Инфоурок Начальные классы КонспектыЖақсы сөз – жанға қуат

Жақсы сөз – жанға қуат

Скачать материал

 

Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп: «№2 Ұзынкөл орта мектебі» КММ 

Мерзімі: 24.11.2015   

№ 9

Тақырып:  Жақсы сөз – жанға қуат

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, қамқорлық, ешкімді ренжітпеу,жақсылық жасау

Мұғалім: Шегенова Римма Жакиевна

Сынып: 4     

Оқушылардың саны:11

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға жақсылық жасау,басқалардан жақсылықты іздеудің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейте отырып ақиқат  құндылығын ашу.

Міндеттері:

ü   жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейту, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

ü   ешкімді ренжітпеу, қолынан келгенше жақсылық жасауға ұмтылдыру

ü  Оқушыларды бір – біріне, туыстарына, достарына, қоршаған ортаға мейірімді, қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

аудиожазба, плакатқа жазылған  дәйексөз, әуен, фломастерлер, т.б.  

Сабақтың барысы:               

Ұйымдастыру кезеңі.

-          Сәлеметсіздер ме, менің аяулы достарым. Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.Сабақты бастайық.

1) Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену» Баяу әуен тыңдай отырып жасау.
- Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

- Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
- Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?
2) Оқушыларды түгендеу, көңіл-күйлеріне зер салу, сабақтың тақырыбын хабарлау. Сабақтың мақсатымен таныстыру

2. Үй тапсырмасын тексеру (алдын-ала берілген)

«Сыпайы қоян» (мексика ертегісі) (оқулықтағы 50- бет)

Талдау сұрақтары:

-          Ертегі не туралы?

-          Қоян қалай сөйледі?

-          Жылы, сыпайы сөйлеу қоянға қалай көмектесті?

-          Өмірде осындай мысалдар бар ма? Сыпайы жақсы сөздер сендерге көмектескен жағдайларды естеріңе түсіріңдер.

Қорытындылау:

 

Түрі: аралас сабақ

 

Әдісі: тыныштық сәті, топтастыру, дәйексөз, мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап аңызды талдау, әңгімелесу, постер қорғау, топпен ән айту.

 

3. Дәйексөз 

                                Жақсы сөз – жарым ырыс
                                                              Халық мақалы

(2-рет ұл балалар, 2 рет қыз балалар,1 рет бәрі қайталап айтады, дәптерге жазып алады)

-          Бұл ойдың мәні неде? Неліктен жақсы сөзді  ырысқа теңейді?

-          Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасыңдар?

-          Жақсы сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

-          Жаман, дөрекі сөздер естігенде қандай сезімде боласыңдар?

-          Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөздер айтар едіңдер?

Қорытындылау: 

  - Әр айтылған сөзді адам жүрегімен қабылдайды. Жақсы сөз, жақсы тілек айтудың өзі адамға жақсылық жасау  болып табылады.

Тақтада жазылып немесе қағазда ілініп тұрады

4. Мұғалім сыйы «Шегенің ізі» аңыз-әңгіме тыңдату (видео)

Талдау сұрақтары

- Әңгіме не туралы?

- Әкесі баласын қалай ұстамдылыққа үйретті?
- Жағымсыз сөз естіген адам өзін қалай сезінеді?
- Жақсы, жылы сөздер арқылы қандай жағдайларда көмектесуге болады.?
Қорытындылау:

 

 

5. Шығармашылық жұмыс

1) Топтық жұмыс.Оқушылар үш топқа бөлінеді.Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру,  сахналап көрсету

  1. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
  2. Анасы мен баласының бір – біріне айтқан жылы сөздері.
  3. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.

2) «Жақсы, жылы сөздердің адамдарға әсері» (кластер құру)

 

 

 

Жылы сөздер
сс
сөздер
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


6. Топпен ән салу.  «Ата - әже»         

 

7.Үй тапсырмасы

Өздері жиі қолданатын жылы сөздерді жазып келу (атаға,әжеге,әкеге,анаға,аға,апа,іні,сіңлі,қарындас, туған-туысқандарға қатысты)

 

8.Қорытынды тыныштық сәті.  Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

- Бүгінгі  сабақтағы айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік.

Көздеріңді ашуға болады. Бәріңе рахмет!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жақсы сөз – жанға қуат"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 898 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.06.2016 849
    • DOCX 33.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шегенова Римма Жакиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шегенова Римма Жакиевна
    Шегенова Римма Жакиевна
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 12956
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Основы религиозных культур и светской этики: проблемы и перспективы преподавания в начальной школе

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 206 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 442 человека

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Развитие предметных навыков при подготовке младших школьников к олимпиадам по математике

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Финансовый риск-менеджмент

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Цифровая трансформация в управлении и информационных технологиях

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции