Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалы«ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАЛА БОЙЫНА РУХАНИ – ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

«ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАЛА БОЙЫНА РУХАНИ – ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

Скачать материал

«ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАЛА БОЙЫНА РУХАНИ – ПАТРИОТТЫҚ  СЕЗІМДЕРІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ»

 

Гүлмира Дауытқанқызы Сержанова – тәрбиеші, МҚКК «№35 Сәбилер бақшасы»

 

«Туған өлке» жобасы

      I.            Көкейтестігі.

Мектепке дейінгі кезеңнен бастап, балалардың туған өлке туралы білімдері тапшы болады.

     Рухани – патриоттық тәрбие беруге отбасылық атқару жұмыстарының жетіспеушілігі.

 

   II.            Мақсаты.

      Әр балаға рухани – патриоттық негіздерін қалыптастыру, басқа адамдармен де үйлесімді өзара қарым-қатынасты жетілдіру.

III.            Міндеттері:

·        Туған өлкенің тарихын танытып, бүгінгі күнге қызығушылық білдіре отыра балалардың жалпы дамуына әсер тигізу.

·        Рухани – патриоттық сезімдерін қалыптастыру: ізгілік, өз қаласын, елін, жерін мақтан тұту, табиғатын мен байлығын қорғап көбейту.

·        Елінің салт-дәстүрлерін үйрену.

·        Ата-аналарды патриоттық тәрбие беруге бағыттау.

IV.            Күтілетін нәтиже:

1.     Балалардың бойында ұлтжандылықты, төзімділікті, мәдениеттілікті, шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге асыруды қалыптастыруды үшін тәрбие жұйесін құру.

2.     Оқыту – тәрбие процестерінің үштігін: педагог, ата-ана, баланы тарта отырып, тәрбиенің жана түрлерінің жүйесін құру.

3.     Жан – жақты үйлесімді, жетілген жаңа адамды тәрбиелеу.

Қазіргі таңда баланы жеке тұлға ретінде қалыптастырудағы басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын туған жерін сүйе білетін, жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеу болып отыр.

Әр баланың өз халқының мәдениетімен жақынырақ танысуы, олардың бойында атамұраға, туған жеріне деген құрмет пен мақтаныш сезіміне тәрбиелейді. Рухани – патриоттық тәрбиенің бір ерекшілігі – жас балдырған баланың жанына, оның отбасына, туған үйіне, табиғатқа, тарихқа және өз отандастары деп аталатын туыстары мен жақын адамдардың халықтық еңбегімен жасалынған мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін ұялату болып табылады.

Мектепке дейінгі кезеңде патриоттық сезімнің қалыптасуы балабақшадан басталады: ол өз Отанын сүйе білуді, адал болу, еңбек етуге, табиғаты мен байлығын қорғап көбейтуге.

Балалардың Отанды сүйе білу кезеңі өз қаласын немесе ауылын жақсы танып, жеке өмірдің ережелерін, мәдениеті мен тарихын білуден, яғни адамның өлкесінен басталады.

Сондықтан да қазіргі заманға сай еліміздің болашағы – жас ұрпақты патриот қылып тәрбиелуде бірінші бесік – отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік – білім мекемесі.

Адам дүниеге келген күннен бастап, үнемі салт – дәстүр аясында өседі, өсе келе туған жерінің табиғаты мен қоршаған ортасын танып бағалай білуді үйренеді. Мектепке дейінгі кезеңнен бастап, балалардың туған өлке туралы білімдері тапшы болатындықтан, рухани - патриоттық тәрбие беруге отбасылық атқару жұмыстарының жетіспеушілігін осы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін өз жұмысымды жобалау әдісі арқылы жалғастыруын шештім.

Мектепке дейінгі ұйымдарға жобалау не үшін керек?

Жобалау:

Балалардың өз бетінше танымдылық іс-әрекетін белсендіруге;

Балаларға қоршаған ортаның шындығын игеруге, жан – жақты тануына;

Балалардың шығармашылығының дамуына ықпал етеді;

Балалардың байқағыштық, аңғарғыштық икеміне себебін тигізеді;

Тыңдау, ойлау, талдау жасау шеберлігінің шыңдалуына ықпал етеді;

Қойылған мәселені жан-жақты,кешенді көруіне көмектеседі;

Балалардың ойлау, есте сақтау, елестету, сөйлеу қабілеттерін дамытады.

«Отан неден басталады?» деген сұраққа жауабын табу үшін Потанин атындағы, көркемөнер музейлердің мәліметтеріне сүйене отыра түрлі тақыраптардан тұратын бір қатар оқу-тәрбие жұмыстардың жоспарын құрастырдым.

Топтама 6 бөлімнен тұрады.

1.Менің қаламның тарихы.

2.Туған қаламның көшелері.

3.Павлодар өнірінің танымал адамдары.

4.Туған өлкемнің табиғаты.

5.Біздің батыр – жерлестеріміз.

6.Қаланың көрікті жерлері.

Осы жоспарды жүзеге асыру үшін мынаңдай жұмыстар жүргіздім:

Бұқар-Жырау, Потанин атындағы өлкетану, көркемөнер, Майра атындағы мұражайларға саяхат жасап, балабақшаға шақырып, кездесулер ұйымдастырып, қаланың тарихына тоқталып, ұйымдастырылған іс-әрекеттер, мақсатты серуендер мен саяхаттарға шығу, өлке туралы әдеби шығармалар оқу, ерлік жасаған жерлестердің, танымал адамдардың ескерткіштеріне барып, олар туралы альбомдармен көрмелер ұйымдастырып, қаланың ұйымдастырып, қаланың көрікті жерлерінің макеттері жасалды... Осы жасалған іс-әрекеттер балалардың танымдық қабілеттерін дамытады, туған жер туралы білімдерін арттырып, сүйіспеншілік сезімдері мен патриоттық сезімдерін оятады. Көргендерін балалар үйлерінде айтып, туған қала туралы білген жаңалықтарымен бір-бірімен бөліседі.

Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына қарсы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» атты шағын бұрыш жасалды. Жерлес батырлардың суреттерімен, олар туралы мәлімет жазып, Павлодар өңірінде алғашқы соғыстың басталғаны туралы фотосуреттерден альбомдар жасалды. Мәңгілік алаудың,  Камзин А. атты тәрбиеленушінің отбасы, нағашы атасы – соғыс ардагері, туралы мәлімет жинап, альбом жасап, қабырға газетін шығарды. Осы мысалды келтіріп отырғаным жалпы ата-аналардың ізденімпаздық белсенділіктері өте жоғары болғанын айтқым келеді, және де осы жасалған іс-шаралардың бәрі баланың бойына патриоттық сезім ұялатады, әсіресе ұл балаларға ертең өскенде әскер, сарбаз боламын деген ой туғызады.

Туған жер туралы балалардың білімдері тереңірек және есте қаларлық болу үшін алдын-ала жасалатын көп көмек көрсететін. Ата-аналармен және балалармен тақырыптық әңгімелеуді фотосуреттер мен суретті иллюстрациялар арқылы өткіземін. Бұл жерде өз беттерімен қорытынды жасауға, әділ баға беруді үйренеді.

Демалыс күндерге тапсырмалар беріп отыруды әдетке айналдырдым:

-         Балабақша қандай көшеде орналасқан?

-         Естай деген, Сатпаев деген, Сормов деген кім?

-         Сен қандай көшеде тұрасын?

-         Қаланың қандай көрікті алаңдарымен ескерткіштерін танисың?

-         Қандай құстар мен жануарлар мекендейді?

           Балалар, ата-аналармен бірлесе отыра осы сұрақтарға жауап іздеп, мәлімет жинап, әңгімелеп айтуға дайындалады. Әрине, ата-аналарға көмек жасап, керекті әдебиеттер мен ақпарат бар папкілер ұсындым.

Ұйымдастырылған іс-әрекет кезінде барлық балалар сұрақтарға жауап беруге тырысып бір-бірлерінің жауаптарын толықтыруға асықты.

Біздің қаланың кәсіпорындық – металлургия саласынан да танымдығы зор.

Металлургтердің еңбегімен таныстырып, құрылысшылардың салған шағын Усолка мөлтек ауданың көрсетіп, танымал суретшілермен, дара ақындардың еңбектері де тыс қалған жоқ.

Балалардың практикалық іс-әрекеттеріне аса көңіл бөлуді қадағалаймын «Менің қалам», «Менің көшем», «Туған өлкемнің құстары мен аңдары», деген тақырыптарға сурет салу, «Батырларға ескерткіш», «Мәңгілік алау» деген композицияларды мүсіндеу, «Менің көшем», «Менің үйім» деген құрастыру жұмыстары өткізіледі. Осы тақырыптарға байланысты балалардың жұмыстарынан көрмелер ұйымдастырылады, балалар өздері экскурсовод болып қала туралы әңгімелейді.

Балалар оқу – тәрбие жұмыстардан алған әсерлерін ойын арқылы көрсете білді.

«Біз балабақша», «Қалаға саяхат» атты сюжетті – рөлді ойындар ойнап топтың ішінде үйлерсалынып, ғимараттар құрастырылып жатады.

«Біздің қалаға Наурыз келді» атты тағы басқа театрландырылған көріністерге және мерекелерге арналған ойын-сауықтарға, балабақша қызметкерлері, балалар және ата-аналар да қатысып отырады.

Интеллектуалды ойын ретінде «Ғажайып сәт» атты ата-аналар жиналысын өткіздім, «Туған өлкенің білімпазы» деген ойын-сайыс өткізіп, ата-аналардың ішінен ең білімпазы айқындылық.

Ата-аналармен бірлесе отыра атқарылған іс-шаралар балалардың рухани-патриоттық сезімдерін қалыптастырудың негізі болып табылады.

Сонымен, әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы туған өлкемен таныстыру балалардың қиялдау шығармашылықтарына ықпал тигізіп, жеке тұлға ретінде қалыптасырып, өмірлік жолын таңдауға бағыт береді. Бала тек қане өз қоршаған ортасын танып, өз ойын, көзқарасын жетілдіріп, ойын жеткізе білуге дағдыланады, тілі дамиды.

Қолданылған әдебиет тізімі: «От басы және балабақша» Республикалық журнал жиынтығы 2012, 2013ж.

«Туған жер» Қ.Сатпаев.

Аннотация:

Воспитание нравственности и патриотизма закладывается с маленьких лет. Проектный метод воспитания нравственности и патриотизма через изучения родного края. Детский сад и семья неотъемлемая часть познания родного города, края и Республики.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«ЖОБАЛАУ ӘДІСІ АРҚЫЛЫ БАЛА БОЙЫНА РУХАНИ – ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.12.2015 467
    • DOCX 24.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сержанова Гүлмира Дауытқанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1444
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ведение деятельности первичного отделения Российского движения детей и молодежи (РДДМ) в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Основы первой помощи в деятельности воспитателя дошкольной образовательной организации

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 635 человек

Курс повышения квалификации

Менеджмент в дошкольной образовательной организации

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 271 человек

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

GR-технологии и взаимодействие с СМИ

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга и лояльности потребителей: изучение современных тенденций и подходов

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе