Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Қалалық семинар : "Қыс қызығы"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Қалалық семинар : "Қыс қызығы"

библиотека
материалов

hello_html_m18edf157.gifБілім беру саласы:Қатынас. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Қоршаған дүниемен таныстыру.

Тақырыбы: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы.

Мақсаты:Білімділік.Балалардың қыс мезгілінің белгілері және табиғи құбылыстары туралы түсініктерін арттыру; қардың неден, қалай пайда болатыны туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Қыста ойналатын ойындар қыс қызығын арттыра түсетінін түсіндіре отырып, қыс мезгіліндегі белгілерді өз бетінше табуға, жыл мезгілдерін салыстыруға, қорытынды шығаруға деген қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Қысқы ойындардың пайдасын түсіндіру арқылы спортты сүюге баулу; табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Слайд, дидактикалық ойын.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, ой толғаныс, ассоциация, мадақтау әдістері қолднылады.

Сөздік жұмыс: қар кесегі, аққала.


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңберге тұрғызу.

-Шеңберге тұрғанда бір-бірімізді көріп, қуанышқа бөленеміз. Сондықтан да біз бір-бірімізге көңіл-күй және жылылық сыйлайық.

-Жарайсыңдар, балалар ендеше орнымызға отырайық.

-Балалардан жыл мезгілін, ай аттарын, ауа-райы ерекшеліктерін сұрау.


-Балалар, мен сендерге өлең оқып бергім келіп тұр, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Шанамен зырлап желетін,

Шаңғы, коньки тебетін,

Аққала жасап ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?

-Жарайсыңдар балалар, сендер өлеңнің жылдың қыс мезгілі туралы екенін дұрыс таптыңдар.

Ендеше біздің бүгінгі жаңа тақырып: Жаңа жыл келді. Қыс қызығы деп аталады.

Балалар шеңбер құрып тұрып,

бір-біріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Армысың, асыл Күн,

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос.

Міне, менің қолым!

Қолдарымен бір-біріне жылу береді.

Сұраққа жауап береді.



Балалардың өлеңді тыңдауға деген қызығушылықтары артады.



Қыс мезгілі екенін айтады





Балалар жаңа тақырыппен танысады.

Іздену-ұйымдастырушы

Аспанды сұр бұлт қаптап, жерді ақ ұлпа қар басады. Өзендерде мұз қатып, айнала ертегідегідей тыныштыққа бөленеді. Қарағайлар мен шыршалар қардан тон киіп, ақ қалпақ киіп алғандай.Төменде өскен бұталар, жас ағаштар балалар секілді олар да аппақ киім киген. Күннің суығына қарамастан балалар шана, коньки теуіп, қар атысып ойнап жүр.

-Қай мезгіл туралы айтылды? Оны қалай білдіңдер? Ағаштар киген тон мен қалпақтар не деп ойлайсыңдар?

-Балалар, сендер сұраққа дұрыс жауап бердіңдер. Енді мен сендерге қардың қайдан және қалай пайда болатынын түсіндіремін.

-Биік аспанда су булары қатып, кристалдарға айналады. Ол кристалдар жерге қар болып жауады.

Балаларға слайд арқылы қар ұшқындарын көрсету. Әр қар ұшқынының өз өрнегі болады. Олар түссіз, үлкен және кіші болады. Ал олар көп болған кезде бізге қар болып көрінеді.

-Қыс айлары желтоқсан, қаңтар, ақпан өте суық болады. Қыстың үш айы қандай суық болған күнде де адамдар мұзайдында конькимен сырғанайды, шаңғы, шана тебеді. Қар кесектерін домалатып, аққала жасайды.

Сөздік жұмыс жүргізу:қар кесегі, аққала.

Қар кесегі-қардың бөлігі;

Аққала- қар кесегінен домалатып жасалған бейне.

Балаларға слайд арқылы қыс, жаз, ерте күз және күздің соңы бейнеленген төрт сурет көрсетіледі.

-Суретте жаз мезгілі мен күздің бастапқы кезеңі белгіленгенін қайдан білдіңдер?

-Жаз бен күздің айырмашылығы қандай?

Келесі суретте әртүрлі киім киген адамдардың суреттері көрсетіледі.

-Қыс мезгілінде киетін киімнің күз мезгіліндегі киімнен қандай айырмашылығы бар?


-Балалар сендер ойын ойнағыларың келе ме?

Ендеше «Қысқы ойындар» деген дидактикалық ойын ойнайық.

Шарты: Үстел үстінде түрлі ойын түрлері бейнеленген суреттер қойылады.Сол суреттердің ішінен балалар қысқы ойын түрін тауып, оны тақтаға жапсырады да әңгімелеп береді.

-Ойын сендерге ұнады ма?

Осы ойындарды ойнау арқылы біздің денеміз шынығады. Шаңғы, коньки тебу спорттық ойын түрлеріне жатады. Спортпен шұғылдану адам денсаулығына өте пайдалы.

Сергіту сәті:

Боран соғар оң жақтан,

Боран соғар сол жақтан.

Қар лақтырып ойнасақ,

Суық өтер қолғаптан.

