Инфоурок Начальные классы КонспектыҰзақ ғұмыр жасаған тасбақалар

Ұзақ ғұмыр жасаған тасбақалар

Скачать материал

                                                            Аннотация

 

Бұл ғылыми жобада     айтылатын түйін.  Халқымыз  барлық жануарлар түрін көзбен көріп, оларды бағалай білген, табиғаттың  ерекше   бір алуан   түрлілігі   - тасбақа   оның түрлері   туралы жан- жақты ой қарастырылған.

Ғылыми жобада тасбақаның    әлемдік таралуы, оның түрлері  және пайдасы мен зияны айтылған.

Ғылыми жұмыс үш бөлімнен тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің мақсаты:

-    Зерттеу    бөлімінде    тасбақаның    әлемдік   таралу    сыры қарастырылады.

- Қорытынды бөлімінде өзіндік ойтолғаныс айтылған.

 

Аннотация

 

Наш   народ,   увидев   своими   глазами   многообразные   виды животных, оценив их, исследовав, раскрыл особый вид в природе- это черепахи  ее  виды.  В  этой  научной работе  раскрыто  всемирное распростронение черапахи,ее виды и жизнедеятельность. О ее пользе и вреде.

Научная работа состоит из трех частей.

1. В вводной части говорится о целех исследования

2. Исследование -черепах и ее виды

3. Свое мнение в заключительной части

 

Annotation

 

This researching work is about well-known reptile which called tortoise and their kinds. The kinds of reptiles are enormous. We research ' the differences and typicality of these kind of nature

The history of developing   of tortoise and their usefulness for human.

The structure of researching work   is divided into three parts . There are introduction, theoretical and practical parts. The concision is n     include  about some analysis.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұзақ  ғұмыр  жасаған  тасбақалар

photo         130 жыл өмір сүрген англиялық тасбақа жақында туған күнін өткізді. Бұл ұзақ өмір жұлдызы 2-дүниежүзілік шайқастың зеңбірек оғынан да аман өткен. Бұдан бұрынғы біраз қожайындарын ақтық сапарға шығарып салған.

Бұл тасбақаның есімі – Томас. 1882 жылы туылған. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс кезінде оның қожайынының үйі зеңбірек оғынан күл-талқаны шыққан. Қирандының арасынан байқап қалған әлдекімдер оны құтқарып алған. Тек 1978 жылы оның денсаулығын тексеруге алып барған. Сонда ғана оның 96 жасқа келген ұрғашы тасбақа екендігі анықталған екен. Осыдан бұрынғы қожайындары әртүрлі себептермен үздіксіз өзгеріп отырған. Қазір ол 54 жасар ерлі-зайыптылардың қарауында екен. Хайуанаттар қорғау орталығының дәрігерлерінің айтуынша, «Томастың» қимыл-қозғалысы әлі де сергек, ешқандай да кәрілік белгілері байқалмаған көрінеді.

 

 

Ең соңғы алып тасбақа көз жұмды

photoБиыл Галапагос ұлттық паркі әкімшілігінің мәлімдеуінше, әлемдегі ең соңғы галапагостық алып тасбақа қайтыс болған. 100 жастағы атақты тасбақаның есімі  Жалғыз Джордж болатын.

Негізі галапогостық тасбақалар 200 жылға жуық өмір сүреді алады. 

Жалғыз Джордж 1972 жылы Пинта галапагостық аралдарының бірінен табылған болатын. 20 жылға жуық уақыт аралығында зерттеушілердің Джорджан ұрпақ алып қалу жолындағы қадамдары сәтсіз болып келген. Әрине, уақытында өзіне сай және түріне жататын 100 жастағы тасбақа да табылған. Соған қарамастан әр жолғы ұрпақ алып қалу жолындағы бастамалар сәтсіз аяқталған.

        Жалғыз жанды Джордж Галапагос ұлттық паркінің нышан-айғағына айналған.  Джорджбен танысу үшін Голливудтың жұлдыздары саналатын Брэд Питт пен Анджелин Джоли және  ағылшын ханзадасы Чарльз, әлем саясаткерлері арнайы келіп-кетіп тұратын болған. 

 

 

 4.  Тасбақаның  қасиеті

         Тасбақа символы нені білдіреді? Тасбақа – ұзақ өмір сүру символы ақылдылық және тапжылмай алға жүруді білдіреді. Әр елде тасбақаны қасиеттеп әр-түрлі етіп бағалайды.

        Жануарлар әлемінде өте ертеден тіршілік етіп келе жатқандықтан  Қытайлар үшін тасбақа – бүкіл әлем символы. Олар тасбақаның ағашты шірітпейтін бір ғажайып күші бар екеніне сенеді. Қытайда тасбақадан дәрі-дәрмектер жасап, оның қалқаншасынан бал ашады екен.

         Азия елдерінде тасбақаның етін, жұмыртқасын тағамға пайдаланатын себебі иммунитетті көтереді деп сенеді. Тасбақа майын сабын дайындауға, неше түрлі косметикалық заттарды дайындауға пайдаланады.

Ал Үндістер тасбақаның миын күш-қуат беретін эликсир ретінде пайдаланған. Тасбақаның үлкен көлемде болғандығын Индияда соғыс кезінде қалқан, кейбірін күрке ретінде пайдаланғандығынан білуге болады.

         Ал біздің қазақ елінде тасбақаның ауызына шөп тістеп алып бара жатқанын көрген адам байлыққа кенеледі деп сенген. Түс жоруға байланысты егер түсінде тасбақаны көрсе, сол адамның өмірі түбегейлі өзгереді деген тұжырым бар деп сенген.

         Комбоджаның тұрғындары жануарлардың әсіресе тасбақа, сиыр мен жыланның емдік қасиеттеріне қатты сенеді екен. Комбоджо  тұрғындары су тасбақасын емдік шара үшін қолданады екен.

http://www.awaytravel.ru/sites/default/files/imagecache/wysiwyg_imageupload_lightbox_preset/img/4/P7270461%20%D0%91%D0%BB%D1%8E%D0%B4%D0%BE%20%D0%B8%D0%B7%20%D1%87%D0%B5%D1%80%D0%B5%D0%BF%D0%B0%D1%85%D0%B8.JPG

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5. Қызылқұлақ тасбақасы

 

            Мен осы ғылыми жобама Қызылқұлақ тасбақасын зерттеуге алдым, зерттеу нәтижесінде осы тасбақа түрі туралы көп жаңалықтар білдім.

Қызылқұлақ тасбақасы (sliders) – бұл тұқымдастың экологиялық әр түрлі жағдайларға тез бейімделетіндіктен аквариум ұстаушылар арасында кең тараған. Ең маңызды ерекшеліктері көзінің шетінде ашық қызыл түсті сызықша және сауытының  әр тақтайшасында қара дақтары бар.

Қызылқұлақ тасбақасы туылғанда 3 см жуық болады. Олар ашық түсті, өте әдемі болады. 1.5 жылда олар 7,5 см өседі, содан кейін өсуін тежейді. 1 жылда 1-1.5 см өсіп отырады, жасы келгенде 28 см-ге дейін болады. Сауыттарының түсі қанық жасыл түсті немесе жасыл түсті болады. Әр қалқаншасының арасында ашық сары түсті сызықшалары басына дейін жетеді. Өскен сайын тасбақаның қалқанындағы жасыл түстер жойылып, қарайып реңін жоғалтады.

Өмір сүру ортасы:   Қызылқұлақ тасбақасы  жәй ағынды суларда, өте төмен температурада өмір сүретіндіктен көп елдерде США, Солтүстік Америка, Азияда, Жапон аралдарында, Израильде көптеп кездеседі. Қызылқұлақ тасбақасы  өсімдігі мол жерлерде өмір сүруді ұнатады. Олар қішкентай кездерінде омыртқасыз жәндіктермен қоректенеді, жасы келе өсімдіктермен қоректенеді.

        Қызылқұлақ тасбақасы мамыр айымен шілденің басында 5-18-ге дейін жұмыртқа салады. 2 айдан кейін тасбақалар жарып шығады.

Қызылқұлақ тасбақасын зеттеуде олардың аз қоректенетінін төзімді, сабырлы жануар екенінін білдім. Зертеу барысында мен өз тасбақаларымды өлшедім. Олардың ұзындықтары 12-12.5 см болды, осы өлшеуіш арқылы тасбақалар шамамен 2 жаста деген тұжырымға келдім. Суын ауыстырған сайын байқағаным, су жақсы болған кезде су астында жақтарын жиі ашады. Себебін білгім келіп интернет парақтарынан сұрағыма жауап іздедім, жауабы жұтқыншақтағы қылшықтарын жуып өту үшін ашады екен. Су тасбақасы болғанымен, олар су астында емес аквариумның ішіне қойылған тастың үстіне шығып ұйықтайды. Зоодүкеннен алған қоректі беріп жүрдім. Әр түрлі шөптер беріп көрген едім жемеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                 Қорытынды

 

            Өз ғылыми жобамды терең зерттей алмағанымен, осы шамалы уақытта зерттей келе қоршаған ортамыз табиғатқа жататын бауырымен жорғалаушы отрядының түрі – тасбақа туралы өзіме көптеген жаңалықтар аштым.

            Қызылқұлақ  тасбақасын  зерттеуге  алғаннан  кейін, 30 күннен соң тасбақада өзгерістер  пайда  болды,  көздері ісіп кетті, тәбеті  мүлдем    болмады. Ғаламтордан   тасбақаның ауырғанын білдім. Мен тасбақамды  ветеринар   дәрігеріне  апардым,  тасбақаға  дәрілер берді. Уақытысымен  дәріні  бергеніммен, тасбақаларым  өліп  қалды. Неліктен   өлгенін  білгім  келгендіктен, қызылқұлақ  тасбақасының күтімі  туралы ақпараттар  іздедім. Алматы  қаласына  барғанымда, зообаққа  бардым.  Онда тасбақалардың көптеген  түрлерін  көрдім. Қызылқұлақ  тасбақалары  өте  көп  екенін  байқап, терраиум  қызметкерінен  тасбақаларды  бағып – күту жолдарын  сұрадым.

            Үй  жағдайында    тасбақаны  бағу  үшін,  аквариумы  үлкен, кең болуы  керек  екен. Аквариумның  50% -  су,  50% - жер  болуы  және  үнемі  қызыл түсті  жарық  жанып  тұруы  қажет, сонда суы  бір температурады жылып   тұрады  екен. Үй жағдайында  өзіміздің  Қазақстанда  кездесетін 2 дала тасбақасын зерттеуге  алдым, әртүрлі шөп түрлерін, жемістер беріп тұрдым. Тасбақалар  мен   берген  қоректерді жемейтінін  бақадым. Атам  тасбақалар шөлді  аймақтарда өмір сүретін  болғандықтан,  құмда  өсетін  шөптердің  тамырымен  қоректенетінін айтты. Шөп  тамырлары  сулы  болғандықтан, олар  су  ішпей  жүре  алады  екен. Қорытындылай  келе  тасбақаны  үй  жағдайында  күтіп  ұстау  мүмкін  емес  екенін  түсіндім.

             Зерттеу  нәтижесінде  тасбақалар  туралы  көптеген  мағлұматтар  білдім. Олар  туралы  қызықты  ақпараттарды  жинадым, сараптай  келе тасбақаның төзімді жануар  екенініне  күмәнім  қалмады.

              Табиғатта  тасбақалардың  азайуының  бірден – бір  себеп  адамдардың олардың  өмір  сүру  аймақтарын құртуы  болып  табылады.Екінші  себебі  жыртқыштар  және  құстар. Бір тасбақа  мысалы 100 жұмыртқа  салса, жұмыртқадан  шыққан  кішкентай  тасбақалардың  5-6 ғана тірі  қалады. Үлкен  тасбақаларда  жыртқыш  құстарға  қорек  болады, олар тасбақаны  тұмсығымен  тістеп  алып, биіктен  тасты жерге  тастайды екен. Сол  кезде тасбақаның  сауыты екіге  бөлініп  кетіп, қызыл етін  құс  жейді  екен. Табиғатта  тасбақаның да  құстарға  шабуыл  жасап, етімен  қоректенетінін ғаламтор желісінен  көрдім.

             Ұрпақтан-ұрпаққа жету жолдарында тасбақаның саны жоюлуда. Оған бірден-бір себеп адамзат болып отыр. Табиғат анамызды қадірлеп,оны жамандықтан сақтай білейік, жануарларды қорғау дәстүрін жоғалтып алмай жалғастыратын болайық. Мен болашақта тасбақаның басқа түрлерін әрі қарай зерттеймін. Олардың жойылып кетпеуіне жаңалықтар қосамын.

 

                                                                                         

 

 

                                                                                  № 50 орта мектебінің   4 «В»                         

                                                                                  сыныбының  оқушысы

                                                                                  Шахмұрат Диас 

                                                                                  ғылыми жобасына

 

 

                                                                Пікір

 «Тасбақа – төзімді жануар» атты ғылыми-зерттеу жұмысы түбегейлі толық дәрежеде жазылған демесекте жан-жақты, жүйелі ізденіп қамтылған.Сыныпта жорғалаушылар тақырыбанда сабақ өтілген сәттен бастап, Диастың тасбақаға деген қызығушылығы артып, сирек кездесетін жәндікті зертеуге кірісті. Оқушы өз жұмысын жүргізу мақсатында көп ізденгендігі,сол іздену жолында тасбақаның өзіндік ерекшелігімен, қасиеттері, түрлері және сырларымен танысқандығы байқалып тұр.

Диас басқа балалардай емес ізденімпаз, өз бетімен жұмыс жасайтын оқушы. Ата-анасымен бірігіп зерттеп жүрген қызылқұлақ тасбақасын сыныпқа әкелді.Тасбақаның оқушыларға деген әсерін зерттеп көрдік.Нәтижесі жаман болған жоқ,балалар сабақтан қуана үйлеріне тарасты.Тек Диас қана емес , оқушыларда табиғат туралы біліп қана қоймай,оның жомарттығын танып,қорғауға,аялауға,қамқорлық жасауды түсінді.

Диастың қорытынды бөлімінде бұл тақырыпты терең зерттей алмағанын, алайда келешекте үздіксіз ізденіс үстінде болатынын айта кеткен.

Бұл – ұстаз  үшін үлкен қуанарлық жәйт.

 

 

 

 

Ғылыми жетекшісі                                   Жаманова Нұрбибі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

-Қазақстан энциклопедиясы

-Интернет желісінен алынған материалдар пайдаланылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұзақ ғұмыр жасаған тасбақалар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 368 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2018 3060
    • DOCX 2.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жаманова Нұрбибі Нұрбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жаманова Нұрбибі Нұрбекқызы
    Жаманова Нұрбибі Нұрбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 35442
    • Всего материалов: 18

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 318 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 615 человек

Курс повышения квалификации

Организация рабочего времени учителя начальных классов с учетом требований ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 335 человек

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1496 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 817 человек

Мини-курс

Подготовка и проведение тренинга

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновации, инвестиции и развитие транспортной отрасли

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе