Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалы"Жаңартылған білімде-жаңаша көзқарас" (1-сынып)

"Жаңартылған білімде-жаңаша көзқарас" (1-сынып)

Скачать материал

                                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңаша білімге-жаңаша көзқарас

 

 

 

 

Жамбыл жалпы орта білім беретін

мектеп-балабақшасының

ІІ (негізгі) деңгей бойынша сертификатталған

 жоғарғы санатты бастауыш сынып  мұғалімі

Касимов Казбектің жаңартылған бағдарлама аясында  жүргізілген

 іс-тәжірибелер жинағы

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының әдістемелік сараптама кеңесінде қаралып,аудан педагогтарына таратуға ұсынылды.

Хаттама №           2017 ж.

 

 

 

Құрастырушы :

 

 Касимов К.Р Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының жоғары санатты мұғалімі

 

Рецензенттер:

Жақсығалиев И.И.  Мектеп директоры,жоғары санатты технология пән мұғалімі

Кабиева Н.И. Жамбыл ОЖББМ-нің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі

 

 

Бұл жинақта бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында қолданылып,өткізілген әдіс-тәсілдер бойынша сабақтар жинақталған.

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

1.Түсінік хат

2.Кіріспе

3.Жаңартылған білім беру бағдарламасына шолу

4.Сауат ашу 1- сынып  «Ы ы дыбыс мен әрпі»

5. Математика. 1-сынып. «Ақша. Теңге. Монеталар.»

6. Коучингтер

а) «Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі»

ә)  «Сабақта қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдану»

7. Топтық,жұпттық жұмыс фотобейнелері

8.Ата-аналармен жұмыс

9. Бағалау

10. Мұғалімнің кері байланыс беру ережесі

11. Қалыптастырушы бағалау тәсілдері

12. Электронды журнал үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік   хат

      Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де,жалпы мектептер үшін де,соның ішінде мұғалімдер үшін де, ең басты,маңызды мәселе болып отырғаны; «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі-ол да маңызды жағынан біріншіден еш кем емес: « Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?»

       Білім беру саласында оқушылар үшін білім де, дағды да тең дәрежеде маңызды деген ортақ ұстаным қалыптасуда.Заманауи тәсілдердің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады,ал ХХІ ғасырда талап ететін дағдылардың мәні осында

      Мен  іс-тәжірибелік жинағымда негізгі оқу материалдарын басшылыққа ала отырып, бастауыш сынып оқушыларын жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша  оқушылардың пәндерден алған білім, білік, дағдыларын, танымдық қабілеттерін және пәнге деген қызығушылықтарын арттыруда, жас ерекшеліктері мен даму деңгейін ескеріп,алған білімдерін өмірде қолдана алуға баулу.

    Сонымен қатар бұл жинаққа өзімнің жаңа әдіс-тәсілдермен өткізген үлгілі сабақ жоспарларыммен оқушылардың жүргізген топтық,жұптық  фотобейне жұмыстарын жариялап отырмын.

                                    

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 КІРІСПЕ
    Біз оқушының құзыреттілігін арттыру  үшін білім сапасын күшейтуіміз керек. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру. Мектеп мұғалімі бағдарлама аясында  қажетті, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу), ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау, оқу мақсаттарын дұрыс пайдалануды, критерий құруды, бағалаудың тиімді стратегияларын үйреніп,оқушылардың бойына дарыту.

    Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттарының жүйесін  талқылау барысында көз жеткіздік. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериалдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің  нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі  ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады. Осы дағдыларды жоғары дәрежеде меңгеру математика бойынша білім беру бағдарламасында мәселелерді шешу, жаратылыстану бойынша білім беру бағдарламасында бірлескен зерттеу және ғылыми зерттеу жүргізу дағдыларына баса назар аударса, дүниетану пәні аясында ойлау дағдыларын дамытуды көздейді.

    Қорыта айтқанда, бағдарламаның мәні – баланың функционалды сауаттылығын  дамыту. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттеліп отыр. Оқушылардың бойына қажетті дағдыларды дарыту үшін мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер  елімізде көбейе берсін!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сауат ашу.                    1-сынып.                 2016-2017 ж.

 

Оқу ісінің меңгерушісі:

 

Күні: 16.ХІ. 2016 жыл

Сынып: 1

Қатысқандар саны:  13

Қатыспағандар саны: 

Сабақтың тақырыбы

Менің сыныптас достарым. Ы дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту 

1.8 Берілген тақырыпқа  әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Ы дыбысы мен әрпі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Үш тілде амандасу. (қазақша,орысша,ағылшынша.)

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

  Сыныпты ыдыстар суреті бойынша топқа бөлу. Топ ережесімен таныстыру.

Тренинг: Социограмма  «Менің сыныптас достарым»

«Кім білгіш?» ойыны арқылы өткен дыбыстарды іс-әрекет арқылы бекіту.

Оқылым: Дала   аула   Дана   Дулат

                Далада   аулада   Данада   Дулатта

 

 

Шаттық шебері

 

Оқушылар суреттерді алады.

Дауысты дыбысты айтқанда екі қолын жоғары көтеріп шапалақтайды. Дауыссыз дыбысты айтқанда аяқтарын тырсылдатады.

 

Сабақтың ортасы

8 минут

 

 

-Балалар, біз қандай топтарға бөлініп отырдық. Тарелке,қасық,шайнек, кесе. Бұларды бір сөзбен қалай атаймыз?.

-Ыдыстар    -Посуды  - Tablewares (Cuptoards)

№1 Ы әрпіне  келген қонақтардың аттарын тап. Ол сөздерге дыбыстық талдау жаса.

№2 Суреттерге қарап, өз топтарыңмен сұраққа жауап беріңдер.

v Оқушылар қандай сабақтарда болды?

v Олар әр сабақта немен айналысты?

v Сауат ашу сабағында қай әріппен таныстың?

Жазылым:  (видео көрсетіледі.)

           Дәптермен жұмыс

Ыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыыы

ЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ

Таныстырылым,

Видеоролик көрсету,көрнекі

лік арқылы жұмыс жасау. оқулықпен жұмыс

 

Сергіту сәті

1 минут

Қатты нөсер басылды (жаймен тырсылдатады)

Күн жарқырай ашылды (қолдарымен күн жасайды)

Көктен төмен  әдемi кемпiрқосақ шашылды (жарты доға жасайды)

Сергіту сәтіне арналған жинақ

 

Қызықты тапсырма

8 минут

 

Аяқталуы

 

16 минут

 

 

 

«Адасқан буындардан сөз құрау»

Ыр, дыс, ыс, ны, шы, ық, су, ы, сық, тор, сын, су.

Мұғалім сабаққа қатысты сұрақтар мен тапсырмалар береді.
-Бүгін біз қандай дыбыс және әріппен таныстық?
-Сабақ ұнады ма?
-Ы қандай дыбыс?
- Ы дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі? Берілген тапсырманы жеке отырып жұмыс жасайды, жұптасып талқылайды. Ойларын сыныппен бөліседі. 

 

 

 

 

 

Оқулық, дәптерлер.

 

 

Сабақтың соңы

2 минут

 

Суретті тренинг:  Мысық. Сиыр.Жылқы. Осы жануарлардың дыбыстары арқылы «Әрқашан күн сөнбесін»әнін айту.

Рефлексия

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

Картинки по запросу микрофон     Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын.

 

 

Микрафон

 

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

 

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру.

Топ жұмыстарын бір-біріне «Үш шапалақ», «От шашу»,  «Бағдаршам» бағалау әдістерін қолдандым.

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

 

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

 

Оқушылар өздері жасаған  бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

 

 


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

 

 

Рефлексия

     Сауат ашу пәнінен өткізген «Ы ы дыбысы мен әрпі» сабағын  сыныпқа атмосфералық қарым-қатынас орнату мақсатында  шеңберге тұрғызып, слайдта көрсетіліп тұрған,өлең жолдарын хормен айтқызу арқылы бастадым.  Өткен тарауды бекіту мақсатында «Менің сыныптас достарым» атты социограммалық тренинг ұйымдастырдым.    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  «Кім білгіш?» оқылым дағдысын қолдандым. Оқушыларды «Тарелка», «қасық»,

«шайнек», «кесе» деп төрт топқа бөлдім. 

Бұларды бір сөзбен «Ыдыстар» деп атаймыз. «Ыдыстар» сөзін үш тілде хормен айтқыздым.  -Ыдыстар    -Посуды  - Tablewares (Cuptoards)  Оқулық бойынша  Ы дыбысына келген қонақтарды табу,олардың аттарын атап,дыбыстық талдау ауызша жасап отырдым.Топтық жұмыс арқылы мына сұрақтарға жауап алынды.

      - Оқушылар қандай сабақтарда болды?

-Олар әр сабақта немен айналысты?

-Сауат ашу сабағында қай әріппен таныстың?

Жазылым дағдысы бойынша  видео көрсетіледі. Дәптермен жұмыс жүргізілді.Қызықты тапсырмалар «Адасқан буындардан сөз құрау» ойыны ойналды. Суретті тренинг:  Мысық. Сиыр.Жылқы.Тауық. Осы жануарлардың дыбыстары арқылы «Әрқашан күн сөнбесін»әні айтылды. Рефлексия.

  Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі  бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтты. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын берді.

     Бұл сабақта оқушылар шығармашылықпен жұмыста топтық жұмыстың пайдасын түсінді деп ойлаймын. Стикелер арқылы ұнаған смайликтерге бүгінгі сабақтан алған әсерлері мен бөлісті.

Түсінбедім      Сұрағым бар        Түсіндім

 

 

 

 

 

 


          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

 

 

     Математика. 1- сынып

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

Сабақ тақырыбы:

Күнделікті өмірдегі есептеулер

Ақша. Теңге

Мектеп: Жамбыл ЖОББМ-Б

Күні :

 

Мұғалімнің есімі: Касимов К.Р.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

            1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды.

Алған білімді оқушылар өмірде қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Ақша. Теңге.

Тірек сөздер

ақша;

 

монета;

 

теңге.

Сабақтың мақсаты:

Құны 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг болатын монеталар;монеталар салынған әмиян.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Кіріспе тапсырма. Ішінде теңге монеталары (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг) бар сөмкені алып, монеталар дыбыс шығаратындай етіп сөмкені қозғап қағыңыз. Оқушылардан сөмкенің ішінде не бар екенін сұраңыз. Олардың жауаптарын тыңдаңыз. Ақшаның не үшін керегі туралы әр оқушының пікірін тыңдап, әңгіме жүргізіңіз. Олардан “сөмке ішінде қандай ақша жатқанын білгілерің келе ме?” деп сұраңыз.Оқушылардың әрқайсысына сөмкеден бір моне­ тадан алғызыңыз. Қолдарындағы монета бойынша топтарға бөлінуді сұраңыз. Оның себебін түсін­ діруді өтініңіз. Олардың монеталарды танитынын (танымайтынын) және олармен не істеуге болатынын сұраңыз. (Жауаптарын тыңдаңыз.) Оқушыларға өз топтарына “ақшаның” атын қойғызыңыз. Топтарға өз аттарын дауыстап айтқызып, қалғанына қандай монета тигенін тапқызыңыз. Қалған уақытта оларға осы монеталарымен не істеуге болатыны туралы айтқызыңыз.

Монеталар. Тапсырманы орындау кезінде оқу­ шылар жұппен жұмыс жасаған кездегі білімдерін қолдануына болады және білімдерін қалған моне­ таларды салыстыруға берілген мысалдар бойынша­ кеңітеді. Оларға оқулықтағы монеталардың суретіне қарауды ұсыныңыз. Түсі, өлшемі­ мен пішіні жағынан монеталардың әртүрлі болатынын айтыңыз­. Не себепті монеталардың түсін, өлшемін және пішінін әртүрлі етіп шығаратыны туралы оқушылардың­ болжамын тыңдаңыз. Ең кіші монета қайсы және онда қай сан жазылған? Ең үлкен монета қайсы? 1 мен 20 сандарын салыстыруды ұсыныңыз. Монеталардың арасындағы айырмашылықты өлшемі мен түсі арқылы қалай көрсетілгені туралы­ талда­тыңыз­. Олармен тәжірибе жүргізіңіз. Көздерін байлап, қолдарына алған қай монета екенін тапқызыңыз.

Монеталарды салыстыр. Тапсырма қатар тұрған­ монеталардың құнын, түсін, өлшемін, пішінін салыс­ тыруға бағытталған. Берілген тапсырманы сынып­­ тағы оқушылармен көрнекілік түрінде монеталар­ды­ көрсете отырып орындатыңыз. Оқулықта берілген монета түрлерін оқушыларға монеталардың­ ішінен тауып, оларды қатар қойып, салыстыруын ұсыныңыз.      Оқушылардан не байқағанын­ сұраңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

 

— Барлық монеталар бірдей ме? (Жоқ, олар әртүрлі.)

— Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады? (Түсіне, жасалған материалы­ на, өлшеміне және пішініне, монетадағы жазылған­ цифрына қарай.)

 

 

— Қай монета өлшемі бойынша ең кіші? (1 теңгелік.)

 

— Монеталарды қандай топтарға бөлуге бола­ ды? Қандай белгілері бойынша? (Түсі және жасалған­ материалы бойынша.)

 

Әр монетаны көрсетіп талқылағаннан кейін оларды құнына қарай рет-ретімен қойып шығы­ңыз. Оқушылардан не байқағанын сұраңыз.

 

1 тг мен 10 тг, 5 тг мен 20 теңгелік монеталар­ дың көлеміне, ондағы жазылған цифрға, суретіне (оқушылар “монеталардың құны” деген түсінікпен­ келесі сабақта танысады, сондықтан “құны” сөзінің орнына монетадағы цифрлар сөзін қолданыңыз)­ назар аудартыңыз. Қай монетаға көп зат сатып алуға болатынын сұраңыз.

 

Шығарып көр. Берілген тапсырма теңгелік моне­ таларды пайдаланып өрнек құрастыруға арнал­ған­. 7 теңге 6 теңгеден қаншаға артық және 7 теңге 8 теңгеден қаншаға кем екенін 1 теңгелік­ монеталар көмегімен мына үлгіні басшылыққа ала отырып орындатыңыз.

 

Жауабы:

ә) 3 тг + 1 тг + 4 тг = 8 тг; б) 4 тг + 1 тг + 1 тг = 6 тг; в) 2 тг + 3 тг + 2 тг = 7 тг.

 

Орындап көр. Тапсырманы орындамас бұрын оқушы­лармен­ бірге жұп сандар туралы не білетін­ дерін қайталаңыз­. Жұп сандарды монеталардың­ құнын көрсету үшін қолдана ма деп сұраңыз. Сон­ дай монеталарды табуды ұсыныңыз. 2 тг, 10 тг, 20 теңгенің жұп сандардан тұратынына назар аудар­ тыңыз­. Ал жұп сандардың жартысын оның сандар­ қатарындағы орнына қарай анықтайтындарын естеріне түсіріңіз. Мысалы, 10 бесінші жұп сан, сондықтан оның жартысы 5, олай болса 10 тг-нің жартысы 5 тг болады т.с.с. Немесе оқушылар жауапты­ басқа тәсілмен де табуы мүмкін.

 

Сен білесің бе? Теңгеміздің туған күні 15 қара­ ша екеніне оқушылардың назарын аудартыңыз. Теңгенің шығу тарихына қысқаша тоқталып кетіңіз. Әр мемлекеттің өз валютасы барын айтыңыз. Оқушылардың ол жайында не білетіні туралы сұраңыз.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Тірек сөздер немесе сөз тіркестерін қолданып­ “Сөйлемді аяқта” ойынын ұйымдастырыңыз. Жүр­ гізушінің ақшаны не үшін қолданамыз деген сұрағына оқушылар жауап береді.

Мысалы:

— Азық-түлік сатып алу үшін бізге ... керек. (Ақша.)

— Қымбат емес заттарды сатып алу үшін біз ...

қолданамыз. (Монеталарды.)

— Ресейдің ақшасы “рубль” деп аталады, ал Қазақстанның ақшасы “...” деп аталады. (Теңге.)

Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы моне­ таларды санайды да, олардың санын сәйкес бос

торкөздерге жазады.

 

Монеталар. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызық­ тармен­ байланыстырып қосады.

 

Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастыр.

 

Бірінші қатарда монеталар өсу, екінші қатарда кему ретімен орналасады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

“ақша”, “монета” жайлы біледі;

теңгелік монеталарды бір-бірінен ажыратып сипаттайды;

ақшаның адам өміріндегі орнын түсініп, күнделікті­ өмірде қолдана алады.

Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін­ тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

— Теңгелік монеталарды өсу ретімен ата (1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг).

— Теңгелік монеталарды кему ретімен ата (20 тг, 10 тг, 2 тг, 5 тг, 1 тг).

— 10 теңге мен 20 теңгені бірге алса, қанша ақша болады?

— Қазақстан теңгелерін қандай белгілері бо­ йынша салыстыруға болады?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өздерін бағалатыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ 

Сабақ тақырыбы:

Монеталар

Мектеп: Жамбыл ЖОББМ-Б

Күні :

 

Мұғалімнің есімі: Касимов

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

 

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

            1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;

            қосу мен азайтуға берілген есептерге қатысты таңдаған амалдарын түсіндіреді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

            теңгелік монеталар;

монеталардың қатты қағаздан қиылған көшір­месі;

1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталарының әрқай­ сысынан­ бірнеше дана.

Тірек сөздер

заттың құны.

Сабақтың мақсаты:

Теңгелік монеталардың құнын түсіну, бір-бірімен салыстыру арқылы қымбат монетаны  арзан монетадан ажырата білу. Монеталарды құны бойынша салыс­ тыруға үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар

 

Сабаққа қатысты ескертпелер

 

Ақшаның металдан жасалған түрі капиталдың қор­ лануы кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына әлемдік ақша ретінде танылды.

Лидия мемлекеті монетаның отаны есептеледі­. Онда монета алғаш рет б.з.д. VII ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон-Монета­ храмы атымен байланысты, себебі Көне Римде алғашқы монета сарайы болған.Металл ақшаларға мыс, күміс және алтын­­ нан жасалған монеталар жатады. Металл ақша­ лар әртүрлі пішінде болған. Монета түріндегісі олардың соңғысы. Монетаның бет жағы­ аверс, артқы жағы реверс және бүйірі гурт деп аталады.

“Монеталар пойызы” ойынын ойнатыңыз. Әр топқа құндары әртүрлі бес монетаны алуды тапсырыңыз­. (Мысалы: 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг, 50 тг.)

конверттер таратып беріңіз. Оқушыларға теңгелерді құнының кему ретімен конверттердің ішіне салуды ұсыныңыз.  (Топтардың арасында тексеру жұмысын жүргізіңіз, дұрыс орналастыра алмаған­ оқушыларға жеке түсіндіріңіз.) Одан кейін теңгелерді­ вагондарға құны бойынша кему ретімен орналастыруын сұраңыз, кему ретімен санатыңыз. (20 тг, 10тг, 5тг, 2 тг, 1 тг.) Ең соңғы вагондағы, яғни 1 теңгелік монета құны бойынша ең кішісі деген қорытынды жасатыңыз. Оларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

5 тг мен 20 тг орналасқан вагонның ортасында­ қандай монета орналасқан? (10 теңгелік­ монета.)

Құны 5 теңгелік монетаның екі жағында неше теңгелік монеталар бар? (2 теңгелік және 10 теңгелік монеталар.)

1 тг мен 10 тг орналасқан вагондардың орта­-сында қандай монеталар бар? (2 теңгелік және 5 теңгелік монеталар.)

Cұрақтар арқылы талдау жүргізген соң мынадай қорытынды жасатыңыз: “кіші монета­ ның құны — төмен, а л үлкен монетаның құны жоғары болады”.

Әмияндағы монеталар. Оқушылардан оқу­-лықтағы­ суретке назар аударуын сұраңыз және әмияндардағы ақшаның санын салыстыртыңыз. Олар санау арқылы әмияндағы монета сандарының тең екенін анықтайды. Одан кейін әмияндағы моне­ талардың­ құнына назар аудартыңыз. Монеталардың­ құнына­ қарап салыстыруды­ ұсыныңыз. Оқушыларды әмияндардағы монеталар саны тең болғанымен, ондағы ақшаның саны тең емес деген қорытындыға әкеліңіз. Нәтиже монеталардың құны­ның салысты­ рылуына­ байланысты­ болады. Бекіту­ үшін жұппен қатыр­ма қағаздан жасалған монета­ муляждарын­ немесе­ монеталардың өзін пайда­ланып,­ осыған­ ұқсас тапсырмалар­ құрастыруды ұсыныңыз.

Жауабы:

5 тг < 10 тг; 10 тг + 10 тг = 20 тг, өйткені 20 тг = 20 тг;

 

1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг + 1 тг < 2 тг + 2 тг + 2 тг + + 2 тг + 2 тг, өйткені 5 тг < 10 тг.

Қанша монета?

“1 теңгелік он монетаның құны 10 теңгелік бір монетаға­ тең болады” деген тұжырымға да тәжі­ рибе­ нәтижесінде келуіне мүмкіндік жасаңыз­. Осы тұжырымды басшылыққа алып, келесі тапсыр­маны­ орындатыңыз. Неше 2 теңгелік монета 10 тг бола­ тынын­ алдарында жатқан монеталарды пайдаланып­ анықтатыңыз.

Жауабы:

2 теңгелік бес монетаның құны 10 тг;

10 теңгелік екі монетаның құны 20 тг;

5 теңгелік 4 монетаның құны 20 тг.

Орындап көр. Берілген тапсырманы орындауүшін иллюстрацияны қарап, заңдылықты анық­таты­ңыз: бірінші қатардағы монеталар өсу, ал екінші қатардағылары кему ретімен орналасқан. Оқушылар қатар­дағы заңдылықтың бұзылуын тауып, монеталарды­дұрыс заңдылықпен орналастыруы керек.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

 

Қосымша тапсырмалар

 

Номиналы әртүрлі монеталарды оқушыларға таратып беріңіз. “Менің орным қайда?” ойынын ойнатыңыз. Әр оқушының қолында монетаның бір түрі ғана болады. Нұсқау бойынша оқушылар өз тобын және өз орнын табуы керек. Сыныптың әр жеріне 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг деп жазылған парақшалар ілінеді.

Шарты: “Құны ең кіші монета” дегенде оқушы­­ лар 1 тг деп жазылған парақша ілінген жерге барып тұрады. “20 тг мен 5 тг-нің арасында орналасатын­ монета” дегенде 10 тг деп жазылған парақша тұсына барып тұрады. “Құны ең үлкен монета”, “10 теңгенің жартысы болатын монета”, “жартысы 10 теңге болатын монета” т.с.с. нұсқаулар­ бойынша оқушылар орындарын тауып тұрады.

Монеталардың құнын анықта. Монеталар мен олардың құны жазылған­ сөздерді сәйкестендіру арқылы монеталарды ажырату дағдыларын бекітеді.

Суретте берілген монеталарды салыстыр.

Құны кіші монеталардың­ бір түрінен бірнешеу алып,

құны үлкен­ бір монетамен салыстырады.

Монеталардың суретін сал. Тапсырма логи­ калық ойлау қабілетін дамытады. Қатар және баған бойынша құны бірдей мо­неталар­ қайталанбауы­ керек.

Жауабы:                    

5 тг     10 тг   20        тг;

20 тг   5 тг     10        тг;

10 тг   20 тг   5          тг.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

теңгелік монеталарды құны бойынша­ бір-бірінен­ ажырата біледі.

Оқушылардың тақырыпты түсіну деңгейін тексеру­ мақсатында мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Құны ең кіші монета қандай?

— Құны ең үлкен монетаны ата.

— Монеталарды құны бойынша кему ретімен айт.

— Құны 20 теңгелік монета қандай моне­т­алардан­ артық, қандай монеталардан кем?

— 20 тг алу үшін неше 1 теңгелік монета керек?

— 10 тг алу үшін неше 5 теңгелік монета керек?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо­ йынша өз-өзін бағалатыңыз.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коучингтер

                             Бекітемін:                                        

 

Коучинг тақырыбы:  «Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі»

Уақыты:

 17 қараша   2016 жыл

Ұйымдастырушы:

Коуч : Касимов Казбек Рыскалиевич

Тақырыбы:

«Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі»

Мақсаты:

   Мақсаты Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне сүйене отырып, сабақтастық арқылы оқушылардың жан-жақты дамуында әдіс-тәсілдерді тәжірибеде қолданудағы тиімділігі туралы бағыт-бағдар беру.

      Сабақтастық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі екендігін анықтау.

Ресурстар:

Мұғалімге арналған нұсқаулық. Интербелсенді әдіс-тәсілдер.

Негізгі идеялар:

Сабақтастық –оқушылардың оқуға деген ынтасын оята алатын, мұғалімдер жұмысын жетілдіретін пәрменді тетік.

Оқыту нәтижелері:

Сабақтастықты жетілдіруге ықпал етеді; 
-тәжірибеде қолдану арқылы оқу,оқыту үдерісінде оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен әрекеті, белсенді қарым-қатынас қалыптастыра алады; 
- пікір алмасу, талқылау, зерттеу барысында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауға мұғалім түрткі болып отырады .

Іс-шаралар:

Топқа бөлу.

І. Бас-кәсіби түсінік

ІІ. Қол –оқытудың тәжірибелік  дағдылары

ІІІ. Жүрек- кәсіби  өнегелік  тұтастық

Ұйымдастыру кезеңі:

      Тренинг  “Тамаша екен” тренингі

  ( шеңберге тұрып өз аттарымызды,бір сын есім қойып айтамыз. Мысалы : Қазбек-қайсар” хормен қалғандарымыз “Тамаша екен” деп айтып отырамыз. Осылай топтағы адамдар біткенше қайталап айта береміз.)

 

 

Ұйымдастырушылардың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Топқа бөлу. –3  топқа бөліну Амандасу, топқа бөлу, тренинг, топ ережесімен таныстыру, топты  көш басшы, хатшы, баяндамашы, таймкиперге бөлу  

«Тамаша екен» тренингі

Өз таңдаған кампиттер бойынша топқа отырады, сергіту сәтіндегі жаттығуларды орындайды, сынып ережесімен танысады, топты өз қызметін бөліседі.

 Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылығын ояту

 Бүгінгі коучинг-сессияда маған клиент облып отырғандарыңыз үшін рахмет. Коучинг- сессия соңында оқу нәтижесіне бірлесе отырып жетеміз деп ойлаймын. Бүгінгі сессияның тақырыбы: «Сабақтастық-мектеп жүйесін жетілдіру негізі»деп аталады.

 

Жеке, жұпта, топта өз ойларын топта ортаға салады, ортақ шешімге келеді. Ұжымда ой бөліседі.

  1. Мағынаны ажырату:

Сабақтастық туралы  таныстыру,  түсіндіру

(слайд) «Қаздар сабағы»  Видео ролик көрсету

 

1-сабақ. Бірге болу.

2-сабақ. Қатарды сақтау.

3-сабақ. Орын алмасу.

4-сабақ. Қолдау көрсету.

5-сабақ. Жалғыз қалдырмау.

 

 

Танысады, топта талқылайды, ұжымда айтады. Постер қорғайды.

  1. Ой-толғаныс

Топтық жұмыстар

Сабақтастық үш кезеңнен өтеді: 


І – кезең. 
0 – 1 сынып аралығындағы сабақтастық 


ІI – кезең. 
4 – 5 сынып аралығындағы сабақтастық. 


ІII – кезең. 
9 – 10 сынып аралығындағы сабақтастық. 

 

0 – 1 сынып аралығындағы сабақтастық 

оқушыға қаншалықты әсер етеді деп ойлайсыз?

 

 

1.       Мұғалімдер жұмыстарын қорғайды, түсіндіреді, бағаланады.

4.Кері байланыс

  Әр топқа ақ бет беріледі. Бұл сіздің алдыңызға келген парақтай таза оқушы. Осы оқушының бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыз?

 

Ақ қағазға өз ойларын жазып беру

Бағалау

Достарыныкын оқып, стикер арқылы бағалайды, ұсыныстарын айтады.  Ең үздігі ұжымда оқылады. Бағалау. «Екі жұлдыз, бір тілек»

“Құбыр”  жасау тренингі

Мұғалімнің жазбалары

Кембридждік үлгіге негізделген  СТО жобасының әдіс-тәсілдері қамтылған, топтық жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коучинг  « Сабақта қалыптастырушы бағалау түрлерін қолдану»

Мақсаты:   Қалыптастырушы бағалау жайлы мұғалімдердің түсініктерін қалыптастрып кеңейту. 

ü  Қалыптастырушы бағалаумен таныстырып маңыздылығын ашу.

ü  Қалыптастырушы бағалаудағы  ұйымдастыру жолдарын анықтау.

 

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер оқытудағы бағаның рөлін анықтайды, мұғалім қалыптастырушы бағалаудың маңыздылығын түсініп, оны жүзеге асыру жолдарын анықтайды.
Негізгі иделар: Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің тәжірибесін және оқушының білім деңгейін жоғары дәрежеге көтереді.

Коучинг барысы:

1.     Қатысушыларға парақ қағаз таратылады. (Ол қағазға өздерін қай жануардың мінезіне теңейтінін жасырын түрде жазып береді. Содан кейін ол қағазды умаждайды да, бір-біріне қар кесектегендей лақтырады.Кейін қағазды ашып кімнің жазғаны екенін табады.7 мин)

2.     Конверт таңдалады. (ішіндегі плаздарды құрастырып, сүтқоректілер,құстар,бауырмен жорғалаушылар т.б. топқа бөлінеді. Топ ережесін,топ мүшелерін сайлап алу.5мин)

3.     Постер қорғау. ( Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?10-15 мин)

Ролик тыңдалады. «Критерийалды бағалау туралы».)Слайдпен таныстырып өту.

4.     Бағалау. ( парақшалар таратып беріледі,оған қоянның суретін салу ұсынылады. 5 мин.Салынған суреттері бойынша критерийлер мен дискрипторлар құрастыру. Өзін-өзі бағалау. Өзара бағалау. Дискриптор бойынша бағалау көрсетіледі.)

5.     Жаратылыстану пәні бойынша қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындату.

6.Кері байланыс.

    7. Рефлексия.

 

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Топтық,жұптық жұмыс сәттерінен фотобейнесі

 

 

 

 

 

 

 

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


              Ата-аналармен жұмыс фотобейнелері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Мұғалімдерге кері байланыс беру ережесі

Кері байланыс …

 

Мұғалімдердің кері байланыс алу ережесі

      Кері байланысты мұқият оқыңыз/тыңдаңыз.

      Кері байланысты жақсы ниетпен қабылдаңыз.

      Кері байланысқа қатысты өз ойыңызды білдіре аласыз.

      Тәжірибе алмасуға, ынтымақтастыққа мүмкіндік беретін кері байланысқа ризашылығыңызды білдіріңіз.

      Кері байланысқа мұқият талдау жүргізіңіз, ұсыныстармен келісуге не келіспеуге сіздің құқығыңыз бар.

      Өз қажеттілігіңіз бен мүмкіндіктеріңізге сүйене отырып, өз тәжірибеңізді келешекте өзгерту туралы шешім қабылдаңыз.

      Қажет болған жағдайда өзгерістерді жүзеге асыру үшін ұжымнан, үйлестірушіден көмек сұраңыз.

Кері байланыс қағидаты

Кері байланыс:

        Бағалаушы тұрғысында емес, сипаттамалық түрде болуы тиіс. Біз адамның әсерін жай сипаттағанда, ол осы ақпаратты оған керек болатындай етіп пайдалануға ерікті болуы тиіс. Бағалау санаттарынан аулақ болып, біз адамның ұмтылысын қолдаймыз.

        Жалпыланған емес, нақты болуы тиіс. Яғни толық мінез-құлқына емес, оның қатысушының нақты жеке көрінісіне қатынасы болуы керек. Әлдекімнің «басымды» болғаны соншалықты пайдалы еместігін айту: «сол сәтте біз осы проблеманы талқылағанда, маған басқалардың не айтып отырғанын сенің тыңдамайтыныңды көрсетті және мен қысым көрсететініңді немесе шабуыл жасайтыныңды сездім».

        Кімнің кері байланысты алатынын және кімнің беретінін қажеттілікте ескеруі тиіс. Кері байланыс егер ол оны беретін адамның ғана көзқарасын қорғайтын болса және оны алатын адамның қажеттіліктерін ескермесе, қауіпті болуы мүмкін. 

        Кері байланыс оны алатын адам өзгертуі мүмкін жағдайға бағытталуы тиіс. Егер кері байланыс қандай да бір жөнделмейтін ақауға қатысты болса, онда кері байланысты алушы оны бақылай және нақты өзгерте алмайды, бұл жағдайды сәтсіздік жаңдайы тек ұлғаюы мүмкін.

        Бездіретін емес, тартымды болуы тиіс. Кері байланыс алушы байқауға жауап бере алатын сұрақтарға тұжырым жасағанда, барынша пайдалы. 

        Уақтылы болуы тиіс. Жалпы алғанда, кері байланыс орындалған әрекеттен кеін дереу берілгенде пайдалырақ болады (әрине, оны қабылдаушы адам тыңдауға дайын болса).

        Хабарламаны дұрыс түсінгеніне күмәні болмауы үшін кері байланыс тексерілген болуы тиіс. Мұны тексерудің бір жолы – кері байланысты алушы естігенін қайтадан түсіндіріп айтуы керек.

        Топтың мәнмәтінінде іске асырылуы тиіс. Кері байланыс тренингілік топта берілгенде және кері байланысты беруші мен оны алушы топтың басқа мүшелері де осылай қабылдағанына көз жеткізу арқылы оның дұрыстыған тексере алады.

 

Кері байланысты қалай береді:

 

Өзіңіз туралы бірнеше сөз айтыңыз

«Мен» есімдігімен өз сөйлеміңізді бастаңыз

Алдымен жақсы жақтарын атап шығыңыз

Түсіністік білдіріңіз

Сізге ұнамайтынын нәрсені нақтылап айтыңыз. Жалпылама айтудан  аулақ болыңыз.

Сөкпеңіз

Қолдануға пайдалы болатын  нақты кеңес беруге ұмтылыңыз

 

 Кері байланысты қалай алуға болады:

Кері байланысты соққы емес, ұсыныс ретінде қабылдаңыз

Сіз қайсы іс/қимыл/әрекет бойынша кері байланыс алғыңыз келетінін айтыңыз

Ұқыпты тыңдаңыз, сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлмеңіз.

Қорғанбаңыз

Айтылғанға кері байланысқа талас тудырмаңыз

Кері байланыс үшін алғыс айтыңыз

 

Қалыптастырушы  бағалау тәсілдері

 

1. «Бұрыштар» тәсілі:Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын топтық жұмыста тұжырымдайды және өздерінің көз қарастарын дәлелдейді.

2. «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.

3. Stop-кадр. Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.

4.Дыбыстау. Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе оқушылардың деңгейіне сәйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт беру қажет. 

5. Серпілген сауал. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның пікіріне қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға болады?»,  «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады?»

6. «Сұрақты қағып ал».Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік беріледі. Сұрақтардың қиындығына қарай оның басиапқы салмағынбелгілеуге (ұпай арқылы)болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын білмей, қапшықты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. Бұл тапсырманы шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда мұғалім қапшықты кезекпен топтарға лақтырады.

7. «Допты лақтыру»Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл әдіс теориялық сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді. 

8. «Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады.Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.

9. «Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды

10. «Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.

11.Элективті тест. Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға A, В, С, D, Е арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді таратады. Әрбір сұрақты қойғаннан кейін 20сек. кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электронды журнал үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаңартылған білімде-жаңаша көзқарас" (1-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 964 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2020 627
    • DOCX 22.9 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аржаева Анастасия Вадимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аржаева Анастасия Вадимовна
    Аржаева Анастасия Вадимовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 86670
    • Всего материалов: 224

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Новые методы и технологии преподавания в начальной школе по ФГОС

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 953 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 7 738 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление и стратегическое развитие высшего образования

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек