамдар күзде дайындап қояды. Қыста үй жануарларын көбіне қорада ұстайды. Ал ауа райы ашық, жылы күні малдарды далаға таза ауаға шығарады. Жылқы мен қой қарды теуіп ашып, оның астындағы шөпті жейді. Ал көктемде малдар өріске шығады. Үй жануарлары төлдейді. Мұғалім оқып береді. Сөздік жұмысы жүргізіледі. Ақыр – жем – шөп салатын жер. Науа – су құятын зат.

Осыдан кейін оқушыларға тізбектете оқытамын.

3 – тапсырма. Әр топқа мәтін бойынша сұрақтар таратылады.

1-топ. Үй жануарлары қалай қыстап шығады?

2-топ. Адам үй жануарларын қыста қалай күтеді?

3-топ. Адам үй жануарларын не үшін өсіреді?

4-топ. Адам үй жануарларына қандай қамқорлық жасау керек?

- Балалар сендер білесіңдер ме осы төрт түлікке байланысты көптеген тыйым сөздер бар. Бүгінгі сабақта соның бірнешеуімен танысамыз. Малды теппе.

Атқа теріс отырма. Малды аттама. Түнде малды санама. Ақты төкпе. (тақтадан хормен оқытамын.)

4 – тапсырма.

Аңдарды айтқанда секіреміз, үй жануарларын айтқанда қол шапалақтаймыз.

Аю, қой, түйе, қасқыр, сиыр, қоян, түлкі, жылқы.

IV. Қорытынды: Сұрақ – жауап арқылы қорытындыланады.

- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Үй жануарларының қысқы тіршілігі туралы не білдіңдер?

- Өздеріңе бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағұлмат алдыңдар?

- Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты сабағымызды өздерің білетін қандай өлеңмен аяқтауға болады?

 - Әрине «Қошақаным» әнімен, ендеше бәріміз қосылып осы әнді орындап берейік. Сабақтың басында ескертілгендей әр топтың жұмыс атқаруларына қарай топтарға атақ беріледі.

 «Білімді» топ

«Белсенді» топ

 «Тату – тәтті» топ

«Шапшаң» топ

V.Бағалау. Сабаққа қатысуларына қарай жеке оқушылар бағаланады.

VI. Үйге тапсырма: 81-82 б. (о.м.) Әр жануарға байланысты тақпақ тауып, жаттап келу

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үй жануарларының қысқы тіршілігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 863 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2017 890
    • DOCX 22.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алиева Нармина Фуркоевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алиева Нармина Фуркоевна
    Алиева Нармина Фуркоевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 29353
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 306 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 613 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Гендерный подход в обучении и развитии учащихся младшего школьного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Договоры и их правовое регулирование

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 13 регионов