Инфоурок Алгебра Рабочие программыАлгебра пәнінен "Күнтізбелік жоспар" 7-сынып

Алгебра пәнінен "Күнтізбелік жоспар" 7-сынып

Скачать материал

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ

 

 

 

 

 

 

Негізгі орта білім беру деңгейінің

«Математика жəне информатика» білім саласы пəндерінің

ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

(5–9-сыныптар)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана2013

Қазақстан  Республикасының  Білім  жəне  ғылым  министрінің 2013жылғы 3 сəуірде №115 бұйрығымен бекітілген.

 

Қазақстан Республикасының Əділет министрлігінде2013 жылы10 сəуірде

№8424 тіркелген.

 

Жалпы  білім  беретін  мектептің5-9 сыныптарына  арналған«Математика

жəне информатика» білім саласы пəндерінің оқу бағдарламалары– Астана, 2013.–76 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

«Алгебра» пəнінен оқу бағдарламасы

1. Түсінік хат

1. Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің2012 жылғы 23 тамыздағы  №1080 қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес əзірленген.

2. Алгебра– математиканың  негізгі  бөлімдерінің  бірі.  Ол  ғылым  мен техниканың  тілі  болып  табылады.  Алгебраның  көмегімен  табиғат  пен  қоғамда болып жатқан құбылыстар мен процестер меңгеріліп, оларға болжау жасалады жəне  бейнеленеді.  Алгебра  пəні  мектепте  оқытылатын  көптеген  пəндерді,  ең алдымен жаратылыстану-математика циклінің барлық пəндерін, əсіресе физика,  информатика жəне геометрия пəндерін игеруді қамтамасыз етеді.

3. Оқыту  мақсаты-  оқушыларға  алгебраның  базистік  негізін  меңгерту, оларда  тұлғааралық  жəне  этносаралық  мəдениетті,  өз  тағдырына  жайбарақат қарамайтын тұлғаны жəне тұлғаның кəсіптік бағдарын қалыптастыру.

4. Оқыту міндеттері:

1) тұлғаның  интеллектуалдық  қасиеттерін:  логикалық  ойлау,  интуиция, танымдық   қызығушылығын,  өздігінен  жұмыс  атқару,  жігерлілік  жəне  т.б. қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;

2) оқушылардың  математика  ғылымының  түрлі  даму  кезеңдерінде жинақталған  құндылықтарға  қатыстыру  арқылы  оқушының  тұлғасын,  рухани өрісін дамыту;

3) индукция  жəне  дедукция,  жалпылау  жəне  нақтылау,  талдау  жəне дəлелдеулер, абстракциялау жəне ұқсастық арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;  тұжырымдарды  негіздеу  жəне  дəлелдеу  біліктігі  арқылы  логикалық ойлауын дамыту;

4) өзіндік жұмыс, өздігінен білім алу қабілетін, топта жұмыс істеу жəне жекетапсырмаларды орындаудағы өзіндік бағалау дағдыларын дамыту; келіп түскен ақпараттар ағынында бағдарлау білігін дамыту;

5) əлеуметтік  ұтқырлықты,  өзіндік  шешімді  қабылдау  мүмкіндігін қамтамасыз ететін тұлғалық қасиеттерін тəрбиелеу;

6) қарым-қатынас мəдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың  тарихына,  мəдениетіне,  əдет-ғұрпына  жəне  басқа  байлықтарына құрмет  көрсетуді,  үлкендерге  құрмет  көрсету  мен  кішілерге  қамқор  болуды,  патриоттық сезімді тəрбиелеу;

7) оқушылардың  қабілеттері  мен  қызығушылықтарына,  болашақ мамандығына  жəне  əрбір  оқушының  жеке  білімге  деген  қызығушылығына,  сұранысына  жəне  бейімділігіне  сəйкес  жаратылыстану-математикалық  бағыт бойынша оқытуға оқушыларды бейіндік дайындығын қамтамасыз ету.

5. 7-9-сыныптарға  арналған  оқу  бағдарламасының  құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пəнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.

6. 7-сыныптағы  алгебра  пəнінің  базалық  мазмұны«Натурал  жəне  бүтін көрсеткіштік  дəреже», «Бірмүше  мен  көпмүше», «Қысқаша  көбейту формулалары», «Рационал бөлшектер жəне оларға амалдар қолдану», «Жуықтап есептеу  элементтері» тараулары  бойынша  теориялық  материалдардан  тұрады.  Сонымен  қатар  базалық  мазмұнға  оқу  жылының  басында5-6-сыныптардағы математика курсын жəне соңында7-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді.

7. 7-сыныпта оқытудың міндеттері:

1) рационал  сандарға  арифметикалық  амалдарды  қолдану  біліктігі  мендағдысын  пысықтау,  координаталық  түзу  мен  координаталық  жазықтықта нүктенің  координаталарын  табу,  координаталары  бойынша  нүктелерді  салу біліктерін пысықтау;

2) қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіру, жақшаны ашу  ережелерін  қолдану  арқылы  теңдеулерді  шешу  біліктігін  пысықтау,  бір айнымалысы  бар  теңсіздіктерді  жəне  олардың  жүйелерін; айнымалысы  модуль таңбасының  ішінде  берілген  бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулер  мен теңсіздіктерді  шешу  біліктігін  бекіту,  сызықтық  функцияның  графигін  салу,  графигі  бойынша  функцияның  қасиеттерін  атау  біліктілігін  жетілдіру,  екі айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулер  жүйесін  шығару  біліктілігін  жетілдіру,  мəтінді есептерді шығару біліктілігін жетілдіру;

3) натурал  көрсеткішті  дəреже,  көрсеткіші  нөлге  тең  дəреже  ұғымын қалыптастыру, бүтін көрсеткішті дəреже ұғымын қалыптастыру, рационал бөлшек,  бөлшек-рационал өрнек ұғымдарын қалыптастыру;

4) «бірмүше» жəне«көпмүше» ұғымдарымен,  олардың  дəрежелері  жəне стандарт түрлерімен таныстыру, жуықтап есептеулермен таныстыру;

5) натурал көрсеткішті дəреженің қасиеттерін, бүтін көрсеткішті дəреженің қасиеттерін, қысқаша көбейту формулаларын, рационал бөлшектің негізгі қасиетін игеру;

6) көпмүшелерге  арифметикалық  амалдарды  қолдану,  көпмүшені көбейткіштерге  жіктеу,  қысқаша  көбейту  формулаларын  қолдану,  рационал бөлшектерге  амалдар  қолдану,  бөлшек-рационал  өрнектерді  тепе-тең түрлендірулерді орындау, тепе-теңдіктерді дəлелдеу, абсолют жəне салыстырмалы қателіктерді табу біліктігін қалыптастыру.

8. «Алгебра» пəні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

     7- сыныпта аптасына3 сағ, барлығы102 сағ;

9.Алгебраны оқыту процесінде пəнаралық байланыс:

1) «Қазақ  тілі» пəнімен  алгебралық  терминологиялармен  сөздік  қорын байыту;  теоремаларды  дəлелдеу,  қорытындыларды  тұжырымдау  барысында сөйлеу қабілетін дамыту;

2) «Геометрия» пəнімен графиктерді салу, кестелерді құру, теңсіздіктер мен олардың жүйесін шешу барысында сызу құралдарымен жұмыс атқару тəсілдерін қолдану;  теңсіздіктер  жəне  олардың  жүйесін  шешу  барысында  геометриялық фигуралардың бірігуі мен қиылысуын табу біліктігін қолдану; жаңа алгебралық ұғымдарды енгізу кезінде анықтама түсінігін, натурал көрсеткішті дəрежелердің қасиеттерін  игеру  мен  функцияның  өсуі  немесе  кемуін  анықтау  жəне  тепе-теңдіктерді дəлелдеу кезінде дəлелдеу түсінігін қолдану;

3) «Физика» пəнімен функцияның берілу тəсілдері мен қасиеттерін игеру барысында  денелерді  қыздыру  мен  суыту,  қайнау  жəне  балқу  мен  қатаю процестерінің графикалық түсініктерін қолдану;мəтін есептерді шығару кезінде масса,  қоспа,  температура  жəне  т.б.  ұғымдар  мен  шамалардың  физикалық мағынасы туралы білімдерін қолдану;

4) «Химия» пəнімен  мəтінді  есептерді  шығару  барысында  оқушылардың қорытпа, ертінділер, ертіндінің қоюлануы туралы білімдерін қолдану;

5) «Информатика» пəнімен формуланы теру, кестені форматтау тəсілдерін,  объектінің  параметрлерін  реттей  білу  жəне  т.с.с.  компьютермен  жұмыс  атқару дағдыларын қолдану;

6) «Технология» пəнімен өзіндік құн, кіші бизнеске жіберілетін шығынның түрлері; тауар мен қызмет көрсетудің бағасын есептеп шығаруды жасау бойынша білімдерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

 

2. Оқу пəнінің7-сыныптағы базалық білім мазмұны

10. 7-сыныпқа  арналған  алгебра  пəнінің  базалық  білім  мазмұны  келесі тараулардан тұрады:

1) «5-6-сыныптардағы  математика  курсын  қайталау(6  сағ)».  Рационал сандарға  арифметикалық  амалдарды  қолдану.  Санның  модулі.  Тура  жəне  кері пропорционалдық тəуелділіктер. Координаталық түзу. Координаталық жазықтық.  Формула. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер  жəне  олардың  жүйелері.  Айнымалысы  модуль  таңбасының  ішінде берілген  бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер  мен теңсіздіктер.  Функция.  Сызықтық функция. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мəтінді есептерді шығару;

2) «Натурал көрсеткішті жəне бүтін көрсеткішті дəреже(15 сағ)». Натурал көрсеткішті жəне көрсеткіші нөлге тең дəреже. Бүтін көрсеткішті дəреже. Санның стандарт түрі. Дəреженің қасиеттері: негіздері бірдей дəрежелерді көбейту жəне бөлу;  дəрежені,  көбейтінді  жəне  бөлшекті  дəрежеге  шығару.  Құрамында дəрежелері бар өрнектерді түрлендіру. у= ах 2 функциясы, оның қасиеттері жəне графигі.  у= ах3 функциясы,  оның  қасиеттері  жəне  графигі.  у  = xk функциясы, оның қасиеттері жəне графигі;

3) «Бірмүше жəне көпмүше(16 сағ)». Бірмүше жəне көпмүше. Бірмүше жəне көпмүшенің дəрежесі. Бірмүше жəне көпмүшенің стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу,  азайту  жəне  көбейту.  Бірмүше  жəне  көпмүшені  бірмүшеге  бөлу.  Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару жəне топтау тəсілі арқылы көпмүшелерді жіктеу. Көпмүшелерді тепе-тең түрлендіру;

4) «Қысқаша көбейту формулалары(25 сағ)». Екі өрнектің квадраттарының айырымының  формуласы.  Екі  өрнектің  қосындысының  квадраты  жəне айырымының  квадратының  формулалары.  Екі  өрнектің  қосындысының  кубы жəне айырымының кубының формулалары. Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен кубтарының айырымының формулалары. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

5) «Рационал бөлшектер жəне оларға амалдар қолдану(25 сағ)». Бүтін өрнек.  Бөлшек  өрнек.  Рационал  өрнек.  Рационал  бөлшек.  Рационал  бөлшектің  негізгі қасиеті. Рационал бөлшектерді қосу жəне азайту. Рационал бөлшектерді көбейту,  бөлу жəне дəрежеге шығару. Бөлшек-рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіру;

6) «Жуықтап есептеу элементтері(5 сағ)». Жуық сан. Жуық шама. Жуық мəннің  абсолют  қателігі.  Жуық  мəннің  салыстрымалы  қателігі  қателік.  Жуық сандарға амалдар қолдану;

7) «7-сынып  алгебра  курсын  қайталау(10  сағ)».  Рационал  сандарға арифметикалық амалдарды қолдану. Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар  сызықтық  теңдеулер  мен  теңсіздіктер,  оның  ішінде  айнымалысы  модуль таңбасының  ішінде  берілген  бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңдеулер  мен теңсіздіктер.  Бір  айнымалысы  бар  сызықтық  теңсіздіктер  жүйелері.  Бүтін көрсеткішті  дəреже  жəне  оның  қасиеттері.  Көпмүше.  Қысқаша  көбейту формулалары.  Рационал  бөлшектермен  арифметикалық  амалдар  орындау.  Рационал  өрнектерді  тепе-тең  түрлендіру. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Мəтінді есептерді шығару.

3. 7-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

11. 7-сынып оқушыларында:

1) көпмүшенің стандарт түрі;

2)  көпмүшені көбейткіштерге жіктеу туралы түсінігі болуы тиіс.

12. 7-сынып оқушылары:

1) натурал көрсеткішті дəреженің анықтамасын;

2) бүтін көрсеткішті дəреженің анықтамасын;

3) бүтін көрсеткішті дəреженің қасиеттерін;

4) санның стандарт түрінің анықтамасын;

5) бірмүшенің анықтамасын;

6) көпмүшенің анықтамасын;

7) бірмүше дəрежесінің анықтамасын;

8) көпмүше дəрежесінің анықтамасын;

9) көпмүшелерді қосудың ережесін;

10) көпмүшелерді азайтудың ережесін;

11) көпмүшелерді көбейтудің ережесін;

12) бірмүшені бірмүшеге бөлудің ережесін;

13) көпмүшені бірмүшеге бөлудің ережесін;

14) қысқаша көбейту формулаларын;

15) көпмүшені көбейткіштерге жіктеу тəсілдерін;

16) рационал бөлшектің негізгі қасиетін;

17)  абсолют қателіктің анықтамасын;

18) салыстырмалы қателіктің анықтамасын;

19) кездейсоқ оқиғаның анықтамасын білуі тиіс.

13. 7-сынып оқушыларының:

1) бүтін көрсеткішті дəреженің қасиеттерін қолдану;

2) бірмүшені стандарт түрде жазу;

3) көпмүшені стандарт түрде жазу;

4) бірмүшенің дəрежесін таба білу;

5) көпмүшенің дəрежесін таба білу;

6) көпмүшенің ұқсас мүшелерін біріктіру;

7) көпмүшелермен қосу, азайту жəне көбейтуді орындау;

8) бірмүше мен көпмүшені бірмүшеге бөлуді орындау;

9) ортақ  көбейткішті  жақшаның  сыртына  шығару  жəне  топтау  тəсілдері арқылы  көпмүшені көбейткіштерге жіктеуді орындау;

10) қысқаша көбейту формулаларын қолдану;

11) рационал  бөлшектерді  қосу,  азайту,  көбейту,  бөлу  жəне  дəрежеге

шығару;

12) рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау;

13) санды стандарт түрде жазу;

14) у= ах2 функциясының графигін салу жəне қасиеттерін анықтау;

15) у= ах3 функциясының графигін салу жəне қасиеттерін анықтау

16) у = xk(k ≠0) функциясының графигін салу жəне қасиеттерін анықтау;

17) шама мен санның жуық мəнін жазу;

18) сандардың жуық мəндерімен амалдар орындау;

19) шама мен санның жуық мəнінің абсолют қателігін табу;

20) шама мен санның жуық мəнінің салыстырмалы қателігін табу біліктігі

болуы тиіс.

14. 7-сынып оқушылары:

1) анықтамалықтарды  қолдану;  оқу,  əдістемелік  жəне  анықтамалық əдебиеттерден анықтамаларды, формулалар жəне басқа да тұжырымдарды іздеу;

2) натурал  көрсеткішті  дəреже  жəне  бүтін  көрсеткішті  дəрежелердің мəндерін есептеуде кестелерді қолдану;

3) құрамында бүтін көрсеткішті дəрежесі бар санды өрнектердің мəндерін есептеуде калькуляторды қолдану;

4) у= ах2, у= ах3, у = xk(k ≠0) функцияларының графиктерін салу кезіндекомпьютерлік бағдарламалармен жұмыс атқару;

5) бүтін көрсеткішті дəрежесінің мəндерін табуда В.Брадис кестесін қолдану

дағдыларын меңгеруі тиіс.

4. 7- сынып оқушыларының дайындық деңгейінің

тұлғалық жəне жүйелі-əрекеттік нəтижелері

15. Тұлғалық нəтижелер. Оқушылар:

1) Қазақстан Республикасының Конституциясына құрмет;

2) белсенді азаматтық қөзқарасын, патриоттық сезімін;

3) əлемдік дамуда өз елінің рөлін түсіну;

4) қазақ  халқы  мен  елімізде  өмір  сүріп  жатқан  этностардың  тарихына, мəдениетіне, əдет-ғұрпына жəне басқа байлықтарына құрмет;

5) өз елінің табиғатын сақтау жəне көркейтуге ұмтылатынын;

6) қарым-қатынас мəдениетін, этикалық нормаларды сақтауын;

7) салауатты өмір салтын сақтауға ұмтылуын;

8) өзіндік жұмыстарды орындау біліктігі мен өздігінен білім алу қабілетін;

9) үлкендерге  құрмет  жəне  кішілерге  қамқорлық,  басқаларға  деген

мейірімділік пен кішіпейілділікті;

10) үлкендер мен жəне өз жасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау

дағдысын;

11) жанұялық құндылыққа сыйластықпен қарау;

12) əлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалау біліктігін көрсете білуі

тиіс.

16. Жүйелі-əрекеттік нəтижелер. Оқушылар:

1) анықтамалықтарды  қолдану,  оқу,  əдістемелік  жəне  анықтамалық əдебиеттерден анықтамаларды, формулалар жəне басқа да тұжырымдарды іздеу біліктігін;

2) əртүрлі жағдайларда алгебралық білім жүйесін;

3) ақпаратты табу, талдау, өңдеу жəне жинақтау біліктігін;

4) математикалық материал бойынша берліген алгоритмді сауатты орындауды;

5) математикалық  формулаларды  қолдану  біліктігін,  дербес  жағдайларды жалпылау  негізінде  шамалар  арасындағы  тəуелділіктің  формулаларын  өздігінен құрастыру біліктігін;

6) қоршаған орта мен саралас пəндердегі заңдылықтарды суреттеу жəне талдау үшін игерілген алгебралық түрлендірулер мен функционалды-графиктік кескіндеуді;

7) жуықтап жəне дəл, ауызша жəне инструменттер көмегімен есептеуді тиімді пайдалана отырып, практикалық есептеу техникасын қаншалықты игергенін;

8) математикаға  тəн  ойлау  стилін,  оның  абстрактылығын,  дəлелденуін, қатаңдығын;

9) дəлелдемелі пайымдау жүргізу, логикалық негізделген қорытындылар жасау біліктігін;

10) математикалық мəтінмен жұмыс жасау(талдау, қажетті ақпаратты алу), математикалық терминология мен символдарды қолдана отырып, өз ойын ауызша жəне жазбаша түрде анық жəне нақты түсіндіру біліктігін;

11) тану, жобалау, құрастыру жəне зерттеу əдістерін;

 12) оқу  қызметінің  əртүрлі  формаларында  коммуникативтік  қабілеттерін қолдана білуі тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-сыныптың  алгебра  пәнінен  күнтізбелік  жоспары

А. Әбілқасымова, И.Бекбоев

(аптасына  3  сағат; барлығы 102 сағат)

 

Р/С

Сабақтың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

І тоқсан – 27  сағат

5-6  сынып математика курсын қайталау – 6 сағат

1

Рационал сандарға амалдар қолдану. Санның модулі

1

 

2

Тура және кері пропорционал шамалар

1

 

3

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер, теңсіздіктер және олардың жүйесі

1

 

4

Функция. Сызықтық функция

1

 

5

Екі айнымалысы бар сызықтық  теңдеулер жүйесі. Мазмұнды есептер

1

 

6

О-дік бақылау жұмысы

1

 

І тарау. Натурал және бүтін көрсеткішті дәреже – 15 сағат

7

Кіріспе

1

 

8

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

9

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

10

Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

11

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

12

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

13

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

14

Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері

1

 

15

у = х2,  у = ах3  функциялары

1

 

16

у = х2,  у = ах3  функциялары

1

 

17

у=   функциясы және оның графигі 

1

 

18

у=    функциясы және оның графигі 

1

 

19

І тарау. Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер тарауы бойынша білімді жүйелеу сабағы

1

 

20

Бақылау жұмысы  № 1

1

 

21

Қатемен жұмыс

1

 

ІІ тарау. Бірмүше және көпмүше – 16 сағат

22

Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі

1

 

23

Бірмүше. Бірмүшенің стандарт түрі

1

 

24

Көпмүше және оларға амалдар қолдану

1

 

25

Көпмүше және оларға амалдар қолдану

1

 

26

Көпмүше және оларға амалдар қолдану

 

 

27

Тақырыптық тест

 

 

ІІ тоқсан – 21 сағат

28

Көпмүше және оларға амалдар қолдану

1

 

29

Көпмүше және оларға амалдар қолдану

1

 

30

Көпмүше және оларға амалдар қолдану

 

 

31

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

1

 

32

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

1

 

33

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

1

 

34

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу

 

 

35

ІІ тарау. Бірмүше және көпмүше тарауы бойынша білімді жүйелеу сабағы

1

 

36

Бақылау жұмысы  №2

1

 

37

Бақылау жұмысына талдау

1

 

ІІІ тарау. Қысқаша көбейту формулалары – 25 сағат

38

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

1

 

39

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

1

 

40

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

1

 

41

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

1

 

42

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

1

 

43

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты

1

 

44

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты

1

 

45

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты

1

 

46

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты

1

 

47

Бақылау жұмысы  № 3

1

 

48

Бақылау жұмысына талдау

1

 

ІІІ тоқсан – 30 сағат

49

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы

1

 

50

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы

1

 

51

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы

1

 

52

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы

1

 

53

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы

1

 

54

Екі өрнектің кубтарының қосындысыны мен айырымы 

1

 

55

Екі өрнектің кубтарының қосындысыны мен айырымы

1

 

56

Екі өрнектің кубтарының қосындысыны мен айырымы 

1

 

57

Екі өрнектің кубтарының қосындысыны мен айырымы

1

 

58

Екі өрнектің кубтарының қосындысыны мен айырымы 

1

 

59

ІІІ тарау.  Қысқаша көбейту формулалары тарауы бойынша білімді жүйелеу

1

 

60

Тақырыптық тест

1

 

61

Бақылау жұмысы  № 4

1

 

62

Бақылау жұмысына талдау

 

1

 

 

ІV тарау. Рационал  бөлшектер - 25 сағат

 

63

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.  Бөлшектерді қысқарту.

1

 

64

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.  Бөлшектерді қысқарту.

1

 

65

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.  Бөлшектерді қысқарту.

1

 

66

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.  Бөлшектерді қысқарту.

1

 

67

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.  Бөлшектерді қысқарту.

1

 

68

Рационал бөлшек және оның негізгі қасиеті.  Бөлшектерді қысқарту.

1

 

69

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

1

 

70

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

1

 

71

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

1

 

72

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

1

 

73

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

1

 

74

Рационал бөлшектерді қосу және азайту

1

 

75

Тақырыптық тест

1

 

76

Бақылау жұмысы  № 5

1

 

77

Бақылау жұмысына талдау

1

 

ІV тоқсан – 24 сағат

78

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

1

 

79

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

1

 

80

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

1

 

81

Рационал бөлшектерді көбейту және бөлу

1

 

82

Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру

1

 

83

Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру

1

 

84

Рационал өрнектерді теңбе-тең түрлендіру

1

 

85

ІV тарау.  Рационал бөлшектер тарауы бойынша білімді жүйелеу сабағы

1

 

86

Бақылау жұмысы  №4

1

 

87

Бақылау жұмысына талдау

1

 

V тарау. Жуықтап есептеу злементтері – 5 сағат

88

Жуық сандардың шығуы. Абсолют қателік

1

 

89

Жуық мәннің салыстырмалы қателігі

1

 

90

Жуық сандарға амалдар қолдану

1

 

91

Жиілік ықтималдығы

1

 

92

Тақырыптық тест

1

 

7 сынып алгебра курсы бойынша қайталау -  10 сағат

93

Натурал және бүтін көрсеткішті дәрежелер

1

 

94

Функциялардың түрлері

1

 

95

Бірмүше және көпмүшелерге амалдар қолдану

1

 

96

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

1

 

97

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты

1

 

98

Екі өрнектің қосындысының және айырымының кубы

1

 

99

Екі өрнектің кубтарының қосындысыны мен айырымы 

1

 

100

Рационал бөлшектерге амалдар қолдану

1

 

101

Жылдық бақылау жұмысы № 6

1

 

102

Бақылау жұмысына талдау

1

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алгебра пәнінен "Күнтізбелік жоспар" 7-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.12.2015 3425
    • DOCX 31.7 кбайт
    • 32 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имбетова Гульнар Кудайбергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11198
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Система работы учителя математики по подготовке учащихся основной школы к математическим конкурсам и олимпиадам в рамках обновленного ФГОС ООО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 93 человека из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 296 человек

Курс повышения квалификации

Мастерство мышления: развитие SoftSkills и математической логики

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 10 регионов

Курс повышения квалификации

Методика обучения математике в основной и средней школе в условиях реализации ФГОС ОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 431 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 5 553 человека

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе