Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыАшық сабақ ( "Таулар")

Ашық сабақ ( "Таулар")

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым

министрлігі

 

№63 негізгі орта мектеп

Ашық сабақ

 

Тақырыбы:

 

Таулар

 

 

                                                      

 

 

                                                 

                                                                    2б сынып жетекшісі: Н. Молдабекова

                                                                       

                                                                    

Шымкент

 

Пәні: Дүнитану

Тақырыбы: Таулар

Мақсаты: білім-білік дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Таудың төбе мен қыраттан, биік таулар мен аласа таулардың ерекшелігі мен айырмашылығын түсіндіру.

Дамытушылық: жалпы қабілеттілікті дамыту, қызығушылығын арттыру, қалыптастыру.

Тәрбиелік: сауаттылыққа ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, табиғатты аялауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: биік, аласа тау суреттері, Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ тау шаңғысы курорты суреттері, таулардың суреті бар буклеттер, электронды оқулық.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс.

Сабақтың түрі:  аралас сабақ.

Барысы: І. Ұйымдастыру.

а) Оқушылар қатысымын қадағалау

ә) сынып тазалығына көңіл аудару

б) Құрал-жабдықтарын түгелдеу

6) Оқушылар зейінін сабаққа аудару

 

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1.     Жазық деп нені айтады?

2.     Оның түрлері қандай?

3.     Жыра неден пайда болады?

4.     Жыраның сайдан қандай айырмашылығы бар?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.

«Кім жылдам?»

Қазақстанның физикалық картасынан тегіс жазықтар мен төбелі, қыратты жазықтарды тез табу. Жазықтарға тоқталып анықтама беру. (тез тапқан оқушыға сыйлық ұсыну).

 

ІҮ. Жаңа сабақ. Түсіндіру.

Оқулықпен жұмыс.

Жер бетінің ерекше биік тұстарын тау дейді. Таулар төбелер мен қыраттарға қарағанда анағұрлым биік болады. Олардың биіктігі бірнеше жүздеген, мыңдаған метрге жетеді. Биік таулардың басынан қысы-жазы қар кетпей жатады, беткейлері қия болып келеді. Оларды терең шатқалдар тілімдейді. шатқалдардың түбінде сарқыраған тау өзені ағып жатады. Биік тау беткейінде қалың орман өседі. аласа тауларда қар мен мұз жатпайды. Онда көбінесе бұта, шөптесін өсімдіктер өседі. Таулар тығыз әрі қатты тау жыныстарынан тұрады. Олардың ішінде гранит, құмтас және әктас көбірек таралған. тауда жазықтағыдай емес. егін егетін және елді мекен орналасытын қолайлы орын аз. Дегенмен тау етегі мен аңғарларында егін егіліп, жеміс бағы мен бақша өсіріледі. Таудағы жайлауда жазда қаптаған мал жайылады. Биік тау басында маса мен сона болмайды. Сондықтан жазғы 2-3 айда мал тез қоңданып, семіреді.

Тау - дем алуға және қыдырып, тынығуға таптырмайтын орын. Таза ауа мен табиғаттың көрікті көріністері көп адамды қызықтырады. Іле Алатауының солтүстік беткейінде, Алматының түбінде орналасқан Медеу спорт кешеніндегі мұз айдыны және Шымбұлақ шаңғы жолдарының талапқа сай болуының салдарынан халықаралық стандарттар бойынша төрт бірдей сертификатқа ие. Мұнда аса ірі әлемдік деңгейдегі халықаралық жарыстарды, 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын өткізу біз үшін үлкен мақтаныш. Азияда қарсаңында жасалған Медеу кешенінен Шымбұлақ тау шаңғысы курортына тартылған аспалы гондола жолы ғаламат жобаның іске қосылуы дер едік. Алматы қаласының тұрғындары мен туристері жайлы кабиналарды, таудың көркін тамашалай отырып, Медеу мұз айдынынан шымбұлаққа бар болғаны 14 минутта жетіп барады.

Тыңдаңыз, қызық!  (Сергіту сәті).

Гондола аспалы жолының ұзындығы 4572м. Әлемдік деңгейдегі осындай үшінші жол. Мұндағы 114 кабинаның әрқайсысына 8 адам отыра алады. Секундына 6м жылдамдықпен қозғалғанда 1 сағатта 2 мың жолаушы тасып үлгереді екен. (интерактивті тақтадан көрініс).

 

Ү. Ой толғау. «Сен білесің бе?»

Дүние жүзіндегі «Ең жылдам қар» .

Интерактивті тақтадан көрсету.

Франциядан келген сарапшылар «Шымбұлақ» қарының сырғанағыштық қасиетіне назар аударды. Еуропа мен Америка елдеріндегі тау шаңғысы алаңдары орналасқан өңірлер, мұхит-теңіздерге жақын жатыр. Ал, Алатау теңізден алыста. Сондықтан ол жақтың қарында ылғал көбірек те, біздікінде азырақ. Сол себептен де Шымбұлақтың қары сусымалы, сырғанағыш болып келеді. Осындай ерекшеліктерімен «Шымбұлақ» дүние жүзіндегі тау шаңғысы курорттарының  ішіндегі ең таңдаулы үштікке кіреді.

ҮІ. Ойын: «Мәреге жету».

Қазақстанның физикалық картасынан Сарыарқаны, Алтайды және Тянь – Шанды табу.

ҮІІ. Жаңа сабақты пысықтау: сұрақ-жауап әдісі

1.     Таудың төбе мен қыраттан айырмашылығы неде?

2.     Биік тау мен аласа таудың айырмашылығы неде?

3.     Тауды қандай шаруашылыққа пайдаланады?

ҮІІІ. Қорыту.

ІХ. Бағалау.

Х. Тапсырма: түсінік оқу, әңгімелеу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ ( "Таулар")"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.01.2016 973
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдабекова Нургуль Абдалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13055
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Ресурсы библиотерапии в работе с детьми дошкольного и младшего школьного возраста

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Подготовка детей к школьному обучению в условиях вариативного дошкольного образования и реализации ФГОС НОО

Учитель по подготовке к школе (педагог)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 319 человек из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 616 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 235 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 168 человек

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе