Инфоурок Школьному психологу Другие методич. материалыҚарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама

Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама

Скачать материал

Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама

Балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дамуындағы изоляцияның ролін психологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарынан көруге болады. Бұл мақалада біз психологиялық әдебиеттерге шолу жасау арқылы балалардың мектепке дейінгі шақтан жеткіншек жасқа дейінгі аралықта әлеуметтік изоляцияны зерттеу мәселелері мен қарым-қатынасында проблемасы бар балалардың психологиялық ерекшеліктерінің көрінуі мен оның дамуын сипаттайтын мәселелерге тоқталамыз.

Әлеуметтік қобалжу, қоршаған орта алдындағы қорқыныш, қауіптенушілік сезімі, құрбыларының шектеп тастауы, конфликтілі жағдайдағы топтан оқшаулану сезімдері бала психикасындағы көп толғандыратын жайт.

Адам психикасының қайнар көзі - қарым-қатынас екендігі тек біздің зерттеу жұмысымыздың бірінші тарауында ғана дәлелденіп қойған жоқ, сондай-ақ қарым-қатынас жасау стилі мен технологиясының да адам психикасына зор әсер ететіндігі жан-жақты ашылып отыр.

Мектеп жасына дейінгі балалардың өз құрбылары арасындағы қарым-қатынас сипаты көбінесе ойын әрекеттерінде көрінетіндіктен, ойын барысында туындаған кейбір келіспеушіліктер мен конфликтілер баланың топтан оқшаулануының бір себебі болып табылады.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай - оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Мұнда да айтылатын мәселе қарым-қатынас жасау технологиясы баланың ақыл-ойы мен сабақ үлгеріміне тікелей байланысты.

Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Мектеп жасына дейінгі шақта баладағы әлеуметтік изоляция белгілері үлкендердің үрейін туғызбайды. Жеке дара ойынмен ойнап жатқан бала тәрбиешілер мен ата-анаға проблемалы болып көрінбейді. Алайда мұндай балаларды мұқият зерттеген кезде, олардың алдында өз қатары мен қарым-қатынасқа түсуінде біршама потенциалды қиындықтар туындайтындығы байқалған.

Олай болса өз құрбыларымен қарым-қатынас жасау барысында қиыншылық туындаудың негізгі себептерін былайша түсіндіруге болады. Олардың ішіндегі бастылары:

1. Өз құрбыларымен өзара қарым-қатынаста бала инициативасы мен белсенділігі әлсіз болады.

2. Басқа өз құрбы балаларға инициативалық үндеуі құнсыз болады.

3. Тұлға аралық қарым-қатынастағы проблемаларды өз бетінше шеше алмайды. Өз құрбылар арасында болған кішігірім қақтығыстар үшін де ересектер мен үлкендерден көмек сұрап келеді.

4. Өз құрдастарының арасында беделі төмен болады.

5. Вербальді қарым-қатынас деңгейінің төменділігі көрініп тұрады.

Жалпы алғанда мұндай балаларды көнгіш, тыныш және бағынуға бейім деп сипаттама беруге болады.

Жеті жасқа толғанда баланың әлеуметтік және жекелік қиыншылықтары күрт өседі. Оларда ұялшақтық, қорқақтық, жалғыздыққа ұмтылу, жасқаншақтық сезімдері пайда болады.

Жеткіншек жаста әлеуметтік оқшаулану деңгейі өседі. Олардың өзіне деген бағасы төмендеп, өзіне сенімсіздікпен қарайды.

Бұндай қасиеттердің көріну бағыттары психология ғылымында адам табиғатындағы биологиялық және әлеуметтік мәселелерін зерттеуде ерекше орынға ие.

Мектеп тәжірибесінде ең көп кездесетін жағдай – оқушылардың ақыл-ойы мен сабаққа үлгеріміне байланысты балалардың өзара қарым-қатынасындағы ерекшеліктер. Күнделікті мектеп өмірінен белгілі жайттың бірі төмендегіше көрінеді.

Айталық, ақыл-ойы басқа балаларға қарағанда жоғары, сабаққа үлгерімі жақсы, оқу тапсырмаларына белсене қатынасатын оқушылырға балалар үйір болып келеді де, ақыл-ойы біршама баяу дамыған, оқу үлгерімі төмен, оқу тапсырмаларына енжар келетін оқушылармен басқа балалар көп жұғыса бермейді.

Ендігі кезекте осындай балалардың қарым-қатынасы мен психологиялық ерекшеліктерін қарастырып кетейік.

Педагогикалық тәжірибе және психологиялық зерттеулер жалпы білім беретін мектептерде - оқу барысында арнайы басты талап ететін оқушылар едәуір кездесетіндігін көрсетеді. Денсаулығына, физиологиялық және психикалық функцияларының дамуына байланысты норма мен патология арасында болатын оқушылар да кездеседі. Мұндай балалар оқу үлгерімі төмен, артта қалған, әлеуметтік дезадаптацияланған оқушылар болуы мүмкін. Мұндай балалардың ерекше тобын ақыл-ойы енжар (интеллектуал пассив) оқушылар құрады. Олар біршама ақыл-ойы артта қалған балаларға ұқсас болып келеді. Ақыл-ойы енжарлықтың себебі көптеген әр түрлі жағдайда олардың дамуындағы ауытқуларға байланысты емес, оларды оқыту мен тәрбиелеудің жеткіліксіздігіне байланысты да болуы мүмкін. Сондықтан, ақыл-ойы енжар оқушылар ерекше зерттеуді қажет етеді.

Ақыл-ойы енжар феномені бірқатар еңбектерде көрсетіледі. Л.И.Божович, К.Маркова, М.В.Матюхина, Н.А.Менчинская, Д.Б.Богоявленская, Н.С.Лейтес.

Дегенменде бұл мәселеге ең алғаш Л.С.Славина зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Олардың эксперименттік зерттеулерінің нәтижесінде ақыл-ойы енжар балалар төмендегіше сипатталады деп көрсетеді.

1. Ақыл-ойы, дағды мен ептіліктері жеткілікті дәрежеде қалыптаспаған.

2. Ақыл-ой әрекеттеріне теріс қатынас құрады.

3. Шындыққа танымдық қатынастың болмауы.

В.С.Юркевич танымдық қажеттіліктің даму деңгейіне талдау жасай отырып, "ақыл-ой жалқаулық" ұғымына сипаттама береді, яғни ақыл-ой енжарлығы - білуге құмарлықтың балада болмау нәтижесі деп көрсетеді. Көптеген зерттеулерде нашар оқитын оқушылар сипаттамасына ұқсас ақыл-ойы енжар көрінуін түсіндіреді. Дегенмен, "ақыл-ойы енжар" термині жиі қолданбайды және негізгі екпін үлгермеушілігінің себебіне түседі.

Осыған байланысты ақыл-ойы енжар болуының табиғаты зерттеуден тыс қала береді, бірінші кезекке оқуда қиыншылықты жеңу міндеттері қойылады. Психологиялық әдебиеттерге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжар - негізгі мәселе ретінде Л.С.Славина жұмыстарынан кейін зерттеулер жүргізілмеген.

Бұл мақала ақыл-ойы енжар типтері мен себептерін қарастыруға арналады. Мұнда ақыл-ойы енжар деп отырған ұғым ақыл-ойы әрекетінің төмен деңгейі болып табылады. Ал мұның негізі көбіне ақыл-ой ептілігінің жеткілікті дәрежеде көрінетін тәрбие ерекшеліктерінде, ақыл-ой күшіне негативті қатынас құруға, ақыл-ой тапсырмаларын орындау кезінде басқа жолдардың әсер етуіне байланысты. Ақыл-ойы енжарлығы бас миының органикалық өзгерістерден туындайтын дефектологиялық сипатта көрсетілмейді. Аталмыш мәселеге талдау жасай отырып, ақыл-ойы енжарлығының 2 түрі кездесетіндігін көрсетеміз:

1. Ақыл-ой әрекетінің операциялы (тәсілдік) - техникалық механизмінің бұзылуы салдары ретінде ақыл-ойы енжарлығы;

2. Жеке адам сферасының мотивациялық қажеттілігінің дамуының негативті тенденциясының көрінуі ретінде ақыл-ой енжарлығы.

Ақыл-ой енжарлығының көрінуі кеңдігіне орай жалпы және жеке (таңдамалы) ақыл-ойы енжарлығы деп бөлуге болады.

Жеке ақыл-ой енжарлығы - оқу пәні мен іс-әрекет түрлерінің таңдамалы қатынасында көрінеді.

Л.В.Орлова осы мәселеге арнап зерттеу жұмысын жүргізеді. Енді осы зерттеу жұмысын қарастырып көрейік.

Зерттеу бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілді: ақыл-ой енжарлығының бастапқы тамыры - мектеп жасына дейінгі кезеңде басталатын болса да, бастауыш мектеп жасында ақыл-ой енжарлығы айқын көрінеді. Бастауыш мектеп кезеңінің жас ерекшелік тенденциясы бойынша оқушының танымдық сферасына не жағымды және не жағымсыз әсер етуі мүмкін. Бұл әсер ақыл-ой енжарлығын не көрсетпей жіберуі, не ақыл-ой енжарлығын айқын көрсетіп жіберуі мүмкін.

Зерттеу жұмысында ақыл-ойы енжар мотивациялық сипаттамасы адамның мотивациялық қажеттілік сферасының негативті қалыптасу факторы ретінде көрсетіледі - бұл танымдық, оқу және жеке адамның өзінің ақыл-ой әрекетінің негізгі компоненттеріне, мазмұнына әсер етеді. Зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер қойылды:

1. Ақыл-ой енжарлығының көрсеткіштерін нақтылау;

2. Ақыл-ой енжарлығының әртүрлі сипаты бойынша оқушыларды анықтау және топтарына сипаттама беру;

Эксперименталдық зерттеу 2 жыл бойы Коломна қаласындағы 41 мектепте жүргізілген екен.

1 кезеңде 27 баладан тұратын экспериментті осыған дейінгі белгілі ақыл-ой енжар белгілері бойынша ақыл-ой енжарлар психологиясы сипаттамасы мен таңдау критерийлері анықталды. Бақылау тобында 18 бала іріктелді, бұларда 1 топтағы балаларға сәйкес таңдалды. 2 кезеңде әрбір оқушының түрлі эксперименттік әдістемелерді қолдана отырып, жүйелі, кешенді зерттеу жүргізілген.

Бірінші кезеңде жүргізілген тәжірибесінде ақыл-ойы енжар балалардың психологиясына сипаттама беру барысында расында да бұл балалардың қарым-қатынаста едәуір қиналатынын, өзіне сенімсіздік басқалармен қатынас жасауына кедергі жасайтынын, сондай-ақ ондай балаларды құрбылары шектететіндігін сипаттайды.

Осы зерттеулерден шығатын ой - балалардың топтан тыс болуының бір себебі - олардың ақыл-ой деңгейі, сабаққа үлгерімі, сондай-ақ оқу тапсырмаларына селқостық қатынасы болып табылады.

Мектеп оқушылары арасында туындайтын оқшауланған балалардың болу себебін түсіндіретін оқушылардың өзара конфликттерін түгелдей болдырмау мүмкін емес. Конфликттерді алдын алу жолында маңызды роль алатын - тәртіп болып табылады. Тәртіп - белгілі бір тәртіптілікке бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті бостандығының толық дамуын қамтамасыз ететін әрекет.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Божович Л.И. Проблемы формирования личности: избранные психологические труды / Под ред. Д.И. Фельдштейна. — Москва; Воронеж: Ин-т практической психологии, 1995.

2. Маркова А. К., Абрамова Г. С. Психолого-педагогические аспекты проблемы индивидуальных различий //Вопр. психологии. 1977. № 1.

3. Менчинская Н.А. Проблемы учения и умственного развития школьника. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1989

4. Богоявленская Д.Б. Природа мышления как процесса. /Московская психологическая школа. М., 2004. т.1, (1), с.307-314.

5. Психология одаренности детей и подростков. - М.: Academia /Под. ред. Лейтеса Н.С. Учебное пособие для студентов высших и средних педагогических учебных заведений Изд. 2-е, перераб., доп. М.: ACADEMA. 2000. - 332 с.

6. Юркевич В.С. Одаренный ребенок: иллюзии и реальность: кн. для учителей и родителей. - М.: Просвещение, Учебная литература, 1996.

7. Славина Л.С. Индивидуальный подход к неуспевающим и недисциплинированным ученикам. -М., 1958.

8. Л. В. Орлова. Ақыл-ой енжар оқушылар // Воп. Психол. 45-49-беттер

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қарым-қатынасында проблемасы бар балаларға психологиялық сипаттама"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 675 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.01.2016 1535
    • DOCX 25.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кеңесова Еркеш Кеңесқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кеңесова Еркеш Кеңесқызы
    Кеңесова Еркеш Кеңесқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9821
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Взаимосвязь пищевого поведения и формирования образа тела у детей и подростков в контексте детско-родительских отношений

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Преодоление тревожности, застенчивости и страхов у детей в условиях образовательного процесса

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов

Курс повышения квалификации

Решение школьных проблем: интеграция нейропсихологического подхода и подготовка детей к школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 15 регионов

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологии личности: от нарциссизма к творчеству

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 18 регионов