Инфоурок Дошкольное образование СтатьиАшық оқу қызметі "Менің сүйікті қонжығым"

Ашық оқу қызметі "Менің сүйікті қонжығым"

Скачать материал

КІРІСПЕ

 

     Бастауыш сынып оқушыларын қажетті білім негіздерімен қаруландырып, оқу материалдарының мазмұнын бүгінгі күннің талабына сай меңгерту үшін оқудың тиімді әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдап алып, ұтымды қолдану талап етіледі.

     Оқушыларға білім беру барысында мұғалімнің тікелей басшылығымен жүзеге асырылады. Мұғалім оқу материалын сөзбен түсіндіреді. Ал мұғалім сөзі сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы толықтырылып отырылады.

     Білім алуда оқушының оқуға деген талабы, ынтасы, қызығуы және оқудың қажеттілігін сезінуі үлкен рөл атқарады. Бұл жайттарды ескермей, балаларды білім негіздерімен қаруландыру қиын. Сондықтан да ең алдымен оқушыларды білім алуға қызықтыруға, яғни олардың білімге деген ынтасын арттыруға айрықша көңіл бөлінеді.

     Бағдарламаға сай қазақ тілі материалдары оқушыларға қалай үйретіледі? Белгілі бір пәнді үйрету барысында оқушылардың әрекетін ұйымдастыруды оқытудың әдісі дейміз. Оқыту әдістерінің қайсысы болмасын, оқушы мен мұғалімнің ара-қатынасын білдіреді. Бұл олардың бірлесіп әрекет ету тәсілдері болып табылады.

     Метод – грекше зерттеу жолы деген сөз. Басқаша айтқанда оқушының ақыл-ойының және практикалық  қызметінің тәсілі деген мағынаны білдіреді.

     Оқу әдісі – оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, қабілетін дамыту, оларға білім, білік және дағдыны меңгерту жолындағы мұғалім мен оқушылардың бірліктегі атқаратын жұмыстарының тәсілі.

     Мұғалімнің оқыту әдісі деп оқу процесінде оқушылардың ақыл-ой процесіне басшылық ету және білім беру тәсілдері айтылады. Оқушылардың үйрену әдісі дегеніміз – олардың білім, білік, дағдыларды меңгеру тәсілдері. Оқу процесін жүргізу жұмысында басшылық рөлді мұғалім атқарады. Сол себепті мұғалімнен білімділік және әдіс-тәсілдерге төселген шеберлік талап етіледі. Ал, оқушылыр болса оқу еңбегіне саналы әрі белсенді түрде қатысу дағдысына жаттығып, оған әбден машықтанған болуы қажет. Осындай екі жақты белсенді әрекеттің нәтижесінде ғана оқыту процесі көздеген педагогикалық мақсаттарға жете алады.

    Оқытудың тиімді методикасының дидактикалық шарттарының бірі оқыту әдістерін дұрыс таңдап ала білу. Бұл ыңғайда мұғалім информациялық және ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін пайдаланады. Бірінші әдіс бойынша мұғалім бағдарламалық жаңа материалдарды баяндап түсіндіреді. Екінші әдіс арқылы оқушылардың білімді өздігінен меңгеруіне жағдай жасайды. Сөйтіп оқыту мен оқу методтары өзара үйлесімді байланысқа түседі. Яғни информация методы оқушылардың түсінуі мен білім меңгеруіне жағдай жасайды да ұйымдастыру әдісі оқушылардың білімді меңгеру үстінде ізденіске талпынуын тудырады.

    Егер оқушы өздеріне ұсынылған белгілі бір әдіс пен таным қызметінің тәсілдерін пайдалану материалды мұғалімнің баяндап түсіндірген күйінде ғана оқып үйренсе, ол еске түсіру қызметі болады.

    Ал, материалды мұғалім түсіндіргендегіден әлдеқайда кең, терең оқып үйреніп, тиісті тіл заңдылықтарының тақырып аясындағы « жаңалықтарын » меңгерсе, мәселені шешу жолында жаңа әдістер қолданса, онда бұл шығармашылық таным қызметінің көрінісі болады. Еске түсіру мен шығармашылық жұмыс өзара байланысты болғандықтан, оқыту процесінде бұл әдістердің бірін қолданғанда, екіншісінің де элементтері бой көрсетіп отырады.

    Оқу материалының мазмұны мен оқыту әдісінің арасында өзекті байланыс болуы – оқыту ісі тиімділігінің бір шарты. Мұғалім материалды мазмұнына, сипатына қарай оны меңгертудің ең қолайлы деген әдістерін таңдайды.

    Оқыту әдіс-тәсілдерін таңдағанда мұғалім оқушылардың жеке және типтік ерекшеліктерін, қазақ тілі материалын меңгертуге деген дайындық деңгейін, әрбір оқушының психологиялық ерекшелігін ескереді.

    Мектепте оқыту жұмысының алдына қойылатын түпкі мақсат – оқушыларға саналы білім, берік практикалық дағды беру және оларға білімді өздігінен меңгеру жолын, сол білімді практикада кәдеге асыра алатындай іскерлікті дарыту. Бұл игі мақсат оқу-тәсілдерін, білімді меңгеру процесінде оқушының өздігінен жұмыс жасауына себебін тигізетін әдістерді қолдану жолымен жүзеге асады. Осыған байланысты бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту ісінде өзін практикада ақтаған әдіс-тәсілдерді анықтау мақсатында «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістері» деген тақырып таңдап алдық.

 

    Диплом жұмысының міндеті:

 

    Озат мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне, ғалым-әдіскерлердің еңбектеріне және жүргізілген эксперимент  жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, мұғалімнің қазақ тілі сабақтары барысында бірнеше әдістерді пайдалана отырып, оқу жүйесін тиімді де тартымды ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсыну;

-         бастауыш сынып оқушыларының таным процестерін дамытудың жолдарын ұсыну (атап айтқанда, қиялын, ойларын және қабылдауын);

-         оқу процесін ұйымдастыру әдістері;

-         оқушыларын үйренетін білім көздерінің әдістері;

-         нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістерді атқаратын қызметіне қарай топтастыру.

        Зерттеу объектісі: Шымкент қаласындағы № 7 Қ.сыпатаев атындағы, № 47 Т.Тәжібаев атындағы және № 51 Төле би атындағы орта мектептердің бастауыш сыныптарында жүргізілді.

 

  Диплом жұмысын жазудағы мақсат:

    

   Мектептегі оқыту процесін жақсартуға ықпал ету.Бастауыш сыныптарда қазақ тілі материалдарын  меңгертуде пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдерді жүйеге түсіріп, мектеп мұғалімдеріне ұсыну.

   

 Диплом жұмысын жазуда мынандай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды:

 

-  қазақ тілін оқытуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектерге талдау жасау және қорытындылау;

-         озат ұстардың іс-тәжірибелерін жинақтау және талдау;

-         бақылау, әңгімелесу, анкета және тест жүргізу;

-         мектерде оқу экспериментін жүргізу.

 

  Диплом жұмысының мақұлдануы:

 

   Біздің зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі № 7 Қ.Сыпатаев, № 47 Т.Тәжібаев атындағы орта мектептерінің педагогикалық кеңестерінде, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ-нің студент жастар ғылыми конференциясында талқыланып, қолдау көрсетілді.

 

 Диплом жұмысының құрылысы:

 

    Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Еңбектің кіріспе бөлімінде диплом жұмысының тақырыбын таңдау себебін, оны жазудағы мақсат-міндеттер, зерттеу әдістері, зерттеу объектілері сөз етіледі. Негізгі бөлімінде бүгінгі таңда бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында пайдаланылатын әдіс-тәсілдер баяндалады. Қорытынды бөлімінде жүргізілген жұмыстар нәтижелеріне негіздей отырып, қазақ тілін меңгертудің ең тиімді әдіс-тәсілдері тұжырымдалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері

 

     Мектепте оқылатын барлық пәндер сияқты қазақ тілін оқыту методикасының да ғылыми-зерттеу әдісі бар. Қазақ тілін оқыту методикасының алға қойған мақсаты - өзінің зерттейтін объектісін жан-жақты танып білу, заңдылықтарын ашып айқындау. Демек, ғылыми-зерттеу әдісі дегеніміз белгісізді тану, айқындау.

     Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қай түрінде болмасын зерттелетін объектіні танып білу мынадай үш түрлі әрекет бойынша іске асырылады, бірінші – қажетті материалдар, фактілер жинау, екінші – жинақталған фпкті немесе метериалдарды талдау, салыстыру, үшінші – сол фактілер негізінде теориялық тұжырымдар, қорытындылар жасау. Құбылысты, объектіні ғылыми танып білу процесінде іске асырылатын бұл әрекеттер қазақ тілін оқыту методикасында да негізгі кезеңдер болып саналады.

     Қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістерінің де белгілі бір жүйесі бар. Яғни, ол қазіргі тіл ғылымы жаңалықтарын, педагогика, психология пәндерінің өзара байланысын ескеріп отырады.

     Қазақ тілін оқыту методикасының ғылым ретіндегі дамуының басты шарты – методикалық зерттеулерді әрі қарай дамыту, жетілдіру, эксперименттік тәжірибелер жасау, мектеп тәжірибесін зерттеу, оған жаңа фактілерді қосу, методика ғылымындағы жаңалықтар, жетістіктер, орыс тілін оқыту методикасындағы тәжірибелерді пайдалану, психологиялық әдістерге де көңіл бөлу. Сондай-ақ мектептегі оқыту жүйесі деңгейін зерттей отырып, бақылау жасаумен бірге, методика ғылымының жаңалықтарын үнемі ескеріп, мұғалімнің жан-жақты методикалық ізденістерін дамыта отырып, шығармашылықпен сабақ беруіне көмектесу жолдарын қрастыру негізгі мәселелердің бірі болып саналады.

     Сонымен, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері мыналар: методикалық әдебиеттерді талдау, зерттеу, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу, сабақ процесін көру, бақылау анкетасымен жұмыс жүргізу, жеке әңгімелесу әдісі, эксперимент әдісі.

    Мұғалімнің педагогика, психология ғылымдары жаңалықтарын біліп отыруы аса қажет, онсыз оқу процесін сапалы ұйымдастыру мүмкін емес.

     Енді сол ғылыми-зерттеу әдістеріне жеке-жеке тоқталайық.

     Методикалық әдебиеттерді талдау және зерттеу әдісі мұғалімдердің күнделікті жұмыстарымен тығыз байланысты негізгі мәселелердің бірі. Мұғалімнің қазіргі методикадағы болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды психология, педагогика ғылымдарындағы жаңа ізденістер мен методиканың өткендегі мұраларын салыстырып пайдалануы қажет, онсыз оқу-тәрбие ісін ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.

     Қазақ тілін оқыту методикасы жүйелі зерттелінбеген десек те, бұл мәселе 1940 жылдардан бастап қолға алынғанын айту жөн. Қазақ тілін оқыту методикасының негізгі мәселелері әр кезеңде зерттелінді. Мысалы, жеке мақалалар жазылып, методиканың кейбір салалары, атап айтқанда, фонетиканы оқыту, морфологияны оқыту, тіл дамыту жұмыстары, факультативтік сабақтарды оқыту, техникалық құралдарды пайдалану, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, орфографияны оқыту, пунктуация мәселелері жөнінде ғылыми әрі практикалық жағынан талай еңбектер жарық көрді.

     Алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу әдісі – бұл әдіс те методиканы толықтырудың бір түрі. Өйткені тәжірибелі бір мұғалімнің немесе бірнеше мұғалімнің шығармашылығына талдау жасауға болады. Атап айтқанда, тәжірибелі мұғалімнің жұмыс жоспарын, сабақ жоспарын, дидактикалық немесе методикалық нұсқауларды, кесте, сабақ көрнекіліктерін пайдаланудағы іс-тәжірибелерімен танысу, олармен тәжірибе алмасу аса қажет. Сондай-ақ алдыңғы қатарлы озат тәжірибені зерттеу, оны жалпы мектеп практикасына ендіру, ұсыну ғылыми-зерттеу жұмысында дұрыс тұжырымдар, қорытындылар жасауға, жаңа пікірлер ұсынуға мүмкіншілік жасайды.

     Оқу процесін бақылау әдісі – бұл да методикада шешуші роль атқарады. Бұл метод арқылы мұғалімнің бүкіл сабақ жүйесінде қолданатын әдіс-тәсілдерінің дұрыс-бұрыстығы, оқушыларға ұсынылған жаттығулар мен грамматикалық тақырыптарға байланысты берілген мысалдардың оқушының жас ерекшелігіне лайықтылығы, дұрыстығы, егер дұрыс болмаса, оны қалай түзеу қажеттігін білуге пайдасы бар.

    Сабақ процесін жүйелі, белгілі мақсатпен бақылау, байқау белгілі бір грамматикалық проблеманы дұрыс, жан-жақты, ғылыми талдау жасауға көмектеседі.Мысалы, зат есімді оқытумен байланысты қандай жұмыстар істелінді, нендей ғылыми тұжырым жасалынды деген мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіншілік болады.

     Әңгімелесу әдісі арқылы мұғалім оқушының білімін бақылай отырып, жеке оқушымен де, топ оқушымен де әңгімелесу арқылы да сабаққа қорытынды жасай алады.

     Орта мектепте бұл әдістің тиімділігі оқушының қазақ тілінен алған білімі мен іскерлік дағдыларын тексеріп, қандай қателер жібергенін анықтап, онымен жұмыс істеудің жолдарын белгілейді.

     Анкета бойынша сұрап-білу әдісі. Бұл әдіс бойынша бүкіл сынып немесе бірнеше сынып оқушыларының білім сапасын тексеруге болады. Ғылыми-зерттеу жұмысында анкета әдісі арқылы методикада ұсынылған кейбір әдіс-тәсілдердің тиімді деген жақтарының дұрыс-бұрыстығын тексеруге мүмкіншіліктер болады.

     Эксперимент әдісі – бұл әдіс методикада мектеп тәжірибесіне байқау жасап, белгілі бір ұсынылған әдістің тиімділігіне әбден көз жеткізу мақсатында, соны тексеру үшін пайдалы.

     Қазақ тілі сабақтарында эксперимент жұмысы сабақта қолданылған әдістердің тиімділігін байқау үшін қолданылады. Мұндай мақсатта эксперимент қатар сыныптарда жүргізіледі. Эксперимент және бақылау (тексеру) жасау сыныптарындағы нәтижелер салыстырылады, оның пайдалылығы жөнінде ұсыныстар жасалынады. Ол әдістің тиімділігі дәлелденеді.

     Оқыту процесін тексеру үш түрлі жолмен іске асырылады:

     а) Оқыту, бақылау (констатирующий) тексеру мәніндегі эксперимент бойынша оқытудың жалпы жайы, оқушылардың білімі, қабілеті, дағдысы алдын ала тексеріледі. Осындай мақсатта ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстарының текстері, түрлі материалдар дайындалады.

     ә) Оқыту мәніндегі эксперимент – эксперимент жүргізіліп жатқан сыныпта зерттеушінің ұсынып отырған мәселесінің тиімділігі, артықшылығы тексеріледі.

     Мұнда ұзақ уақыт мұғалім мен зерттеуші оқу процесіндегі оқушылардың бүкіл ісіне бақылау жасайды.

     б) Бақылау (тексеру) эксперименті арқылы зерттеушінің жұмысының ең соңғы рет дұрыс-бұрыстығы тексеріледі. Ол әрі эксперименттік, әрі тексеру эксперименті жүргізілген сыныпта өтіледі. Өйткені ұсынылып отырған мәселенің артықшылығы, тиімділігі, кемшілігі салыстырылады. Тиімді, өте пайдалы деп саналынған оқыту әдіс-тәсілдері кәсіпшілікке ұсынылады. Немесе белгілі бір мектеп тәжірибесіне ендіріледі. Сондықтан методиканың дамуына байланысты оның зерттеу әдістері де жетілдіріліп, дамып отырады. Қазір ғылым мен техниканың соңғы табыстарына байланысты ең таңдаулы деген сабақ үлгілері, немесе озат мұғалімнің іс-тәжірибесі телесабақ түрінде ұйымдастырылып, болмаса магнит ленталарына жазылып, кең зерттеу жасауға мүмкіншіліктер жасалып отыр.

     Әрине, қазақ тілін оқыту методикасының ғылыми-зерттеу әдістері жеке-дара күйлерінде пайдаланылмайды. Олар бір-бірімен байланысты , қатарласа жүргізіледі, демек бір-бірімен қарым-қатынаста ғана іске асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқыту әдістерін топтастыру

 

    Оқыту әдістері қолданылу мақсаттарына қарай әрі олардың атқаратын қызметтері тұрғысынан бір-біріне принциптік ұқсастығы бойынша төмендегі үш түрге топтастырылады.

   1. Оқу процесін ұйымдастыру әдістері.

   2. Оқушылар үйренетін білім көздерінің әдістері.

   3. Нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістер.

 

     Оқу процесін ұйымдастыру әдістері. Бұл топқа мына әдіс енеді: 1) Мұғалімнің оқу материалын өзара байланысты түрде баяндау әдісі; 2) Мұғалімнің оқушылармен жүргізетін әңгіме әдісі; 3) Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқушылардың өзіндік жұмыс әдісі.

    Осы әдістерді қолдана отырып сабақ материалы бойынша жұмыс жүргізгенде, мұғалім мен оқушылар арасындағы педагогикалық қарым-қатынас әрі кері байланыс амалдары ұштастырылады, сонымен бірге ұстаз бен шәкірттер арасындағы жұмыстардың бірлігі айқын көрініс береді. Аталған әдістердің маңыздылығы тап осында.

    Оқу жұмысын ұйымдастыру методтары тобындағы әдістер қазіргі мектеп тәжірибесінде кең тараған. Сондықтан қай пәннің мұғалімі болсын және қай сыныпта сабақ жүргізсін, ол осы әдістерді қолданады. Мұғалім оқу процесінде оқушылардың жасына әрі даярлық дәрежесіне, сондай-ақ тақырып бойынша сыныппен жасалатын жұмыстың кезеңдеріне, сабақтың нақтылы міндеттеріне қарай бұл әдістердің ең тиімді дегендерін пайдаланып отырады.

     Баяндау әдісімен сабақ түсіндіргенде мұғалім жоғары немесе орта буын сыныптарда оқушылардың таным қабілетінің даму деңгейінде оқу материалының мазмұнын белгілі шамада кеңейте баяндауы мүмкін. Мұны бастауыш сыныптарда істеуге болмайды, бұл олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты.

     Әңгіме әдісі – бастауыш сыныптарда қолданылатын әдістердің ең негізгі түрі. Бұл әдіспен сабақ жүргізгенде, мұғалімнің сұрағы мен оқушылар жауабы түрінде диалог пайда болады. Осы кезде оқу материалының мазмұны ашылады, оқушының түсіну дәрежесі айқындалады. Оның үстіне оқушыларды сабақта еркін сөйлеу процесіне қатыстыру арқылы тіл байлығын жетілдіру мақсаты жүзеге асырылады. Әңгіме әдісін қолданғанда мұғалім сұрақ қоюға ерекше көңіл бөледі. Сұрақ қысқа да түсінікті, қызғылықты және методикалық жағынан дұрыс құрылған болуы керек. Өйткені жете ойластырылмаған сұрақ балаларға қиындық келтіреді. Сондықтан сұрақ қоюға аса жауапкершілікпен қараған жөн. Әңгіменің тартылымдылығын арттыру жағы да ойластырылады.

     Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен орындайтын практикалық жұмыстарын ұйымдастыруға елеулі мән беріледі. Оқушылар өзіндік жұмысты орындау барысында жеткілікті дағды алуға тиіс. Әр оқушы өзінің қандай тапсырманы орындайтынын, нені тындыратынын және қандай тәсілдерді қолданатынын білгені дұрыс. Сонда ғана оқушының еңбегі нәтижелі болады. Оқушылардың өздігінен орындаған сынып жұмысы сол бойда-ақ тексеріліп, жіберілген қателер ұқыпты түрде түзетіледі әрі себептері түсіндіріледі. Оқушының өз бетімен орындаған жұмысының сапалы болуына мұғалімнің көмегі және оқушылардың өзін-өзі тексеру әрекеті елеулі ықпалын тигізеді.

     Ескеретін бір методикалық мәселе – жоғарыдағы әдістердің біреуі сабақ процесінде басым роль атқаруы мүмкін. Солай екен деп әдіске ерекше артықшылық беріп, сабақтың басым, көп уақытын сол әдіс арқылы ұйымдастыру сабақ сапасына нұқсан келтіреді. Ондай сабақтан, әсіресе төменгі сыныптарда, тиімді нәтиже шығуы екіталай. Сабақтың бір сарынды жүргізілуі оқушыларды жалықтырады, енжарлық сезімге бөлейді.

  

    Білім көздерінің әдістері. Оқыту әдістерін оқушылар алатын білімнің қайнар көздері бойынша топтастырғанда, оған сөздік әдісі, көрнекілік және практикалық жұмыс әдістері енеді. Ал, бұл әдістердің өз ішіндегі бастауыш сыныптардағы қазақ тілін оқыту сабақтарында пайдалануға ең қолайлы деген түрлері іріктеліп алынады. Әйтпесе, сөздік әдісінің бірі лекцияны төменгі сыныптарда қолдану жас балалардың ақыл-ойының даму деңгейіне : білім қорына, практикалық тәжірибесіне мүлде лайық келмейді, сол себепті бірінші – үшінші сыныптарда сөздік әдісінің ішінде мұғалімнің түсіндірмесі, оқулықпен жұмыс істеу түрлері ғана қолданылды.

    Ал, көрнекілік әдіс түрлерін қолданғанда методикалық шеберлік керек. Мұнда көрнекіліктің көбіне заттық бейнелі түрін, қала берді символды көрнекіліктің ішінде таблицаны пайдаланған тиімді. Ондай таблица әрі ықшам, әрі негізгі тілдік деректерді тануға қолайлы етіліп өрнектеледі.

      Мұғалім тақта бетінде сабақ материалын баяндап білім беруімен бірге, сол тақтаны ұқыпты пайдаланатын шеберлігімен, көзтартарлық көркем жазуымен оқушыларға үлгі-өнеге көрсетіп, оларды іскерлікке тәрбиелейді. Сонымен бірге тұтас сыныптың және әрбір оқушының көңіл-күйін қалт еткізбей, қадағалап отырады, дер кезінде көмек көрсетеді. Көрнекілік әдісімен бірге сөздік әдісін қолданып, оқушылардың оқып үйреніп отырған материалды дұрыс түсінуіне бағыт береді.

      Практикалық әдіс бойынша, негізінде, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары орындалатыны белгілі. Мұғалім бұл әдісті қолданғанда, әлбетте, әр сыныптың тұрақты оқулықтарындағы практикалық жұмыстарға арналған тапсырмалардың шарттарын орындатады. Мұғалім бұл арада ең алдымен, сол тапсырманың мазмұнына, оның тіл құбылысын қаншалықты аша түсетініне зер салады. Оқулық материалына осылайша сын көзімен қарау мұғалімді бірқатар олқылықтан, тіпті ықтимал қателіктерден сақтандырады. Соның нәтижесінде оқушыларға әрі дұрыс, әрі айқын ұғым беріледі. Екіншіден, практикалық жұмыс тапсырмаларын орындау шарттары бақылауға алынады. Бұл жағдайда оқушылардың тәжірибелік жұмысы бір сарынды қалыпқа түсіп кетпеуі қадағаланады. Демек, тапсырмалардың орындалуы оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға тиімді әсер етерліктей етіледі.

     Сөз болып отырған әдістер тобында сөздік әдіс жетекшілік роль атқарады. Көрнекілік әдісімен не  практикалық әдіспен сабақ жүргізгеннің өзінде де сөздік әдіс пайдаланылмай қалмайды. Өйткені тілсіз, сөзсіз, түсінік берілместен практикалық жұмыс орындалмақ емес.

   

     Оқу міндеттерінің әдістері. Нақтылы оқу міндеттерін белгілейтін әдістер тобына жаңа білімді түсіндіру әдісі, білімді бекіту және білік пен дағдыны қалыптастыру әдісі, білім, білік дағдыны тексеру және есепке алу кіреді. Бірқатар методикалық әдебиетте бұл әдістер сабақ түрлері ретінде қарастырылады.

    Жаңа білімді түсіндіру сабағы оқушылардың сұрағын меңгерген теориялық мағлұматтарын қайталап, еске түсіруден басталады. Бұл арад жаңа білімді жеңіл түсінуге тірек боларлықтай байланысы бар материал пысықталады. Жаңа материал белгілі обьектіні бақылату, талдату, салыстыру әдістерін қолдану жолымен түсіндіріледі. Мұғалім таблицаны, жаттығуды немесе тақтаға жазылған тапсырманы ұсынып, оларды оқушылардың өз бетімен талдауын ұйымдастырады. Бастауыш сыныптарда жаңа білімді меңгерту үшін мұғалім түсінік сөзіне кең орын беріледі, бұл сөз оқушылардың алдын ала жасайтын жұмысына байланысты болады. Мұғалімнің түсінік сөзінде оқу материалы толық талқыланады немесе негізгі мәселелер анықталады.

     Сабақтың жаңа материалды бастапқы бекіту бөлімінде оқушыларды практикалық қызмеике қосу міндеті көзделеді. Қорытынды бөлімінде оқулықтағы тапсырма орындатылады, тұтас текстен көрікті объекті іздетіледі, оқушыларға жаңа ережелерге сәйкес мысалдар келтіріледі.

   

    Оқушы білімін қалыптастырудың негізгі тәсілі – білім бекіту жаттығулары. Оқушы білімі белгілі тілдік материалды, грамматикалық ереже-анықтамаларды өту үстінде бекітіледі. Оқушылардың грамматикалық білімді меңгеруінің беріктігі мен сапасы төмендегі көрсеткіштер бойынша сипатталады.

    1. Оқушының грамматикалық құбылыстарды бір-бірінен ажырата біліп, олардың өзіндік ерекшелігін көрсете алуы. Мысалы: септік жалғаудың әр түрін біліп, оларды өз практикасында дұрыс қолдана алуы.

    2. Грамматикалық терминдерді дұрыс қолдана білуі. Мысалы: дыбыс пен әріпті, сөз бен сөйлемді, жалғау мен жұрнақты шатастырмауы.

    3. Оқушының ереже мен анықтамаға саналы түсініп, байланысты түрде баяндауы, оларды дәлелдеу үшін лайықты мысалдар келтіре алуы.

    4. Оқушының грамматикалық ережелерді жазбаша жаттығу орындағанда, сөйлеу практикасында қатесіз қолдана білуі.

     Оқушыларды грамматикадан сапалы, берік біліммен қаруландыру мақсаты білім бекітужұмыстары арқылы жүзеге асады. Білім бекіту жұмысы ауызша, жазбаша жаттығулар жүйесі бойынша жүргізіледі. Жаттығулар арсында грамматикалық талдау жұмысының маңызы ерекше. Ол тілдік фактілерді жетік білуге, ережелерді дұрыс қолдану дағдысына үйретеді. Грамматикалық талдау жеке ереже бойынша ішінара түрде де, не өтілген барлық ережелерді қамтып жалпы түрде де жасалады. Талдау ауызша және жазбаша жүргізіледі. Грамматикалық талдау морфологиялық, синтаксистік болып бөлінеді, сондай-ақ фонетикалық талдау да болады. Тіліміздегі дыбыстарды ажыратады, әрі олардың таңбалану ерекшелігі мен жазылу емлесін қарастырады. Морфологиялық талдау да сөз, оның құрылысы, сөз таптары, олардың формалық белгілері ажыратылады. Синтаксистік талдау сөйлем, оның түрлері мен мүшелері, сөздердің өзара байланысы мен мағыналық түрлерін айырады. Бұл талдаулардың қай-қайсысы да тиісті сыныптың бағдарламасына, оқушының білім көлеміне, дағды деңгейіне сәйкестендіріліп жүргізіледі.

     Морфологиялық талдау жасағанда, әуелі сөздің негізгі түбірі табылып, содан соң оған қандай қосымшалар жалғанып тұрғаны анықталады, қосымшалардың жалғануына байланысты сөздің мағынасы мен тұлғасында пайда болған өзгерістер дәлелденеді. Морфологиялық талдаудың бірі – сөз табына талдау. Ол сөйлемдегі сөздердің тиісті орнын қарастыру жолымен жүргізіледі. Сөзді тапқа айырғанда, оның мағынасы мен формасы, сол формаға қарай қойылатын, сұрақтары ажыратылады, әр сөздің сөйлемде атқарып тұрған қызметіне де назар аударылады.

     Синтаксистік талдауда сөйлем, оның мағыналық түрі және мүшелері талданады. Сөйлем мүшесі ішінде ең алдымен баяндауышты, содан соң бастауышты таптырып әдеттендірген жөн. Себебі етістік баяндауыш сөйлемде не, кім жайында айтылған ойды анық танытады. Әрі баяндауыштың орны көбіне тұрақты болады.

    Тұрлаусыз мүшелер осы негізгі мүшелерге байланыстылығы бойынша сұрақ қою арқылы анықталады. Қай сыныпта болсын, талдаудың қандай болсын түрін қолданғанда, материал программаға лайықталып алынады.

   Сонымен қатар талдауға алынатын материалдың идеялық жағынан ұстамды, көркемдігі  жоғары болуы және оның тәрбиелік мәні ескеріледі.

   Білім бекіту жұмысы, грамматикалық талдаулар мен қатар, ауызша және жазбаша жаттығу жұмыстары арқылы да жүргізіледі. Олардың негізгі түрлері мыналар:

   1. Көру, есту қабілетіне сүйенетін көшіріп жазулар.

   2. Орфографиялық тапсырмалар. Мысалы, әдейі қалдырылған әріптерді тауып сөзді толықтыру немесе сөз тұлғаларын өзгерту.

   3. Есту, көру қабілетіне сүйенетін әр алуан диктанттар мен мазмұндамалар.

   4. Әр түрлі шағын шығармалар.

    Жаттығу жұмыстарын жүргізудің әр алуан әдістері бар. Олар көбінесе көшіріп жазумен орындалады. Одан қалаберді диктанттың біраз түрі қолданылады. Жаттығу жұмысында орфографиялық және түсіндірме сөздіктер пайдаланылады немесе сөздіктерді оқушылардың өздеріне жасату тапсырмасы беріледі, бұл да білім бекітудің бір түрі.

     Көшіріп жазу берілген тапсыпрмадағы әдейі түсірілген әріптерді не сөздерді ойлап табу жолымен атқарылады. Табылған объектінің асты сызылады. Бірқатар тапсырма теріп-көшіру  жолымен орындалады. Онда оқып-үйреніліп отырған ереже-анықтамаларға байланысты жерлері іріктеп алынып, көшіріледі. Жаттығудың бұл түрін терме диктант деп те атайды.

     Диктант түрінде орындалатын білім бекіту жаттығуларына  көру-есту диктанты, көру диктанты, есту-ескерту диктанты, түсіндірмелі диктанттар жатады. Көру-есту диктантын жүргізгенде орфографиялық, грамматикалық объектісі бар сөз не сөйлем тақтаға жазылып, талданады, содан соң жатқа жаздырылады. Көру диктантын орындағанда тапсырмасы бар текст тақтаға жазылып немесе плакат түрінде көрсетіледі, бірақ алдын ала талданбай, жатқа жаздырылады. Ал, оқушылардың жатқа білетін тексін жатқа жаздыру да осы көру диктантына жатады. Көру-есту және көру диктанттарының орындалу  нәтижесі пайдаланылған текстермен салыстыру арқылы тексеріледі.

     Түсіндірмелі диктантты орындағанда, текст алдын ала ешқандай ескертусіз бірден жатқа жаздырылады. Белгілі орфограмманың қалай жазылатындағы соңынан түсіндіріліп, талданады. Қате болса түзетіледі.

     Білімді бекіту және білік пен дағдыны қалыптастыру әдісі құрылым түріндегі жаттығуларды орындату жолымен де іске асырылады. Бұл реттегі жаттығудың мына сияқты тапсырмалары болады. Берілген сөйлемдегі сөздерді тиісті морфологиялық тұлғаға қойып немесе бір форманы басқаша етіп өзгертіп жаздыртады. Сурет бойынша немесе ойдан белгілі бір ережелерге сәйкес объектілерді қатыстырып сөйлем құратқызады. Белгіленген тірек сөздерді, ықшам әңгіме жаздыртады. Белгілі бір әңгімені (мақаланы) оқып барып, оның мазмұны жазылады. Мазмұндама әуелі ауызша айттырылады. Нәтижесі текспен салыстырыла тексеріледі. Суретке қарап шағын шығарма жаздырылады. Онда қолданылатын ереже, ендірілетін орфограмма алдын ала ескертіледі. Мұнда сөйлем ішіндегі сөздердің және сөйлемдердің бір-бірімен өзара байланысты құрылуы ерекше ескеріледі. Осындай жаттығуды ерікті диктант деп те атайды.

    Грамматикадан берілген білімді бекіту үшін оқушыларға орфографиялық және түсіндірме сөздіктерін пайдалана білуді, сонымен қатар ондай сөздіктерді өздігінен жасай алуды үйретудің маңызы зор.

      Сөздікпен жұмыс істегенде төмендегідей тапсырмалар орындалады. Белгілі грамматикалық категориялар сөздіктен теріп алынады. Олардың мәндес сыңары ойлап табылып жазылады немесе ондай сөз формасының тұсына басқа грамматикалық тұлғасы беріледі. Оқушылар сөздіктен бір түбірлі сөздерді теріп, оларға түбірлес сөдерді өз ойларынан қосып жазады.

     Оқушыларды дұрыс сөйлеуге үйрету үшін, сөйлемдегі сөздердің байланысты тіркесі таптырылып, тұрлаусыз мүше бола алатын сөздер енгізіліп, сөйлем құрылады. Сөйлемдегі сөздер байланысты тіркесімен іріктеліп жаздырылады. Бастапқы қалпы өзгертіліп берілген сөйлемдегі сөздердің орны табылып, сөйлем тиісті формасына келтіріледі.

   

   Білімді қайталау әдісі  де  оқушылар меңгерген білімді бекіту жолының бір түріне жатады. Қайталаудың тиімділігі мынада: біріншіден, өтілген материалдың ұмтылуынан сақтандырады; екіншіден, ұмытылған білімді қайтадан еске түсіреді; үшіншіден, оқушылардың білімі мен дағдысын саналы түрде бекітіп, оларды кеңейте және тереңдете түседі. Өтілген білімді қайталау бүкіл оқу жылы бойында үздіксіз әрі жоспарлы, жүйелі жүргізіледі. Демек қайталау жұмысы сабақтан сабаққа ұласып отырады.

    Қайталау сабақтарын ұйымдастыру жұмысына төмендегідей талаптар қойылады.

   1. Қайталануға тиісті оқу материалы алғашқы өткен қалпынан өзгертіліп еске алынады, бұл үшін тиімді әдістер қоданылып, мағлұматтар жинақталады.

   2. Қайталау жұмысының жаттығу материалы да бұрынғы пайдаланған түрінен өзгертіліп, жаңа сөйлем, жаңа текспен жұмыс істеледі.

   3. Қайталау жұмысын да оқушылар меңгерген бұрынғы білімді үстей түсетіндей немесе қорытатындай жаңа ұғым элементтері ендіріледі.

   4. Қайталау сабағында білік пен дағды оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі арқылы толық меңгеруіне мән беріледі. Бұл үшін оқушылар түрлі жазбаша жаттығу жұмысын көбіне өз бетімен орындайды.

   5. Қайталау сабағында таблица, схема, графикалық жұмыстар кеңінен пайдаланылады. Оқушылар белгілі бір тілдік тақырыпты таблица, схема, графика түрінде өрнектейді.

   Білмді қайталау жұмысы мазмұнына қарай төрт түрге бөлінеді:

   1. Оқу жылы басындағы қайталау.

   2. Жаңа материалды өтумен байланысты жүргізілетін күнделікті қайталау.

   3. Тақырыптық қайталау.

   4. Жылдық қорытынды қайталау.

 

    Оқу жылы басындағы қайталауға қазақ тілі программасында екінші, үшінші сыныптың әрқайсысы үшін 6 сағат уақыт бөлінген. Оқулықтарда қайталау жұмыстарына арналған материалдар берілген.

   Оқу жылы басындағы  қайталау сабақтары бұрынғы өтілген білімді қайтадан сол күйінде ғана еске түсіру түрінде ұйымдастырылмайды. Мұнда жаңа білімді бекіту кезіндегідей ұсақ материалдар пысықталмайды, өтілген курстың тараулары бойынша жинақталы, бір жүйеге келтіріліп жүргізіледі.

    Мысалы, сөйлем тақырыбын өтуге бірінші сынып бағдарламасында 6 сағат берілген және 2 сағат диктантқа арналған. Осы материалды өтуге оқулықта үш ереже, 14 жаттығу материалы бар. Ал, екінші сыныпта бұл тақырып жинақталып бір сабақта ғана қайталанады. Екінші сынып оқулығында сөйлем жөнінде ережеберілмеген, практикалық жұмыс үш жаттығу тексі мен бір сурет бойынша жүргізіледі. Қойылған сұрақтардың жауабын оқушылар өздігінен табады.              Сонымен қайталау сабағында сөйлем, оның мағыналық түрлері, әр түрдің интонациясы мен тыныс белгілері өзара байланысты қайталанып, түрлі сөйлемді талдау, сөйлем құру дағдылары әрі бекітіліп, әрі дамытылады. Мұндай сабақтарда грамматикалық жинақ таблица, схема жасату тәсілі тиімді болады. Мысалы, «Дыбыс пен әріп» таблицасында тіліміздегі дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып түрленуі, әрқайсысының дыбыс саны мен әріп сандары қаншадан екні таблицада беріледі.

     Оқу жылы басындағы қайталауда ІІ сынып оқушылары тіл дамыту дағдысын сөйлем жөніндегі тақырыптарды, дыбыс пен әріпті буын туралы білімді қайталайды. ІІІ сыныпта и, й, я, ю, әріптері, түбір мен қосымша туралы мағлұматтар қайталанады. Диктанттар жаздырылып, оқушылардың сауаты байқалып, әр баланың кемшілігі есепке алынады.

    Егер жаңа тақырып оқушылардың не өткен жылдарда, не жақында оқыған материалдарына негіздеп түсіндіруді қажететкендей болса, онда сабақ материалды қайталаудан басталып, жаңа ұғым соған байланыстырыла, дамытыла түсіндіріледі. Мысалы, екінші сыныпта зат есім тақырыбын бастарда оқушылардың бірінші сыныпта заттың атын білдіретін сөздер жөнінде алған білімі қайталанады.

   Үшінші сыныпта сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерін өтерде екінші сыныпта оқыған сөйлем мүшесі және тұрлаулы мүшелер еске алынып, содан әрі тұрлаусыз мүшелер, олардың ерекшеліктері айтылады. Ал, егер осындай қайталануға тиісті материалдарды оқушылар мүлдем ұмытқан болса, онда сол тақырыпты қайта еске түсіру үшін мұғалім әдейі сабақ арнауға мәжбүр болады. Қайткен күнде де жаңа білім өзіне тірек болатын бұрын өтілгенді санада бекітпейінше меңгерілмейді.

    Қайталау жөнінде ұлы педагог К.Д.Ушинский мынадай кеңес береді. «Қайталау – ұмытып қалғанды қайта еске түсіру үшін емес, керісінше, ұмытып қалу мүмкіндігін болдырмау үшін жасалады. Балалардың өздері де ертеректе оқыған, бірақ ұмытып қалғандарын қайталауды мейлінше жек көреді, қайта естерінде қалғандарды айтып беруді еркше ұнатады. Бала табиғатының  осы қасиетін барынша пайдаланып, естен шығып кеткенді қайтадан еске түсірейік деп әлек болмас үшін, өткенді дер кезінде үнемі қайталап отырыңыздар».

     Тақырыптық қайталау белгілі бір тарауды өткеннен кейін жасалады. Мысалы, екінші сыныпта ы, і, у, и  дыбыстарын өткеннен кейін, олардың емле жөнінен байланысын байқатып, тақырып қайталанады.

   Ал, үшінші сыныпта сөз таптарының әр түрін әрі бұрынғы өтілген материалдармен байланыстырып, әрі кеңейте жинақтап қайталаған жөн. Бұл жұмыстардың жаттығу материалдары да, көрнекі құралдары да жаңғыртылады.

   Жылдық қайталау әр сыныпта өтілген материалды жинақтау мақсатында жүргізіледі. Мұнда жыл бойында оқылған барша материалды қайталау қажетті емес, бұлай істеуге уақыт та жоқ. Сондықтан не маңыздылығына , не ауырлығына қарай, болмаса сынып шамалы меңгерді деген тақырыптар іріктелініп алынып, шолу сабақтары өткізіледі,, қорытынды жасалады.

    Қазақ тілі оқулықтарында қайталау материалдары жаттығу тапсырмаларын орындау жолымен еске түсіріледі. Практикалық жұмыс үшін материал біршама жеткілікті. Мұғалім жаттығуларды белгілі тақырыпқа қарай лайықтап пайдаланады, қосымша материалдар қолданады. Жаттығу тапсырмаларының  мазмұнына қарағанда, бірінші сыныпта дыбыс пен әріп, олардың емлесі, буын мен тасымал, заттың атын, сынын, қимылын білдіретін сөздер туралы және байланыстырып сөйлеуге көңіл аударылған. Екінші сыныпта дыбыстар, сөздер, олардың қосымшалары, сөз таптарынан : зат есім, сын есім, сан есім мен етістікті, сөйлем жөніндегі тақырыптарды қайталауды ұсынады. Дыбыстарды қайталау үшін сөзде неше дыбыс бар, олардың дауысты, не дауыссыз екенін айыру тапсырмалары беріледі.

     Жаттығу тапсырмаларын жазып отырғанда, сөздің түбірін, қосымаларын айыру, тиісті сөз таптарын тану міндеттері алға қойылады. Оқушылар олардың жазылу емлесін дәлелдейді. Ал, сөйлемге байланысты жұмыстарды орындағанда, текстегі сөйлем саны, олардың хабарлы, сұраулы, лепті екені, сұрақтары мен тыныс айырады. Сөйлемнің бастауыш, баяндауыш мүшелерін тауып көшіргенде олардың астын сызады. Бірқатар жаттығу тексі мазмұндауға, суретке қарап әңгіме құруға арнап берілген.

