Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыАшық тәрбие сағаты "Елбасы - ел тірегі"

Ашық тәрбие сағаты "Елбасы - ел тірегі"

Скачать материал

Тақырыбы: Елбасы – ел тірегі

Мақсаты: Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Президент суреттері, кітаптары

Барысы.

Кіріспе.

Ән: «Көк тудың желбірегені» орындалады.

Негізгі бөлім.

Мұғалім: Нұр үстіне нұр жаусын.

Ғасырлар бойы жасасын.

Маңғыстау, Маңғыстау!

Таулары биік шынға.

Арманы асуларға,

Самғасын,самғасын.

Балалар мына суретке назар аударыңыздар. Бұл - біздің елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Н. Ә. Назарбаев 1940 жылы 6 - шілдеде Алматы облысындағы Шамалған селосында Үшқоңыр ауылында дүниеге келген. Қарапайым ауылда, қарапайым отбасында өскен. Талабына табанды, оқуына алғыр болған. Өзінің өмірін жұмысшы болудан бастап, Қазақстан Республикасының Елбасына дейін көтерілген. Н. Ә. Назарбаев осындай тамаша жетістіктер деңгейіне бірден қолы жеткен жоқ. Кішкентай кезінен бастап, түрлі қиындықтарды бастан кешірген. Соның бірі бала кезінде бірнеше шақырым жердегі мектепке қыстың қарлы бораны мен күздің қара суығына қарамастан, таңның атуын күтпестен мектепке қатынаған сәтін айтсақ та болады. Ырысты еңбектен, игілікті білімнен іздеген,халқымыздың сеніміне бөленген Нұрсұлтан ата – бүгінде әлемге әйгілі қайраткер,тарихтың ұлы тұлғасы. 1991 жылы Қазақстан Республикасының  Президенті болып Нұрсұлтан  Назарбаев  Әбішұлы сайланды. Елбасымыз келген соң Тәуелсіздігімізді алдық. Тәуелсіздігімізді алғанымызға биыл 24 жыл толады 16 желтоқсанда. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздерімізді шығардық. Балалар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер.

1 - оқушы:

Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

2 - оқушы:

Отан – жерім, Отан – суым,

Отан қуат нәр береді,

Отан – ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

3 - оқушы:

Отан – сенің ата-анаң,

Отан – досың, бауырың.

Отан – өлкең астанаң,

Отан – аудан, ауылың.

4 - оқушы:

Отанды әркім анасындай.

Қастерлейді, бағалап

Өйткені, Отан баласындай,

Бізді өсірер аялап.

Мұғалім: Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отанды

Жас, кәріміз де

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз - демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін оның мемлекеттік Рәміздері бекітілді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны.

                                  Қазақстан Республикасының Елтаңбасы                                                                                        Қазақстан Мемлекеттік Елтаңбасында көгілдір түс аясындағы шаңырақ бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап, уықтар шаншылған. Оны аңыз әңгімелердегі пырақтардың қанаты көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында жұлдыз орналасқан, ал төменгі жағында «Қазақстан»

деген жазу бар. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының реңдік бейнесі екі түсті – алтын және көгілдір түс. Авторы: Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов
                                        Қазақстан Республикасының Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – тік бұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұгылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар. Тудың ені - 1метр, ұзындығы – 2 метр. Авторы: Шәкен Ниязбеков

                                        Қазақстан Республикасының Әнұраны.

 Авторы: Сөзін жазған: Нұрсұлтан Назарбаев, Жүмекен Нәжмеденов,

                 Әнін жазған: Шәмші Қалдаяқов

1-оқушы

Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада - аспан әлемі.

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған.

Билігім өз қолымда,

Еркіндігім - Елтаңбам.

2-оқушы

Көк аспандай көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен-тек –

Елдің ашық қабағы.

Ақ ниеті – алтын күн,

Асқақ арман – қыраны.

Жалауы бұл халқымның

Мәртебесі,мақтаны.

3-оқушы

Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте.

Мұғалім:

-          Біз тәуелсіздік алғанымызға биыл неше жыл болады?

-          Елбасымыз кім?

-          Мемлекеттік тіліміз қай тіл?

-          Біз қай мемлекетте тұрамыз?

-          Біздің мемлекетімізде қандай ұлт өкілдері өмір сүреді?

Мұғалім:
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,

Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.

«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,

Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын,

Елім айтқан ел көтерер жер даңқын.

Президентім, елбасы, аман болғай,

Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Ән: Ағатайым

Елбасымыз егемен елдің өз валютасын шығарды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы- Қазақстан теңгесі. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік валютасы 1993 жылы 15  қарашада айналысқа еңгізілді.

Отанымның төрінде

Сарыарқаның өзінде

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам, бас қалам.

Елордамыз – Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы. 1998 жылы 10 - маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Астана - ҚР - ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы - Н. Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР - ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. Астана қаласындағы ең биік монумент – Бәйтерек монументі. Бәйтерек монументі 2002 жылы ашылды.

1-оқушы

Қадамың бар баспаған

Асуың бар аспаған

Халқым жетсін мұратқа

Ей, бас қала Астанам!

Кенесары бас бабаң

Озық туған басқадан.

Арыстарды ардақта

Ей, бас қала Астанам!

Би: «Қаражорға»

Қорытынды.

Уа, халқым, сөз қадірін білесің.

Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшысы болмаса, ел жетім.

Көсіле шабар жерім бар,

Тау көтерген елім бар.

Қол бастайтын ерім бар,

Атадан қалған сара жолым бар.

Мұғалім: Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.

Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.

Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.

Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тәжен мектеп – балабақша кешені»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Елбасы – ел тірегі!»

 

 

 

 

 

 

 

 

              Мектепалды даярлық тобы мұғалімі: С.Кадамова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2015 – 2016 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сағаты "Елбасы - ел тірегі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 553
    • DOCX 24.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кадамова Сандугаш Аскаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кадамова Сандугаш Аскаровна
    Кадамова Сандугаш Аскаровна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13967
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Игропедагогика для современных родителей

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс профессиональной переподготовки

Дошкольное воспитание в условиях реализации ФГОС

Помощник воспитателя

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Курс повышения квалификации

Ведение деятельности первичного отделения Российского движения детей и молодежи (РДДМ) в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 97 человек

Мини-курс

Развитие физических качеств в художественной гимнастике: теория и практика

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективное создание и продвижение школьной газеты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство и техника: совершенствование в художественной гимнастике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе