Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мінез-қылығы
Сілтеме: 3_L3W3D4, 17_L3W3D5
Жалпы мақсаты: Оқушыларға топпен жұмыс барысында жануарлардың мінез-қылық ерекшеліктерін ұғынуға үйрету.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері:
-оқушылар мағлұматты өздері талдай алады;
-оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, тақырыпты меңгере алады;
-оқушылар бірін-бірін бағалай алады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар:
Тапсырмалар: - ассоциация (миға шабуыл)
Айнымалы бекеттер
Синквейн әдісі
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин) Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабақты біз дәстүрлі емес әдіспен оқуды жалғастырамыз.
ІІ Үй жұмысын тексеру (8 мин)
Үй тапсырмасы: « Омыртқалы жануарлардың көбею ерекшеліктері»
Сұрақтарға жауап беру:
Көбеюдің биологиялық мәні неде?
Жыныссыз көбею деген не? Дененің (амеба, кірпікшелі кебісше) бөлінуі көбею мен біршіктену (гидра) арқылы көбею неліктен жыныссыз көбеюге жатқызылады?
Жынысты көбеюдің жыныссыз көбеюден артықшылығы неде?
Кірпікшелі кебісшенің жынысты көбеюі кезінде кіші және үлкен ядро қандай өзгеріске түседі? Кебісше үшін оның маңызы қандай?
Шұбалшаңды гермафродит жәндік дейміз. Неге?
Шала түрленіп және толық түрленіп бунақденелілердің қайсыларының жұмыртқадан ересек ағзаға дейінгі даму мерзімі ұзақ болады?
Сүтқоектілерде буаздық деп нені атайды?
ІІІ Жаңа сабақ түсіндіру (20 мин)
Топтардың орнын ауыстыру (клас топтарының атауымен)
Әр топқа белгілі бір мәтінмен жұмыс жасатып, «Айнымалы бекеттер» бойынша бір-біріне түсіндіру
ІV Бекіту (10 мин) Синквейн
(5 жолдан тұратын өлең)
1 жол –1 зат есім (тақырыбы)
2 жол – тақырыпты ашатын 2 сын есім
3 жол – тақырыпты сипаттайтын 3 етістік
4 жол – тақырыпқа қатысты сөйлем (4 сөз)
5 жол – 1 түйін сөз (тақырыптың синонимі)
V Бағалау (3 мин) сабақбасында берілген критерийлер бойынша топ басшылары топ мүшелерінің жұмысын бағалайды.
VІ Үйге тапсырма (2 мин)
«Топтық мінез-қылық»