Инфоурок Начальные классы КонспектыАс атасы нан тəрбие сағаты

Ас атасы нан тəрбие сағаты

Скачать материал

Тәрбие сағаты

22.11.2013ж

Ас атасы - нан

Тақырыбы:   Ас атасы - нан.
Мақсаты:
1. Оқушыларға нан, дән туралы мағлұмат беру. Нанның үлкен еңбекпен келетіндігін түсіндіру. Оқушының сөздік қорын молайту.
2. Топтық жұмыс арқылы нан туралы тақырыпты ашу, танымдық қабілетін арттыру.
3. Нанды қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Әдісі:
интерактивті  тақтамен  жұмыс,талдау, әңгімелеу, ойын.
Пәнаралық байланыс: ана тілі,
математика, дүниетану,
Көрнекілігі: Тақырыбы, нан өнімдерінен жасалған көрме, нақыл сөздер, тапсырмалар,
 шарлар.
Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен!
Психологиялық дайындық. «Шаттық шеңбері».
«Ақ тілек. Әсем күлкі».
- Көңіл – күйлеріңіз қалай?
- Керемет! (Қолдарын көтереді)
- Сабаққа дайындықтарыңыз қалай?
- Тамаша! ( Алақандарын шапалақтайды)
- Ынтаңыз ше?
- Ғажап! (Қолдарын көтереді).
- Ендеше бастайық!

2. Жұмбақ шешу.
1.Ұзын  мұртты  сарылар,

Қойынында  наны  бар.     «Бидай»

Мұғалім:  Тыңда  ерлер  түлетті,

                  Тың  адамды  үйретті.

                   Нан  үшін  олар  тек  төкті – деп, кімдерді айта аламыз?

-         Нан  қандай  тағам?

-         Нан  дастарханға  қалай  келді?

-         Қандай  мамандық  иелері  қызмет  атқарады?

-         Сендер  өскенде  кім  болғыларың  келеді?

Ендеше,  балалар  нан   дастарханға  келу  үшін  мына  мамандық  иелері  үздіксіз  еңбек  етеді  екен.

1. Тракторшы

2. Диқаншы

3. Комбаиншы

4. Жүргізуші

5. Диірменші

6. Наубайшы

7. Дүкенші

- Нан  дайындаудың  жұмыс  тәртіптері  қандай?

1. Жер  жырту

2. Дән  себу

3. Егістікті  күту

4. Астық  жинау

5. Элеваторға  әкелу

6. Диірменге  әкелу

7. Ұн  тарту

8. Нан  илеу,  ашыту

9. Нан  пісіру

10. Дүкенге  әкелу

3. Суретпен  жұмыс

- Суретте  кімдерді  көріп  тұрмыз?

- Олар  қандай  қызмет  атқарады?

Суретке  қарап  әңгіме  құрастыру.

4. Сергіту  сәті

«Нан  қайдан  келеді? »  оқушыларды ортаға  шығарып  арқаларына  нан  дайындау  жолдарын  массаж  түрінде  жасап  көрсету.

Мұғалім:

Біздің   Республикамыз  -  қазақ  халқының  қасиеті  дарыған  алтын  дән  даласы. Дән  дегеніміз – нан. Нан  бақытты  өмірдің  бастауы  өзегі. Нан- қасиет, нан  - береке,  нан – мереке, салтанаттың  алдын діңгегі. Аталарымыз  ертеден  ардақтысын   нанмен  қарсы  алып,  алыс  сапарға  бір  уыс  топырағы  мен  бидай  күлшесін  беріп  аттандырған.  Нан  -  тіршілік  ұланы. Ақ  дастарқан  үстінде    бір  үзім  нан  жатса  жарасып  тұрады. Түсіне  білген адамға  бір  үзім  нан  -  қанша  тіршіліктің  тынысы,  бір  түйір  дән-  қанша  адамның  маңдай  терінің  жемісі  деп  білуіміз  керек.

Қазіргі  кезде  нан  өнімдерін  шығаруда  жаңаша  технологияны  пайдалануда. Нан  өнімінің  алуан  пішінді  түрлері  пісіріледі.

Қане,  балалар,  бәріміз  назар  аударайық. Сыныпта  «Ұн өнімдерінен  жасалған  тағамдар»  атты  көрме  ұйымдастырылыпты.

5. Оқушылар  тақпақтарын  айтады. 

1-    Оқушы  Анель 

Бір кезде болып нанға зар.

Әулие тұтып, нанды ұстап,

«Нан ұрсын»  деп қорғанар

Нан ардақты адал ас

Кәрі жас одан аттамас

Нандай жоққой асыл дәм

Жеп үйренген жасыңнан

Дастарханнан нан кетсе

Береке кетер асыңнан

Ей, балалар, балалар

Болмаңдар сірә, нанға тар

Өмірдің алтын арқауы

Бар қасиет нанда бар.

 

2-    Оқушы     Диас

-         Біздің кең байтақ даламызда астықты  алқаптар жеткілікті. Еліміз

бидайдан мол өнім  жинап, тіптен  қамбаға сыймай  жатса, біз  онымен мақтанамыз

3-    Оқушы   Қарақат

Нан –адамның өмірі. Ол биіктен төгілген  мөп-мөлдір зәм-зәм суынан өседі. Жеңіспен алып келген нанға пірім деп, Нанға жырым деп табынам.

4-    Оқушы    Ерасыл

Нанға үлкен жүрекпен қараңдар!

Нанды өмір деп санаңдар.

Нан болмаса

Қызығың, бақытың

Құр әуре далбаса

5-    Оқушы    Фатима

Көкіректі мұң

Жерді шаң торлайды.

Екі ел бірін-бірі жалмайды.

Елімнің құдіретін асырап тұрған

Мерейін  үстем ғып тұрған,

Ол – нан!

6-    Оқушы    Айбол 

-         Иә,  нан – біздің дастарханымызға қалай келетінін кеңірек біле түсейік.

7-    Оқушы   Айбота

Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар.

Нанда адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті, арқауы

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар?

8-    Оқушы    Алдияр

Кешіре гөр,  бір үзім нан асылым,

Кешіре гөр,  көрсең бізден асылық.

Кешіре  гөр,  мынау тойған  буынды

Аяқ асты кейде  жатсаң  басылып

Хормен

Ақ  нанды  кім қорлайды

Аштықта сол сорлайды!

6. Кез  келген  дүние, жақсылық  атауы  бізге  еңбек  арқылы  келеді.  Олай  болса,  еңбекке  қатысты  мақал-мәтелдер  айтайық.

-         Еңбектің  наны  тәтті,

Жалқаудың  жаны  тәтті

-         Ас  атасы – нан.

-         Еңбек  етсең  ерінбей, 

Тояды  қарның  тіленбей.

 

7. Топтастыру  стратегиясы

                                                 достық

 


                 қасиетті  ас                                              Құрметпен  қарау

нан
 


                береке                                                       Дәмі  тәтті

 


                                                                                  молшылық

                     мереке                      

                                                       тоқшылық

8. Сөзжұмбақ  шешу «Ас атасы - нан»

Сұрақтары:

1. Есту  мүшесі ( құлақ)

2. 4+4 қосындысы  нешеге  тең?  (сегіз)

3. Нан  пісіруші  (наубайшы)

4. Нан  қасиетті .....   (тағам)

5. Қарындашпен, фломастермен, тушьпен  салынған  сурет қалай  аталады?  (графика)

6. Жылы  түстің  бірі   (сары)

7. Еңбектің  наны  тәтті, Жалқаудың   ....   тәтті.    (жаны)

8.             мынау  қандай  белгі?  ( тұман)

9. Қағаз  бен  матаның  бетіне  табиғи  материалдарды  бекіту  қалай  аталады?  (аппликация)

10. Нан  өнімдерін  сататын  адам?   (дүкенші)

Қорытынды.

«Нан  қасиетті  тағам» - деп  бекер  айтылмаған. Нанның  қасиеті  бізге  тоқшылық,  байлық,  тыныштық  әкеледі. Нансыз  өмір  сүруіміз  мүмкін  емес. Нан – тіршілік  тірегі. Нанды  қастерлеуіміз  керек. Ысырап  етпей үнемдей  білуіміз  керек. Нан  бізге  адал  тынымсыз  еңбектің  арқасында  келетінін  естен  шығармауымыз  тиіс.  Барлығымыз наннан  үлкен  емеспіз,  сондықтан  нанның  дәмін татып көрейік.

Ас болған  жерде әрине  дәм  қайтару міндет. Сондықтан  келген  қонақтардың  ішінен үлкені  дәм  қайтарса.

Сау болыңыздар!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ас атасы нан тəрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2016 1951
    • DOCX 40.2 кбайт
    • 36 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Садвакасова Сауле Абушахмановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36782
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1104 человека из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 295 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек