Инфоурок Начальные классы ПрезентацииАшық сабақ.Тақырыбы:"Сын есім" 4-сынып

Ашық сабақ.Тақырыбы:"Сын есім" 4-сынып

Скачать материал

 

 


Сарыбұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығы 

 

 

 

 

 

 

 

САЛТАНАТТЫ ЖИЫН:

 

"Сыңғырла, 
соңғы қоңырау!"

 

Картинка 36 из 81936

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жолмурзаева Э.А.

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

Сарыбұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығында өткізілетін «Сыңғырла, соңғы  қоңырау» атты мерекесін

өткізу жоспары 

2015-2016 оқу жылы

 

 

 

 

1.     Өтетін орны – мектеп ауласындағы арнайы әзірленген алаң.

Мерзімі - 25 мамыр 2016 жыл, сағат 9-00.

 

2.     Алаңның жабдықталуы: дауыс күшейткіш  аппаратуралар, лозунг, қабырға газеттері, гүлдер, шарлар, нақыл сөздер жазылған.

«Сәт сапар, жас түлектер!»

«Мектеп- ана аялап, шыңдайды шәкірт білімін»

 

3.     Салтанатты жиынға шақырылған қонақтар: ауыл әкімі, ата- аналар, зейнеткер ұстаздар, жеке шаруашылық қожалығының басшылары, ауыл ақсақалдары

 

Мақсаты: 2015-2016 оқу жылын аяқтау, оқу озаттары мен оқу екпінділерін марапаттау. Мектеп бітіруші түлектерімен қоштасу. Оқушыларды, ұстаздарды құрметтеуге және адамгершілікке тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І- бөлім

 

 

 

1.     Оқушыларды сапқа тұрғызу- Қасенов Б.А.

2.     Мектеп бітірушілерді ортаға шақыру. 11 сынып оқушылары алғашқы ұстаздарымен  сынып жетекшілерімен ортаға шығады.

3.     «Соңғы қоңырау» мерекесінің ашылуы

4.     Қазақстан Республикасының Гимні

5.     Салтанатты жиынға келген қонақтармен таныстыру

6.     Мерекеге арналған құттықтау сөздер:

-         Мектеп директоры

-         Аудандық білім бөлімінен келген қонақ

-         Ауыл әкімі

-         Зейнеткер ұстаздар

-         ЖШҚ басшылары

-         Бұрын бітірген мектеп түлектерінің құттықтау сөздері

-         Мектеп бітіруші түлектердің алғашқы ұстаздары

-         Сынып жетекшілері

-         Ата- аналары

-         1 сынып оқушыларының құттықтау сөздері

7.     1- сынып оқушыларына сыйлықтар табыс ету

8.     Аманат тапсыру рәсімі

9.     Соңғы қоңырау соғу

10. Мектеп директорының бұйрығымен оқу озаттарына, қоғамдық жұмыстың белсенді мүшелеріне мақтау қағаздарын табыс ету

11. Білім кілтін тапсыру

12. Мектеп туын шығару

13. «Соңғы қоңырау» мерекесінің жабылуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АӘД пәнінің мұғалімі Қасенов Болат рапорт береді.

 

Жүргізуші: Құрметті «Соңғы қоңырау» салтанатына жиналған қауым, құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар, ата- аналар  мектеп түлектері және оқушылар!

         Жас жүректің өмірлік құштары – гүл

         Бағбан – ұстаз баулыған құстары – бұл,

         Қоштасып бүгінгі күн ұясынан,

         Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр,

Ұрпағың мақтануға болса лайық,

Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.

Биылғы жыл түлектерін,

Құрметпен қол соғып қарсы алайық!- деп алтын ұя мектебінің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметпен ортаға шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

 /шашу шашады,  оқушылар ортаға шығады/

 

Жүргізуші: Мектебіміздің осыдан 5 жыл, 10 жыл, 20 жыл, 30 жыл, 40 жыл бұрын бітірген түлектерін қарсы алайық.

 

Жүргізуші:  2016 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы.

Ел бірлігі -  біздің барша табыстарымыздың  кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халықаралық ЭКСПО – 2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын ! Баршаңызға «Нұрлы Жол» Жолдауын жүзеге асыруда табыс тілеймін !

 

Жүргізуші: Қоңырау үні сыңғырлап,

Естілер жылы жаныма.

Күлкідей әсем сылдырмен

Бөбектер жыйды маңына- демекші қымбатты оқушылар, ұстаздар, ата- аналар, қонақтар! Міне, алтын ұя мектебіміз тағы да бір салтанатты жиынға сап түзеді. Бұл жиын оқу жылын артқа, бір жылғы еңбегімізді қортындылау жиыны. 11 сынып түлектері- жүрегіңді дір еткізер жан дүниеңе әсер етер, әсем саз қоңырау үні сендерге арналады. Осы үн сендерді балалық шақтан шығарып сап, жастық шақ ізденіс белесіне асырғалы отыр. Міне, сол салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

    

     Жүргізуші: Тарихы терең қазақ деген көне елде,

                       Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

                       Жаһандағы  ең жауынгер  халықта,

    Кім сенеді ту болмады дегенге?!- дей отырып, мазмұнына өрнегі жарасқан, тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін, -дей отырып, салтанатты жиынымызға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы әкелінсін.  (Ту әкелінеді)

Жүргізуші: Мектеп түзел! Тік тұр!  Мектепішілік салтанатты жиынға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін / Қасен Мухит/

 Гимн орындалады, оқушылар қосылады.

 

Жүргізуші:  Қазекем қонақ десе көсіледі,

Мұндайда жан түйіні шешіледі

Ақ тілеу ырыс қой қонақ деген

Өздерімен ала келер несібені- дей отыра келген қонақтармен таныстыруға рұқсат етіңіздер

 

-Аудандық білім  бөлімінен

-Ауыл әкімі – Бектемиров Бақытжан Әбуталипұлы

-Ауыл имамы- Бектемиров Абдулғафур Қазақбекұлы

Мектебіміздің ардагер ұстаздары

Бүгінгі салтанатты жиынның қонақтары, түлектері және ауылымыздың  ақсақалдары.

Картинка 19 из 384

 

Жүргізуші:

Құрметіне көк тудың тік тұрайық

Алаңдап басқаға біз бас ұрмайық

Аманат ту тапсыру рәсіміне

Халайық куә болып қарсы алайық!- деп қазір 11- сынып оқушысы Қасен Мухит туды өздерінен кейінгі 10- сынып оқушысы Солтанбай Ақтілекке  тапсырады.

 

11 сынып оқушысы Мухит:   11 жыл бойы мектебіміздің туы астында білім алып, ер жетіп, енді міне- сол туды аманат етіп, өздеріңе тапсырмақшымыз. Мектеп туын жоғары ұстаңдар, ұятқа қалдырмаңдар! 

/11 сынып оқушылар туды 10 сынып оқушыларына тапсырады, сол тумен бір айналып шығады да, оң жаққа келіп тұрады/

10 сынып оқушысы Ақтілек: Мектеп туын жоғары ұстаймыз, ұятқа қалдырмаймыз, биік тұғырдан желбіреуіне ант етеміз.   

 

Жүргізуші: Тапқандай көп аңсаған бір асылды,

Көңілден бүгін ерекше гүл ашылды

Ұшырып бір топ қарлығашын

Қуаныш, шаттық, ниет, нұр шашылды - деп алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры С.Ж. Имуханбетоваға беріледі    /Марапаттау   ұстаздар, жыл жүлдегерлері- 2016, ата- аналар/

 

Жүргізуші: Мектеп вальсі. / 11сынып оқушыларының орындауында/

 

Жүргізуші: Шарықтасын шат көңілдің алабы

Шат жүрекке ақ көңілдер қонады.

Дархандай кең, қонақжай халықпыз

Әрқашанда төрде отырар қонағы- дей отырып келесі сөз кезегін ауылымыздың әкімі Бектемиров Бақытжан Әбуталипұлына береміз

 

Жүргізуші: Білімнің шарлағанда талай өрдің,

Жаңалық ашқан шақта нелер көрдім,

 Бар адам, барлық қауым мұғалімді,

Сыйлайды мәңгі бақи беріп төрін – дей келе -Аудандық білім бөлімінің әдіскері ____________________________________________ сөз беріледі.

 

Жүргізуші: Ажырамай халықтан бір елі сіз

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз

Сөз берелік құрметпен өзіңізге

Түлектерге арналсын тілегіңіз- дей отырып ____________________

________________________________________________________

 

 

Жүргізуші:Жас қырандай қанат қағып қияға,

Арман қуып ағаларың қиялда.

Жігерің мен сеніміңді оттық қып,

Самға биік жалын атып жүр алда- демекші сіздерге үлкен сәт- сапар тілеп , келіп отырған   59-жылы туылған мектебіміздің түлегі  бүгінгі күні  40-жылдық кездесуге келіп тұрған қонағымыз

______________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________ -сөз кезегін береміз.

Жүргізуші:Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.

Қуанышты жарқын тілек білдіріп,

Құттықтайды  Есен ағай баршаңызды.

Осындай қимас шақта , өздеріңе арналған келесі сөз кезегін 69-жылы туылған мектебіміздің түлегі 30-жылдық кездесуге келіп отырған ____________________________________________________________________________________________________________________ сөз береміз

 

 Жүргізуші:Төңкеріліп төніп тұрған төбеден,

      Ай астында ойнауды біз аңсадық.

      Алтын мектеп – бесігіне бөленген

      Есеппенен оқуды біз аңсадық деп

79 жылы туылған 20-жылдық мектебіміздің түлектері  ______________________________________________________________________________________________________     ортаға шақырамыз

 

Жүргізуші:

         Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

         Бишілер билеп кетті тербетіле

         Аққудай қалықтаған теңіздегі,

         Бишілер өнерлерін көрсетуде

Аудандық «Би көктемі» байқауының жүлдегері 4 сынып оқушысы Аусынахун Камшатты  «Ариайдай» әнімен және «Ару» би тобын қарсы алыңыздар.       

 

Жүргізуші:Алдыңғыны қуып жетер толқындар,

Бұл өмірде жалғастық бар ұғыңдар,

Ағаларға ізгі тілек ініден,

Айтылмақшы оны қабыл алыңдар- дей отырып ортаға 1-сынып оқушыларын шақырамыз       

 

1-    сынып оқушылары

Абзал жандар, биік тұлға байсалды,

Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды

Қуанышты жарқан тілек білдіріп,

Құттықтайды бірінші сынып баршаңды

      Картинка 19 из 384

11 жыл бойы оқыған

Ойға білім тоқыған.

Ағалар мен апалар

Орындалды ойыңыз

Құтты болсын тойыңыз!

 

 

Мухит, Мақсат  ағаларымдай

Менде спортшы  боламын

Барлық жарысқа қатысып

Облыстан орын аламын                                                       Картинка 19 из 384

 

 

Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз

Еңбек десе құлшынып жайнайсыз

Білемін мен  Қанат аға өмірде

Адалдықты , жақсылықты қолдайсыз.

 

Өзімнен кішкентайларға

Мейіріммен қараймын

Мухит ағамдай

Әдепті менде боламын

 

Талшын әпке

Мен сізді сыйлаймын

Өзіңізді қоштасуға қимаймын

Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл

Тек жақсылық өзіңізге арнаймын.

 

Мінезіңіз бар  аңқылдаған

Қанат қағып барасыз

Сандуғаш  әпке армандаған

Мақсатыңызға жетіңіз  талассыз

 

 Береке әпке,

Өзі қандай қуатты

Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,

Өміріңіз болсын ұзақ , шуақты

 

Білім, өнер, еңбек бәрі егіз.

Жана берсін әрқашан еңбегіңіз

Еңбекқор деп атайды бәрі сізді

Тек биіктен Гүлназ әпке көрініңіз

 

Тәртіптіде, тіл алғыш

Алмагүл  әпкедей боламын

Сабақтан себепсіз қалмаймын

Салт- дәстүрді сақтаймын

 

Өзі қандай ұқыпты қараңызшы,

Мектебіміздің сүйкімді ұл-қыздары

Барлық іске тиянақты қарайды

Мақтан етем аға-әпкелерді.

Үлгілі боп сіздердей

Үлкейеміз біздерде

Бізде ойшыл, өнерлі,

Боламыз істің шебері

 

Талай сыннан өттіңіз

Картинка 19 из 384Кәмелетке жеттіңіз

Қыран болып ұшыңыз

Оқуға барып түсіңіз

 

Еңбекте көп қуаныш

Елде талай туар  іс

Кемелденген маман боп,

Келіңіздер аман боп

 

 

Мерейлі болсын күніңіз,

Мектепке келіп тұрыңыз

Сағынамыз күн сайын

Кездесейік жыл сайын

 

Сіздерге жалын жүректен

Айтамыз достық тілекпен

Әрқашан сәтті жол болсын!

Картинка 19 из 384Сапарларыңыз  оң болсын!

                 

Жанар ма деп талабың,

Биікке, шыңға тартасың

Талабыңа нұр жаусын,

Сәтті болсын қадамың!

 

Жаны асыл ұстаздарды еске алыңдар,

Жаңа әлемді ашатын жас дарындар.

«Шәкірті жаман екен», - дегізбеңдер,

Санасы биік, адал дос табыңдар.

 

Сіздерге жалын жүректен,

Айталық достық тілекпен.

Бәрі: - Әрқашан сәтті жол болсын,

Сапарларыңыз оң болсын!

 

 

Жүргізуші:  «Үнді» биімен аудандық «Би көктемі-2016» байқауының бас жүлде иегерлері  мектептің ұстаздары Сабденбекова Гауһар Кенесбайқызы, Тургенбаева Мадина Тұрғанқызы, Жұмадилова Альбина Жексембайқызы, Идьятова Сабира Елтайқызы, Искакова Айнұр Нұрқасымқызы, Қашағанова Жадыра Қайратқызын  биші мұғалімдерін қарсы алыңыздар.

 

Жүргізуші: Еске түсті ұмытпас,

Өмірдегі көктемім,

Есігін кеп мен алғаш,

Ашқан ұлы мектебім,

Содан бері не бір күн,

Өтсе де талай жаз бен күз.

Көктеміндей өмірдің

Сол қыркүйек қалдырды із-  міне, дәл осындай толқу сәтінде алғашқы аяулы ұстаздарың сынып жетекшілерің жандарыңда тұр. Бүгінгі салтанатты жыйынды мектеп түлектеріне ақ жол тілек айтып, сәт сапар тілей отырып, шығарып салмақшы сөз кезегін алғашқы ұстаздары  Чуванова Баян Мұқанқызы, сынып жетекшілері Құрманаева Гүлжан Бақбергенқызы.

Картинка 19 из 384

      Жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады,

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Ортаға шақырайық ата-ананы – демекші өздеріңмен бірге жүректері лүпіл қағып, жанарлары қуанышқа толы ата-ана _______________ анамызды сәт –сапар тілеуге ортаға шақырамыз.

 

Жүргізуші: Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрғандай бір табиғат амандасып.

Киелі топырағың шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып,- демекші ендігі сөз кезегін құрметті түлектерде.

 

Сандуғаш:

Білімнің қанып  ішіп, тереңінен,

Шәкіртке бар білгенін бере білген.

Ұстаздар – төзімі мол ғажап жандар,

Кездескен қиындықты жеңе білген.

 

Ұстаздың әрқашанда талмас әні,

Шаршамай  асулардан сан асады.

Тіл тауып сан алуан шәкірттермен,

Пернесін жүрегімнің дәл басады.

 

Ұстаздар – қадірі мол елге  кілең,

Әлі де берері  көп бергенінен.

Тау  көтерген Толағай тәрізденіп,

Болашаққа жол тартқан еңбегімен.

 

Болса да  ертең мейлі, бүгін мейлі,

Беремін шәкірттерге білім дейді.

Жас ұрпақтың жанына  жалау болып,

Қабағынан реніш білінбейді.

 

Гүлназ:

Баршаның шуақ тілеп аспанына,

Ұмтылған  парасатты асқарын;

Картинка 19 из 384Ұстаздар – ақ тілеулі асыл жандар,

Ақынның арқау  болған дастанына.

 

Білім жолы- қилы асу бұл шың –заңғар,

Қоңыраумен  тербеліп тұрсын таңдар.

Ұстаздың ұлағатын көріп өскен,

Талай- талай Тұманбай, Нұрсұлтандар!

 

Ұстаздар, толастамай шаттық үнің,

Көп болсын бұл өмірде сәтті  күнің.

Ұйтқысы ұлылықтың өздеріңе-

Тілеймін бар әлемнің тәтілігін!

 

Ұстаздарды дұрыс қой ұлы деген,

Тебіренер қоңырау үніменен.

Осы  отырған қадірлі меймандарды,

Құттықтаймын мереке күніменен.

 

Жүргізуші: Хор «Қош бол, мектебім»  11-сыныптар

 

 

Жүргізуші:Мойынтпасын қиындықтар сендерді!

Батылдықпен асындар сан белдерді.

Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,

Жақсы іспен қуантыңдар елді енді- дей келе биылғы оқу жылының қорытынды бұйрығын оқуға сөз кезегін директордың оқу-тәрбие ісінің орынбасары Бекова Ляззат Абілқасенқызына береміз.

 

Білім кілтін тапсыру салтанатын Облыстық пән олимпиядасында химия пәнінен ІІІ- дәрежелі диплом иегері 11сынып оқушысы  Шыныбек Талшын мен білім кілтін қабылдап алу құрметін                     1-сыныптың оқушысы оқу озаты Тұралы Заринаға  беріледі:

Түлектер: Шыныбек Талшын

Білімнің мына өмірде женгені көп

Білім қалар халқымның сенгені көп,

Сондықтанда білім кілтін сендерге

Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп.

 

1 сынып оқушысы: Тұралы Зарина

Ұрпаққа кезенімен білім берген,

Алтын ұя мектеп қой елім  сенген.

10 жыл бойы білімменен қанаттанып,

Аттанамыз біз де  білім керуенімен

 

Картинка 19 из 384Жүргізуші: Соғылсын қоңырау, соғылсын.

Сыңғырла,мәңгілік сыңғырла   

Толқыған жүректер тоғыссын,

Толтырып бір арна, бір жырға

Шаттықтың үніндей мәңгілік.

Соғылсын, қоңырау соғылсын.

Қуаныш әніндей шырқалып,

Жүректер ақ нұрға шомылсын- деп Сіздер үшін, міне құрметті мектеп бітіруші түлектер, соңғы қоңырау соғылмақшы. Қоңырау соғу рәсімін жасау 11 сынып оқушысы Нұқан Мақсат және  1 сынып оқушысы  Жанат Айшаға беріледі.

 

Айналуда тау суындай тасқынға,

Ұрпақтардың көсегесі көгермек.

Аспан түстес осы тудың астында,

Мектеп тік тұрыңдар, түзеліңдер!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы шығарылсын!

 

Келешек өмір қандай болса да, қуанышы мен реніші қатар келсе де, еліміздің қай түпкірінде болсаң да сен міндетті түрде алтын ұя мектебіңді, бірге өскен достарыңды, осы салтанатты, толғандырар минутты естен шығармаңдар, жолдарың болсын!

   Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруға,  жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт-сапар тілей отырып, бәріміз 11 сынып оқушыларын қошеметпен жаңа өмірге шығарып салайық.

 

Ұшырады мектебім өз қолынан,

Көріне біл ғылымның сан қырынан.

«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой» -деп,

Көріне біл тұғырдан биік шыңнан.

 «Сәт-сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз,

Тілейміз біз армандарға жеткенін.

 

   Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары-жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарыңды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріңе аман- есен оралуларыңа тілектеспіз.

 

«Соңғы қоңырау» жиыны осымен аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар

 

Картинка 19 из 384

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ.Тақырыбы:"Сын есім" 4-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 357 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2016 793
    • DOCX 305.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жолмурзаева Эльмира Айтпековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7979
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1194 человека из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 586 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 161 человек

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 719 человек

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Социальная и поведенческая психология

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек