Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Жәңгір хан – өз заманының білікті тұлғасы" семинар сабақ /8 сынып/
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Жәңгір хан – өз заманының білікті тұлғасы" семинар сабақ /8 сынып/

библиотека
материалов

Сабақ тақырыбы: Жәңгір хан – өз заманының білікті тұлғасы

Сабақ мақсаты:

1. білімділік. Бөкей ордасының құрылуы, оның мұрагері Жәңгірдің кезіндегі халықтың жағдайы, Исатай мен Махамбет көтерілісінің шығуы және Жәңгір ханның өз заманында білімді - білікті тұлға екендігіне сипаттама беріп, талдау жасап зерттеу.

2. тәрбиелік. Жәңгір ханның бойындағы жақсы қасиеттерін, халыққа жасаған игі істерін бағалап, оқушылардың бойында патриоттық сезім қалыптастырып, адамгершілік тәрбие беру.

3. дамытушылық. Тақырыпқа байланысты құжаттар, әдеби - мұралармен жұмыс істеп мәнін ашу, оқушылардың ізденімпаздығын және пәнге қызығушылығын қалыптастыру

Сабақ түрі :семинар сабақ, пікірталас түрі.

Сабақ әдісі : шығармашылыққа баулу , әңгімелесу, сұрақ- жауап , интербелсенді әдіс- тәсілдер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, дүние жүзі тарихы,музыка

Көрнекіліктер : интерактивті тақта , плакат. маркер. үлеспелі қағаздар, стикер

Сабақ барысы : ұйымдастыру . сыныпты екі топқа бөлу; тарихшылар тобы мен зерттеушілер тобы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:/ слайд/ Кіріспе. Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыз сыныптан тыс семинар сабақ. Біз бүгінде өтіп жатқан апталықтағы «Қазақхандығының 550 жылдығына орайІшкі орда жерінде хандық құрғанЖәңгір хаға қатысты болмақ.Біз Жәңгір ханды тарихта қатігез , жауыз адам ретінде білеміз,бірақ та оның жағымды жақсы қасиеттеріне де тоқталмақпыз.

Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі орны бар қазақтың біртуар хандары Бөкей хан мен Жәңгір ханның есімдерін құрметтеу былай тұрсын елеуден, ескеруден де қалған еді. Тарихи деректерді пайдалана отырып, Бөкей мен Жәңгір қандай саясат ұстады, халқына қайыр-шапағаты тиді ме? - деген сауалға жауап іздедік.

Оқушылар пікірі тыңдалады. Бөкей хан кім?

/Орынгүл/ Бөкей - Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 ж. дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған.

Бөкей ордасы қай жерде құрылды?

/Айдос/ Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып,

1801-1845 жж. Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 ж. қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 ж. Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 ж. таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған.

Мұғалім сөзі. Еділ мен Жайық арасында Бөкей ордасының құрылуы, Бөкейдің ұстаған саясатының дұрыстығын немесе бұрыстығын кезінде әркім әрсаққа жүгіртті. Бірі - орысқа берілгендіктен, екіншісі - мансап құмарлықтан, үшіншісі - алдына қойған мақсатына, ұстаған саясатына байланысты деді. Бөкейдің ішкі сырын ешкім түсінбеді. Тарихи деректерге сүйенсек 1737 жылдан бастап Жайықтың Самар жақ бетіне қазақтардың көшіп-қонуына шек қойылған делінген.

1794 ж. аманат бермесе, Каспий өзені жағалауына мал қыстатуға тыйым салынды. 1799 ж. Жайықтан малымен өтуге тыйым салынды.

Отарлаушылардың қазақтардың арасында арандату саясаты бірімен-бірін араздастыруға, бір-бірімен жауласуға әкеліп соқты. Отаршылдық туғызған мұндай әрекеттер ел басына ауыртпалық әкелді. Ел тозды, ашықты, күйзелді. Береке, бірлік кетті. Елде көтеріліс шықты.

Ішкі орданың құрылу себебі. /Айнұр/Ел басына түскен ауыр қасіретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань казактарының бастығы полковник П.С.Попов елеуліықпал жасаған. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық,көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден-бір жолы

деп түсінді. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығынасыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынборшекаралық комиссия кеңесшісі А.О. Кузнецовтің Орынбор әскери-

губернаторы П.К. Эссенге: " Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 ж. Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30-дай қойы, 17-ге жетер-жетпес жылқысы болған,"- деп жазған. Сөйтіп, Бөкей халқының мүддесі үшін 1801 ж. ақпанда Грузия және Астрахань губернияларының Бас бастығы генерал-лейтенант К.Ф. Кноринге өтініш жазды. Ал патша үкіметінің мақсаты бодандыққа өткендердің малы да, жаны да Ресей қамқорлығында болады деген ұғымды түсіндіру оңай деп санады. Оның үстіне Астрахань, Орал қалмақтары мен казактарына қазақтардың шабуылынан құтыламыз, әрі Кіші Орданыб өлшектеудің, ондағы билеуші сұлтандардың арасына іріткі салудың сәті түседі деп білді. (уақытша Кеңес мұрағаты №8 іс)

мұғалім сөзі: мына бір қызықты дерекке құлақ түріңдер Напалеон Қостанайда , бұның еш жалғандығы жоқ.Бонопарт пен Павел І бастаған қос император өзара құпия жоба ойластырған. Ол «Үндістанға жорық» деп аталады. Ондағы мақсат Қазақстанда әскерлерді шоғырландыру базасын салу. Қалайда болмасын уақыт, саяси ұстаным,Ресей үкіметі мен жергілікті ақсүйектердің мүдделері бір жерден шықты. Осы мақсатта арнайы жер телімі мен ақша бөліп, хан сайлап халықтың көшіп қонуын қолға алды. Міне осылайша Бөкей Ордасы пайда болды. / электронды оқулық видео көрсету./

Тарихшы тобы /балнұр/ Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 ж. дүниеге келіп, 1845 ж қайтыс болған. 1815 ж, мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді.

/орынгүл/ Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады. Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ.Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал-губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары

Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет

мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отрлаушыларымен алысып жүріп Кіші

Ордадан " жүдеу, аздаған малмен көшіп барған қазақтарды " ақтылы қойы,

мыңғырған түйесі, жылқысы бар ел қатарына жеткізген. Елінің еңсесін

көтерген. Халқымен бірге көшпелі өмір сүрді. Ол Астрахань генерал-

губернаторының қабылдауына барғанда үстіне киіп баратын киімі де

болмағаны оның байлыққа қызықпағанын дәлелдесе керек. Ол ханмын деп

халқынан ерекшеленбеді. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады.

Казактардың өрескел қиянаттарынан қорғады.(уақытша Кеңес мұрағаты

/ Айдана/ Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасадыТарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді.

Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан-жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал-губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен-шекпеннен, атақ-абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шекаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазақтары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды. Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал-губернаторы А.С.Осиповке: " Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы..."- деп хабарлап - казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. ( Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс)

/Аяу/ Жәңгірдің жер мәселесі туралы шағымдарыЖәңгір хан казактардың қысымы, жер мәселесіне қатысты әділетсіздік жөнінде 1828 ж. Ресей Сыртқы істер министрлігіне, 1829 ж. 10 желтоқсан Астрахань генерал-губернаторы А.С.Осиповке, 1834 ж. 19 сәуірде Орынбор шекаралық комиссиясына, 1839 ж. 19 шілдеде Мемлекеттік мүлік министрі П.Д.Кисилевке, 1843 ж. 31 қаңтарда Орынбор әскери-губернаторы В.А.Обручевке шағымданды. Жәңгір халқының ауыр тағдырын император I Николайға да жеткізді, көмек сұрады. Амал не, ешқандай шешім болмады. Қайта Жәңгірдің Хиуа, Бұқар, Түрікмен хандықтарымен байланыс жасауына да тыйым салынды.1829 ж. 29 тамызда Орынбор шекаралық комиссиясы " Жасқұста " Жәңгір ұйымдастырған жәрмеңкені жабуға бұйрық берді.

Сөйтіп, Ішкі Орданың басқа елмен қатынас жасауының жолы кесілді. 1834 ж. 3 наурызда Азия департаментінің директоры К.К.Родофиникин №611 қатынаспен Жәңгірдің Хиуаға баруына, олармен қатынас жасауына рұқсат бермеді. ( Орынбор ОММ. 6 қор. 10 тізімдеме. 4118 іс)

/ айнұр/ Жәңгір туралы отарлаушылардың пікірі Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақталмағандығын анықтайды.Отарлаушыларға халқын Жәңгір сатпады. Ол ойымызды А.А.Перовскийдің Ресей мүлікминистрі П.Д.Кисилевке: " Управление его ( Джангира) - Росии принесло не пользу, аогромный вред,"- деп жазған сөзі нақтылайды. Әрі "Джангир действовал не как подданныйимператора, не как правитель поставленный от русского царя... хан так умен, так ловок, с такимискусством умел он обделывать свои дела", - деуі Ресей отарлаушыларының сойылынсоқпағандығын дәлелдейді. ( Ресей ҒАМ. Петербург филиалы 157 қор. 79 іс)

/Жарқын/ Жәңгірдің көтеріліспен байланыстылығы

Коммунистік партияның ызғарлы желі Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы қалай күрескені, ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды, халықтан бүркемеленді. Жәңгір хан елдің экономикасын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруге зор еңбек етті. Жәңгір 22 жыл

хандық құрған кезде басқа хандар істемеген істерді қазақ тарихында игі - мұраларды өмірге келтірді. Ал Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің шығуының түп тамыры отарлау саясатында жатыр. Оны Жәңгірдің туысқандары да көрді. Мысалы: заңсыз жерге үй салды деген желеумен Шығайдың үйін бұздырғандығы, Жәңгір хан ордасына қолайлы жер таппай Нарын құмының ортасына салғандығы және 1841 ж. 1 желтоқсанда министр В.М.Корнеевке Жәңгір "Я сам не имею ни одной десятины земли,"-деген тарихи құжаттар мұрағатта сақталған. Өзінде жер болмаса да Исатайға 1825 ж. қолайлы қоныс "Күйген арал" мен "Қара қамысты" деген жерді иелігіне берген. ( ҚРОММ. 4 қор. 1 тізімдеме. 197 іс)

/ айдана/ Жәңгір мен Исатай қарым –қатынасы Кейбір деректерге қарасақ: " Жәңгір 400 мың десятина жер иеленді", - деген сөз В.А.Перовскийден тараған жалған сөз болуы ғажап емес. Бұл әлі де зерттеуді қажет ететін мәселе. Ал Исатаймен қарым-қатынасына келсек, Жәңгір Исатайды қатты құрметтеген, ерлігін бағалаған. Петербургке императорға кетіп бара жатқан Хиуа елшісін Сарайшық бекінісінде күтіп алу жауапкершілігін Исатайға тапсыруы осының бірден-бір дәлелі. Ал көтерілістің тууына халықтан алынатын салықтың көп болуының ықпалы болғандығы шындық.

Бірақ сол алым-салықтың бәрі дерлік халықтың экономикасы мен мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеру үшін жұмсағанын ешкім жоққа шығармайды. Оны тарих та өшіре алмайды. Оның үстіне Бөкей Ордасындағы қызмет еткен Сыртқы істер министрінің өкілін, әртүрлі лауазымды шенеуніктер, саяхатшылар, хан кеңесіне жиналатын ел басшыларын күту, хан ордасында мектеп, дәріхана, аурухана, тұрғын үй құрылысы тағы басқа шығындардың халықтың мойнына түскені шындық. Мұндай шығынға арнайы қаржы бөлінбеген. Сондықтан халықтан жиналатын алым-салықпен толықтырылып отырған. Жәңгірдің түпкі мақсатын көтерілісшілер де, оның басшылары да кезінде түсінбеген, түсінгісі келмеген де болу керек.

/ мұғалім сөзі/ Жәңгір мен Махамбет қарым -қатынасы Олар бірі малшының ал екіншісі ханның баласы.Ақын Махамбет пен Жәңгір. Жіңгірхан бірнеше тілді еркін меңгерген. Сонымен қатарол нумизматика, бильярд ойындарымен әуестенді.поэзия мен музыкаға деген ықыласы ерекше еді. Сондықтан досы Махамбеттің жыр жолдары оның жүрегінен орын алған. Замани жобасының замандас басшысы еді.

Ереже бойынша түрлі салтанатты шаралармен кездесулерде Махамбет әрдайым Жәңгірдің қасында отыратын. Тіпті ақынның қазақ үйі де хан шатырының қасына тігілетін. Ол соңынан әркімді үйіртіп, 16 жасында -ақ оның даңқы артқан. Ал 19 жасында өз руының жыршысы атанады. Сол кезеңдерде көшпелі халық дала ақындарын рухтандырып отыратын. Өйткені суырып салма ақындарды халық олар аруақтардың тілінде сөйлейді деп құрмет тұтты.

1827 жылы Жәңгірдің туысы сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтеріліс ұйымдастырды. Дәл осы тұста Қайпқалиды Махамбет жақтады. Махамбет халықтың арасына іріткі салды деген айыппен түрмеге қамалады.

/ Аяу/ Жәңгір ханның халқы үшін жасаған игі істері

Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде - бір хан істемеген істерді халқы үшін істеген. Ең алдымен Ішкі Ордада халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постында орыс көпестерінің астық қоймаларын ұйымдастырды. 1832 ж. " Жасқұста " жәрмеңке ашты. Халықтың мұң-мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін 50 тұрғын үй салды. Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп ( 1841 ж), дәріхана, аурухана ашты және хандықтың картасы жасалған, хан қаржысымен Ресей оқу орындарына қазақ балаларын жіберіп оқытты. Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару-жарақ мұражайын ұйымдастырды. Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап, Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады. Өз мойнындағы жауапкершіліктің күптігіне қарамастан мектеп оқушыларының, молдалардың білімін тексеруге уақыт бөліп отырды. Емтихандарға қатысып, олардың қабілеттерін анықтады. Жәңгір өзі бас болып мұсылман дінін насихаттады. Хан Жәңгірдің бұл әрекеті отарлаушыларға жақпады.

/орынгүл/Жәңгір ашқан мектеп Жәңгір мектебі - қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп. Жастайынан зиялы қауымның арасында болып, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген күннің ертеңінде-ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді армандайды. 1826 ж. Қазан Университетінің ректоры Фукске Жәңгір өз ордасында мектеп ашып, ғылымға қазақ баласының да қолын жеткізуге бастама жасау ниеті бар екенін білдіреді. Фукс ол туралы "өзінің жас кезінде, хандығының бірде-бір үй тұрғызылмаған кезде, оның білімінің пайдасы жөнінде ойлануы қандай ғанибет "- деген пікір айтады.

Мектеп ашу жөнінде Жәңгірдің арманы тек 15 жылдан кейін барып іске асты. 1841 ж. 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылған тұңғыш мектеп дүниеге келді. Қарағайдан қиып салынған мектеп үйі Ордадағы еңселі үйдің бірі болған. Оқушылардың партасы, мұғалім үстелі мен орындығы, класс тақтасы ағаштан ойылып жасалған. Жәңгір хан бұл мектепке жылына 1404 сом ақша беріп отырған. 1905 ж. осы екі сыныптық мектеп төрт сыныптық мектепке айналып, жанынан мұғалімдер даярлайтын (педагогикалық ) курс ашылған. Талай белгілі адамдар білім алып шықты. Олардың қатарында С.Бабажанов, Г.Жәңгіров т.б. ( Құлкенов М.Отарбаев Р."Жәңгір хан".Алматы. 1992ж )

Ұлпан мен есен мектеп туралы айтып өтеді.

/ мұғалім жәңгір туралы қорытынды жасайды/ Мінеки, балалар, Жәңгір ханның еліне жасаған жақсылығы, қамқорлығы кез - келген ханның қолынан келмеген істер екен. Ресей губернаторының қысымына шыдап, хан ордасына шіркеу салуға христиан дінінің таралуына мүмкіндік бермеді. Суылдаған Нарын құмына су сеуіп, гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады. Жәңгір хан кемеліне келген шағында жұмбақ өлімнен көз жұмды. Әйелі мен екі баласының өлімі де құпия болды. Әңгіменің қысқасы, отарлаушылар оның отбасын тоз - тозын шығарды. Қазақстанда хандық билік жою жөніндегі жоба жүзеге асты. Жәңгір хан халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткер екендігін тарихи деректер дәлелдейді. Жәңгір хан - өз заманының білікті тұлғасы болды десек қателеспейміз.

2 бөлім. Жырдың алмас қылышы. Махамбет Өтемісұлын «Әлем азаматы» ретінде дүниежүзі қауымдастығы мойындап отыр . Махамбет халқын сүйген, халық мұңын жырлаған патриот ақын. Оның өлеңдері- шаруалар көтерілісінің айнасы.Ол өз шығармаларында әлеуметтік өмірдің шындығына көз жібере білді. Махамбет ел үшін еңіреген ерді аңсаған, соған бар ақындық жүрегін арнаған. Махамбет поэзияың тамаша үлгісі.

Махамбет туралы айтқанда , оны Исатайдан бөліп –жарып қарауға болмайды. 1836-1838 жылдары халық «ереуіл атқа ер салғанда» , Махамбеттің өзі айтқандай, «Исатай-басшы , мен – қосшы» деп, екеуі де отаршылдыққа қарсы тұрды.

Махамбеттің екі жүз жылдық тойы ЮНЕСКО көлемінде тойланғандықтан, тарих беттерін парақтап, еліміздің өткенін қайта жаңғыртып, Махамбетті тануға, Махамбеті тану арқылы оған жақындай түсуге ұмтылып жатырмыз. Бүгінгі сабағымыз соның айғағы. / электронды оқулық/

Әдебиет тобы / назым/ Исатай 1791 ж. дүниеге келіп, 1838 ж. қаза болған. Бөкей хан 1812 ж. Исатайды Жайықтағы беріш руына старшын етіп тағайындаған. Бөкей қайтыс болып, Шығай билігі кезінде Исатай екеуінің арасында бас араздық туады.

1817 ж. Орынбор шекара комиссиясы Исатайды старшын Өтеміс Құлманизұлын шаптың деген кінә тағып, Сарайшық түрмесіне жабады. Ел-жұрты 20 мың сом ақша жинап босатып алады. Шығай 1823 ж. жаламен екінші рет түрмеге қаматады. Жәңгір хан кезінде Исатайдың жағдайы біршама түзеледі. Тек Каспий жағалауындағы рулардың қайын атасы Қарауылқожа басқарып, озбырлық көрсеткенде ханнан Исатай қатаң талап қойды. Исатай мұнымен тынбай Орынбор генерал-губернаторына да шағым жазды. Бірақ оның талаптары ескерусіз қалды. Исатай 3,5 мыңдай қол жинап ашық көтеріліске шықты. 1838 ж. Ақбұлақ өзені түбіндегі шайқаста қоршауда қалып, қаза тапты.

Истайдың жастық шағында оған өте үлкен ықпал жасаған адамның бірі немере ағасы Жабал Бегәліұлы болған. Ол Истайдың өсіп, азаматтық көзқарасының қалыптасуына, жетілуіне ықпал жасап, тәрбиелеген

Әдебиетшілер тобы / қайнар/ Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 ж. Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 ж. қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836-1838 жж. болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Бала кезінен мұсылманша, орысша оқыған. Әкесі Өтеміс елге ықпалды би болған. 1824-1828 жж. Орынбор қаласында Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайын қасында болды. 1834 ж. Исатай батырмен тізе қосады. Алайда көтеріліс жеңіліс табады. 1838 ж. Исатай қаза болған шайқастан Махамбет аз ғана серіктерімен қашып құтылады. Ол Хиуа хандығына барып тағыда жасақ жинауға күш салады. Бұдан нәтиже шықпаған соң Бөкей ордасына жасырын өтіп ел ішін паналайды. Мұны естіген Жәңгір 40 адамнан қаралған жасақ жібереді. Махамбетті ұстап екі апта түрмеде ұстап, Орынборға айдатады. Тұтқыннан босаған соң өмірін Жайықтың бергі бетінде ел ішінде өткізеді. Жәңгір хан қайтыс болған соң елге сұлтан болған Баймағамбет Айшуақов Махамбетті қудалауын қоймады. Ол ақынның басы үшін 1000 сом сыйақы тікті. Махамбет хорунжий Ықылас Төлеевтің қолынан қаза тапты. Махамбет "Ереуіл атқа ер салмай", "Ұлы арман", "Жайықтың бойы көк шалғын", "Атадан туған ардақты ер", т.б. жырларында болашаққа зор сеніммен қарайды, жақсылыққа, бақытты, бостандықты күреспен ғана жеңіп алуға болады дейді.

Осы жерде махамбеттің бір әнін айдостың орындауында тыңдасақ

/ мұғалім сөзі/ Жалынды ерлігімен, жырларымен халқының көкірегінде қалған ардақты ұлдардың бірі – Махамбет Өтемісұлы алтынмен апталмай-ақ көмілген, кезінде басына ескерткіш те қойылмаған.Өзінің өнегелі істерімен, отты алмас қылышты жырларымен халқының жүрегінде мәңгі сақталып келе жатқан ақынның орны ең алдымен әдебиетте емес , тарихта сияқты.Өйткені ол елді еркіндікке , тәуелсіздікке талпынтқа ұлӂ-6азацѢық қозғалыс басшыларының бірі. МахмбеB тұрғызған дауыл ᐖайыᒛтан баст0лыл, Сарыарқадан Кенесары қозалысымен ԰яқтады.Оның ақындыЛ қ␐сиетін де ашқан сол тафйхи кезең. Жсыжерде сендерің ойлАры£K тыңдахақ.䀍萞рӋнгү␻ менАйдос айтып өтеѰі

  • Сұрақ . «Ел басына күн туса, ер етігімен су кешер» дегендей Махамбеттің басына не күн туды Жәңгірге қарсы шығатындай.

  • Ұлпан мен назым айтып өтеді

  • Сұрақ. Қазіргі ақындардың өлеңдерінен осындай тақырыпты кездестірдіңдер ме?

Айдана айтады

  • Сұрақ. Исатай мен Махамбеттің соңынан халық неге ерді?

Айнұр

  • Сұрақ. «Махамбет, Махамбет» деп жатырсыңдар Махамбеттің тұлғасын көз алдарыңа қалай елестетер едіңдер?

есен , әйнөш, асылбек ,жақа, айым, балжан, бәлөк, айдос, орынгүл

сұрақ«Туған ұлдан не пайда , қолына садақ алмаса» дегендей, тарихқа тағы көз жіберіңдерші... Тәуелсіздігіміз қалай келді?

Балжан ,назым, қайнар

Ой қорыту стикермен бүгінгі ұстанымдарыңды жапсырып бір бір ауыз сөз айтыңдар

Кластер құру тарихшылар тобы Жәңгір ханға, зерттеушілер тобы Махамбетке топпен жұмыс жасап қорғау.

Бағалау «Екі жұлдыз бір тілек» Үлкен жұлдызға сабақтан алған әсерлерің немесе ұсыныс, тілек жазылады. Екінші жұлдызды осы сабақта кімнің пікірі ұнады соған табыс етесіңдер

Қорытынды: Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып жатқанда Жәңгір ханның жағымды жақтарын да ашып, зерттеп,өз ойларың мен пікірлеріңді ортаға салдыңдар.Махамбеттің басы өзі өмір сүрген заманда Баймағамбеттің , патша үкіметінің тарапынан 1000 тілләға бағаланды. Махамбеттің басын кім алса , бүлікті басуға көметессе деп сыйлық тағайындалды.

Намыс туын найзадай тік ұстаған, өткір тілді, қайтпас ер, жырдың алмас қылышы- Махамбет анадан осылайша алып болып туылғандардың бірі, сондықтан оқушылар

Байтақ жеріңе қара да ,

Батырларыңды бағала- дер едім.

Ұлы мұратқа ұлы күрестер ғана жеткізеді. /Өлең оқылады. Махамбеттің соңғы күні/



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-543139

Похожие материалы