     Бағдарлама үшінші сыныптың оқу жылы аяғында қазақ тілі материалдарының бірінші-үшінші сыныптарда өтілген негізгі тақырыптарын қайталауды ұсынады. Бұл қайталау жұмысы оқу жылы соңындағы үш апта ішінде ұйымдастырылады.

  

     Білім, білік, дағды тексеру әдісі.

     1. Мектепте білім, білік, дағды тексеру, бағалау жұмысы оқыту сапасын көтеру мақсатын көздейді. Ол – оқушылардың білім сапасымен қатар оқу еңбегінің сапасын қадағалайды. Мұғалімнен оқушы білімнің олқылығын дер кезінде анықтап, дұрыс бағыт беріп отыруы талап етіледі. Барлық оқу-тәрбие жұмысының табысты болуы білім тексеру және бағалау ісінің шебер ұйымдастырылып, жолға қойылуына байланысты. Сондықтан білім бағалау жұмысы өте мұқияттылықпен жүргізіледі.

    Білім  тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың оқу еңбегін бақылау жасауды, оларды үйрету мен тәрбиелеуді қамтиды. Бұлардың ішінде бақылау негізгі роль алады, ал үйрету, тәрбиелеу қызметтері онымен бірге жүргізіледі. Сонымен қатар мұғалім өзі қолданып жүрген әдіс-тәсілдерінің қаншалықты тиімді екенін анықтайды.

    Үйретуші қызмет білім тексеру жұмысын сынып үшін тиімді етіп ұйымдастыруды көздейді. Мәселен, оқушылардың жауапты зейін қоя тыңдауы, өзінің де сұрақ қоюы, сұраққа жауап қайтаруы, оқу материалын өздігінен қайталауы, сұраққа жауап беруге дайын болуы немесе мұғалімнің түсіндіруі арқылы оқушының өз біліміндегі олқылықтың орнын толтыруға талпынуы – міне, осының бәрі белгілі нәтижеге жеткізеді.

    Тәрбие жұмысы оқушыларды жүйелі жұмыс істеуге, тәртіптілікке, ерік-жігерін жұмсау әрекетіне жаттықтырады. Оқушы оқу жұмысына, ой еңбегіне жауапкершілікпен қарайтын болады.

   2. Оқушылардың білімі, білігі мен дағдысы сабақтың барлық кезеңдерінде жүйелі түрде тексеріліп отырады. Мұғалім бақылау әдісі арқылы оқушылардың білімді қаншалықты меңгеріп жүргенін анықтайды. Ал, белгілі бір тақырыпты, не тарауды жинақтау , болмаса тоқсандық, жылдық материалды қорытындылау үшін кезеңді тексеру сабағы өткізіледі. Білім не ауызша, не жазбаша тексеріледі.

     Жеке сұрақ бір оқушыға арнайы беріліп, белгілі  бір материал бойынша кеңінен жауап беру талап етіледі. Бұл сұрақтың тұтқиылдан қойылуы әр оқушыны әрқашанда жауап беру үшін дайын отыруға мәжбүр етеді. Ал, сұрақты кімге беруді мұғалім күні бұрын белгілейді. Бұл әдісті қолданғанда, оқушының білімі толық анықталып, дәл бағаланады, бірақ уақыт көп жұмсалады.

    Ортақ сұрақ бірнеше оқушыдан қысқа, бірақ дәл жауап алу үшін қойылады. Бұл әдісті қолданғанда, сабақта көп оқушы сұраққа жауап беріп үлгереді, оқушылардың белсенділігі көтеріледі, тиісті материалды жинақтап, келесі тақырыпқа көшуге қолайлы жағдай туады. Мұғалім әр оқушының сабақ үстінде берген жауаптарының сапасына қарай баға қояды.

     Бір мезгілде бірнеше оқушының сұраққа жауап беруге қамтылуын ұйымдастыруға да болады. Мәселен, бір оқушы сұраққа ауызша жауап қайтарып, екі оқушы тақтада жұмыс орындап, бес-алты оқушы карточкамен жұмыс істеп, басқа оқушылар белгілі бір тапсырманы орындауы мүмкін.  Бұл әдіс қазір жиі қолданылады. Оның тоқсандық қорытынды баға шығару үшін тиімділігі мол.     Алайда мұндай әдістің үйретушілік сипаты кем. Себебі жеке жауап беретін оқушысыныптағы жалпы жұмыстан аулақ қалады. Ал, сынып болса, өз тапсырмасын орындау ісімен шұғылданып отырғанда, жеке сөйлеген оқушының жауабына не тақтада орындалған жұмыс бабына көңіл бөле алмайды. Сондықтан белгілі бір тақырыптың мазмұнын жүйеге келтіріп жинақтау үшін, әр түрлі тапсырмалардың мөлшері, орындалу мерзімі, олардың бір-біріне байланыстылығы әбден ойластырылуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын кезең бойынша қалыптастыру әдістері

 

    Сабақта оқу икемділіктерін қалыптастыру процесінің ішкі мазмұнын қалай ашуға болады? Алдымен осы сұраққа жауап ойластырмайынша, сабақ жоспарларын талдап көрейік. Сабақты талдау - өте күрделі процесс. Мұғалім сабақ барысында оқушыларды «тиімді оқуға үйрете алды ма» деген тұрғыдан талдасаймыз. Мысалы, ІІ сынып мұғалімі сабақтың бірінші кезеңінде байланыстырып сөйлеу мен жазудың, өзара бақылау іскерлігінің жай және шапшаң түрлеріне жаттықтырады. Практикада осындай жеке мақсат қалай жүзеге асырылды? Дұрыс жазу минуттары, мақал-мәтелдердің мағыналық мәнін түсіну туралы ауызша баяндау, сондай-ақ соңғы буында, сөз соңында дауысты дыбыстарды жаза білу икемділіктерін бекіту үшін сөздік жұмысын жүргізу кезінде мұғалім машықтандырудың бірізділік принципін пайдаланды. Алдымен, ол жалпы оқу икемділіктерін орындаудың тиімді әдістерін түсіндіріп, сол әдістерді орындау «үлгісін» көрсетті. Жаттығулар өткізіп, оның барысына бақылау жасады. Мұғалім сабақ үстінде оқушыларды басқа икемділіктерге, атап айтқанда, информациялық және интеллектуалдық икемділіктерге (қорытынды жасай  білу, талдау, салыстыру, оқулық пен жұмыс) де жаттықтырды.

    Бірнеше сабаққа талдау жасау арқылы жалпы оқу шеберліктері мен дағдылары қалыптасуының негізгі кезеңдерін анықтап, оларды бір жүйеге келтіріп назар аудардық.

    Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу барысының негізгі кезеңдері мыналар:

    1. Оқушыларды қалыптастырылатын икемділіктер мен машықтардың мазмұны және маңызымен таныстыру. Олардың бұл икемділіктерді меңгеру ықыласын туғызу.

   2. Негізгі жалпы оқу икемділіктері мен машықтары жөніндегі ереже заңдылықтарды түсіндіру.

   3. Жалпы оқу икемділіктерінің орындалу тәртібі «үлгісін» көрсету, оны машыққа айналдыру.

   4. Оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеру үшін жеңіл жатығулар орындату.

   5. Меңгерілген икемділіктерді іс жүзінде қолдану мақсатында жеке және топталған жаттығуларды белгілі бір жүйемен орындату.

   6. Машық пен икемділікті қалыптастыруға бақылау жасау және байқалған кемшіліктерді жою.

 

   Бірінші кезең – оқушыларды қалыптасатын икемділік пен машықтың мәні және мазмұнымен  таныстыру.

   Бастауыш сыныпта оқушылардың әлеуметтік, моральдық соның ішінде, танымдық ықыласы қалыптасатыны белгілі. Осы кезде баланың көптеген психологиялық қасиеттерінің негізі салынады.

   Соған байланысты мұғалім алдында оқушылардың икемділіктері мен машықтарын қалыптастыратын әрекеттерді байқай алатындай жұмыстың айқын да қолайлы түрлерін табу міндеті тұрады. Тәжірибелі мұғалім үшін бұл міндеттерді жүзеге асыру қиынға түспейді.

    Оқудағы әрбір міндет балаларды қызықтыруы тиіс. Икемділік мазмұнын түсіндіруге оқушылардың өзін қатыстыруға болады. Мысалы, ІІ, ІІІ сынып оқушыларынан «Әңгіме жоспары деген не?» екенін сұрағанда мұғалім бірінші сыныпта әңгімеге жоспар құруға бағытталған істерінен есте қалғандарын жаңғыртуға тырысады. Оқушылар тексті бөліктерге бөліп, ат қойғандарын, содан соң мұғалімнің қойған сұрағына қарай жоспар жасағандарын, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрғандарын еске түсіреді.

     Мұғалім ІІ, ІІІ сынып оқушыларын текст мазмұнын жоспар арқылы әңгімелеудің мәнін түсіндіруге осылайша жетелейді.

     Екінші кезең – тұтас іс-әрекетті құрамды бөліктерге бөлу.  Әңгіме оқушылардың тәуліктік күн тәртібін сақтау икемділігі жайлы болса, онда мұны ұзақтығы және мазмұны, психологиялық сапа-қасиеті жағынан түрліше: ұйқы, жеке бас гигиенасы, тамақтану, ауада серуендеу, экскурсия, ойындар т.б. сияқты атқрылған сан қырлы икемділіктің жиынтығы деп қарау керек.

    Күн тәртібінің әрбір сәті бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке ауыса білу, уақытты тиімді пайдалану және соған оқушының бейімделуі, іс-әрекеттің бір ізділігін, жүйелілігін сақтау сияқты икемділіктерді талап етеді.

    ІІ, ІІІ сынып оқушыларының үй тапсырмасын орындау кезінде суретпен жұмыс істеу икемділіктерін қалыптастыру үшін бұл икемділікті мынадай құрамды бөліктерге бөліп, оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігі былай анықталады:

   І.   Кітаптан сурет мазмұнына жақын келетін тексті оқу.

   ІІ.  Суреттегі оқиғаның мезгілі мен орнын анықтау үшін онымен тұтас танысу.

   ІІІ. Суреттің алдымен көзге түсетін бейнелерін қарау.

   ІV. Оның соңғы шепте бейнеленген бөліктеріне көңіл бөлу.

   V.  Балалардың суреттен алған әсерлерін қорытындылау.

    Ойлауға негізделген икемділіктердің тұтас топтарын бір мағыналы және нақты іс-әрекет түрлеріне ажырату қиынға түседі. Сондықтан мұғалімдерге көмек беру мақсатында әрбір пән бойынша логикалық ойлау икемділігін қалыптастыруды жеңілдететін нұсқаулар үлгісін жасадық. Мысалы ІІІ сынып оқушыларын қазақ тілі сабағында талдаужасай білу икемділігіне үйрету үшін мыналарды ескеру керек.

    1. Сөзді дыбыс пен әріпке талдау (жеке сөздегі дыбыстарды атау, олардың айтылу ерекшеліктерін байқау, дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың өз ішіндегі түрлерін айыра білу, сөзде қанша дыбыс, қанша әріп бар екенін санай білу).

   2. Сөзді буынға талдау (сөздерді буынға бөліп айту және жазу, буын санын анықтау, дауыс екпіні түсетін буынды бөлу, екпін түсіре айту т.с.с.).

   3. Сөйлемді талдау (сөйлемнің тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін табу, сөз таптарына талдау, сөйлем түрлеріне талдау).

   4. Суреттерді талдау (сурет бойынша әңгіме құру, сурет мазмұнын текст бойынша талдау).

   5. Тексті талдау (тексте нүкте, сұрақ, леп белгісі т.б. белгілерді қою).

   6. Сөз мағынасын талдау (дыбыс өзгерісіне қарай сөз мағыналарының өзгеруін талдау, мағыналас, қарама-қарсы сөздерді табу).

   7. Дауыс екпінін айыра білу (хабарлы, сұраулы лепті сөйлем. Сөйлем мағынасына сәйкес екпін түсіре білу).

   8. Сөз немесе сөйлемді талдау арқылы ереже, қорытынды жасауға үйрету.

 

    Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастырудың үшінші кезеңіне, жаднама, заңдылық, алгоритмді түсіндіру жатады. (Мысалы, қайшымен немесе инемен жұмыс істеу тәсілдері). Ережелерді, алгоритмдерді түсіндіргенде, оқушылардың жалықпауы үшін көптеген мұғалімдер ойын сценариін жасап, рольдерге бөліп орындатқызады. Мысалы, мұғалім оқушылардың күн режимін орындаудағы психологиялық ерекшеліктерін байқау мақсатында жаднама, ереже, заңдылықтар арасындағы айырмашылықтарды түсіндіру үшін рольге бөліп, қиын ойын өткізеді.

     Егер икемділік пен машықтың үлгісі көрсетілсе, онда оқушы оның мәнін терең ұғынатын болады. Демек, оқушыларға икемділік пен машықты қалыптастыратын іс-әрекеттің орындалу тәртібін үйрететін кезең – төртінші кезең. Мысалы, оқушының партаға қалай отыруы керектігін бейнелейтін плакат мұғалімдердің бәріне белгілі. Ал, біздің сөз етіп отырған мәселенің тұрғысынан алғанда, яғни жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру ісінде бұл плакатты пайдаланудың маңызы ерекше. (Мысалы, мұғалім оқушылар жазуға кірісер алдында, «Балалар, маған қараңдар!»деп, оқушылар назарын өзіне аударады да, әлгі плакатты нұсқайды. Оқушылар сол сәтте мұғалімнің үнсіз айтқанына түсінеді.)

   

   Қазақ тілі сабағында оқушылар түрлі кесте-өрнек үлгілерімен танысады. Мысалы, сөз құрамы мен сөз таптарын өткенде мынадай кесте-өрнектер пайдаланылады:

 

 

СӨЗ  ҚҰРАМЫ

  

  

ТҮБІР

ЖАЛҒАУ

 

ЖҰРНАҚ

                                                             

    

 

 

 

 

 

САН ЕСІМ

СЫН ЕСІМ

ЗАТ ЕСІМ

ЕТІСТІК Т.Б.

СӨЗ ТАПТАРЫ

 

 

 

 

 

   

   Немесе хабарлы, сұраулы сөйлемдерді мынадай қарапайым өрнекпен түсіндіруге болады:

 

     1.______________________________?

     2.______________________________.

     3.______________________________?

     4.______________________________.

 

    Үшінші сыныпта екінші жартыжылдықтан бастап жоспармен жұмыс істеу күрделене түседі. Бұл кезде оқушылар жай жоспардың түрлерімен, ауызша жауап, мазмұндау, тексті талдау жоспарымен танысады. Сондықтан мұғалім оқушыларға көрсету үшін жоспар үлгілерін дайындайды.

    Әрбір икемділік бойынша оқушыларға көрсетілетін үлгілерді таңдау да – шығармашылық жұмыс, сондықтан кейбір мұғалімдер алғашқыда қиындықа кездеседі. Бірақ кейіннен қажетті үлгілер мен көрнекі құралдар қорын жинап тәуір нәтижеге жетеді. Біз оқу икемділіктерін қалыптастыру мақсатындағы тәжірибе барысында мынаны байқадық: белгілі бір икемділікті орындау үлгісін көрсету оқушының оқу еңбегінің ретін және оның орындалу мақсатын тез түсінуіне мүмкіндік береді.

     Икемділіктер мен машықтар қалыптастырудың келесі бесінші кезеңінде оқушылар алдымен үлгі бойынша жұмыс істейді, кейін шығармашылық деңгейде өз бетімен жұмыс істеуге машықтанады. Бұл кезеңде оқушыдан ереже, таблица, сурет, сызбаға негізделген тірек материалдарды еске түсіру, жаңғырту талап етіледі. Сондықтан дайындық жаттығуларын бастамас бұрын, мұғалім оқушыларға олардың ойлау қызметін жеңілдету үшін алдын ала даярланған жоба-сілтемелер мен бағдарды ұсынады. Олар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, түсінікті, қарапайым болуға тиіс.

     Үйрену, байқау жаттығуларын орындау кезіндегі қызмет әр түрлі болады, солардың бірі – талдау –дәлелдеу (І, ІІ сыныптарда-түсіндірмелі жазу, ІІІ, ІV сыныптарда-дәлелдей отырып жазу). Мысалы, «үшінші сынып оқушылары біріккен сөздер тақырыбын өткен кезде, алдымен сөйлемнен біріккен сөзді табамыз, содан соң сол сөздердің қандай түбірлерден тұратынын ажыратамыз, түбірлерді жазып, араларына ажырату белгілерін қоямыз»,- деп талдайды.

    Түсіндірмелі жазу жүйесімен қатар дайындық және байұау жаттығуларын орындау кезінде мұғалімдер оқушылардың ақыл-ой қызметін жандандыру құралдарының басқа да түрлерін пайдаланады.

    Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру процесінің алтыншы кезеңі - өз бетімен жаттығу комплексін қамтиды.

     Бұл кезеңде оқушының икемділіктер мен машықтарды қалай меңгергендігі және оларды қалай қолданатыны байқалады. Осы кезеңнің бір ерекшелігі сол – жаттығу жұмыстары меңгерілген икемділіктерді бекітуге, одан әрі жетілдіре түсуге бағытталады.

    Оқушының сабақтағы іс-әрекетін, қызметін ұйымдастырудың айқын жоспары енді бұрынғыдай талдап түсіндірілмейді, тек қана оқушы қандай жағдайда  не істеуі керектігіне қысқаша нұсқау беріледі. Тәжірибе жүргізілгенсынып мұғалімдері дайындық және байқау жаттығуларымен қатар оқу-ұйымдастыру, оқу-информациялық, интеллектуалдық, коммуникативтік икемділіктерін бекіту мақсатында шығармашылық жаттығулар үлгілерін де жинақтап дайындайды. Мұндай жұмыстың көп пайдасы болады.Ол кез келген жаттығуды пайдалана салудан сақтандырады. Мысалы, мұғалім оқушылардың жаттығуды өз бетімен талдай алатындықтарын байқаған соң, «жұмысты неден бастаймын, одан соң не істеймін, жазылғанды қалай тексеру керек?» деген қорытындыға негізделген тапсырма береді. Талдауды осылай ұйымдастыру арқылы оқушы оқу еңбегі ретін қатаң сақтау керектігін түсінеді.

    Тағы бір мысал, І-ІІІ сыныптарға арналған қазақ тілі оқулықтарындағы жаттығуларда көбіне «көшіріп жазыңдар» деген тапсырма беріледі. Сондықтан мұғалім оқушыларды көшіріп жазу машығына үйрету үшін, сөздің графикалық бейнесін есте сақтауды қамтамасыз ету мақсатында, алдымен оларды орфографиялық байқағыштыққа үйретіп, мына ережелерді мүлтіксіз орындауды талап етеді: 1. Сөзді оқы; 2. Әр сөздің жазылуын қара; 3. Жазғаныңды тексер.

    Үнемі жүргізілген жаттығулардың нәтижесінде оқушылар сөзді ғана емес, сөйлемді түсініп, дұрыс көшіре білуге үйренеді.

    Тәжірибе жұмысы кезінде жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын меңгеру жолдарын одан әрі жалғастыру үшін мұғалімдер оқушылардың өз бетімен орындауларына тиісті жұмыстарына мынадай талап қояды:

    1. Мұғалім берген түсінікті саналы қабылдап, дұрыс бағдарлау;

    2. Жұмысты өз бетімен жоспарлау;

    3. Жұмысты басқаның көмегінсіз орындау.

    Осы өлшемдерді басшылыққа ала отырып, мұғалімдер өз жұмыстарында оқытудың саналылық, белсенділік, өз бетімен орындаушылық принциптерін іске асырады, үздіксіз жаттығу арқылы икемділіктің дамуына жетеді. ІІ сыныпта қазақ тілінен тыныс белгісі қойылмаған сөйлемдерді ажырату үшін, алдымен сөйлем деген не екені, әр сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылатыны, әр сөйлемнің бірінші сөзі бас әріппен басталып жазылатыны еске түсіріледі. Сондай-ақ оқушылар сөйлем соңында дауыстың бәсеңдейтінін де білулері тиіс.

    Мұғалімдер оқушыларда, әсіресе, тез оқу, жазу, есптеу машықтарынқалыптастыруға көбірек көңіл бөледі. Бастауыш сыныпта әдетте текст сабақта бірнеше рет оқылады. Осыған байланысты мұғалімдер алдында «қайткенде оқу әдістерін қайталамауға, баланың ықыласын төмендетпеуге болады?» деген сұрақ тұрады.

    Сабақта әңгімені, тексті оқытудың әр кезеңі жаңа тапсырма, жаңа міндет жүктейді, сондықтан тексті оқыту үстінде оқушылар еңбегінің шығармашылық деңгейін бағдарлау үшін оқудың түрліше әдістерін: жалғастырып оқу, тізбектеп оқу, іріктеп оқу, білімге және рольдерге бөліп оқу, мұғалім мен оқушылардың алмасып оқуы, ақырында, белгіленген нормаға байланысты уақыт белгілеп оқу сияқты түрлерін қолдану керек.

    Жаңа сабақ үстінде мұғалім тексті іштей оқу, сұраққа сәйкес жауапты текстен тауып оқу, салыстырып бөлімдерге ат қойып оқу сияқты оқу әдістерінің түрлерін пайдаланады. Жақсы және орташа оқитын оқушылар кезектесіп оқиды. Әрқайсысына жылдамдық нормасына  байланысты оқу міндеті жүктеледі. Тексті оқу барысында олардың көру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, дамыту сияқты мақсат та қойылады. Мысалы, сабақ үстінде «Бір де бір сөзді өзгертпей кім айта алады?» ойыны өткізіледі.

    Жұмыстың мұндай түрлері көп, мысалы, өлеңнің 1-2 шумағын сыныпта жаттап үйретуге болады; сынып тақтасына сөз немесе сөйлем жазып, оқушыларға оқып беріп, есте қалдыру міндетін шешуге болады. Жазу дереу өшіріліп немесе тақтадағы шымылдықпен жабылады да, оқушылар көргендерін дәптерге жазады.

    Осындай жұмыстарды орындау үстінде дыбыстарды дұрыс айту, оқу қарқынын жеделдету, тыныс белгілерін сақтау, дауыстап оқу, кейіпкерлер мен автордың сезімдерін, көңіл-күйлерін дауыс екпіні арқылы білдіру, оқылған үзіндінің мазмұнын баяндай білуге төселдіру сияқты икемділіктерді қалыптастыру іске асырылады.

    Оқушы оқу техникасын толық меңгеріп, оқу жылдамдығын арттырғанда ғана тексті түсініп, қатесіз оқуға мүмкіндік туады. Оқушы оқу техникасын меңгере білгенінен гөрі оқығанын түсінгеніне, білгеніне қуанады. Тез оқу икемділігі оны тез жазуға, жалпы рухани дамуының өсуіне жетелейді. Тез жазуға үйренген оқушы жазылғанның мазмұнын түсінуге, негізгі ойды меңгеруге, жазғанын тексеруге мүмкіндік алады.

   Белгілі психолог В.А.Крутецкий жоғарыдағыдай жұмыстардың тиімділігі мына шарттардың орындалуына байланысты болады деп көрсетеді:

   а) оқушы не істеу, қандай нәтижеге жету керектігін білуге, бір-біріне ұқсамайтын текстер мен мысалдарды орындауға тиіс; ә) өз жұмысын соған ұқсас үлгімен салыстырып, қатесін түзетуі қажет; б) жұмыстың толық орындалғанына көзін жеткізуі керек; в) белгіленген икемділікті меңгеру барысында үзіліс болмауы шарт.

    Жалпы оқу икемділіктер мен машықтарын қалыптастырудың қорытынды кезеңі олардың қалыптасуын тексеру және анықталған кемшіліктерді жою. Икемділіктер мен машықтардың әр оқушыда қай деңгейде қалыптасқанын ұстаз білуге тиіс.

    Оқушының оқу әрекеті тұрақты және тиімді үлгі ретінде қалыптасты ма? Егер оқушының оқу еңбегінде икемділіктер қалыптаспаса, оның себебі неде? Бұл кемшілікті жою үшін не істеу керек?

     Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру барысында бақылаудың үш бағыты бар:

     1. Мұғалімнің оқушы қызметін қызметін тексеруі.

     2. Оқушылардың бір-бірінің оқу еңбегін тексеруі.

     3. Өзін-өзі бақылау.

     Оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасуын тексеру оқушының оқу әрекетінің әр кезеңінде өткізіледі, ал оның формасы мақсатқа сай түрліше болады І сыныпта мұғалімдер оқушы икемділіктерінің қалыптасу деңгейін бақылау үшін түрлі ойындар өткізеді. Мысалы, ұстаз түрлі ойындар өткізу арқылы оқушылардың көпшілігінің оқу құралдарын сабаққа дайындап, пайдалануын қалай меңгергендіктерін тексереді.

   Оқушылардың икемділіктері мен машықтарын бақылау үшін оған арнайы уақыт бөлу керек. Ол үшін сұрауға кететін уақытты ұзарту керек пе? Жоқ, олай емес, өйткені жаңа материалды түсіндіріп, бекітуге уақыт аз қалатыны тәжірибе барысында анықталды. Сондықтан осы жұмысты сыныптан тыс уақытта ұзартылған күн топтарында өткізген тиімді.

   ІІІ, ІV сынып оқушыларында оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу деңгейлерін төмендегі кестеден көруге болады.

 

 

Оқушының аты-жөні

Таблицамен жұмыс істеу

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру

Сурет бойынша әңгіме құрастыру

Нормаға сай оқу

Нормаға сай жазу

Бұқарбаев У.

о

ж

ж

н/с

н/с

Нұрлыбаев А.

о

о

н

н/с

н/ж

Отанов Е.

ж

ж

ж

н/с

н/с

Өмірбек Ш.

ж

н

н

н/с

н/с

ІІІ, ІV сынып оқушыларында оқу икемділіктері мен машықтарының қалыптасу кестесі.

   

      Кестедегі  шартты белгілер: ж – икемділіктер мен машықтар жүйелі түрде байқалады; о – икемділіктер мен машықтар орташа түрде байқалады; н – икемділіктер мен машықтар нашар түрде байқалады; н/ж – икемділіктер мен машықтар нормадан жоғары түрде байқалады; н/с – икемділіктер мен машықтар нормаға сай түрде байқалады; н/т – икемділіктер мен машықтар нормадан төмен түрде байқалады.

    Бұл әдіс мұғалімге оқушылардың белгілі бір топтағы оқу икемділіктері  мен машықтарының қандай деңгейде екендігінен мәлімет береді және машықты әрі қарай қалай дамытуды ойластыруына мүмкіндік туғызады.

    Сонымен, жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру және оны тексеру үшін қолданылған әдістер мен тәсілдер өз нәтижесін берді. Қазіргі дидактика және жеке пән методикасы жөніндегі ғылыми еңбектерде бұл жұмысты, ең алдымен, логикалық икемділіктен бастау керектігі айтылған. Бірақ бұл шаралар оқу-ұйымдастырушылық, оқу-информациялық және оқу-коммуникативтік топтарға жататын икемділіктер мен машықтардың қалыптасуын тексеруді жоққа шығармайды, өйткені олар шартты түрде жеке-жеке аталғанымен, бір-бірімен тығыз байланыста болады.

    Өзін-өзі және өзара тексеру, бақылау икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру үшін практикада қолданылған жұмыс формалары мыналар: жолдасының ауызша жауабына талдау жасату, орындалған жұмысты тексерту. Ал, оқушының берген түсініктемесі, талдауы, көзқарасы жүйелі, бірізді болуы үшін мына ескертпелерді, талдау жоспарын пайдалану ұсынылады. Мысалға жолдасының берген жауабына талдау жасау жоспарын келтірейік.

  1. Берілген жауап мұғалім қойған сұраққа сай ма?

  2. Қойылған сұраққа жүйелі жауап берілді ме?

  3. Жауап мысалдар және деректер арқылы дәлелденді ме?

  4. Жауап бергенде қателік жіберілді ме, жіберілсе, олар қандай қателіктер еді?

   Оқушылар өзара тексеруге жаттықтыру, жоғарыда мысалға келтірілген жоспарларды пайдалана отырып тексеру, талдау оқушылардың танымын дамыту процесіндегі өзара қарым-қатынасына оңтайлы психологиялық өзгерістер енгізеді. Оқушы өзінің жауабын жолдасы тексеретінін біліп, өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, қателеспеуге тырысады.

   

    Үй тапсырмасын тексеру үшін мынадай жаднама пайдаланылады:

    1. Үй тапсырмасын кім орындамаған – қазақ тілінен (ІІІ, ІV сыныптар)?

    2. Үй тапсырмасы не себепті орындалмаған?

    3. Үй тапсырмасын орындауда оқушы қандай қиыншылыққа кездескен?

    4. Жолдасына қандай көмегі болды?

    

    Жұмыс қорытындысын осылайша өзара тексерумен қатар, бір партада отырған оқушылардың бір-бірінің жұмысын тексеруі  практикада кеңінен қолдау тапты. Ол үшін мұғалім алдын ала оқушыларды қабілетіне, өзара үйлесушілігіне қарай отырғызады. Бұлай топтағы негізгі мақсат оқушылар дүниетанымдық қатынаста бір-бірін толықтырылып, өзара көмек көрсетулеріне жету. Алайда дүниетанымдық процесті қалыптастырудан туындайтын қиыншылықты өзара көмектесу арқылы жеңу істелген жұмысты өзара тексеруді қажет етеді, демек, мұғалімге тапсырма бұрын, жазылған диктантты тексеріп, кеткен қателерді түзету т.б. Осылайша өзара тексеру нәтижесінде оқушының ойлау қабілеті, оқуға деген ынтасы артады.

    Оқушылардың жаңа сабақты түсіндіре салысымен «жақсы ұғындым, бәрін білемін» деген пікірі кейде жаңсақ болуы мүмкін, мұндай қолайсыз жағдайды болдырмау үшін оқушыларды өз жұмысын бағалау икемділігіне үйрету керек.

     Тәжірибе барысында мұғалімдердің жүргізген тұрақты  жаттығу жұмыстарының нәтижесінде ғана бұл міндетті жүзеге асыруға болатынын байқадық. Төменде тәжірибе жасалған сынып мұғалімдерінің пайдаланған кейбір тәсілдерін баяндап отырмыз.

    Қазақ тілі (ІІ сынып). Ойын: «Кім көп сөз біледі?»

   1. Сөздің соңында «і» дауысты дыбысы жазылатын 5 сөз және соңғы буыны «і» дауысты дыбыстан басталатын 5 сөз ойла.

   2. Ол сөздерді дәптеріңе жаз.

   3. Орындалған жұмысқа баға қой, тексеруге парталас жолдасыңа бер.

   4. Бірлесе отырып қойған бағаны тақтадағымен салыстыр.

«5» бағасы – барлық 10 сөз дұрыс табылған және жазылған болса; «4» - сөз оннан кем болса және жазылғанда қатесі болса; «3» - азғана сөз (4-5) табылса, жазғанда қате көбірек жіберілсе; «2» бағасы – табылған сөз төрттен аспаса, жазғанда қателер жіберілсе қойылады.

   Қорытынды шығаруға оқушылардың бәрі қатысады. Мұғалім өз дәптеріне нәтижені өзін-өзі бағалаудың мына сияқты топтарына бөлініп жазады (оқушыларға жарияламайды).

   1-топ – жұмысын жоғары бағалаған оқушылар.

   2-топ – жұмысын дұрыс бағалаған оқушылар.

   3-топ – жұмысын төмен бағалаған оқушылар.

   Сонымен, оқу процесі кезінде баға беру іскерлігіне жаттығу арқылы және сынып ұжымының бағалауы нәтижесінде оқушылар өзін-өзі бағалау икемділігіне үйрене бастайды.

    Тәжірибе барысында өзін-өзі бақылау икемділігін қалыптастыру үшін төмендегідей бір топ машықтарды жүзеге асыру керектігін байқадық:

-    Жұмысты үлгімен салыстыра білу. Мұнда жазу үлгісін, оқушылардың таза, көркем, сауатты жазылған дәптерлерін, бұрын жазылған шығарма, мазмұндама үлгілерін пайдалануға болады;

-               Өз жұмысын тексеруді мүмкіндігіне қарай жұмыс барысында-ақ бастауға үйренуі тиіс;

-               Оқулықтағы ереже, сурет, сұрақтар, мысалдарды пайдалана білу керек. Сондай-ақ оқулық бетіндегі шартты белгілерді айыра білу де оқушының өз жұмысын тексеруіне көмектеседі;

-               Көп мағыналы сөздерді қолданғанда сөз емлесінен қате жібермеу үшін түрлі сөздіктерді пайдалана білген жөн;

-               Өрнек, кесте, ережелерді дұрыс ажырата білу керек;

-               Талдау жоспарын жасап, оны тапсырманы орындау кезінде пайдалану,, есте сақтау, тез оқу сияқты әдістерді меңгеру.

   Сынып жоғарылаған сайын өзін-өзі тексеру тәсілдері өзгеріп отырады. Мәселен, І-ІІІ сыныптарда дауыстап оқу және іштей мазмұндау бірден жаттаудың, өзін-өзі тексерудің тәсілі болады.

   ІІІ сыныпта оқушының өзін-өзі тексеру икемділігін бекіту үшін «Мен күн режимін қалай орындаймын», «Мен сабаққа қалай даярланамын», «Кезекшілік міндетті қалай атқарамын», «Мен сыныпта сабақты қалай тыңдаймын» тақырыптарында әңгіме өткізіледі. Жұмыстың осындай түрлері үлгілі оқушыларды өзінің оқу қызметін одан әрі жақсартуға жұмылдырып жетелесе, нашар оқитын оқушылардың жолдастары алдындағы жауапкершілігін сезінуіне көмектеседі. Сөйтіп, біз жалпы икемділіктері мен машықтарының қалыптасу процесінің барлық жеті кезеңін бақылау және тәжірибе жасалған сыныптарда кездескен, байқаған мысалдармен дәлелдей, тұжырымдай отырып көрсетуге тырыстық.

    Оқушыларда жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру кезеңіне талдау жасағанда мынадай қорытындыға келдік:

   1. Белгілі бір икемділікті толық, кезең бойынша қалыптастыру – тек икемділікке жаңадан үйрете бастағанда қажетті жағдай.

   2. Икемділіктер мен машықтарды тұрақты қалыптастыру процесі ұзақ уақытты қажет етеді. Есте болатын жайт, жаттығуларды жиілетіп, күрделендіріп беруден гөрі тұрақты, белгілі бір жүйемен орындатқан тиімді.

   3. Тәжірибе көрсеткеніндей, мұғалім жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру ретін жақсы меңгерсе және бұл жұмысты белгілі жүйемен, кезеңге бөле отырып жетілдірілсе, жұмыс нәтижелі болмақ.

   Жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру кезеңін толық әңгіме еттік. Өйткені осы процесс арқылы ғана оқушының оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру жөнінде мектеп реформасы алға қойып отырған міндеттерді шешуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Өнімді оқыту әдістері

 

     Өнімді оқыту – объективті және субъективті білімдік өнімді жасаудың нәтижесі болатын, білімдік қызмет кезінде болып жатқан адамның жеке өзін-өзі ұйымдастыруының нәтижесі және процесі. Оқушының сыртқы өнімдері, оның сапалы ішкі жетілдіруі және өзіндік жүзеге асыруын бір уақытты қамтамасыз етіп және анықтай отырып, оның жағдайының шегінде болмыстың әлеуметтік және мәдени түрлерін құрады.

     Өнімді тұлғалы бағытталған білімді қамтмасыз ету көзқарасында А.В.Хуторской өнімді оқытудың бір топ әдістерін қарастырады. Білімнің өнімді бағытына негізделген оқыту, білімдік қызметтің мынадай түрлеріне сүйенеді және оқушыларға мүмкіндік береді:

    1. Қоршаған ортаны тануға;

    2. Білімдік өнімді онымен бірге құруға;

    3. Білімдік процесті ұйымдастыруға.

    Қызметтің бұл түрлерін когнитивке, креативке және ұйымдастырушылық қызметке сай деп атайды.

    Оқытудың когнитивті әдістері немесе оқу танымының әдістері, ғылыми әдістеріне, метапәндік және оқу пәндік әдістеріне бөлінеді. Ғылыми әдістері – бұл физикадағы, математикадағы, географиядағы және басқа ғылымдағы зерттеу әдістері. Бұларға салыстыру, ұқсастық, жинақтау, топтастыру және басқа әдістер жатады.

    Оқу пәнінің әдістері, бір жағынан ғылыми теориясынан алынған, екінші жағынан нақты білімдік салаларды және заттарды тікелей меңгеруге жатады. Бұл негізгі білімдік объектілердің зерттеулік әдістері, мәдени-тарихи ұқсастықпен оқушылардың білімдік өнімінің салыстыру әдістері, негізгі мәселелер мен оқу курстарының тақырыбын зерттеуінің дәстүрлі әдістері.

    Оқытудың когнитивті әдістерінің ерекше түрі – білімнің метамазмұнына сәйкес метатәсілдер болып саналатын метапәнділер.

    Танымдық әдістердің ерекшелігі – оны қолдану білімдік өнімді құруға, яғни креативті нәтижеге әкеледі. Сондықтан танымдық әдістер, сондай-ақ креативті болып саналады. Бірақ берілген әдістерді қолданудың бастапқы мақсаты объектіні тану болып табылады, сондықтан оның негізгі ерекшелігі креативті процестермен емес, когнитивтімен байланысқан.

   А.В.Хуторской келесі әдістерді бөледі:

   1. Эмпатия әдістері басқа объектінің жағдайында адамның «сезінуін» көрсетеді. Эмпатия әдісін табысты қолданудың шарты оқушылардың белгілі бір жағдайы, мұғалімнің құрған көңіл-күйі. Бастапқыда бұл қандай да бір қуанышпен балалар көңіл бөлетін ойын түрінде болуы мүмкін. Сонан соң білімдік нәтижелер алынғаннан және түсіндірілгеннен кейін, оқушылар берілген әдіске күрделі қарамай, оны шын оқу әдісінің деңгейіне алады.

   Ағаштың, тастың, мысықтың, бұлттың, майшамның және басқа да білімдік объектілердің мәнісіне төселуге мынандай сөздік жазуларды қолдануға көмектесед: «сіздің алдыңызда тұрған гүлді өзіңіз деп есептеңіз, сіздің басыңыз – гүл, денеңіз – сабақ, қолыңыз – жапырақ, аяғыңыз – тамырлар...» дегенді ойлап көріңіз. Оқушы жақсы «төселу» кезінде объектіге - өзіне сұрақтар қояды, сезімдік деңгейде қабылдауға, түсінуге, жауабын көруге ұмтылады. Мұнда туылған ойлар, сезімдер, сезінуі оқушының білімдік өнімі болады, содан кейін олармен ауызша, жазбаша, белгімен, двигательді, музыкалы немесе суреттемелі түрде көрінуі мүмкін. Берілген жағдайда объектіні бақылау өзін-өзі бақылауына ауысады.

   Мұндай жаттығулар ойлау қабілетін және әр түрлі көзқарастағы жағдайды түсінуді дамытады, танымға санасын ғана емес, сезімін де кірістіруге үйретеді.

   Берілген әдіс әдеттен тыс тиімді болып шықты, өйткені балалардың әдетте қолданылмаған мүмкіндіктерін кірістіреді. Төменгі мектеп жасындағы бақылайтынды ойлау қабілеті тән, олардың «адамдандыру» әдісін қолданып, қоршаған дүниені сезіммен тану керек.

   2. Мағыналық көріну әдісі. Бұл өткен әдісті тереңдету және жалғастыру. Мұнда белсенді сезімді – ойлы танымдық қызметтен тұратын оқушының белгілі бір күйін құру талап етіледі. Мұғалім оқушыларға мағыналық, сұрау үшін келесі сұрақтарды ұсынуына болады: Бұл объектінің себебі қандай, оның шығу тегі не? Оның ішінде не болып жатыр, ол неден тұрады? Басқа емес, неге ол осындай? Берілген әдісті мақсатты қолдану жөніндегі жаттығулар оқушылардағы интуация, ояну тәрізді танымдық сапаларды дамытуға әкеледі.

   3. Бейнелеп көріну әдісі – объектіні эмоционалды –бейнелі зерттеу. Мысалы, санға, пішінге, сөзге, белгіге немесе шынайы объектіге қарап, ондағы көрген бейнелердің суретін салып, неге ұқсайтынын бейнелеу ұсынылады. Білімдік өнім оқушылардың бақылау нәтижесі тәрізді, сөздік және графикалық бейнелі түрде көрінеді, яғни оқушылар өздерінің зерттеулерінің нәтижелерін жазады және суреттейді.

    4. Символдық көріну әдісі. Бұл әдіс объектінің және оның символының арасындағы байланысты оқушының ізденуінен және салуынан тұрады. Символ мен оның обектісінің қатынасының жағдайын анықтағаннан кейін, мұғалім оқушыларға қандай да бір объектіні көру мақсатымен бақылауды, оның символын графикалық, белгілік, сөздік немесе басқа түрде бейнелеуді ұсынады. Жасаған «символдарды» балалардың түсіндіруі және талқылауы басты орын алады.

    5. Эвристикалық сұрақтар әдісі. Ежелгі римдік педагог және шешен Квинтилиан талдап жасаған. Қандай да бір оқиға немесе объекті жөнінде мәлімет ізденуі үшін келесі 7 сұрақ қойылады: Кім? Не? Не үшін? Қайда? Қалай? Қашан? Берілген сұрақтарға жауаптар және олардың барлық мүмкін болатын байланыстары маңызды идеялар мен зерттелетін объектіге сәйкес шешімдер тудырады.

   6. Салыстыру әдісі. Әр түрлі оқушылардың мәліметтерін атақты ғалымдар, философтар, әр түрлі аналогтарды өзара салыстырған кездеьқалыптасқан мәдени-тарихи аналогтармен салыстыру үшін қолданылады. Берілген әдіске оқыту үшін оқушыларға сұрақтар ұсынылады: Салыстыру деген не? Ылғи және барлығын салыстыруға бола ма? Сендердің ойларыңша не салыстыруға келмейді және салыстырылмайтынды салыстырып көріңдер.

    7. Эвристикалық бақылау әдісі. Бақылау – оқушының білім бұлағы, яғни оны оқытудың эвристикалық әдісіне жатқызуға болады. Берілген әдістің мақсаты – балаларды бақылаудың көмегімен білімді алуға және құруға үйрету.

    8. Фактілер әдісі. Оқушылардың физикалық сезім мүшелерін саналы меңгеруі танымдық қызметінің жүйелі дамуын талап етеді. Бәрінен бұрын, бұл фактіні іздеу, факт еместерден олардың айырмашылығы тәрізді таным кезеңіне жатады. Не көріп отырғанын, естігенін, сезгенін, олардың не ойлағанын айыру оқушыларға оңай емес екендігін тәжірибе көрсетеді.

    Білімдік объектілердің физикалық сезім мүшелерінің көмегімен нақты қабылдануының қажеттілігі оқытудың берілген әдісін қолдануды және білімнің әдеттегі мазмұнының өзгеруі мен қайта қарауын талап етеді.

    9. Зерттеу әдісі. Оқушыларға тапсырылған объектіні келесі жоспармен өзіндік зерттеу ұсынылады: зерттеу мақсат – жұмыс жоспары – объект туралы факт – тәжірибелер, тәжірибенің суреттері, жаңа фактілер – пайда болған сұрақтар мен проблемалар – жауаптардың мәліметі, гипотезалар – рефлексті пікірлер, қызметтің саналы тәсілдері және нәтижелері – қорытындылар. Барлық айтылған қадамдарды жүйелі орындап, әр оқушы өзінің практикалы жеке білімдік нәтижесін алады.

   10. Ұғымдарды құрастыру әдісі.Оқушыларға жасалынған жұмыстарын теориялық қорытындылау мынандай жүйеде ұсынылады: фактілер – олар туралы сұрақтар – жауаптар гипотезі – теориялық модельді салу – модельдің салдары – модельдің дәлелдемелері – модельді қолдану – мәдени аналогтардың модельді салыстыру. Теориялық модельді оқушылардың құрастыру тәсілдері оқып жатқан білім саласынан немесе тақырыбынан тәуелді педагогпен қойылады.

   11. Гипотеза әдісі. Оқушыларға тапсырма ұсынылады – мұғалімнің қойған сұрағына немесе проблемасына жауаптардың мәліметтерін құрастыру. Бастапқы мақсаты мәліметті құрастыру үшін негізгі таңдау болып табылады. Оқушылар негізі ұстанымдарын немесе проблемаға көзқарасын ұсынады, гипотезаны құруға әр түрлі ғылыми, әр түрлі жоспарлы әдісті меңгереді. Сонан соң едәуір толық немесе нақты сұраққа өз жауаптарының нұсқаларын логикаға және интуацияға сүйеніп тұжырымдайды. Гипотеза әдісі «егер... не болады» түріндегі болжамдық тапсырмаларды шешу кезінде дамиды. Болашаққа саяхат әдісі алдын ала дағдыны, болжауды, гипотетикалықты дамыту тәсілі ретінде қандай да бір білім саласында тиімді.

   12. Қателер әдісі. Берілген әдіс процестерді тереңдету үшін қателерге төтеп берген негативтік қарым-қатынасын өзгертуді, қатені және псевдоқатені конструктивті қолдануына оны ауыстыруды ұйғарады. Қате жалпы алынған қарсыластықта туатын қайшылықтардың, құбылыстардың, ерекшеліктердің қайнар көзі ретінде қарастырылады. Қатеге көңіл аудару оны түзету мақсатымен ғана емес, себебін, оны табу тәсілін білу үшін де маңызды болуы мүмкін. Қатенің «дұрыспен» өзара байланысын табу оқушылардың эвристикалық қызметіне жағдай жасайды, оларды қандай да бір білімнің вариативтілігі мен қатыстылығына әкеледі.

   13. Ұғымдарды құрастыру әдісі. Оқушылардың оқылған ұғымдарын қалыптастыру олардағы бар ұсыныстардың маңыздалуын басталады. Мұндай жұмыстың нәтижесі тақтада жазылатын, бірігіп қалыптастырылған ұғымның анықтамасы – ұжымдық шығармашылық өнім болып табылады.

   Сонымен бірге мұғалім балаларға әр түрлі оқулықтың немесе басқа кітаптың авторлары келтірілген ұғымдардың басқа тұжырымдамаларымен танысуды ұсынады. Әр түрлі тұжырымдамалар оқып жатқан ұғымдар жөніндегі олардың тұлғалық өзін-өзі тану ретінде оқушылардың дәптерлерінде қалады.

    Креативті әдістер оқушылардың тұлғалық білімдік өнімін құруға бағытталған. Басты нәтижесі жаңа өнімді алу болып табылады.

    Ойлап табу әдісі – бұл олардың белгілі бір саналы іс-әрекетінің нәтижесіндегі оқушыларға белгісіз алдыңғы өнімін құру тәсілі. Әдіс келесі амалдардың көмегімен жүзеге асады:

·        Жаңа объектіні құру мақсатында бір объектінің сапасын екінші объектінің сапасымен орнын басу;

·        Басқа ортадағы объектінің қасиетін табу;

·        Оқылып жатқан объектінің элементін өзгерту және жаңа, өзгертілген объектінің қасиетін бейнелеу.

     Бейнелі сурет әдісі оқылып жатқан объектінің қабылдау және түсіну оқушыда сол объекті қабысып біріккендей, біртұтас бөлінбегендей әсер күй туғызады. Нәтижесінде оқушыда гүлдің, ағаштың, бұлттың, жердің немесе бүкіл Ғарыштық бейнелі суреті пайда болады. Адамға танылатын объектінің тұтас бейнесін бере және құра білу өте маңызды болғандықтан, оқушыларға табиғаттың немесе бүкіл негізгі терминдердің көмегімен табиғаттың іргелі негіздерін, олардың арасындағы байланыстарды көрсету ұсынылады. Осындай жұмыс кезінде әр оқушы әр түрлі ауқымды ойлап, ғылымның әр саласына өз білімдерін қатыстырып қана қоймайды, бейнеленетін шындықтың мәнісін біледі және сезінеді де. Мұндай тапсырманы жылына 2-3 рет ұсына отырып, оқушылар әлеміндегі өзгерістерді бағалауға, оқыту процесінде қажетті түзетулерді енгізуге болады.

    Гиперболизация әдісі. Таным объектісі кеңейеді немесе кішірейеді, оның жеке бөлімдері немесе сапасы: ең ұзын сөз, ең кіші сан ойлап табылады, үлкен бастарымен немесе қысқа аяқтарымен басқапланеталықтар бейнеленеді; ең ащы қияр немесе ең тәтті шай дайындалады. Мұндай елестетулердің бастау нәтижесі шындықтан қиялға шығу негізінде баланс жасайтын «Гиннес Рекордтарын» беруі мүмкін.

    Агглютинация әдісі. Оқушыларға шындыққа жанаспайтын сапаларды, қасиеттерді жалғастыру, мысалы, ыстық қарда, күз шыңын, жоқтың көлемін, тәтті тұзды, қара түсті, әлсіздіктің күшін, жүгіріп жүрген ағашты, ұшып жүрген аюды, мияулап жүрген итті бейнелеу ұсынылады. «Мимен шабуылдау» (С.А.Осборн). Әдістің басты мақсаты – ойлау инерциясынан және стереотиптердің талқылауынан қатысушыларды босату нәтижесіндегі идеялардың мүмкіндігінше көпшілігін жинау. «Шабуыл» дайындықтан басталады – дайындау жөніндегі сұрақтарға тез жауап табу. Содан кейін тағы да қойылған мақсат нақтыланады, қарастыру барысы ескеріледі, сонан соң – старт.

    Әркім өз идеясын айтып, толықтырып, нақтыландыруына болады. Топтарға айтылып жатқан идеяларды қағазға түсіріп отыру мақсатымен, эксперт қойылады. «Шабуыл» 10-15 минутқа созылады. «Шабуыл» үшін дәстүрлі емес шешімдер талап ететін сұрақтар ұсынылады. Мысалы, катушкаға оратылған мыс сымның ұзындығын, оны шешпей қалай анықтау керек? Компассыз, танымайтын планетада магниттік өріс бар ма, жоқ па, мұны қалай анықтауға болады? Қосымша жарық түсірмей, су астындағы заттарды көру тәсілі ұсыныңдар.

    Жұмыс келесі топтарда өткізіледі: идеяның генерациясы, идея бағасының және проблемалық жағдайдың талдауы, қарама-қарсылық идеясының генерациясы. Идея генерациясының кезеңінде сынның қандайына болса да тыйым салынады. Репликалар, әзілдер, еркін түрдегі жағдай қалай болса да мадақталады. Содан топтағы алынған идеялар жүйеленеді, жалпы принциптері мен ықпалдары бойынша біріктіріледі. Әрі қарай таңдап алынған идеяларды жүзеге асыруға барлық мүмкін болатын кедергілер қарастырылады. Жасалған сыни ескертулер бағаланады. Аяғында сыни ескертулерге және қарама-қарсы идеяларға түспеген идеялар алынады.

     Берілген әдістің негізінде сабақтар құрылуы мүмкін.

   «Мимен шабуылы» ережелер:

   1. «Ми шабуылы» кезінде басшылар мен бағынушылар жоқ – жүргізушілер мен қатысушылар бар.

   2. «Мимен шабуылдау» шаблондық ойлауды шыдатпайды. Стереотиптер мен дәстүрлерден босану қажет. Әзіл-сықақ пен еркіндік шабытқа көмектеседі.

   3. Еркін пайымдау. Қатысушылардың ұсынған  ойлары шындықтан алыс, қиялға жақын болғанымен, ол қолдау табы тиіс.

   4. Әріптестерге олардың идеяларын нақтылау және дамыту мақсатында сұрақтар қою ұсынылады. Әріптестерді мадақтау және қолдаудың маңызы зор.

   5. Өзара сыни ескертпелер және аралық бағалау жасауға мүлдем болмайды. Талқылау барысында ешнәрсе де қалыс қалдырылмайды. Егер ұсынылған идеялар кейбіреулерге ұнамаған жағдайларда : «Иә, бірақ басқаша да болады» деп айтқан орынды.

   6. Өз ойыңды нақты да қысқа тұжырымдау керек. Идеялар қанша көп болса, соншалықты жақсы болады.

   7. Естеріңізде болсын: оптимизм мен сенімділік адамның ойлау қабілетін он есе арттырады!

   «Мимен шабуыл» процедурасы келесі кезеңдерден тұрады:

   1. Оқу проблемаларын тұжырымдау, оның шешімін іздеу міндеттерін негіздеу. Ұжымдық жұмыстың шарттары мен ережелерін анықтау. 3-5 адамнан тұратын, озық идеяларды бағалайтын және таңдайтын жұмысшы және  сарапшы топтарын құру.

   2. Сергіту. Жаттығу түріндегі тапсырмалар мен сұрақтарға тез жауап іздестіру. Бұл кезеңнің мақсаты – оқушыларға икемсіздіктен, ұялшақтықтан, тұйықтықтан арылуға көмектесу.

  3. Қойылған проблема «шабуыл». Қойылған міндет тағы да нақтыланады, талқылау ережелері еске салынады. Идеяларды генерациялау мұғалімнің белгісі бойынша барлық топтарда бір уақытта басталады. Әркім өз идеясын  дауыстап айтады. Ұсынылған идеяларды сынауға болмайды, оларды тек толықтыру және жинақтау керек.

   4. Сарапшы топтарының озық идеяларды бағалауы және таңдап алуы.

   5. «Мимен шабуылдаудың» нәтижелерін хабарлау. Топтар жұмысының қорытындысын талқылау. Озық идеяларды бағалау, оларды көпшілік болып қорғау.

   Морфологиялық жәшік әдісі немесе көп өлшемдік матрица әдісі (Ф.Цвики). Жаңа, кездейсоқ және ерекше идеяларды белгілі және белгісіз элементтердің  әр түрлі комбинацияларын құру арқылы табу. Элементтердің әр түрлі комбинацияларынан алынатын белгілер мен байланыстардың талдауы проблемаларды анықтаумен қатар жаңа идеяларды іздестіруде де қолданылады.

    Инверсия әдісі немесе үндеу әдісі. Стереотипті тәсілдер нәтижесіз болған жағдайда шешімнің принципті қарама-қарсы баламасы қолданылады. Мысалы, бұйымның беріктігіне оның салмағын ұлғайту арқылы қол жеткізуге тырысады, ал тиімдісі – жазық бұйым дайындау, яғни қарама-қарсы шешім болып табылады. Немесе объекті сырттай зерттеледі, ал проблеманы шешу оны іштей қарастыру арқылы жүргізіледі.

   Қызметті ұйымдастыру түріндегі әдістер топтарға біріктірілген жекелеген әдістердің жеткілікті саны түрінде беріледі.

   Оқушының мақсаттану әдістері: мұғалімнің ұсынғандарынан оқушының мақсат таңдауы; балалар құрған мақсаттарды классификациялау және одан әрі жіктеу; оқушылардың мақсаттарын шынайылық, жемістілік тұрғысынан талқылау; оқушылардың берілген алгоритмдердің көмегімен мақсаттар құруы; оқушылардың білім беру мақсаттары мен міндеттерінің жеке таксономияларын құру; рефлексияның нәтижелері негізінде мақсаттарды қалыптастыру; жеке және ұжымдық мақсаттардың, оқушының, мұғалімнің, мектептің мақсаттарының ара қатынасы; мектепте құнды нормалар мен ережелер дайындау.

   Оқушының жоспарлау әдістері. Оқушыларға өздерінің білім алу қызметінің белгілі бір уақытта аралығына – сабақ, күн, апта немесе тақырыпқа, бөлімге, шығармашылық жұмысқа – жоспарлау ұсынылады.Жоспар ауызша немесе жазбаша, қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін, ең бастысы ол оқушының өз мақсаттарын жүзеге асырудағы негізгі кезеңдері мен қызмет түрлерін белгілеу керек. Жұмыс барысында жоспар өзгеруі мүмкін, толықтырылады немесе алмастырылады; оқушы өзгерістерді тіркейді, олардың себептерін ашады, ал жұмыстың соңында жоспарлаудың рефлексиясын жүзеге асырады.

    Оқушылардың білім алу бағдарламасын жасау әдістері. Жекелей білім беру бағдарламасын жасау оқушыдан әдістер кешенін - өз оқу пәндерін  ойша елестетуді; қызметті басты мақсаттары мен бағыттарын ұстануды; олар әр алуан болған жағдайда өз бетінше анықтау әдісі арқылы оқылатын сұрақтар мен тақырыптарды таңдауды; жоспарлау әдісін; өз мақсаттарына жету жолдарының шарттарын анықтау әдісін; адекватты өзінше бағалау және рефлексия әдісін – иеленуді талап етеді.

    Шығармашылық норма әдісі. Оқушылардың жекелей және ұжымдық қызметтің нормасын дайындауы әдіснамалық әдістерді – қызмет рефлексиясын, оның элементтерін анықтау, қызметтің субъектісін және олардың қызметтік құқығын орнату, ұйымдастырылған және тақырыптық ауқымын беру, ережелер мен заңдарды тұжырымдау – қолдануды талап ететін эвристикалық процесс.

   Шығармашылық нормасы процесіндегі әдістемелік, педагогикалық, рефлексиялық қабілеттерді дамытатын тапсырмалардың мысалдары. Нұсқаулар құру: «Сөзді қалай айту керек», «Сөзді қалай оқу керек», «Міндеттерді қалай шешу керек», «Құбылыстарды қалай бақылау керек», «Әуенді қалай тыңдау керек» және басқалар.

   Оқытуды өзінше ұйымдастыру әдістері: оқулықпен, құралдармен, нақты объектілермен жұмыс істеу; міндеттерді шешу, жаттығуларды орындау; үлгілер, шығармашылық зерттеулер дайындау және басқалар. Оқушылардың жекелей білім алу бағдарламасын – бағдарламаларды дайындау әдістері, оларды басқа бағдарламалармен (мұғалімнің,оқушының) үйлестіру, бағдарламаларды, нәтижелерді бағалау әдістерін іріктеу – атқарудағы өзінше ұйымдастыру әдістерінің маңызы бар.

    Өзара оқыту әдістері. Оқушылар топтарда немесе ұжымдық сабақтарда бүкіл сынып болып өздеріне мүмкін педагогикалық әдістерді қолдана отырып, мұғалімнің қызметін атқарады.

   Сынау әдісі. Жолдасының білім алу жетістігіне, оның ауызша жауабына , оқулық материалына, көрсетілген бейнефильмге сын көзбен қарай білу, олардың мазмұнын талдау, басты сәттерін бөліп көрсету – оқушының өз бетінше анықтауының қажетті шарты болып саналады. Оқытуға сынау әдісін енгізуге дайындық жұмыстары алдын-ала дайындықты қажет етеді. Алғашқы сынауларды арнайы тірек схемасының көмегімен жасайды. Оқушылардың бағалары мен пайымдаулары марапатталады. Сынауға оң көзқарастар қалыптастырылады.

    Сынауларды құру үшін төмендегі схемалар пайдаланылады.

    Ауызша сөз сөйлеуді сынау схемасы:

·        Сөз сөйлеуде не ұнады, не туралы ұтымды айтылды?

·        Сөз сөйлеу, мазмұндаудың жалпы құрылымы мен логикасы қалай құрылған?

·        Тақырып толығынан ашылды ма, келтірілген мысалдар жеткілікті ме?

·        Байқалған ауытқушылықтар, қателер, қарама-қайшылықтар. Шығып сөйлеушіге қарсылық білдіру.

·        Шығып сөйлеуді толықтыру. Шығып сөйлеушіге ескертпе жасаужәне ризашылық білдіру.

·        Шығып сөйлеудің жалпы бағасы.

Оқулықтың, кітаптың немесе мақаланың мәтінін сынау схемасы:

·        Оқылған мәтін неге арналған?Мәтінде не қызықтырды және неге?

·        Ондағы бастысы не?Мазмұндаудың негізгі бағыттары қандай?

·        Мәтінде қандай жаңа ақпараттар немесе әдеттегіден тыс ұстанымдар байқалды?

·        Мәтіннің мазмұны түсінікті ашылды ма?Оның қай жерлері қиындау?

·        Оқу барысында қандай сұрақтар туындады?Қосымша нені білгісі келеді?

·        Оқығаннан қандай қорытынды шығарылды?

Бейне немесе кинофильмдерді сынау схемасы:

·        Фильм неге арналған, оның авторлары нені көрсеткісі келеді?

·        Фильмде қандай құбылыстар, ұғымдар, қондырғылар және басқа объектілер қарастырылған?

·        Фильмде қандай материал негізгі болып табылады? Ол қалай бөліп көрсетілген?

·        Фильмде не қызығырақ және ұтымдырақ көрсетілген?

·        Қандай сәттер жеткілікті толық және анық ашылмаған?

·        Фильм оқылатын тақырыппен қалай байланысқан?

·        Фильм бойынша қорытынды жасау.

Шешілген міндеттерді сынау схемасы:

·        Міндеттерді қандай объектілер мен процестер туралы сөз болды?

·        Оны шешудің қажеттігі қандай?

·        Міндеттер қандай тәсілмен шешілген? Оны шешудің басқа да жолдары бар ма?

·        Міндеттерді шешуде қандай құбылыстар, ұғымдар, заңдар, тұжырымдар пайдаланылды?

·        Міндетті практикалық қолданудың мәні қандай? Шешілген міндеттің қорытындысы қандай?

    Оқушылардың сыны шығармашылық қызметтің басқа да табыстарымен бірдей бағаланады. Оқушылардың сынын талдау оқушылармен кері байланыс орнатуға, олардың білімдерін сараптауға, одан әрі оқытуды іріктеуге мүмкіндік береді.

    Бақылау әдістері. Тұлғалық бағытталған оқыту білім беру қызметін бағалаудың негізін өзгертеді. Дәстүрлі оқытуда оқушының білім алу жетістігі оның бекітілген үлгіге жақындау дәрежесімен бағаланады, яғни оқушы берілген мазмұнды неғұрлым дәл және толық қайталаса, білім беру қызметінің бағасы соғұрлым жоғары болады. Тұлғалық – бағытталған оқытуда оқушының білім алу жетістігі берілгеннен ауытқушылық дәрежесімен бағаланады, яғни оқушы ғылыми және мәдени маңызды ауытқушылықтарға берілгеннен неғұрлым көп қол жеткізсе, оның білім алу жетістігінің бағасы жоғары болады.

    Рефлексия әдістері. Оқытудың білім беру нәтижесі – тек оушының мойындағандары ғана. Егер оқушы не істегенін және неге оқығанын, өз қызмет тәсілдерін, туындаған проблемаларды, оларды шешу жолдарын және қол жеткен нәтижелерді ойлы тұжырымдай алмаса, онда оның білім алу нәтижесі одан әрі білім алу мақсатында пайдалануға мүмкін емес, тұйық, беймәлім күйде қалады.

   Оқушылардың өз қызметін мойындауын ұйымдастырудың екі түрі болады:

   1). Оқу процесі барысында іске асырылатын ағымдағы рефлексия;

   2). Қызметтің тұйық кезеңін логикалық немесе тақырыптық тамамдайтын қорытынды рефлексия.

   Ағымдағы рефлексия оқушылардың ойлау қызметін ұйымдастыруды ұсынады: пәндік қызмет циклін орындағаннан кейін (математикалық, тарихи, тілдік т.б.)    а) Пәндік қызметтің тоқтауы; б) рефлексивтік қызметтің белсенділігінің артуы болады, яғни балалардың назарын атқарылған пәндік қызметтің басты элементтеріне, оның бағыттарына, түрлеріне, кезеңдеріне, проблемаларына, қарама-қайшылыққа, нәтижелеріне, пайдаланылған қызмет тәсілдеріне аудару.

    Рефлексивтік қызмет пәндік қызметі құрылымдандырады. Рефлексивті әдістің мақсаты – атқарылған пәндік қызметтің әдістемелік нұсқасын анықтау және соның негізінде пндік қызметті жалғастыру. Рефлексивті әдісті қолданудың нәтижесі құрастырылған ұғымдар, тұжырымдалған қарама-қайшылықтар, ашылған функционалдық байланыстар мен заңдылықтар, оқылатын пән бойынша теориялық құрылым болып табылады. Рефлексивті қызмет оқу процесінің әдістемелік тасымалдаушысы қызметін атқара отырып, пәндік қызметпен тығыз араласады.

    Қорытынды рефлексия ағымдағыдан рефлексияланатын кезеңінің ұлғаюымен, сондай-ақ мұғалімнің нақтылық және талапкерлік деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Қорытынды Рефлексияның формалары, әдістері және мазмұны мұғалімнің білім беру бағдарламасына енеді. Сабақтың, күннің, аптаның, тоқсанның, оқу жылының аяғында оқушыларға арнайы сабақтар ұсынылады. Онда олар төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, өз қызметтерінің рефлексиясын атқарады:

Оқу жылы бойында атқарған көлемді істерім қандай? Жыл бойы қалай өзгердім? Менің үлкен жетістігім не? Оған қалай және қайтіп қол жеткіздім? Менің кездестірген ең үлкен қиыншылығым? Мен оны қалай жеңдім немесе жеңемін? Бұрын менің қолымнан не келмеді, ал қазір келеді. Менің білімдегі өзгерістерім қандай? Өзімнің білмейтіндігім туралы не түсіндім? Мен математикадан, сөйлеуден нені үйрендім?Қызметтің қандай жаңа түрлері мен тәсілдерін пайдаландым және игердім? Осы оқу жылындағы менің білім алуымның негізгі кезеңдері қандай, олардың ерекшеліктері неде?

    Өзінше бағалау әдістері. Оқушының өзінше бағалауы қорытынды лекциядан өрістейді және білім беру циклін аяқтайды. Өзінше бағалау сандақ және сапалық сипатта болады: сапалық көсеткіштер оқушының білім алу бағдарламасы негізінде тұжырымдалады немесе мұғалім белгілейді; сандық көрсеткіштері – оқушының мақсатқа жетуінің дәрежесін білдіреді. Оқушының қызметінің сандық және сапалық бағалауы – оның мәдени-тарихи аналогтарымен салыстырылатын, мұғалімнің, сыныптастарының, тәуелсіз сарапшылардың бағасы түріндегі білім алудағы жетістігі.

   Оқытудың дәстүрлік практикасында мұғалім сабақтың көп бөлігінде түсіндіреді, көрсетеді, сұрайды, үлгі бойынша тапсырмалар береді және оқушының белсенді танымдық қызметіне өте аз уақыт бөледі. Проблемалық, зерттеулік және практикалық әдістер жеткіліксіз пайдаланылады. Осының салдарынан оқушылардың өз бетінше пайымдау олардың стереотиптік шешімдері қолдауы танымдық объектілермен және оқулықпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдері таңдау нашар дамиды.

   Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен – білім берудің маңызды мақсаттарымен, оқу курсының ерекшеліктерімен, сабақтың мақсатымен, оқушылардың мүмкіндігімен, олар пайдаланатын дидактикалық жүйенің ерекшеліктерімен анықталады.

   Тұлғалық бағытталған оқытуда оқыту әдісін таңдауының басты факторы оқушының табысты қызметін ұйымдастыру болып табылады. Әр уақытта оқытудың формасын, әдістерін таңдай отырып, оқушы сабақта білім алуда қандай табысқа жетеді деген сұрақ қою керек. Бұл табыс оқылатын тақырыпқа қатысты, оқушының шамасына орай қызықты, олардың жекелей мүмкіндіктері қызығушылықтарына сай болуы керек.

   Оқытудың әдістері мен құралдарын таңдауға оқу курсының және нақты материалдың ерекшеліктері әсер етеді. Гуманитарлық бағыттағы пәндер арнайы құруды қажет етпейтін әр алуан проблемаларды жинақтайды. Анық логикалық байланыстарға және пастулаттарға ие пәндердің (математика, тілдер) проблемалар қоюға мүмкіндіктері аз болады, соған қарамастан оқытудың логикалық әдісін қолдануға мүмкіндік береді. Табиғи циклдағы пәндерде проблемалар қоюға практикалық және зертханалық жұмыстар көмектеседі.

   Әдістерді таңдау оқу материалы элементтерінің байланыс сипатына да қатысты болады. Егер жаңалары алдыңғыларымен жанама байланысса және талқылау арқылы шығарылған жағдайда проблемалық және зерттеулік әдістерді қолданған дұрыс. Қажет жағдайда оқушылардың білім алу проблемасын шешетін жағдайды қамтамасыз ету керек, мұғалім тек қана қажетті ақпаратты оқушылардың оны іздестіруіне артық уақыт шығындамай хабарлау мүмкін. Яғни репродуктивті әдістер маңызды білім беру мақсаттары мен объектілері болмаған, оқушылардың олардың негізгі жұмыстарына қажетті қызмет ақпаратын немесе технологиясын жеткізу қажеттігі болған жағдайда ғана жарамды болып табылады.

     Сондай-ақ уақыт факторының да маңызы зор. Проблемалық немесе эвристикалық оқытуды ұйымдастыру көп уақытты керек етеді, балаларды табысты қызметке үйретеді.

    Әдістерді таңдауда ізденістік әдістер пайымдауды дамытуды тиімді болғандықтан, барлық сабақтар тек проблемалық болуы керек деген көзқараспен қарауға болмайды. Әрбір сабақ проблемалық болуы мүмкін емес, бірақ әрбір сабақ оқушының тұлғалық білім алу деңгейінің өсуін қамтамасыз етуі керек.

    Пайымдауды қалыптастыру – оқытудың маңызды, бірақ жеке дара міндеті емес, сондықтан да эмоционалдық, адамгершілік, рухани дүниесін дамытатын әдістер қажет.

    Мұғалімнің оқытудың әдістері мен формаларын таңдаудағы субъективизмі өте орынды.

    Көптеген педагогтардың оқытудың ұнамды жүйелерін қолдану арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізетіні белгілі. Бұл жағдайда қайсыбір әдістеменің кемшіліктері мұғалімнің қызығушылық шеберлігімен толықтырылады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық оқу қызметі "Менің сүйікті қонжығым""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Животновод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 030 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.04.2017 2551
    • DOCX 270 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Юсупова Гультаза Сейфуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Юсупова Гультаза Сейфуллаевна
    Юсупова Гультаза Сейфуллаевна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34504
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продленного дня

Педагог-воспитатель группы продленного дня

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 201 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 151 человек

Курс повышения квалификации

Адаптация детей раннего возраста к детскому саду

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 1 245 человек

Курс повышения квалификации

Развитие креативности у детей дошкольного возраста (на примере использования разнообразных материалов)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 269 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Психология личности: свойства и характеристики личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 27 регионов

Мини-курс

Развитие и воспитание дошкольника: ключевые аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе