Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыЖабайы және үй жануарлары

Жабайы және үй жануарлары

Скачать материал

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Жабайы және үй жануарлары.

Мақсаты: 1.Үй және жабайы  жануарларды ажыратып, төлдерінің  атауын атай білу білімдерін бекіту.

2. Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу.

3. Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.

Қолданылатын көрнекіліктер: «Жабайы жануарлар», «Үй жануарлары», доп, жабайы  және үй жануарлары бар таратпа материал , үйдің ауласы және орман бейнеленген макеттер.

Әдістері :  Таныстыру, салыстыру, сипаттау, түсіндіру, сергіту, дидактикалық ойын, сұрақ-жауаптар.

Сөздік  жұмыс:  жабайы, үй жануарлары.

Билингвальды компонент:  жабайы-дикий, үй жануарлары-домашние животные, тамақ-пища, орман-лес.

 «Ыстық-суық» дидактикалық ойыны:

Шарты: Бір зат алдын ала тығылып қойылады. Тығылған затты балалар «ыстық-суық» сөздері арқылы тауып алулары керек.

Балалар үй жануары мен жабайы жануардын ойыншығын тауып алады.

-Балалар, адамдардың көмегімен өмір сүретін жануарларды қалай атаймыз?

-Ал, орманда өз беттерімен тамақ тауып, өздерін  қорғайтын жануарларды қалай атаймыз?

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде жабайы және үй жануарлары туралы айтатын боламыз. Сендер үш орталыққа бөлініп отыра қалыңдар.

-Жабайы жануарлардың үй жануарларынан айырмашылығы неде?

-Қалай ойлайсыңдар үй жануарлары адамдардың қамқорлықтарына, мейірімдеріне, махаббаттарына  қалай жауап береді?

Қане, ойнайық.

Ойын: «Жануарларды ата»

-Жарайсыңдар балалар. Сендер жануарларды жақсы біледі екенсіңдер.

-Енді, жұмбақ жасырып ойнайық. Мен жұмбақты жасырам ал, сендер шешіңдер.

Жұмбақтар.

Қандай жануар қыста ұйқыға кетеді?

Аю, қасқыр, түлкі ме? (Аю)

Суреттен аюды көрсетіп, айтыңдаршы аю қандай? (маймақ, үлкен, күшті, қоңыр)

-Аюдың қалай жүретінін көрсетіңдерші?

-Аю не жейді? (бал, балық, жидек)

 

Ағаштан-ағашқа

Доп сияқты тез секіреді.

Жаңғақтарды жинап ап,

Қысқа азық етеді ол не? (Тиін)

Тиіннің суретін көрсетемін.

-Тиіннің үлпілдек құйрығына назар салыңдаршы. Ол тиіннің секіріп жүруіне көмектеседі. Қалай ойлайсыңдар тиін немен қоректенеді?

(жаңғақпен, шишкамен, саңырауқұлақпен)

 

Барлық аңдардан қу

Үстінде әдемі тоны бар.

Құйрығы өте әдемі,

Оның аты –түлкі.

Түлкінің суретін көрсетемін.

-Түлкіге құйрығы аңшылардан, иттерден іздерін сыпырып  жасыру үшін керек. Ол өте қу.

-Балалар, сендер қу түлкі туралы қандай ертегілерді білесіңдер?

(Бауырсақ, қасқыр мен түлкі, Түлкі мен тырна).

Түлкінің терісіне назар аударыңдаршы. Адамдар түлкіден не алады?

 

Қыста ақ, жазда сұр

Ол не? (Қоян)

Сұр қоянның суретін көрсетемін. –Қандай қоян? (үлпілдек, сұр, кішкентай, қорқақ).

Ақ қоянның суретін көрсетемін.

-Қандай қоян? (кішкентай, қорқақ, үлпілдек, ақ)

-Қоянның ақ терісі оған қыста.... (жасырынуына көмектеседі)

-Қоян құсап секіріп көріңдерші?

-Қоян өзінің жауынан қалай тығылады?

-Қоян нені жақсы көреді? (сәбізді, қырыққабатты, ағаштың қабығын)

-Аю мен қоян нелерімен ұқсайды? (бас, аяқ, құйрығы, аузы, мұрны, құлағы)

-Айырмашылықтары не?

(Аю үлкен-ал, қоян кішкентай, аю балды, жидектерді, балықты жақсы көреді, ал қоян ағаштың қабығын, сәбізді, қырыққабатты жақсы көреді. Аю қыста ұйықтайды, ал қоян жоқ. Аю ағаштарға шыға алады, ал қоян шыға алмайды).

Өзі ойнағанды жақсы көреді,

Үйге келіп мяулап,

Сүт сұрайды. (Мысық)

-Балалар, айтыңдаршы мысық жабайы ма, жоқ үй жануары ма?

-Тағы қандай үй жануарларын білесіңдер?

-Алдарындағы өздеріңе ұнайтын  үй жануарларын және олардың төлдерін алып шығайық.

Балалар тақтаға бір-бір жануарларды алып шығып, айтып береді.

-Бізге бүгін қонаққа жабайы және үй жануарлары келіпті. Сендер оларды таныдыңдар ма?

Ойын: «Жануарлардың төлдерін ата»

Шарты: Балалар жануарлардың төлдерін енелерінің қасына қоюлары керек. Оларды атап, үй немесе жабайы жануар екенін табулары керек.

Сергіту сәті:

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Аю қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Аю былай жүреді, аю былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қоян қалай жүреді

Кім көрсете біледі?

Қоян былай жүреді, қоян былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Қасқыр қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Қасқыр  былай жүреді, қасқыр былай жүреді.

Көлбең-көлбең, көлеңкем,

Түлкі  қалай жүреді,

Кім көрсете біледі?

Түлкі  былай жүреді, түлкі былай жүреді.

-Жабайы жануарлар қайда тұрады?

-Тағы да жануарлар қайда тұрады?

Балалардың шығармашылық жұмыстары.

1-орталық: «Ақ қоянның үстін мақтамен жауып шық»

2-орталық: «Қойдың үстіне қағазбен бұйра жүндер жапсыру »

3-орталық: «Қой мен қозы бояу»

-Жануарлар қайда тұрады? (орманда және адамдардың үйінің ауласында)

-Орманда тұратын жануарларды қалай атаймыз?

-Оларды атаңдар?

-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады екен?

Осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендерге көп-көп рахмет! Барлықтарыңда өте тамаша қатыстыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қызғалдақ» ортаңғы топ тәрбиешісі  Иргизбаева  Перизат  Кадирбековнаның

Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс-әрекеті бойынша өткізген ашық оқу іс-әрекетіне талдауы.

Мерзімі: 18.11.2015 ж.

Уақыты:  9:10-9:35

Қатысқан бала саны: 15

Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы:  Жабайы және үй  жануарлары

Мақсаты: 1.Үй және жабайы  жануарларды ажыратып, төлдерінің  атауын атай білу білімдерін бекіту.

2. Табиғатқа, ондағы тіршілікке қамқор болуға тәрбиелеу.

3. Танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөздік қорларын арттыру.

 

  Ашық оқу іс-әрекетін балалардың  қызығушылығын арттыру мақсатында «Ыстық-суық» ойынымен бастадым. Балалар  «Ыстық-суық» сөздері арқылы тығылған затты таба алды. Балаларға жұмбақ жасырылды. Балалар тез таба алды. Жұмбақтың шешуінде шыққан жануарларды өздері таныстырып, атап өтті. Олардың адамдарға әкелетін пайдалары туралы  АКТ арқылы көрсетіп берді.  Жазғы орманға саяхат жасап, жабайы жануарларды атап, балаларын қастарына тауып қойды. Үй ауласына барып, онда да жануарлардың төлдерін атап, қиналмай тауып берді.  Балалар үш орталыққа бөлініп отырылды.

1-орталыққа ақ қоянды мақтамен жапсырып шығу тапсырмасы берілді.

2-орталыққа үй жануары қойдың жүндерін жапсыру тапсырылды.

3-орталыққа қойды бояп шығу ұсынылды.

Балалар барлық тапсырмаларды өте жақсы орындап шықты.

 Оқу іс-әрекетін қорытындылау кезінде балаларға  бекіту сұрақтары қойылды. Балалар сұрақтарға жауап бере білді. Ал, тілдері толық дамымаған балалармен сөздік жұмыс жасалынды. Жануарлардың аттары  қатты, орташа, ақырын екпінде қайталатқызып айтқызылды. Оқу іс-әрекеті өте қызықты өткізілді деп ойлаймын.  Оқу іс-әрекетін құрған кезде балалардың жас ерекшелігін ескеріп, жастарына қарай көрнекіліктерді қолдандым. Топтағы балалардың қызығушылықтары өте жоғары. Қойылған сұрақтарға жауап беруге тырысады. Көздеген мақсатыма жете алдым. Алдағы уақыттада балалармен шығармашылық жұмыстарды көп жасатып жаттықтырамын деп айта аламын.

 

 

Тәрбиеші:     П.К.Иргизбаева            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жабайы және үй жануарлары"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2016 9536
    • DOCX 19.2 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иргизбаева Перизат Кадирбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50548
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Младший воспитатель: задачи, функции профессиональной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Курс повышения квалификации

Педагогические основы деятельности воспитателя в условиях ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 388 человек

Курс повышения квалификации

Основы формирования предпосылок функциональной грамотности дошкольников

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы гештальт-терапии: история и теория

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Общественные движения и организации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: теория и практика

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 14 человек