Білім беру салалары: Қатынас
Бөлімдері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты:
Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.
Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін үйрек – үйректер – үйректің балапаны т.б. қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру. Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.
Алдын ала – жүргізілетін жұмыстар: балаларға тақпақтар жаттату.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ – жауаптар.
Қажетті көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері
Қостілділік компиненті:мысық – кошка, ит – сабока, сиыр – корова.
Іс – әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс - әрекеті
Себепті қызығушы
лығын ояту кезеңі
Шаттық шеңбері
«Жылы сөздер»
Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.
Балалар шеңберге тұрады.
-Мені анам ботақан дейді.
-Мені анам қошақан дейді.
-Мені анам құлыным дейді.
-Мені анам балапаным дейді.
Ұйымдастырушылық ізденіс
Кезеңі
Мақал – мәтелдің мағынасын түсіндіру.
Қарға баласын «аппағым» дейді,
Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.
-Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.
Үй жануарлары жайлы түсіндіру.
-Үй жануарлары - қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, қүркетауық.
Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап!»
Ойын шарты: жасырынған суреттен үй жануарларының төлдерін табады.
Жеке және көпше түрде айтуды үйрету.
Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, бір қой, 1 жылқының суреттері ілінеді.
Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді.
Сергіту жаттығуы
Ал, балалар, келіңдер,
Бой жазайық бәріміз –
Мойнымызды бұрамыз,
Қолымызды созамыз,
Аяқтармен топ – топ басып,
Орнымызға барамыз.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!
1.Ақ тай ақ па?
Қара тай ақ па?
2.Қай тай лақтай,
Қай лақ бармақтай.
Мақал – мәтелді тәрбиешінің соңынан қайталайды.
-Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен.
-Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен.
-Мұның бәрі – теңдеу сөз.
-Үй жануарларын адамдар күтіп – баптайды.
-Олардың қорегі: шөп, жем.
-Бір түйе, бір сиыр т.б.
-Түйелер, сиырлар, қойлар, жылқылар т.б.
Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл – қозғалыс арқылы орындау.
Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.
Іс – әрекеттің бағалау кезеңі
Балаларды соңынан оқу іс – әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.
Балалар қуанышты сезімде болады.
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Үй жануарларының төлдерін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Жан – жануарлардың қалай дыбыстайтынын игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы бар екенін меңгерді.