-Балалар, қыс мезгілінде қандай мереке болады?

-Жаңа жыл мерекесінде біз нені безендіреміз?

-Мерекеде қонаққа кім келеді?

-Аязата бізге не әкеледі?

-Жаңа жыл мерекесі сендерге ұнай ма?
















Қойылған сұрақтарға жауап береді.













Балалар слайдтан қар ұшқындарын қарайды.















Балалар қайталап айтады.







Балалар қай жыл мезгілі екенін айтады.

Балалар жаз мезгілі мен күздің бастапқы кезеңінің айырмашылығын айтады.



Балалар адамдардың жыл мезгіліне сәйкес киім кигендері туралы айтады.





Ия деп жауап береді.





Сурет бойынша әңгімелеп береді.













Өлең жолдарын қайталап, қимыл қозғалыс жасайды.



Жаңа жыл мерекесі болады.

Шыршаны

Аязата мен Ақшақар

Сұраққа жауап береді.

Рефлексті коррекциялаушы

-Қыс мезгілінің айларын ата.

-Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атап бер.

-Қандай қысқы ойындарды білесіңдер?

-Қыс мезгілін не үшін жақсы көресіңдер? Қыс мезгілі несімен қызық?

Ассоциация әдісі бойынша қорытындылау.

Қыс қызығы:

Жауатын ақ ұлпа қары, шанамен сырғанау, шаңғы тебу, коньки тебу, аққала соғу, жаңа жыл мерекесі, Аязата, Ақшақар сөздері қыс қызығы сөзінің жан-жағына жазылады немесе суреттері қойылады.

-Балалар, сендер бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.Қойылған сұрақтарға дұрыс жауап бердіңдер. Жылдың қай мезгілі болса да ол мезгілдің өзіне тән ерекшеліктері болады. Әр мезгіл өз ерекшелігімен бізге ұнайды. Бұл бізге табиғаттың берген баға жетпес сыйы. Сондықтан да табиғатты қорғап жүру біздің яғни адамдардың міндеті екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.


Балалар сұрақтарға жауап береді.





Балалар өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже: қыс мезгілінің ерекшелігін білуі.

Білуі тиіс:жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін толықтыру.Қардың қайдан пайда болғанын білу.

Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі:суретке қарап әңгіме құрай білу.























Білім беру саласы: «Қатынас»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Ормандағы шырша тойы»

Мақсаты:.Білімділік: Балаларға әңгімені тыңдата отырып, қыс мезгілінің ерекшелігімен таныстыру.

Дамытушылық:Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Ормандағы аңдарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ жауап, «Раунд-Робин», топтау, мадақтау, қортындылау әдістері қолданылады.

Сөздік жұмыс: безендіру.

Көрнекіліктері: балалардың шыршаны безендіріп жатқан суреттері. Сәбіз жеп отырған қоянның суреті слайд арқылы көрсетіледі.

Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері.

Балаларды шеңберге тұрғызу.

Алақан жылуы арқылы бір-біріне жақсы тілектерін білдіреді.

Балалар шеңбер құрып тұрады.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды күніміз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Күліп шықты күн бүгін.

Өлең жолдарын бірге қайталайды.

Іздену-ұйымдастырушы

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?

-Қыста қандай мерекені атап өтеміз?

-Жаңа жылда нені безендіреміз?

-Шыршаны безендіру сендерге ұнай ма? Ендеше, шыршаны безендірген кезімізді көз алдымызға елестетеміз.

Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға жасыл шыршаны елестетеміз. Қолымызға түрлі ойыншықтарды алып, шыршаға іліп жатырмыз. Шыршамыз жарқырап кетті. Қандай әдемі шырша! Көзімізді ашайық.

Шыршаны безендірген кезіңіз көз алдыңызға елестеді ме?

Ендеше, балалар, бүгін біз көркем әдебиет оқу іс-әрекетінен «Ормандағы шырша тойы» әңгімесімен танысамыз.

Мен сендерге әңгімені оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.

Ормандағы шырша тойы

Руслан жақында алтыға толды. Ол ата-анасы, әжесімен бірге тұратын. Олардың кішірек ағаш үйі орманның шетінде орналасқан.

Жаңа жыл да жақындап қалды. Осы кезде Русланның үйіне қаладан қысқы демалысқа ағасы Тимур келді.

-Орманға барып, шыршаны безендірсек жақсы болар еді, - деді Тимур.

-Әсем шыршаны ормандағы аңдар және құстар да көреді ғой!

-Біздің Тимур әрқашан бір нәрсені ойластырып жүреді! – деді әкесі.

-Бірақ ормандағы аңдарға, құстарға шырша ойыншықтары керек емес. Оларға тамақ болса дұрыс болар еді.

-Ия дұрыс айтасыз! – деп Руслан мен Тимур қуанып қалды.

-Қараңдаршы, үйден алыс емес кішкентай шырша тұр, соны безендірейік, - деді анасы.

Келесі күні балалар нан бөлкесін тілімдеп кесіп, жіпке іліп қойды.

-Ал қояндар үшін шыршаның төменгі жағына сәбіз бен орамжапырақ орналастырайық, - деді әкесі.

Дайын болған кезде барлығы кішкентай әдемі шыршаға келді. Шыршаның қарын сілкіп, әкелген заттарын іле бастады. Шыршаның ең жоғарғы жағына Руслан әкесінің иығына отырып, нанды ілді. Сөйтіп, шыршаны безендіріп, олар үйге көңілді оралды.

Келесі күні таңертең балалар тез киініп, терезеге жүгіріп келіп, сыртқа қарады.

Шыршада әдемі құстар іліп қойған нанды, кепкен жидектерді шоқып жеп отыр.

-Бұл қандай құс? - деп сұрады Руслан.

-Білмеймін, -деді Тимур.

Осы кезде бөлмеге әкесі кіріп келді.

-Әке қараңызшы, шыршадағы қандай құстар? –деді Руслан.

-Кеудесі қызыл құс –бұлар суықторғайлар, - деді әкесі.

Бір кезде шыршаға шымшық ұшып келді. Ол да бір тілім нанды жей бастады.

Кешке барлығы Жаңа жылды қарсы алды. Астан кейін анасы терезеге жақындап, балаларын шақырды:

-Тезірек, тезірек келіңдер, қараңдар!

Далада айлы түн еді.Қар жылтырап жатыр. Шырша жанында ұзын құлақты аңдар жүгіріп жүр. Бір кезде бір қоян артқы аяғымен отыра қалды.

-Қараңдар, қоян сәбіз жеп отыр! – деді Руслан.

-Міне, енді тіпті жақсы болды, -деді Тимур.

-Бәрі біздің тамаша шыршамызға келіп, қуанып жатыр. Тамаша!

Балалар, әңгіме сендерге ұнады ма?

-Руслан ата-анасымен қайда тұрады?

-Жаңа жыл қарсаңында қонаққа қаладан кім келді?

-Тимур Русланға қандай ой айтты?

-Екі бала шыршаны қалай безендірді?

-Шыршаға ілген тамақты қандай құстар жеді? Аттарын ата.

-Анасы нені көріп қалды?

-Балалардың шыршаны жейтін нәрселермен безендіргені дұрыс па?

Сөздік жұмыс жүргізу:

Безендіру – әдемілеу, көркемдеу.

Міне балалар, адамдар ғана емес, аң, құстар да жаңа жылды осылайша тойлады.

Сергіту сәті:

Әдемілеп біз ілген,

Ойыншықтары тізілген.

Қандай әсем шыршамыз,

Би билейміз баршамыз


-Балалар шырша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?

-Ендеше, мен сендерге «Топтау» әдісі бойынша тапсырма беремін. Сендер тапсырманы орындағыларың келе ме?

Олай болса, үш топқа бөлінеміз:

І-топ үлестірмелі геометриялық пішіндердің ішінен үшбұрышты табулары керек.

ІІ-топ жіпті пайдалана отырып, үшбұрышты жасайды.

ІІІ-топ санағыш таяқшаларымен үшбұрышты құрастырады. Тапсырма түсінікті болса жұмысқа кірісеміз.












Балалар көздерін жұмып отырады.







Сұраққа жауап береді.



















Балалар әңгімені тыңдайды.











































































































Қойылған сұрақтарға балалар жауап береді.











Құстардың аттарын атайды.

Қояндарды.











Балалар өлең жолдарын бірге қайталап, қимылмен көрсетеді.





Үшбұрышқа.



Ия.







Балалар үш топқа бөлініп, берілген тапсырмаларды орындайды.

Рефлексті коррекциялаушы

-Балалар бүгінгі оқу іс-әрекет сендерге ұнады ма?

-Қандай тақырыпта әңгіме тыңдадыңдар?

-Әңгіме сендерге ұнады ма?

-Балалар аңдар мен құстар да табиғаттың бір бөлшегі.Оларды қорғап қамқорлық жасау әр адмның парызы. Аңдардың, құстардың ағаштардың табиғатқа тигізетін пайдасы өте зор. Сондықтан біз оларды қорғауымыз керек.

Сонымен балалар, шырша дегеніміз не ?

«Раунд-Робин» әдісі арқылы әр бала бірінің айтқанын бірі қайталамай шырша туралы не біледі, бір сөйлем немесе сөз тіркесі арқылы айтып шығады.






-Жарайсыңдар балалар, сендер бүгінгі оқу іс-әрекетке өте жақсы қатыстыңдар. Берілген тапсырмаларыды дұрыс орындадыңдар. Осымен оқу іс-әрекет аяқталды.



















-Шырша ағаш

-Шырша әдемі

-Шырша орманда өседі.

-Шырша қысы-жазы жасыл түсте.

-Шырша тікенек жапырақты

-Шыршаны жаңа жылда безендіреміз.


Күтілетін нәтиже:

Білуі тиіс: Әңгімені тыңдай отырып, сөздік жұмысын жүргізу барысында сөздің мағынасын айтып үйрену.

Түсінігі: табиғатты аялау, қорғау керектігін түсіну.

Көрсете білуі:Әгіменің мазмұнын айтып беру.






































Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров273
Номер материала ДВ-170895
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх