Инфоурок Всеобщая история Научные работы«Алаш» партиясын басқарушы Әлихан Бөкейхановтың идеясын насихаттау

«Алаш» партиясын басқарушы Әлихан Бөкейхановтың идеясын насихаттау

Скачать материал

ӘЛИХАН   БӨКЕЙХАННЫҢ ИДЕЯСЫ - ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ

 

                            МЕНДЕЕВА ЗИЯШ  БОРАНБАЙҚЫЗЫ

Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің оқытушысы  (Ақтөбе  қаласы)

 

 

          XIX  ғасырдың   соңы мен    XX   ғасырдың   басындағы қазақ  зиялыларының қоғам  қайраткерлері  қатарындағы  аса ерекше тұлға - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов болатын. Көрнекті қоғам қайраткері Ресейдің жергілікті  және қалалық қоғам қайраткерлері сьезінің  депутаты. Ресейдің   I   Мемлекеттік думасының және мұсылман  халықтары сьезінің  депутаты.IV Мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санкт- Петербор  масоны, қазақтың  20 ғасыр басындағы ұлт -азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш  партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы болып қызмет атқарған. Әлихан Бөкейханов «Алаш»  қозғалысындағы үзеңгілестері мен пікірлестерінің алдында ұзақ  мерзімге негізделген ауқымы кең  стратегиялық  мақсат-  мүдделер қоятын.  Халықтың сана сезімі мен ұлттық мәдениетін көтерудегі баспасөздің орасан зор маңызын  бағалай білген Әлихан   Бөкейхан қазақтың  тұңғыш басылымы «Дала уалаятының газеті»  жабылып қалған  соң қазақ  тілінде газет басуды  ұйымдастыруға жанын салады.1905 жылы   Мәскеуде өткен орыстың «Жергілікті  және қалалық қоғам қайраткерлері » сьезіне 5 миллионға жуық қазақ халқының атынан өкіл болып барып, сьездің Романов үйінде өткен мәжілісінде  жасаған баяндамасында ол былай дейді :«У нас также преследуется школас казахским  языком , нас тоже давит  цензура. Вот уже 13  месяцев, например, не могу добиться от цензуры  разрешения  на издания киргизского перевода 46-ти басен И.Крылова. Крестьянские начальники не допускают при рассмотрении дел казахского  языка».1913 жылдың ақпанында тұңғыш саны  жарыққа шыққан  «Қазақ » газеті соның бірден -бір жемісі еді. Ахмет Байтұрсынұлы  редакторлық еткен бұл газеттің  бүкіл қазақ зиялыларының басын біріктіріп халық үшін атқарған  қызметін ерекше бағалау орынды. Осы газетте Әлихан Бөкейхановтың 250-ден аса  мақалалары , ғылыми зерттеулері, аудармалары жарық көрді. КСРО-ның Мемлекеттік  қауіпсіздік комитетінің  мұражайынан алынған құжаттардың  бірінде  мынадай жолдар бар:«1894 жылы  4-курс  студентіӘ. Бөкейханов студенттік  толқуларға қатысты делінген».Міне ,осы мысалдардан Әлиханның студенттік күндерінен-ақ Ресейдің саяси өмірімен қайнасып, марксизм  уағыздарымен  жақын танысқандығын көреміз. Сөйтіп оның Ресей империясының қоғамдық  мемлекеттік  құрылымына, оның қазақ  даласына жүргізген отаршылдық  саясатына деген тәуелсіздік  көзқарасы Санкт-Петербордың Орман институты  студенті күндерінде қалыптаса бастады. Омбыға оралған  бетте қаланың  прогрессивті, демократиялық бағыттағы зиялылармен, саяси жер аударылғандармен  тез  тіл  табысып , тығыз  қарым-қатынаста болады.  Әлихан  Бөкейханның  саяси көзқарасының  пісіп жетілуіне , кейін  белгілі саяси , қоғам мемлекет қайраткері, әрі ұлт-азаттық  қозғалыстың  уағыздаушысы және көсемі ретінде танылуына,  саяси  күрескер ретінде шыңдалуына осы Омбы кезеңінің  орны ерекше болды.Әлихан   Санкт- Петербордың   Орман институтына түсіп, онымен қатар императорлық  университеттің  заң факультеті курсын экстерн  әдісімен оқып,1894 жылы  ормантанушы- ғалым  және заңгер деген  екі  диплом алады.1905  жылдан кейін қазақтың  ұлттық  қозғалысы  анағұрлым  саяси  түр сипат  ала бастады. Әлихан  өзінің 1910  жылы «Қазіргі дәуір  мемлекеттеріндегі  ұлттық  қозғалыстың түрлері»  атты жинаққа кірген «Қазақтар » деген еңбегінде көрсеткендей  қазақ даласында екі  саяси  ағым пайда болды. Бірі-Бұхара мен  Түркістанға бет  ұстаған дәстүршіл, пани исламшыл ағым. Бұл ағымды  татар , Түркістан медресселерін бітірген  исламның  кертартпа қайраткерлері   уағыздады. Екінші  бағыт    оған қарағанда  жаңа пантүрткілік ыңғайда болып, негізінен  Батыс  өркениетін үлгі тұтты.  Орыс мектептерінен    тәлім-тәрбие алған қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынұлы,Ж.Ақпайұлы,М.Дулатұлы,Х. Досмұхамедұлы бастаған топ осы ағымға жататын.Қазақ зиялыларының бұл тобы қазақ халқының  ұлттық   ерекшеліктерін сақтай отырып  Еуропа мәдениетіне, өркениетіне көз жеткізуді көздейді. Міне, осындай көзқарастағы Әлихан Бөкейхан 1905 жылдың  қарашасында Мәскеуде өткен жергілікті және қала қайраткерлерінің  сьезіне қатысады. Сьезде Ә.Бөкейханов 5  миллионға жуық  қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйлейді. Сөзінде ол қазақ халқының  тіл,  сайлау,  діни және басқа   бостандықтары мәселесін көтереді.«Ближайшей  нуждой   казахов  является  свобода   в  употроблении  родного  языка, особеннрнеобходимая в виду предстоящей, которые просили сьезд высказаться за  медленную отмену всех ограничении в правах  местных  языков» Бөкейханның бұл сөзінің үзіндісі «Семипалатинской листок» газетінің 1905 жылы 8 желтоқсан күнгі санында басылады.

1906  жылы 15  маусымда  ол Ресейдің I  Мемлекеттік думасында Семей  қазақтары  атынан  бір ауыздан депутат болып  сайланды. Ресейдің I Мемлекеттік думасы өзінің жұмысын 27 сәуірде бастаған болатын. Мемлекеттік дума күштеп таратылғаннан кейін, патша үкіметінің бұл қылығына  наразылық  білдіру мақсатымен 200-ден аса депутат   жасырын түрде сол кездегі  Финляндияның  Выборг қаласына жиналды. Сол жиналыстың нәтижесінде пайда болған «Выборг үндеуіне » 150депутат пен бірге Әлихан Бөкейханов та қол қояды. Сол үшін жазаға тартылып, «Санкт-Петерборг  сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен » 3 айға Семей  түрмесіне жабылады.1907 жылы 18 желтоқсанда   шығарылған бұл шешім 1908 жылдың 21 қаңтарында жүзеге енеді. Сөйтіп Әлихан II Мемлекеттік думаға сайлау мүмкіндігінен айырылады. Әлиханның 1917 жылы кадет  партиясының  Орталық    комитетінен және партия қатарынан шығуы оның масондық сертінен бас тартумен пара-пар болады. Бас тартуының себеп-салдары көп. Сондай  себептің бірі және негіздісі-  Уақытша үкіметтің  басында отырған  масондардың  қазақ халқына    автономия беруден бас тартуы еді. Әлихан Бөкейхан  өмірінің самаралық кезеңі  оның «мұсылсан сьездіне» қатысуымен аяқталады.1914 жылы оны Семей қазақтары  Санкт-Петерборға   шақырылған Ресейдің  мұсылман халықтарының  тұңғыш сьезіне өкіл етіп ұсынады. Оның діни сьездінің жұмыс барысы туралы жазған есебі  «Қазақ» газетінің 1914жылғы бірнеше санында жарияланады.[5] Сол жылы басталған«Еуропа соғысына »кіріскен Ресей армиясына Ресейдің мұсылман халықтары   атынан көмек ұйымдастырамыз   деген желеумен , мұсылман комитетін ашу керек деп  шешім қабылдайды. Сөйтіп ,Ресейдің мұсылман халықтары «Бір жеңнен қол, бір жағадан бас » шығарып, Ресейдің парламаенті- Дума  құрамынан да  енді келіп үкімет қарамағынан да мұсылманның мұңын мұңдайтын  өкілеттілігін ашып алады. Мұсылман комитетінің төрағалығына   К. Тефкелев, оның серігі орынбасары ретінде I  Мемлекеттік думаның қазақтан сайланған депутаты ретінде  -  Сәлімгерей Сейітжанұлы   Жантөрин,  комитет мүшесі болып   Әлихан Бөкейханов сайланады. Әлихан Бөкейханов сонымен қатар Думадағы мұсылман фракциясының бюро қызметін атқарады.1916 жылы Әлихан Бөкейханның Самарадан   жер аудару мерзімі бітіп, Орынборға келеді.Орынборға келе сала қалаңың  қоғамдық саяси өміріне кірісіп кетеді. Сол жылы қаланың қазақ тұрғындары атынан  қалалық кеңестің депутаты болып сайланады. Алайда Әлиханның үміті ақталмады. Уақытша үкімет оның ішінде кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия бергісі келмей жалтарады. Сөйтіп қазақтан сайланған тоғыз өкілге бас болып Том қаласында өткен   Сібір автономистерінің   құрылтайына қатысады .[7]Сьезде  қазақ халқының   арманы орындалып Сібір   Республикасының құрамында Қазақ автономиясын құру мәселесі қозғалады.  Томнан Орынборға оралған бетте ол қазақтың тарихындағы  тұңғыш  саяси ұйым -Алаш партиясын  ұйымдастыруға кірісіп кетеді.

Артынша ,1917 жылдың  желтоқсанында бүкіл қазақтың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып бірауыздан Қазақ автономиясыеың төрағасы болып сайланады. Бұл- қазақ халқының тарихында  алтын әріппен жазылатын сәт еді. Сонымен бірге1917 жылдың желтоқсанында Алаш ұлттық территориялық  автономиясын  жариялап, оның төрағасы, премьер -министрі болып сайлана  келе, Әлихан Бөкейхан  бұдан былай  қазақтың қайта құрылған елі көпұлтты,  көп дінді  және сан мәдениетті,бірақ көп мәдениетімен  тұтас болатынын болжады,Автономия жариялаудың қарсаңында  «Қазақ»  газетіне осылай жазған болатын.«Алаш»  идеясы  қазақ  ұлтшылдығының   идеясы, ұраны болып, ұлттық бірлік пен қайта  өрлеудің туы ретінде 1930  жылдардың  соңына дейін салтанат  құрды.Себебі, Қазақтың  мемлекеттік   автономиясы 1917 жылдың желтоқсанында жарияланса, Бұл мәселені тұңғыш көтерген  Ә.Н. Бөкейханов болатын.Бірақ  Кеңес өкіметі орнағаннан кейін1919-1920 жылдары  жаңа үкіметтің жарлығы шығып Алаш партиясының көсемдері болшевиктік қызметтерге жіберіле бастайды.Өзі «Жалпы Сібір сьезі »  атты  мақаласында «найзаның ұшымен айбалтаның жүзімен болған  үкімет »  болшевиктерге қызмет етуден Әлихан бас тартады. Осы «оппозициялық» қылығы үшін 1920-22 жыл «буржуазиялық  ұлтшыл»  деген айып  тағылып   абақтыға қамалады. 1922  жылдың күзінде   Әлихан Мәскеуге жер аударылады. Мәскеуге келген күннен бастап  КСРО  халықтары   Орталық  басшысының  Қазақ секциясына    әдеби  қызметкер ретінде жұмысқа алынады.1927  жыл -  Әлихан Бөкейхановтың белсенді  қызмет атқарған соңғы жылы  еді. Себебі осы жылдың 1- қазанында   оны Орталық Баспадағы әдеби қызметкері жұмысынан «ввиду общего сокращения  штатов » деген сылтаумен   босатып жібереді.  Болшевиктер оны он жыл бойы 1927жылдың 1-  қазанынан-1937  жылдың  тамызына дейін   пәтерінде қамап ұстайды. Ал 1937 жылдың 27  қыркүйегінде   КСРО  жоғары  сотының  Әскери Коллегиясы  « возгавлял контререволюционную  борьбу  против Советской  власти, »... установил связи с руководителями  террористического центра в  Казахстане и в  Москве   деген айыппен   Әлихан  Бөкейханды   Мәскеуде өлім жазасына кесілсін деген үкім шығарады. ОЛ ешуақытта ұлтттық  идеядан  табан аударып кеткен емес .   Оны  мына  тарихи  деркетерден аңғаруға  болады.1932  жылы  екінші  толқын    Алаш  зиялыларының   үстінен сот болған. Сол тұста сот  Алматыдағы Голощекинге  телеграмма салады: «Біз  мыналарды«Бутыркада»ұстап отырамыз. Бұларға қоятын айып жоқ, қайтарамыз»  дегенде  Голощекин:  « Ешуақытта    қайтаруға болмайды  Егер сендер Алаштықтарды  «Бутыркадан »  босатып  жіберсеңдер қазақтың   алдында қарабет  боламыз», дейді.  Сөйтіп ,оларды   соттап, жер аударған.  Сонда« Бутырка» түрмесінен машинаға   салып, темір  жол вокзалына алып келеді. Осы тұсты Жұмахан Күдерин былайша еске алады.«Вокзалдан түссек, бізді Әлихан Бөкейханов   күтіп тұр екен.Бәріміз қоршап тұра қалдық.  Сол кезде Әлихан  Бөкейханов :  «Жігіттер , уақыт аз . Қазір сендерді пойызға  салып алып кетеді . Тез әңгімелесіп  алайық. Мен  сендермен кездесуге әдейілеп   рұқсат алып  келдім »,-дейді. Біз  әңгімелесе  бастаған уақытта  Сұлтанбек Қожанов пен  Есқараев екеуі келді. Әлекең екі топқа бөлінейік  Айтарларыңды айтып қалыңдар деді. Содан Қожановқа бір топ кетті.Біз Әлекеңмен әңгімелесіп қалдық.Сонда Әлихан :«Жігіттер,сендер не үшін сотталып бара  жатқандарыңды білесіңдер. Сендерлі соттап отырған жүйені де білесіңдер. Ешкімнің алдарында  кінәләрің жоқ. Сендер  ел  үшін   сотталып  бара жатқан  азаматсыңдар .   Мұңаймаңдар !  Бастарыңды  төмен түсірмеңдер   Алда жақсылық   болады», деп шығарып салды. Біз Воронежға барғанша   көңіліміз  өсіп, күліп ойнап бардық»-деп жазады.  Ұлт  көсемі  Ә. Бөкейханов   бір сөзінде:« Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны   дұрыс. Әйтпесе  болашақ  ұрпағымызға көп жүк қалдырып кетеміз.  «Алаш»  идеясы  қазақ  ұлтшылдығының   идеясы, ұраны болып, ұлттық бірлік пен қайта  өрлеудің туы ретінде 1930  жылдардың  соңына дейін салтанат  құрды.  Ұлт  көсемі  Ә. Бөкейханов   бір сөзінде:« Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны   дұрыс. Әйтпесе  болашақ  ұрпағымызға көп жүк қалдырып кетеміз.  Расында ХХ ғасыр басындағы  Алаш қайраткерлері өздеріне   артылған жүкті  мойымай көтере білді.»  Алаш мұраты санадан аластатылғанмен де  оның негізгі идеясы  жарты ғасырдан   астам уақыт  өткен соң, қайта жаңғырды. Оның  куәсі -1986  жылғы Желтоқсан оқиғасына  ұласты. 1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасы   азаттық  жолындағы    Алаш  қайраткерлерінің   жанкешті күрестерінің жалғасы іспеттес. Желтоқсан  оқиғасы  еліміздің атын  асқақтатып,  халқымызды   бұлқынған   кеңестік дәуірдің еншісінен  құтқарды.Қазақ  зиялыларының қоғам  қайраткерлері  қатарындағы  аса ерекше тұлға - Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың   идеясы өшкен жоқ. «Алаш» идеясын  алға тартқан  Әлихан: қазақ ұлтшылдығы-ол өз ұлтын, тілін, мәдениетін, салт-дәстүрді, ата-баба жерін, отанды сүю, қорғау және қамқор болу деп насихаттады. Ол демі біткенше  туған қазақ халқының ата-баба жеріне деген, ұлттық мемлекет құрып,өзін-өзі басқаруға деген қасиетті құқын табанды түрде қорғап,  сол үшін күресіп өтті.Қазақтың мәдени қайта өрлеуі мен ұлттық бірегейлігінің  идеологиясы, ұраны  Әлихан ұсынған «Алаш»  идеясы зор нәтижеге , жеңіске жеткізді. Қазақстан   бойынша теңдессіз  білгір сарапшы  ретінде танылып, туған елі мен халқының  тарихы, экономикасы, мәдениеті,  шаруашылығы, оның ішінде дәстүрлі  мал шаруашылығы  және  жері туралы бірнеше іргелі ғылыми монография , ондаған  очерк, мыңнан астам мақала мен еңбектерін  жарыққа шығарды.Алты Алаш  көсемінің  шексіз бай  мұрасының жалпы көлемі  16-18  томдық  жинақты құрайды. Ұлттық  мемлекетін  қалпына келтіру жолында қасық қаны қалғанша   арпалысқан  Алаштың   бір туар  қайсар тұлғасы    Әлиханды  халқы   мәңгілік   ұмытпайды. Көрнекті  қоғам қайраткерлерінің   аңсаған армандары    қазақ  жастарының  санасында сақталып   жаңғыра береді.  

 

  Әдебиеттер:

1.Әбдіманов Ө.  Қазақ газеті-  алматы-1993                                                                                      

2.Богачев А.К.У  истоков  Воспоминания-Алма-Ата1971

3. Керенкий  А.Ф.  Россия  на историческом повороте  М-1993

 

Аты-жөні( толығымен)

 Мендеева  Зияш  Боранбайқызы

Мекен-жайы (мемлекет, қала)

Қазақстан  Республикасы,             Ақтөбе қаласы

Қызметі, ғылыми  атағы , дәрежесі

 I- санатты, тарих пәнінің оқытушысы

Секция

Әлихан Бөкейхан және қазақ     мемлекеттілігі

Мақаланың  тақырыбы

Әлихан Бөкейханның идеясы-қазақ  елінің тәуелсіздігі

 

Оқу  орны, кафедрасы

АККжЖТ колледжі, Әлеуметтік  пәндер бірлестігі

e-mail

zmendeeva@gmail.com

Телефон

87024412306

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Алаш» партиясын басқарушы Әлихан Бөкейхановтың идеясын насихаттау"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 704 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2017 1226
    • DOCX 48.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мендеева Зияш Боранбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мендеева Зияш Боранбайқызы
    Мендеева Зияш Боранбайқызы
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 31569
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 116 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 194 человека

Мини-курс

Управление проектами и стоимостная оценка в современном бизнесе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе