Инфоурок Дошкольное образование КонспектыЖоспар "Келді, міне Алтын күз"

Жоспар "Келді, міне Алтын күз"

Скачать материал

Келді , міне Алтын күз!

Тәрбиеші: Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қонысы, алтын ұя бесігі, құт берекесі. Осы табиғаттың төрт мезілінің ерекшелігімен есте қалатыны- осы қазан айы. Айнала сары түске боялып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алады.

Не қасиет бар дейсің осы күзде?

Деп айтқаны әркімнің есімізде.

Ет-майы мен тоқашын қолтықтап ап,

Байлық, ырыс әкелген осы бізге.

Талай-талай басынантаңды атырды,

Алтын дәнін тиеп ап арбасына.

Қараңыз өз бастап кеткен жоқ па,

Отанның берекелі қамбасына, -деп ақын ағамыз М. Мақатаев жырлағандай , бүгінгі ертеңгілігімізде күз туралы,күздің кереметі туралы өнерімізді ортаға салайық.Ендеше, ересек «Балдырған» тобын ортаға шақыраыйқ.(қолдарына жапырақ ұстаған балалар ортаға шығады)

Тәрбиеші:

 Бұлттар төніп,

Жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,

Өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Бой жаза алмай,

Ойна алмай,

Денең мұздап, тоңады.

Балалар айтыңдаршы ,

Бұл қай кезде болады?

Балала: Күз мезгілінде.

Жүргізуші:Дұрыс. Балалар қараңдаршы табиғат қалай өзгерген! Қызыл,сары жапырақтар.Құстар жылы жаққа ұшып барады!

Бұл қандай мереке бізге келген?

Балалар:Күз мерекесі.

Жүргізуші: Олай болса күзге арнаған ән-тақпақтарымызды айтайық.

Венера:Берекелі, мерекелі,

Келді міне алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жанның бәрі жарқын жүз.

Райымбек: Күз мезгілі тамаша!

Көз томайды қараса.

Аяқ асты сап-сары,

Төселгендей алаша.

Арай:Сары алтындай  сары күз,

Қамбадағы дәніміз.

Шелек-шелек балымыз,

Ағыл-тегіл ағымыз.

Нұрым:көк аспаның мөлдіріеп,

Алтын күзім елжіреп,

Асыр салып жүре бер,

Сары көйлегің желбіреп.

Сабина:Алақай, алақай!

Шаттанды балақай,

Жер берді егісті,

Игерді ел егісті.

Міне, сары алтындай күзіміздің қуанышты бір күні. Күз ерекше берекелі, мерекелі. Әрбір үйдің дастарқанын дәмге, қоймасын дәнге толтыратын алтын да жомарт күзімізді ортаға шақыраық.

Балалар (шапалақтап):

Бір, екі, үш,

Келші бізге Алтын күз

(Сиқырлы музыкасымен қолына себет ұстап ортаға Алтын күз келеді).

Алтын күз:Сәлеметсіздер ме, балалар, сәлеметсіздер ме ,қонақтар»

Мен байлық пен молшылыққа толы мезгілмін.

Өйткені:

Егінді ел жинады,

Қырманға дән сыймайды.

Біздің дала-бай дала,

Алтын астық айнала.

Жүргізуші: Алақай, алақай,

Келді бізге күзіміз!

Қырман толы бидайға,

Жеміс толы бау-бақша,

Келді бізге Алтын күз!

Қарсы алайық бәріміз!

Сәлеметсіз бе, Алтын күз! Біздің мерекеге қош келдіңіз! Ересек «Балдырған»тобы балаларының өнерін тамашалааңыз.

Балалар:

Жоматр күздің жемісі дәмді болсын,

Көңіліміз жайнасын, әнге толсын.

Ән: Күз жоматр.

Алтын күз:Рақмет сендерге!

(залға Қарақшы кіреді)

Қарақшы:Мені ұмытып кеттіңдер ме? Өздерің ән айтып, би билдеп отырсыңдар ма? Қазір мен сендерге көрсетейін.(күзді ұрлап кетеді  де, сосын қайта келеді).

Жүргізуші:Қарақшы сен не істедің? Бізге Алтын күзді жіберші.Алтын күз болмаса, біз мерекені қалай өткіземіз?

Қарақшы: Жоқ, мен Алтын күзді бере алмаймын.Оны қараңғы орманға тығып қойдым.жаздан кейін қыс болып кетсін.

Жүргізуші: Балалар, қарақшының айтқаны дұрыс па?Жаздан кейін қыс мезгілі болушы ма еді?

Балалар: Жоқ,дұрыс емес.

Қарақшы: Мен бәрібір Алтын күзді бермеймін.Менің көңіл-күйімді көтеріңдер, содан соң ойланып көрейін.

Жүргізуші: Әрине, біз қазір сенің көңіліңді көтереміз.

Ақерке:Сап-сары ғып даланы,

Бояпты ғой күз деген.

Құстар қанат қағады,

Қоштасқандай бізбенен.

Абзал:Жаздай күткен бәріміз,

Сары алтындай сары күз.

Алтын ұя бақшамыз,

Сабақ, ойын ортамыз.

Алихан:Қуантып біздерді,

Мерекелі күз келді.

Кел, жемісті Алтын күз,

Кемелденсін халқымыз.

Каусар:Ой, балалар балалар,

Қоңырқай күз болыпты.

Қурап жапырақ солыпты,.

Ел егінін орыпты.

Ойналық та, күлелік,

Енді оқуға кіреліе.

Әлібек: Жайдары күз, жарқын күз.

Аяулы күз, алтын күз,

Дәнге толы ен далам,

Дариядай толқып тұр.

Қарақшы:Маған ұнамады. Тағыда күз туралы...

Одан да жақсы бір ән орындап беріңдерші.

Ән: күз.

Қарақшы:Күз туралы ма? Маған ұнамады.Мен барып Алтын күзді көріп келейін, мүмкін жылап отырған шығар(кетеді).

Жүргізуші: Балалар енді не істейміз?

(Музыка ойнайды, ортаға сыған қыздары шығып билейді).

Сыған қыздары:Біз көңілді сығандармыз.Көңіл күйді көтереміз.Сәлеметсіздер ме, балалар, сәлеметсіздер ме, қонақтар!Сендерге не болды?

Жүргізуші: Қарақшы келіп біздің Алтын күзімізді ұрлап кетті. Бізге оны бермейді.

Сыған қыздары: Балалар, мұңаймаңдар,біз сендерге көмектесеміз.

(Музыка ойнайды Қарақшы кіреді).

Қарақшы: Алтын күзге барып келдім.Ол сендерге барамын деп жылап отыр.

Сыған қыздары: Қандай сұлу жігітсің!Әкел,біз саған бал ашып берейік.Сенің жолың ашық, сен өте мейірімдісің, ақылдысың. Менің тағы не көріп тұрғанымды білесің бе?Бір жерде үлкен алтын жатыр.

Қарақшы:Қандай алтын, қайда жатыр?

Сыған қыздары: Мынандай(қолымен көрсетеді).

Қарақшы: Жүр, ол жерге тез барайық.

Сыған қыздары: Жоқ, сен алдымен Алтын күзді алып кел.Содан  соң барамыз.

Қарақшы: (ойланып): Білмеймін...

Сыған қыздары: Саған Алтын күздің қажеті не? Біз саған жол көрсетіп, алтынның қайда екенін айтамыз

Қарақшы: Қазір(залдан жүгіріп шығып,Алтын күзді алып келеді). Міне, алыңдар!Менің әдемі,сұлу қыздарым, кеттік, маған жол көрсетіңдер(кетеді).

 Алтын күз:

 Алақай, алақай, балалар!Енді біз ойын ойнайықшы.

Ойын: «Кім жылдам»

Шарты:Ағашта өсетін жемістерді атағанда қол шапалақтайды(алма, шие, банан,т.с.с).Жерде өсетін көкөністерді атағанда аяқ тоқылдатады(картоп, жуа,т.с).

Мәншүк:Мерейлі күз, мырза  күз,

Сйылығыңа ырзамыз.

Апақ арай таңында,

Шомыламыз нұрға біз.

Ибрахим: Қамба толы астыққа,

Алғыс саған, алтын күз!

Бір уыс дән шаштық та,

Қап-қап қауын алдық біз.

М.Мадина:астық, жеміс жиылды,

Қамбамызға құйылды.

Ардақты күз мың алғыс!

Алдық өнім-сйыыңды.

Рамазан:Қосып білім нұрға-нұр,

Біздер бүгін жарқынбыз.

Басы оқу жылының,

Берекелі алтын күз.

Жүргізуші: Осындай дәулеті тасқанеліміздің алқабы астыққа толы болса, нан да, ән де болары сөсіз.Олай болса,Алтын күзіміздің кереметтеріне куә болайық.(ортаға жемістер шығып тақпақтарын оқиды).

Әлиби:Жұлып едім жүзімді,

Жүзі бірден үзілді.

Жүзін де жеп қойыппын,

Өзім әбден тойыппын.

Төреғали:Бір тістеп өзін алған-дым,

Дәмі аузымда қалған-ды.

Домалатын жеймін мен,

Күнде қызыл алмамды.

Назым:Жинап жатыр ауылым,

Сап-с ары ала қауынын.

Алмақ едім үлкенін,

Ауырын-ай,ауырын.

Сырым:Қызықтың ба қиярға,

Ал да жей бер, ұялма.

Көтергенше берейін,

Қапшығыңа сияр-ма?

Нұрайна:Уылжыған өрікпін,

Мен бау-баққа көрікпін.

Бал татыған дәмім бар,

Көктемде ерте гүлдеймін.

Піспей тұрған кезімде,

Менен аулақ жүр деймін.

Әділхан:Қып-қызыл боп қалғанда,

Аузыңа салғанда.

Не жетеді шіркін-ай,

Қызанаққа жалғанда.

Әдемі: Күннің нұрлы шуағы,

Шұғыла боп шығады.

Шөлің әбден қанады,

Көз шамдай жанады,

Тамылжыған шырыны,

Таңдайымда қалады.

Жүргізуші: Алтын күз ,сеніңсебетіңде жапырақтар бар секілді, олар тапсырмалар болар, бәлкі?!

Алтын күз: Әрине!(Жапырақтарын көрсетеді).Күз жұмбақтардың шешуін ортаға шығарып тұрады.

1 -жапырақ тапсырмасы:

Жерге қазық қақтым,

Басына айдар тақтым.(сәбіз)

Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімен.(жуа)

Бүрі, бүрі, бүрі бар,

Күн келбетті түрі бар.(күнбағыс)

Піспегендесырты қар,өзі  қатты,

Ал піскенді ерекше дәмі тәтті.(картоп)

Тәрбиеші:

Алтын күз бұларды неге ортаға шығардың?

Алтын күз: Олар қазір айтысады.

Көрініс:(Бағбан тырмамен жер жыртып жүреді).

Мұқалмаған жігері,

Атай әлі күшінде.

Қашан көрсең жүреді,

Бау-бақшанйың ішінде.

Қолы неткен епті еді,

Бәрін өзі істейді,

Ертелі кеш кетпен,

Иығынан кетпейді.

Бағбан(күнбағысқа келеді)-Таңірберген

Күнбағыс-ау, күнбағыс,

Күнді сүйген сен нағыз.

Күн ауғанда сен ауып,

Төбеңнен күн өтпей ме?

Таңдайың кеуіп кетпей ме?

(жуа, сәбіз, картоп ұйықтап жатады. Күнбағыс кенет басын жерден жұлп алады).

Күнбағыс-Венера

Күнді, күнді. Қараңдар! Шуағын шашып нұр төгіп тұр.Қане, тұрыңдар.Күнді көріңдер.(әр қайсысын жұлқылап оятады).

Жуа- Абзал :Не болды?

Сәбіз- Каусар:Бұл не айқай?

Картоп-Ибрахим:Ұйқымды бұздың ғой(есінейді).

Күнбағыс: Әй-Әй, сендер-ақ мүлги бересіңдер.Мен сияқты күнді көрмейсіңдер ме?Сендер ешкімге керек емессіңдер.

Жуа: Мен адамға пайдалымын. Менде С, В дәрумендері көп.Жөтелге, тұмауға, күйген жерге , басқа да ауруларға еммін.

Картоп:Әй-әй,! Жуажан, қалай ұялмайсың!Сен адамдарды жылатасың ғой. Адамға пайдалы деп мені айт. Менде глюкоза, крахмал, сахароза деген заттар бар.

Сәбіз(бетін шымшып): Ұят-ай! Картоп дегенәің мақтаншақ екен ғой. Мақтансам мына мен мақтанайын.Адамдар мені дәрі-дәрмек үшін өсіреді. Содан соң тамақ ретінде өсіреді. Мені қан азайғанда, демікпе борлғанда, асқазан ауыпғанда және де қатерлі ісіктерге пайдаланады. Мен пайдалымын.

Күнбағыс: Уа, адам! Біз таң атпай дауласып жатырмыз.Қайсысымыз адамға пайдалымыз. Айтып берші!

Бағбан: Маған бәріңде керексіңдер.Бәрің де пайдалысыңдар. Күнбағыстан алынған майға жуаны, картопты, сәбізді қуырыа тамақ пісіремін. Сендер жақсы өссін деп кетпенімді қолымнан тастамаймын. Енді дауды қойыңдар. Дәрілік қасиет бәріңде де бар. Күннің нұрын, ауаның тазасын жұтып өсе беріңдер!

2-жапырақ тапсырмасы: «Көкөнітердің адамға пайдасы»(балалар ортаға шығып орындайды).

М.Мадина:Құлпынайдың суретін көрсетіп: Көздің көргіштігін жақсартады.Кітапты көп оқыса, көз талады. Сондықтан құлпынай жеген адамның көру қабілеті жоғарлайды.

Назым: Қауынның құрамында қант көп. Ол бүйрек,асқазан ауруларына ем.Беттегі безеуді, сепкілді кетіруге көмектеседі.Ет қайнап жатқанда қауынның қабығын салса , жұмсақ болады.

Айзада:Пияз тамаққа ерекше дәм береді.Жұқпалы аурулардың микробтарын өлтіреді.Сарымсақ пен жуа өепеге салқын тигенде, жөтелгенде емге қолданылады.

Сабина:Бананның С.в.В.РР дәрумендері көп.Тістің түбін бекітеді.Сүйектің қисаюына мүмкіндік бермейді.

Әдемі:Қарбыздың құрамында Ғе дәрумені көп.Қан көбейтеді.Бүйрек, бауырдың жұмысына көмектеседі.Дәндерінен май алынады.Ішек құртын емдеп, қан тоқтатады.

Жүргізуші:Алтын күзіміздің жапырақтары арқылы жемістердің емдік қасиеттерімен таныстық.Осы көкөністеріміз бен жемістерімізге байланысты бір ойын ойнап , сергіп алайық.

Ойын:»Күз сйыын жинап ал»

Шарты: Араластырылған көкөністер мен жеміс-жидектерді арнайы белгісі бар көліктерге тиеу керек.

Жүргізуші:Алтын күзіміздің тапсырмаларын орындадық.Оның қоштасатын уақыты да жақын екен.

Алтын күз: Байлығымды жинадым,

Барымды мен сыйладым.

Алға бастар жолым бар,

Аман-есен болыңдар.(Балаларға себеттегі аламаларды, ата-аналарға, қонақтарға салат рецептілерін таратады).

Көрініс:»Шалқан»

Жүргізуші: Осымен Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жоспар "Келді, міне Алтын күз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 044 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.01.2016 1164
    • DOCX 22.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дуйсебаева Акбала Есетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дуйсебаева Акбала Есетовна
    Дуйсебаева Акбала Есетовна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6673
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 104 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 531 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 172 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе