Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАлтын күз Мерекелік ертеңгілік (балабақша)

Алтын күз Мерекелік ертеңгілік (балабақша)

Скачать материал

Алтын күз

Мерекелік ертеңгілік

Мақсаты: Балаларға күз мезгілі жайлы түсінік беру. Күз мезгілінің молшылығы мен берекесін сезіне білуге тәрбиелеу. Үлкендердің еңбегін бағалауға үйрету. Балаларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа,әдептілікке баулу. Балалардың жемістер мен көкөністер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру. Олардың пайдасы туралы тақпақтар үйретіп,тілдерін дамыту.

 Білімділік: Балалардың күз мезгілі жайлы білімдерін бекіту. Көкөністер мен жемістер жайлы түсініктерін жетілдіру.

Тәрбиелілік: Табиғатты аялауға,еңбексүйгіштікке баулу. Балалардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Балаларға көкөністер мен жемістердің пайдасы жайлы айтып,білімдерін дамыту. Өлең,тақпақтар айту арқылы сөздік қорын,тілдерін дамыту.

Көрнекі құрал-жабдықтар: Әсем безендірілген зал,түрлі түсті

  Жүргізуші:  Құрметті қонақтар, ата-аналар және кішкентай бүлдіршіндер! Ел байлығын арттырған берекелі, мерекелі алтын күзімізде келіп жетті. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Олай болса бізде «Алтын күз» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

          Кездескен соң күзімен,

          Бұтағынан үзілген.

          Ай, жапырақ сары алтын,

          Айналаның барі алтын.

          Қуандырып біздерді ,

          Мерекелік күз келді.

          Кел, жемісті алтын күз,

          Кемелденсін халқымыз.

Ғажайып сәтке – айнала билеп күз кіреді,

          Ақыл ерен достарым,

          Өмірге көп қосқаным.

          Қымбатты сый алыңдар,

          Қызығыма қаныңдар.

          Молайтыңдар шаттықты,

          Ән айтыңдар бақытты.

Жүргізуші:  Балалар күзде жапырақтар сарғайып түсе бастайды, айнала түрлі-түсті кілем жайғандай болады. Олай болса бізде жапырақтар жайлы тақпағымызды бастайықшы.

 

          Сарғаяды жапырақтар,                              Жасмин

          Күзде келіп қалыпты.

          Қатаяды топырақтар,

          Жазда бітіп қалыпты.

 

          Алтын, сары, қызыл, көк,                          Кәусар

          Алуан-алуан жапырақ.

          Күзгі бақта күлімдеп,

          Көз тартады абдырап. 

Қарашы күз келді, куз келді,                      Жанель

          Жапырақ жауыпты іздерді.

          Құс біткен керуен тізеді,

          Қара бұлт қабағын түйеді.

 

          Күз айы басталды,                                        Жаннұр

          Құстар қайта бастады.

          Жапырақ сарғайып,

          Жерге түсе бастады.

 

 

        Шоғы толған гүлдей жайнап,                     Шұғыла

        Жарқырады алтын күз

        Сайраңдады күліп ойнап,

        Келді міне алтын күз.

    Ән: «Жау жаңбыр» 

    Жалмауыз кемпір:- Әй,мұнда не болып жатыр. Мұнда сендер маған айтпай қандай той тойлап жатырсыңдар. Қане тараңдар,мұнда ешқандай той тойланбайды. Қане қашыңдар,қаш.

Жүргізуші: Ау,жалмауыз кемпір сен ашуланба әуелі біздің балаларымыздың өнерін көріп тамашалап ал. Күз мезгілінің бар байлығы да осында. Ал,балалар онда қазір бір,қонағымызға күз мезгілінің тағы бір байлығы- жеміс-жидектер жайлы тақпағымызды айтып берейік.

    Күз ханшайымы:  - Сәлеметсіздерме балалар!

Сендер күздің келуін асыға күттіңдер. Бүгін менде мерекелеріңе қатысып, өнерлеріңді тамашалауға келдім.

Қане, айта қойыңдаршы – күз мезгілінде қандай құбылыстар болады? Күз бізге не сыйлайды?

Балалар: - Күзде күн суыта бастайды, жауын жауып, егін пісіп, жеміс-жидектер піседі. Молшылық болады

Жүргізуші:  Ал, балалар онда қазір біз, күз ханшайымына күз мезгілінің тағы бір байлығы - жеміс-жидектер жайлы тақпағымызды айтып берейік.

            Алма-

          Алма не дейсің,

          Алма әкелсем жейсің.

          Айтпады екен деме,

          Алманы жумай жеме.

 

          Шие-

          Мен шиемін, шиемін,

          Күннің көзін сүйемін.

          Қышқыл шырын менде бар,

          Төмен басты иемін.

Құлпынай-

          Жапырақта тасалап,

          Өскен жері бақша-бақ.

          Күрең қызыл шіркін-ай,

          Оның аты - құлпынай.

 

          Жүзім-

          Жүзім пісті бір-бірлеп,

          Үзіп мәзбіз біз енді.

          Қоңырауы күмбірлеп,

          Қыркүйекте күз келді

Күз ханшайымы:  - Балалар менде сендерге құр қол келгенім жоқ. Мен сендерге «Жапырақ жинау» ойынын ала келдім. Мына жапырақтарды тез және көп жинау керек. Қане екі баладан шығайық, кім көп жинаса сол бала жеңімпаз болады.

     Жүргізуші:  Күзде жапырақтар сарғайып дала алтын нұрға боялса, біздің қыздарымызда күз мезгілінің бүгінгі кереметіне өз үлестерін қоспақшы. «Күзгі сән» тақырыбында сән үлгілеріне назар аудаңыздар, және түрлі наминациялар атауымен қыздарымызға өз бағаларыңызды берулеріңізді сұраймыз.

      Ән:  «Жау жаңбыр»

Жүргізуші:  Олай болса кезекті тағы да күз мезгілі жайлы тақпақтарға берейік.

                 Көк аспаның мөлдіреп,                     Балхадиша

                Алтын күзім елжіреп.        

                Асыр салып жүре бер,

                Сары көйлегің желбіреп.

 

                Сары алтындай алтын күз,                   О.Кәусар

                Қамбадағы дәніміз.

                Шелек – шелек балымыз,

                Ағыл – тегіл ағымыз.

 

                  Қамба толды астыққа,                          О.Әділет

                  Алғыс саған алтын күз.

                  Бір уыс дән шаштықта,

                  Қап – қап қауын алдық біз.

                         Берекесін сыйлауға,                              Венера

                         Өлкемізге күз келді.

                         Жемістерін жинауға,

                         Шақырады біздерді.

 

                         Құстар қайтты ән салып,                       Бекзат

                         Бұлт шарлады аспанды.

                         Қыс келді жар салып,

                         Күзгі суық басталды.

 

                         Бұлт ағады аулаққа,                               Мирас

                         Күз келіпті бау – баққа.

                         Жаздай піскен жаңғақта,

                         Шашылады жан – жаққа.

 

                          Көктемде егін егетін,                             Мейіржан

                          Күзде жиып беретін

                          Біздің дала бай дала,

                         Алтын астық айнала

Күз ханшайымы:  Балалар енді мен өз еліме қайтайын. Менің әлі жинайтын жеміс-жидегім, астығым, дәндерім бар. Олай болса енді мен көп аялдай алмаймын. Сендерге келіп, сендердің өнерлеріңді көріп, тамашалап, бір серігіп қалдым. Сендерге рахмет. Мынау менің сендерге әкелген сыйлығым – жемістер еді, оны себетімен апайларыңа табыс етейін, сендерге өзі таратып береді, жарайма, балалар сау болыңдар!

    Жалмауыз кемпір: Ой,балалар,сендер өте өнерлі екенсіңдер. Мен сендердің өнерлеріңді көріп,ашуым басылып біраз сабама түстім.Енді тағы да қай балалақшада мереке бар екен,соны көріп тамашалайын. Мен енді сендерге тиіспеймін,тойлай беріңдер. Сау болыңдар.

Жүргізуші:  Мінеки балалар, күзде астық мол болады. Астық мол болса, нанда көп болады. Қамбамыз астыққа толып, дастарханымыз нанға толсын!

         Сау – сау етіп жапырақ,

         Сабағынан үзілді.

         Қоңыр тартып атырап,

         Көкте құстар тізілді.

        Ақтарады қоңыр күз,

        Уылжыған жемісін.

        Күзге бізде ризамыз,

     Аянбаған ел үшін – дей келе «Алтын күз» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сау саламатта болыңдар!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Алтын күз Мерекелік ертеңгілік (балабақша)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.07.2017 3431
    • DOCX 16.8 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакеева Рускул Ждановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакеева Рускул Ждановна
    Жакеева Рускул Ждановна
    • На сайте: 6 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 117264
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие ребенка до трех лет: познавательные, коммуникативные и социальные аспекты

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания архитектуры для детей дошкольного возраста

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Развитие и воспитание детей дошкольного возраста в условиях реализации федерального государственного образовательного стандарта дошкольного образования (ФГОС ДО)

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 219 человек

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Детская нейропсихология: особенности, диагностика, исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 119 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек