Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сағат "Жеңіс күні"

Ашық тәрбие сағат "Жеңіс күні"

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы:  Жеңіс  мерекесі.

Сабақтың  мақсаты:оқушыларды  туған елін,  жерін сүюге тәрбиелеу. Ел қорғаған  ерлердің  есімін қастерлеуге, оны ұмытпауға баулу. Тыл еңбеккерлерінің еңбегін бағалау.

Сабақтың көрнекілігі: ерлік туралы нақыл сөздер. Ұлы Отан Соғысы батырларының суреттері.  Ж. Жабаевтың және де ауыл ардагерлерінің тізімі.  Кітап көрмесі, альбомдар, бүктемелер.

 

Сабақтың барысы:

1- жүргізуші:Жер жүзінде нұр шашып жеңіс күні,

Жақсы үміттің шырағы жанды міне!

Аспан бетін қаптаған қара тұман,

Серпіліп зұлымдықтың сөнді түні.

 

2- жүргізуші:Жер бетін қан сасытқан соғыс бітті,

Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.

Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,

Аспандатып жырлаймыз жақсылықты.

 

1- жүргізуші:Бүгін жайнап жасарсын ана біткен,

Асыр салып қуансын бала біткен.

Жүректері жарылсын қуаныштан,

Аялансын көңілі жақсы үмітпен.

 

2- жүргізуші:Жүрек біткен желпінсін жүйрік аттай,

Сезім біткен серпілсін дамыл таппай.

Дәл бүгін өлей айтпай, ән шырқамай,

Қандай жүрек қалғандай қанат қақпай.

 

Мұғалім: XX ғасырдағы ең бір қанды қасірет қайсы десек, ол – Екінші Дүниежүзлік соғыс еді. Себебі оған әлем халықтарының 80 пайызы қатысты, майдан баталиясына 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды. Олардың арасында көп ұлтты Кеңес Одағы деген алып ел де бар еді.

         1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адам аттандырды. Статистикаға сүйенсек жеңіске олардың жартысы ғана аман жеткенін айтады, қалғандары ұрыс даласында көз жұмды. Олар бізге     " Жеңіс" атты қасиетті де қастерлі сөзді сыйлап кетті.

         Жеңіс күні- 9-мамыр. Талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.

-         Адамзат тарихындағы ең ауыр қантөгіс соғыс аяқталған күн.

-         Фашизмді жеңген қаһарман халқымыздың мереке күні.

-         Осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні.

-         Үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен            ағаларымызды сарыла сарыла күткен сағыныш күні.

-         Бұл күн- сол бір қанды қырғынан қайтпай қалған қыршын                        боздақтардың асқақ рухтардың аспандайтын күні.

-         Бұл күн- әділеттің әділетсіздікті жеңген күні.

-         Бұл күн- бүгінгі ұрпақтардың сіздер сыйлаған бейбіт даму жолын одан әрі жалғастырып жатқан күн.

 

     1-жүргізуші: Ұлан-байтақ жерімді,

          Ұлан-байтақ елімді

          Қорғап тұрған сенімді – ұланымыз қаһарман.

          Алғыс алған Отаннан.

 Көрініс:"Соғыс қасіреті"

Қатысқандар: әжесі, қазақ қызы- немересі, солдат-қыздың әкесі, келін қыздың шешесі.

         Жаздың жайма-шуақ күні. Жүрегі қуанышқа толы немересі алыстан әжетайлап мектеп бітіргеніне қуанышты жүгіреді.

 

Немересі: Әже, әже! Бүгін менен бақытты жан жоқ. Жаңа өмірдің баспалдағын дәрігер боп бастағым келді.

        

Әжесі: Талабыңа нұр жаусын, арманыңа жет, балам!

 

Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше біздің ұлан байтақ жерімізге неміс фащистері тұтқиылдан басып кірді. Герман елшісі соғыс басталғанын таңғы 7-де ресми түрде мәлімдеді.

 

Немересі: Әже, соғыс, соғыс басталды!

 

Дауыс: Қырқыншы жылдардағы қазақ ауылы. Ер-азаматтарды соғысқа аттандырып тұрған ауыл адамдарының жанарында қайғы-мұң.

 

 Радио: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Отанымызды жау қапыда басты. Ел үшін, жер үшін барлық ер-азаматтар Отан қорғауға аттаныңыздар!

Немересі: Аттан!-деді,

Ол қазір аттанады.

Жауынгердің рөлін атқарады.

Неге бізге үмітсіз тесілесің?

Аттан, әке,

Жолыңнан кешігесің.

Кеудесінде жаны бар пақырлардың

Тауып жейді сенсізде несібесін.

 

Әкесі: Оралсын аман жеріне,

Көріссін туған еліне.

Келін-ау, көздей қалтаға

Топырақ салып беріп жібер.

 

Келін: Әй-әй бопем, әй бөпем.

"Оралсын аман жеріне,

Топырақ сап бер" деді де,

Дұғасын оқып күбірлеп,

Әжеңде қалды жөніне.

 

Баласы: Қалай сені жұбатам, аңыра ана.

Рас болса мына келген "қара қағаз",

Саған жар, әке бізге табылама?

Жалынған ғазиз анам, сұрап қалған.

Жоғалды сол бетімен бірақ арман.

Сенбеймін « әкең өлді»  дегенге мен,

Себебі ол үйімізден тірі аттанған.

(Жылап шешесін құшақтайды).

 

Радио: Тыңдаңыздар,  тыңдаңыздар! Біздің халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы қаһармандық  ерлігі жеңіспен аяқталды. Бұл жеңіс 20 миллион жерлестеріміздің қанымен, тірілердің табан ет, маңдай терімен келді. Соғыста ерлікпен қаза тапқан  қыршын жастарымыздың қаһармандық рухы ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі өнеге!

Қуаныштан жылап та, қуанып та тұрған немересі.

 

Бала: Апа, соғыс бітті. Біз жеңдік, апа!

Апасын құшақтап жылап тұрады.

 

 

 

         Сарбаздар жыры

Жас ұланбыз жаны жарқын,

Қайрат-күш құрыш мығым.

Тамылжыған жаны алтын,

Қорғаймыз ел тыныштығын.

                                    

Сарбаздармыз саптағы біз,

Қатарымыз сөгілмесін.

Туған елдің мақтамымыз,

Адымдаймыз сенімменен.

 

Жол бермейміз ұрысқа түк,

Елге аян айбынымыз.

Дұрыс шығар, дұрыс батып,

Бір тұрғандай ай-күніміз.

 

Желбіреген жалауымыз,

Ұлы Отанның ұланымыз.

Бейбітшілік қалауымыз,

Асқақтаған жыр-әніміз.

 

3-Оқушы: 11 мың адамға, оның ішінде 500 қазақстандықтарға Кеңес Одағының батыры атағы берілді.  Кеңес Одағының батырлары жерлес ағаларымыз Жүнісбай Қайыпов, Төлен Қабылов, Рахымжан Тоқатаев, Қашаған Жаманқараев, Петр Вихрев, Төле Кенжебаевтармен мақтанамыз.

         Жас ұрпақ!

         Асыр сап, шырқайды ерлікті ән қылып,

         Небір заңғар туралы құлазып шөксе де,

         Ерлердің бейнесі жасайды мәңгілік.

 

Әрқашан еліміз тыныш, аспанымыз ашық болсын. Бүгінгі ашық тәрбие сабағымызды "Женіс күні" әнімен қорытындылаймыз!.

 

 

 

        

 

   

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағат "Жеңіс күні""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 833 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 682
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Илясова Алма Имамединовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Илясова Алма Имамединовна
    Илясова Алма Имамединовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68079
    • Всего материалов: 47

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 82 человека из 33 регионов

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 718 человек из 71 региона

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов

Мини-курс

История и основы галерейного бизнеса

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Эффективное управление электронным архивом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе