Инфоурок Дошкольное образование КонспектыҰйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. ересектер тобы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. ересектер тобы

Скачать материал

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«10» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы:«Шығармашылық»

Бөлімі: Сурет салу

Тақырыбы: «Жаңбырлы күн»

Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып, жаңбыр тамшыларын салуға үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: Жаңбырлы күннің суреті, видеосы, сурет салуға қажетті құралдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Жұмбақ жасыру

Тырс-тырс тамады,

Тереземді қағады.

-       Бүгін күн қандай ? Ашық па?

-       Бұлтты ма? Жаңбыр жауып тұр ма?

-       Суретке қараңдаршы бұл не?

-       Түсі қандай?

-       Жаңбыр жауғанда қандай дыбыс естіледі?

-       Тыңдап көрейік......

-       Ой, жаңбыр құйып жауып кетті.

-       Жаңбыр

-       Бүгін салқын, жаңбыр жауып тұр. Аспанды бұлт торлаған. Күн бұлттанса жаңбыр жауады.

-       Бұлт

-       Түсі көк

-       Тырс-тырс етеді

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Көркем сөз

Жауын- жауын жауады

Бәрін суға малады.

Біз қарындаш аламыз,

Тамшыларды саламыз.

Үлгіні көрсету, түсіндіру: Алдымен ақ қағаздың жоғары жағына бұлт бейнесін саламыз. Губканың бір бұрышын ақ түсті бояуға батырып алып, бір рет бастыру арқылы тамшы бейнесін түсіреміз.

Қ/О: «Жаңбыр»

Сергіту сәті:

Қолды белге қоямыз,

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

Біз бақытты баламыз,

Гүл-гүл жайнап жанамыз,

Жақсы сергіп қаламыз.

Бұлттың бейнесін салады, Сұр түспен бояйды. Жаңбыр тамшыларын салады.

 

Ойынды қызыға ойнайды.

Сергіту сәтін жасайды.

 

 

Рефлексиялық түзетушілік

-       Бүгін ненін суретін салды?

-       Ненін көмегімен салдық?

-       Сендерге өз жұмыстарың ұнады ма?

-       Қай жері қиындық тудырды?

Балалардың ойлары тыңдалады

Жеке жұмыс: Теміржан Нұртөре, Өмірбекова Мәриям, Маратқызы Әминаға губкамен сурет салу дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Жаңбырлы күннің ерекшелігін;

Игереді: губкамен сурет салу дағдаларын меңгеру;

Меңгереді: өздерінің жасаған жұмыстары туралы айта білу;

Нөсер

Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.

Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбілеп жауатын түрі.

Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын.

Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы.

Қара жаңбыр – бұлт қап-қара болып торлап келіп, толассыз ұзақ жауатын күзгі қалың жаңбыр.

Қар аралас жаңбыр – алдымен жаңбыр болып жауып, күн суыта келе, арты қарға айналған жаңбыр.

Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.

Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі.

Нөсер – 1. Қатты жауатын, өткінші жаңбыр; 2. Күшті, бірақ қысқа мерзімдік, конвективтік сипаттағы, не қоңыржай ендіктегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр.

Көк нөсер – көктемде, жазда қатты жауатын өткінші жаңбыр.

Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.

Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.

Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр.

Сіркіреме жаңбыр – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.

Себездеу, сілбілеу

Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі.

Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу.

Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы.

Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу.

Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы.

Нөсерлеу – қатты жауу, шелектеп құю.

Төгіп өту – жаңбырдың қатты ­жауып өтуі.

Жаңбыр құю – қатты жаңбыр жауып кету, шелектеп төгу.

Жаңбыр көрмеу – көп уақыт бойы жаңбыр жаумай, құрғақшылық болу.


Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«10» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Өзін-өзі тану

Тақырыбы: Менің сезімдерім.

Мақсаты: Адамның сезімдері туралы түсінік беру. Бала бойындағы жақсы қасиеттерін дамыту. Сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Қолданады: дәптер, үнтаспа, ойынға қажетті құралдар.

Сөздік жұмыс: сезім

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешенің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Біздің топта балалар,

Тату –тәтті ойнайды.

Дос көнілі әрқашан,

Тек жақсылық ойлайды.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-       Балалар өзін- өзі тану әлеміне қош келдіңіздер!!!

-       Балалар бүгін көңілдерің қандай?

-       Адамның неліктен көңіл күйі өзгереді?

-       Балалар бүгін мен сендермен адамның көңіл күйі, сезімдер жайлы әңгімелейміз.

Әңгіме оқу: «Әдептілік әлемі»

Дәйексөз: «Кішіні қолдап, жол бер үлкенді сыйлап»

Тыныштық сәті

Ойын жаттығу: «Мен қамқор баламын»

Ғажайып сөздер: «Жақсылық жасау -әдептілік, үлкен кішіге қамқорлық көрсету жақсылық»

Жүректен-жүрекке

Біздің топта ұл қыздар,

Тату-тәтті ойнайды.

Айналаға бар адамға

Тек мейірім сыйлайды.

Дәптермен жұмыс

Жақсы

Тыңдайды

Қайталап айтады.

 

 

 

 

Өлең жолдарын қайталап айтады.

Өз сезімдерін бейнелейді.

Бағалайды.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

-Ол орталықта не істедіңдер?

-Бүгін саған қайсы орталықта жұмыс істеген ұнады?

-Ұнаса несімен ұнады?

-көркем әдебиет, орталығында

Балалардың жауаптары

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Сезім туралы түсінік болу керек.

Иереді: Оқу іс – әрекетке деген қызығушылықтары болу керек.

Меңгереді: Бір бірінің сезімдерін құрметтеп  үйрену керек.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«11» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет» 

Бөлімі «Драма»

Тақырыбы: «Менің елімнің рәміздері» (өлеңді жаттау)

Мақсаты: Өлеңді дауыс ырғағын келтіре отырып оқу, мазмұнын ашу, балаларды еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу, елді қорғауға баулу.

Қолданады: елтаңба, ту суреттері, гимн мәтіні, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: Отан, рәміз, елтаңба.

Іс- әрекет кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

-Менің Отаным өте сұлу!

-Менің Отаным өте бай!

-Менің Отаным әдемі!

-Менің Отанымда барлық ұлттар тату тұрады!

-Мен Отанымды, рәміздерімді мақтан етемін!

Бүгін біз өзіміздің туған жеріміз – Отанымыз туралы әңгімілесеміз.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

 

Тыңдайды.

Үйымдастыршылық-ізденістік

-       Қазақстан Республикасының рәміздеріне не жатады?

-       Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, туы, гимні бар.

-       Елтаңбаның  авторы кім?

-       Тудың авторы кім?

-       Гимннің авторы кім?

-       Енді, балалар, ақын Нұрлан Қалқаның «Менің елімнің рәміздері» өлеңімен танысамыз.

Рәміздерім – елдігімнің белгісі,

Білу керек бала дағы ең кіші.

Рәміздерім – елтаңба,ту, гимнді. Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі берілген тапсырманы балаларға тусіндіру.

Балалармен жеке жұмыс жүргізу.

Сергіту сәті

Біз кішкентай баламыз,

Өсіп-өніп, толамыз.

Күнге қарай талпынып,

Көкке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз,

Қарылғаштай самғаймыз.

Дидактикалық ойын:

«Менің сүйікті қалам».

Ойынның шарты: балалар дөңгелене шеңберге тұрады. Ойын бастаушы «Сүйікті қалаңды ата!»- деп, допты бір балаға лақтырады. Келесі бала ойынды одан әрі жалғастырады.

Біздің Отанымыз – Қазақстан.

 

 

Балалардың жауаптары.

 

 

 

Балалар өлеңді қайталай отырып жаттайды. Қазақстан Республикасы-ның рәміздері -  тудың, гимннің, елтаңба авторларын қайталайды.

Балалар жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындайды.

Балалар қимылмен сергіту сәтін орындайды.

-Менің сүйікті қалам – Астана!

-Менің сүйікті қалам – Алматы!

-Менің сүйікті қалам – Қарағанды!

Рефлексиялық-түзетушілік

Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана.

Қазақстан қазба байлықтарға өте бай.

Қазақстан Республикасының рәміздерін құрметтеу керек.

 

 

Балалардың толық жауаптары тыңдалады. Балалар өлеңді жатқа айтады.

Жеке жұмыс: Мырзағали Ақниет, Теміржан Нұртөре, Даниярұлы Әділбекке өз елінің рәміздерін жатқа білуді қалыптастыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі:  Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа айтады.

Игереді: Қазақстан Республикасының рәміздеріне құрметпен қарауды, Отанын қорғау міндетті екенін түсінеді.

Меңгереді: рәміздерді мәнерлеп суреттей алады.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«11» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Тиін жаңғақ кеміреді»

Мақсаты: Тиін, тиіннің тіршілігі туралы түсінік беру. Тиіннің мүсінін жасай білуге, дене бөліктерін біріктіріп қосу, шымшып қысу, дөңгелектеу тәсілдерін үйрету. Балалның ойын, тілін, шығармашылық қабілетін, көркемдік талғамын дамыту. Ұқыпты жұмыс істеуге, бір-біріне көмектесе білуге баулу.

Қолданады: Тиіннің суреті, ермексаздар, тақтайшалар, стекалар, сулы сүрткіштер, қарағайдың бүрі, емен жаңғақтары.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

-       Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

(Ө. Тұрманжанов)

-       Көп рақмет! Өміріміз жақсылыққа, күлкіге толы болсын!

 

Баллар шаттық шеңберін қимылмен жасайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

 Әңгімелесу:

-       Балалар, қараңдаршы, мынау ненің суреті?

-       Тиін қайда өмір сүреді?

 

 

-       Немен қоректенеді?

-       Ол қандай аң?

-       Үлкен бе, кіші ме?

«Дұрыс орналастыр» ойыны.

Мақсаты: Аңдардың мекенін дұрыс таба білуге үйрету, көңіл күйлерін көтеру.

Барысы: Бірнеше баланың қолына аңдар мен құстардың суреті беріледі. Олар оны тақтадағы мекеніне дұрыс орналастыруы керек.

-       Өте жақсы, балалар!

Үлгіні көрсету:

1. Тиінді мүсіндеу үшін қоңыр немесе қызғылт сары түсті ермексазды алып, кішірек және үлкен етіп екі бөлікке бөлеміз.

2. Үлкен бөлігін алақан арасына салып, сопақша пішінге келтіріп, артқы бөлігін дөңестеу қалыпқа келтіреміз.

3 Ермексаздың кіші бөлігінен басын домалақтап жасап, созу арқылы тұмсығын шығарамыз.

4. Ермексазды созу әдісімен аяғын, қолын жасаймыз.

5. Ермексазды жалпақтау арқылы кескішпен құйрығын бастырып кесіп алып, денесіне жапсырамыз.

6. Көзін, мұрынын жасаймыз, орналастырамыз.

Проблемалық сұрақ қою:

-       Тиінімізге не жетпей тұр?

-       Енді, тиінге жаңғақ сыйлайық. Тиіннің қолына жаңғақ ретінде қарағайдың бүрін, емен жаңғағын қыстырып қоямыз.

Дербес іс-әрекет, жеке жұмыс:

Әркім өз бетінше тиінді мүсіндейді.

«Отырып-тұру» сергіту сәтін орындайды.

 

-       Бұл – тиіннің суреті.

 

-       Тиін орманда тіршілік етеді. Үйі ағаш басында болады.

-       Жаңғақ жейді.

-       Жабайы аң.

-       Кішкентай.

 

 

 

Балалар ойынды қызыға ойнайды.

 

 

 

 

 

Балалар көрсетілген үлгіге мұқият қарап отырады.

 

 

 

 

Балалар көрсетілген үлгіге мұқият қарап отырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-       Жаңғақ.

Балалар жұмысқа кіріседі. Кейін дайын болған тиін мүсініне қысып, басу арқылы қарағай бүрлерін, емен жаңғағын орналастырады. Балалар тиінге жаңғақ сыйлағандарына қуанады.

Рефлексиялық-түзетушілік

 

-       Балалар, жасаған тиініміз өте әдемі болыпты. Кешке ата-аналарың келгенде қуанатын болды.

Қорытындылау, мадақтау.

 

Балалар өздерінің және достарының жасаған жұмыстарын талдайды.

Жеке жұмыс: Мырзағали Ақниет, Даниярұлы Әділбек, Сакимбай Алмасқа ермексазды есу арқылы қол моторикаларын дамыту.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тиіннің тіршілік ету ерекшеліктерін.

Игереді: Әр түрлі жолмен мүсіндеудің тәсілдерін.

Меңгереді: Ұқыпты, таза жұмыс жасау қабілетін.


 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«11» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы: «1 саны және цифры»

Мақсаты: Инновациялық технологияларды қолдану арқылы 1 саны және цифрымен таныстыру, бір затты анықтай алуға үйрету. Заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін қалыптастыруды жалғастыру. Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: жұмыс дәптерлер, қарындаштар, сандардың таңбалары, демонстрациялық материалдар, интерактивті тақта, суреттер.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалардан өткен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жұмысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде ұйымдастырға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады:

- Олар қандай фигуралардан құралған?

- Бұл заттар қалай аталады?

- Оларға ортақ атау (көліктер) беруге бола ма?

Суреттердің өздері білетін қандай фигураларға ұқсайтынын айтады.

Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі. Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, паровоз немесе кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

Топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте).

- Картиналарда ненің суреті салынған?

- Автобус нешеу?

- Трактор нешеу екен?

- Картинада неше жүк көлігі бар екен?

- Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады?

- Көліктің басқа қандай түрлерін білесіңдер?

- Бүгін біз 1 саны және цифрымен танысамыз.

Интерактивті тақтаны қолдану.

1 туралы өлең оқып береді. 1-дің бейнесін көрсетуге болады.

«1»-ге ұқсайтын бұл не?

Ол – кәдімгі ине.

Сабақтап жіп іл де,

Қада онымен түйме.

- Дәптеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған?

- Жүк көлігі нешеу?

- Ол қандай цифрмен белгіленген?

- Санға қараңдар. Дәптердегі жаңа шартты белгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар. Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқ саусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрының бойымен бірінші жоғары қарай, сосын төмен қарай саусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызып шығайық. Ал, енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе-ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз?

- Саусағымызды жаттықтырамыз. Содан соң 2-тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны қалаған түспен бояймыз.

Оларға көлік деген жалпы атау береді. Олардың әрқайсысы бір-бірден екенін анықтайды. 1 цифрымен танысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәптердегі 1 цифрын саусағымен алдымен жоғары қарай, сосын төмен қарай сызып шығады. Содан соң цифрларды қарындашпен сызады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Саусақтарды жаттықтырады. Әр бала өзі ұнататын түсті таңдап алады және бояйды.

Рефлексиялық-түзетушілік

- Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?

- Ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер.

- Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз.

Балаларды мадақтау.

Қорытынды ретінде 3-тапсырма беріледі.

- Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар.

- Қай фигура бір-бірден?

- Бір-бірден берілген фигураларды түсі қандай?

Ауаға және еденге 1 цифрын «жазады».

Бір-бірден тұрған фигураларды табады.

3-тапсырманы орындайды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін қорытады және жұмыс орынын реттейді.

Жеке жұмыс: Жүнісбек Асылан, Мырзағали Ақниет, Даниярұлы Әділбекті геометриялық фигураларды ажырата білуге дағдыландыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1 саны мен цифрын.

Игереді: 1 цифрын дұрыс жазуды.

Меңгереді: Бір-бірден тұрған заттарды тауып, 1 цифрын тануды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

«11» қазан 2016 ж.

Вариативтік компонент

Бөлімі: Өнер көзі – халықта

Тақырыбы: «Натюрморт» (сурет салу)

Мақсаты: Суретші П. Кончеловскиймен таныстыру. Натюрморт жанры туралы білім беру. Таза, ұқыпты салуға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: натюрморт.

Қолданады: натюрморттың суреті, ақ парақтар, қылқаламдар, гуашь, қол сүлгілер, қылқалам қойғыштар, су құйғыштар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Терапия

-        Көзімізді жұмып терең тыныс аламыз

-        Енді саусағымыздың ұшымен ауада сосын кілемде сурет саламыз.

-        Өздерінді бір сәтке суретшілер болып сезініп көріңдер

 

Терен тыныс алады. Ауада, кілемде әр түрлі қимылдар жасап, суретші сияқты сурет салады.

Ұйымдастырылған-ізденістік

-        Бүгін біз суретші Кончоловскиймен танысамыз. Ол мынадай сурет салған (П.Кончоловскийдің суретін көрсету).

-        Бұл суреттердің аты натюрморт.

-        Алдында қандай суреттермен таныстық?

-        Пейзаж суреттерінде табиғат бейнеленеді. Ал, натюрморт суреттерінде үстелдің үстінде тұрған заттарды бейнелейді. Әр түрлі ыдыс, алма, алмұрт.

Ал бүгін біз осы натюрмортты саламыз. Сендерге біз дайын суретті береміз. Мына үстелде ыдыс тұр, осы ыдыстын ішінде не бар?

Ал осы ыдысты толтыру үшін, натюрморт салу керек. Ол үшін біз қазір алма мен алмұрт саламыз.

Техникалық дағдылар:

Қылқаламды қызыл түске батырамыз. Алма саламыз, алма дөңгелек. Содан соң қылқаламды суға жуып, сары түске матырып, алмұрт саламыз. Алмұрт бізде сопақша. Ендеше өзіміз салып көрейік.

Сергіту сәті:

-        Орнымыздан тұрамыз,

Шапалақты ұрамыз.

Аласа биік, аласа биік,

Отырамыз, тұрамыз.

Дербес іс-әрекет, жеке көмек.

Суреттерге мұқият қарап отырады.

 

 

 

-        Пейзаж.

 

 

 

 

Техникалық дағдыларды мұқият бақылап отырады.

 

 

 

 

 

 

Өздері дербес сурет салады.

 

 

Сергіту сәтін орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

-        Бүгін біз қандай суретшімен таныстық?

-        Ол суреттерді  не деп атаймыз?

-        Натюрмортта не бейнеленеді екен?

-        Өте тамаша, сендер бүгін натюрмортты жақсы салдындар!

Сұрақтарға жауап береді.

Өздерінің алған әсерлерімен бөліседі. Қуанышты сезімде болады.

Жеке жұмыс: Орыс тілінде сөйлейтін балаларға қазақша сөздердің мағынасын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Балаларды натюрмортпен таныстыру, салу жолын меңгерту.

Біледі: Натюрмортты салуды.

Түсінеді: Таза, ұқыпты салу, әдемі салу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«12» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Коммуникация»

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Менің сүйікті ойыншығым»

Мақсаты: Ойыншықтардың суретіне қарап әңгіме құрастыра білуге, «д», «т» дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Тілдерін дамыту. Ойыншықтарды бөлісіп, ұжыммен ойнауға тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: резина, жұмсақ.

Қолданады: түрлі ойыншықтар суреті, жұмыс дәптерлер.

Билингвальды компонент: ойыншық – игрушка, тарақ – расческа, доп – мяч, ұжым – коллектив.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балаларға ойын бөлмесіне, ойын бұрышына саяхат жасатады.

-       Балалар, мына көріп тұрғандарың – «Шаштараз бұрышы», ал мына ақ халат, жедел жәрдем, дәрі-дәрмек, ине, барометр, кеуде тыңдағыш тұрған бұрыш қалай аталады?

-       Иә, дұрыс айтасыңдар.

-       Ал, ыдыстар, жапқыштар тұрған бұрыш қалай аталады?

-       Көліктер, жол белгілері, бағдаршам тұрған бұрыш қалай аталады?

-       Міне, сендер ойын бұрышындағы түрлі ойыншықтармен таныстыңдар.

Балалар саяхат жасап, орындарына отырады.

 

 

 

 

-       Дәрігер бұрышы.

 

-       Асхана бұрышы.

 

-       Көліктер бұрышы.

 

Балалар орындарына келіп отырады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-       Балалар, сендер ойын бөлмесінен қандай ойыншықтарды көрдіңдер?

-       Ойыншықтар неден жасалған екен?

-       Ойыншықтардың түстері қандай?

-       Ойын бұрышында көрген доп «д» дыбысынан басталады. Ал, шаштараз бұрышындағы тарақтар «т» дыбысынан басталып тұр.

-       «Д» және «т» дыбыстары – бір-біріне ұқсас дыбыстар.

Осы дыбыстарды айнаға қарап айтқызу (үш дауыста айтқызу).

-       Екі дыбыс та – дауыссыз дыбыстар.

Дыбыстардың дұрыс айтылу артикуляциясын түсіндіру.

-       «Д» дыбысын айтқанда тіліміз алдыңғы, астыңғы тістерге қатар тиеді. «Т» дыбысын айтқанда тіліміз үстіңгі тістің түбіне тиеді.

«Д» және «т» дыбыстарын буын буын ішінде айтқызу.

-       Да-да – дала.

-       До-до – доп.

-       Та-та – тарақ.

-       То-то  -топ.

-       Енді ойыншықтар арасынан ұнаған ойыншықтарыңды алып, сол туралы әңгіме құрап, суреттеп беріңдер.

-       Тағы да кім қандай ойыншықты ұнатады.

-       Иә дұрыс, өте жақсы суреттеп әңгіме құрадыңдар.

4-5 балаға суреттеп әңгіме құрастырту.

Сергіту сәті:

-       Қолымызда сылдырмақ,

Сылдыр, сылдыр етеді.

Аяғымыз тыпырлап,

Өзі билеп кетеді.

Тып, тып, тып, тып,

Тыпылдатып биге шық.

Қолымызда сылдырмақ,

Сыңғырлата қағамыз.

Сол аяқ пен оң аяқ

Басуын тез табамыз.

Тып, тып, тып, тып.

(А.Меңжанова)

Д/о: «Жасырынған ойыншықты тап!»

Ойынның шарты: Балалар тығылған ойыншықтарды тауып, неден жасалғанын, қайда қолданылатынын, түсіп айтып береді.

Билингвальды компонент.

Жаңылтпаш қайталату.

Топ бала, топ бала,

Ойнап жүр, топтала.

Зымырап допты ала,

Қуады көп бала.

(Е.Өтетілеуұлы)

Дәптермен жұмыс: Дәптердегі №4 ұнатқан ойыншығын қалаған түсімен бояу тапсырмасы орындалады. Жеке жұмыс жүргізу.

-       Ойын бөлмесінен әртүрлі ойыншықтар көрдік.

-       Ойыншықтар резинкадан, қатты және жұмсақ заттардан жасалған.

-       Түстері әртүрлі.

 

 

Балалар дыбыстарды айнаға қарап қайталайды.

(Үш дауыста айтады)

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

Балалар қайталайды.

 

-       Мынау – қуыршақ, аты – Айгүл. Оның шашы қара, әрі ұзын. көйлегі қызыл, аяқкиімі сары.

-       Мынау – жүк көлігі. Дөңгелектері үлкен домалақ, түсі қара. Онымен құм, тас тасиды. Құрылыста көп қолданылатын көлік түрі.

 

Өлең мазмұнына сәйкес жасайды.

 

 

 

Кезекпен ойынды ойнайды.

 

 

Қайталайды.

 

 

Жаңылтпашты қайталайды.

 

 

Тапсырманы орындайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

 

-       Қайда саяхат жасадыңдар?

-       Балалар, сендер бүгін нені суреттедіңдер?

-       Қандай дыбыстармен таныстыңдар?

Қорытындылау, мадақтау.

 

 

-       Ойыншықтар бұрышына.

-       Ойыншықтарды.

 

-       «Д», «т» дыбыстарымен таныстық.

Жеке жұмыс: Мырзағали Ақниет, Даниярұлы Әділбекке жаңылтпашты қайталату.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: Ойыншықтарды суреттеп әңгіме құрауға арналған тапсырманы.

Түсінеді: Ойыншықтардың неден жасалғандығын, оның қажеттілігін.

Қолданады: Дыбыстарды айнаға қарап үш дауыста айта білу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«12» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: Таным.

Оқу іс-әрекеттері: Құрастыру.

Тақырыбы: Трамвай.

Мақсаты: Құрылыс материалдарынан трамвай құрастыра білуге үйрету. Оның басқа көлік түрлерінен ерекшелігін ажырату, ойлау қабілеттерін дамыту.

Қолданады: үлгі суреттер, құрылыс материалдарының жиынтығы.

Билингвальды компонент: рельс – трамвай жүретін темір жол, аялдама.

Іс әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Әңгімелесу

Трамвай туралы әңгімелеу, ұсынылған үлгіге талдау жасау. Бейне - таспа көрсетуге болады

Балалар өздері білетіндері жайында әңгімелейді. Бейне- таспадан көргендерін, трамвайдың басқа көліктерден айырмашылығын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

ТРАМВАЙ – қалалық көлік түрі. Ол түйіспелі (контактілі) сым арқылы келетін электр энергиясынан қуат алып, рельс жолымен қозғалады.

Трамвайды төменгі бөліктерінен бастап құрастырады; кірпіштер

 мен текшелерді бір-біріне қалай қиюластыру қажеттігін ойланады; құрастыру барысында құрылыс материалдарының түсі, көлемі, пішіні және оны кеңістікте дұрыс орналастыруға мән береді; жасаған трамвайларын суреттегі трамваймен салыстырады.

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Құрастырған трамвайларынмен ойын ойауға болады.

Балалар өздерінің трамвайларын қалай құрастырғаны туралы әңгімелейді, ең жақсы жасалған трамвай тандалады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: көлік түрлерінің ішінде трамвайдың ерекшелігін және оның басқа көлік түрлерінен айырмашылығын.

Игереді: үлгілерді талдау жасауды трамвайдың негізгі бөліктері туралы түсініктерді.

Меңгереді: құрылыс материалдарынан трамвайды құрастыра алу.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«13» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сауат ашу негіздері

Тақырыбы: «Н» дыбысымен және әрпімен таныстыру.

Мақсаты: «н» дыбысын дұрыс дыбыстату, «н» әрпімен таныстыру; буындарды оқу дағдысын дамыту; балалардымейірімділікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: жұмыс дәптері.

Сөздік жұмыс: обал, сауап.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Балалардың назарын өзіне аудару.

-Қолымызды иектің астына қойып сөздер айтайық. Қолымыз төмен қарай неше рет түссе, сонша буынға бөлінгені.

Мысалы: а-та, а-па, ә-теш, тек-ше, ше-міш-ке.

Балалар назарын тәрбиешіге аударады. Қолдарын иектеріне астына қойып, сөздер айтады да, неше буыннан тұрғанын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалар сендер қолдарыңды иектің астына қойып, сөздер айтып, буын санын анықтадыңдар.

-Енді тақтадағы суретке қараңдар, ненің суретін көріп отырсыңдар?

-Ендеше «нан» деп бірнеше рет қайталайық.

-Бірінші қай дыбыс құлағымызға естіліп тұр?

-Бүгінгі өтетін жаңа дыбысымыз – «н».

Балаларға нанның суреті бойынша әңгіме қрауғатапсырма беріледі. Нанның пайдасы айтылып, «обал», «сауап» сөздеріне түсінік беріледі.

Тыйым сөздер:

Нанды бір қолмен үзбе!

Нан уығын тастама!

Жұмбақ:

-Өзі үлкен дануар,

Үстінде бір тауы бар.

-Бірінші тұрған қандай дыбыс?

Кірш-кірш етеді

Ішіне кіріп кетеді.

-«Н» дыбысы қай жерде тұр?

-«Н» дыбысының дұрыс айту артикуляциясы мынадай: ерін әл ашылып, жіңішкерген тіл ұшы жоғары көтеріледі де, үстіңгі тістің і үстіне тиеді. Тілдің астыңғы екі шеті үстіңгі тістерге қатты жабысады. Тілдің төмен түсуінен  «н» дыбысы жасалады. «Н» дауыссыз дыбыс.

-«Н» дыбысын ауада  жазып көрейік.  Балаларға баспа, жазба түрлерін көрсету.

 

Сергіту сәті:

Нан уағын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып, қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар.

 

Кеспе әріптерден тақтаға буындарды ілу: НА, НҰ, НО, НЫ.

А-на, нан сөздерін салыстыра оқыту арқылы буынға бөлгізіп, «нан» сөзінің бір буын екенін түсіндіру.

 Дәптермен жұмыс:

Дәптердегі №7 тапсырма бойынша орындалады.

Жеке жұмыс жүргізіледі.

 

 

 

-Нанның.

-Нан.

 

 

-«Н» дыбысы.

 

 

Балалар суретке қарап әңгіме құрайды.

 

 

Тыйым сөздердің мағынасын түсініп, қайталайды.

 

 

 

-Нар.

 

-«Н»

 

-Ине.

 

-Сөздің ортасында.

 

 

«Н» дыбысын ауада жазады.

 

Өлең мазмұнына байланысты қимылдар жасайды.

 

 

 

Тәрбиешінің көмегімен уындарды оқиды.

Ана сөзін шапалақтау арқылы буынға бөледі: а-на, нан.

 

 

 

Қайталайды.

 

 

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Рефлекциялық-түзетушілік

-Қандай дыбыспен таныстық?

-«Н» дыбысы даукысты ма, дауыссыз ба?

-Үйде, не көпшілікте отырғанда нан қоқымын басуға болмайд екен. Осыны өздерінің іні-қарындастарыңа  да үйретулерің керек.

 

 

Балалар өткен дыбыс туралы түсінгендерін айтады.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: суретке қарап, әңгіме құрауды, жұмбақ шешуді, жаңа дыбысты ауада жазуды, кеспе әріптермен тақтаға жазуды.

Игереді: тыйым сөдердің мағынасын.

Меңгереді: сөздерді буынға бөлу дағдыларын.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«13» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы: «Әлеумет»

Бөлімі: Жаратылыстану.

Тақырыбы: «Менің құқықтарым мен міндеттерім»

Мақсаты: Балаларды өздерінің құқықтары және міндеттерімен таныстыру, біздің еліміз демократиялық, құқықтық мемлекет болғандықтан, балалардың құқықтық жағынан қорғалатыны туралы мәлімет беру. Сөздік қорын молайту. Өздерін қамқорлыққа алған үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу.

Қолданады: суреттер

Сөздік жұмыс: құқық

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешенің іс-әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивациялық-қозғаушылық

Психиологиялық тренинг:

Мақсаты: балалардың өз-өзіне деген сенімділігін ұялату, жағымсыз, қорқыныш сезімдерінен арылту.

Қайталайды:

-Мен ақылдымын.

-Мен бәрінен де әдемімін.

 

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Әңгімелеу.

-       Балалар, сендер отбасы мүшелері және олардың міндеттері туралы не білесіңдер?

-       Балалар,  бақытты өмір сүру дегеніміз – адамның тілегінің орындалуы, әрқашанда қуанышты болуы. Ол үшін адамдар еңбек етеді, балаларын оқытады, тәрбиелейді. Балалар балабақшаға, мектепке барады.

-       Сендердің өз отбасыларында, өз Отандарында бақытты өмір сүруге құқықтарын бар.

Құқық- мемлекет тарапынан заңмен әрбір адамға берілетін ерік, бостандық.

-       Әр бала балабақшаға баруға, мектепке тегін білім алуға, тегін емделуге құқығы бар

Сергіту сәті:

-       Мынау менің жүрегім.
Бәрі осыдан басталған.
Мынау басым ақылды,
Бәрі осыдан басқарған.
Мынау менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.

Суреттерді көрсету.

-       Суретте не бейнеленген?

-       Бұл сурет бойынша баланың қандай құқығы бар екенін білуге болады.

Д/о: «Бұл кім?»

Өзін – өзі бағалау.

Әңгімелейді.

-Өйткені анамыздың, әжеміздің, аялы алақанында, бақытты отбасында, өз Отанымызда өмір сүріп жатырмыз

 

 

Айтқандарын қайталайды.

 

Балалардың жауабы

-Баланың демалуға құқылы бар.

-Баланың медециналық күтімге құқығы бар.

-Өз пікірін білдіруге

т.б.

 

-Жоқ, үлкендердің көмегімен орындалады.

 

 

Қызығып ойын ойнайды.

Өз-өздерлерін бағалайды

Рефлексиялық-түзетушілік

-       Сонымен өз құқықтарынды білесіңдер ме?

-       Атап беріңдерші

-       Дұрыс, тегін білім алуға, емделуге, дем алуға, жанұяда бақыты өмір сүруге, өз тілінде сөйлеуге, дәстүрді сақтауға құқылысыңдар.

Балалардың жауаптары тыңдалды

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өз құқықтарын білу керек.

Игереді: Оқу іс – әрекетке деген сүйіспеншіліктері болу керек.

Меңгереді: Сұраққа нақты жауап беріп үйрену керек.

 

 

 

 

 


 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«13» қазан 2016 ж.

«Вариативтік компонент»

Бөлімі: Жас зерттеуші

Тақырыбы: «Тамшылар» (зертханалық жұмыс)

Мақсаты: Балаларды ыдыстағы судан су тамшыларын пайда болуын білуге іс-тәжибе арқылы таныстыру. Байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Қолданады: суреттер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ – жауап.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері «Көңілді балалар»:

-       Еріншек болуға болмайды.
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.

Балалар тақпақты қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық- ізденістік

-       Балалар, 1 жылда неше мезгіл бар?

-       Ал қане кім атап береді екен?

-       Ал қазір қай мезгіл?

-       Күз.  Күз  мезгілі екенің қайдан білеміз? 

-       Жаңбыр — бұлттан бөлініп жерге түсетін атмосфералық сұйық тамшылардың жиынтық атауы. Тропосфераның жоғарғы қабатында қалыптасқан қар, мұз түйіршіктері оның жер бетіне жақын қабатынан өткенде еріп жаңбыр тамшыларына айналады. Кейде жаңбыр бұлт арасындағы тым ұсақ тамшылардың бір-бірімен қосылуынан пайда болады. Жаңбырдың бірнеше түрі бар.

Сергіту сәті

Жаңғырсын

Баулар бір,

Жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр!

Төгілсін

Таудан нұр,

Жау, жаңбыр,

Жау, жаңбыр!

 

-       Ақ жаңбыр — қатпарлы бұлттардан жауады, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Нөсер жаңбыр — будақ бұлттардан қатты жауып тез аяқталады; олар, көбінесе, төменгі ендіктерге тән. Диаметрі 0,5 мм-ден аспаған тамшыларды сіркіреме жаңбыр деп атайды, ол, негізінен, қатпарлы бұлттан шығып, өте баяу жауады.

-       Бір жылда 4 жыл мезгілі бар.

-       Қыс, көктем, жаз, күз.

-       Қазір жылдың күз мезгілі.

-       Күн суық, біз жылы-жылы киім киеміз құрт-құмырсқалар, жәндіктер, кейбір аңдар қысқыға дайындық жасайды, жаңбыр жауады.

 

 

 

Сергіту сәтін орындайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұқият тыңдайды, бірге қайталап отырады.

Рефлексиялық-түзетушілік

 

-       Жаңбырдың неше түрі болады?

-       Жаңбырдың қандай пайдасы бар?

-       Сендерге жаңбырдың жауғаны ұнайды ма?

Қорытындылау, мадақтау.

Балалар жауап береді.

Жеке жұмыс: Мансұр, Асқар, Айлыға табиғат құбылыстары жайлы жұмбақтар жасыру.

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Табиғат құбылысы – жаңбыр жайлы.

Игереді: Байланыстыра сөйлеуді.

Меңгереді: Табиғатты сүюді.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы

«14» қазан 2016 ж.

Білім беру саласы:« Шығармашылық» 

Бөлімі: «Аппликация»

Тақырыбы: Айдарлы әтеш

Мақсаты: Әтештің бөлшектерін ретімен орналастыруға үйрету. Ойлауын, қиялын  дамыту. Әсемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданады: үлестірмелі материалдар, үй құстарының суреті, дауысы, қайшы, желім

Сөздік жұмыс:  тауық, әтеш, айдар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешенің әрекеттері

Балалардың іс-әрекеттері

Мотивацияыққозғаушылық

Таңғы шеңбер

Қуан шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Қайырлы таң, қайырлы күн,

Күліп шықты күн бүгін.

-Ал балалар сиқырлы паравозға мінейік, қалып қоймаңдар.

Өлең жолдарын қайталайлы,

Бір бала паравоз болады, оған екі баладан отырады.

Үйымдастырушылық –ізденістік

-       Қане бір-бірімізбен әтеш, тауық сияқты амандасайық.

Слайд бойынша құстардың суретін көрсету.

-       Үй құстарын қалай күту керек?

-       Өте дұрыс, мен сендерге жұмбақ жасырайын. Егер жұмбақтың шешуін тапсаңдар, бүгінгі оқу іс-әрекеттің жауабын табасыңдар.

                      Жұмбақ:

       Бұрап қойған сағаттай,

       Айқайлайды таң атпай.

-       Ол не?

-       Әтештің басында несі бар?

-       Қанатын қалай атауға болады?

-       Бүгін біз айдарлы әтешті жапсырамыз.

-       Алдымен дөңгелектеп басын қиып аламыз.

-       Одан кейін бұрыштарын шығара отырып, кеудесін қиып аламыз.

-       Қалғанын асықпай қиып аламыз, өйткені ойық тұстарын абайлап қимасаң дұрыс болмай қалады.

-       Бағалау: «Ең сымбатты әтеш»

-       Сергіту сәті: «Балапандар» ойыны

Үй құстарының дауысын салып, бастарын изеп амандасады.

Жем, су беру керек

-Ол әтеш

 

Айдары бар, қауырсын деп атаймыз

 

Барлық бөліктерді үлгіге қарап жапсырады.

Музыка үнімен балапан сияқты жүгіреді. Тыңдайды

Рефлексиялық түзетушілік

-Балалар, бүгін біз ненің суретін жапсырдық?

-Қане, әтеш сендерді қалай оятады.

Балалар, әтеш болып шақырады.

Ку-ка-ре-ку

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: әтешті бірнеше бөліктерден жапсырады;

Болу керек: әтештің таңертең шақыратынын;

Үйрену керек: ойланып отырып жапсыруды;

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. ересектер тобы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2016 29810
    • DOCX 2.3 мбайт
    • 39 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аширбаева Раушан Бейсенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аширбаева Раушан Бейсенқызы
    Аширбаева Раушан Бейсенқызы
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 120355
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Подростковый возраст - важнейшая фаза становления личности

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 87 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 525 человек

Курс повышения квалификации

Особенности работы с детьми после кохлеарной имплантации в условиях дошкольного учреждения

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс повышения квалификации

Особенности использования дидактических игр с детьми старшего дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе