Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыАшық тәрбие сабақ "«Еліміздің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік»" (6 сынып)

Ашық тәрбие сабақ "«Еліміздің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік»" (6 сынып)

Скачать материал

Тақырыбы: «Еліміздің  бақытын  тербеткен  -Тәуелсіздік»

Барысы:

 

 Сабақтың мақсаты:
1. Еліміздің  тарихын  оқушыларға  таныстыру. Желтоқсан   құрбандарымен таныстыру. Желтоқсан оқиғасы туралы шындыққа көз жеткізу. Тәуелсіздік алғалы   24   жыл ішінде Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері ғасырға  пара-пар осынау азғантай жылдың ішінде елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғаларды   дәріптеу, саралау мерзімді даталарын білдіру.
2. Елін, жерін қорғауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері. Елбасының портреті. Желтоқсан құрбандары мен ғарышкер ағаларымыздың суреттері слайд түрінде
слайд  :  Тәуелсіз ел

1.Мемлекеттік  гимн  орындалады.

1-жүргізуші:
Армысыздар,  құрметті  ұстаздар,  оқушылар  және  қадірменді қонақтар! Бүгінгі  Тәуелсіздігіміздің  24  жылдығына  арналған  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік»  атты  мерекелік  кешімізге  қош  келдіңіздер!
Тәуелсіздік – ең  басты  құндылығымыз.  24  жыл  ішінде  тәуелсіз  Қазақ  елін  қалыптастырып,  нарықтың  қиын  өткелектерінен  аман  өткізіп  келеміз.  Осы  кезеңде Қазақстанды  дүние  дидарындағы  ең  мықты мемлекеттер танитындай,  сыйлайтындай  деңгейге  жеткізген  тұңғыш Нұрсұлтан  Назарбаевтай  көреген  саясаткердің   ерен  еңбегін   дәл  бүгін және  әрқшанда  айтып  өтеміз.
Тәуелсіздік  күні  еліміздің  барлық   азаматтары  үшін  орны  ерекше  мереке деп  білеміз,  себебі,  осынау  жүрекжарды  қуанышқа  толы  күнді  ата-бабаларымыз  ғасырлар  бойы  армандап,   күтумен   өтті.
2-жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!


 қазақ  биі:  9  сынып  оқушысы Нұрғали  Айдана

1-оқушы:  Жас арудың жанарында Желтоқсан,

                  Қанды ғасыр табанында Желтоқсан

                  Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

                  Қара тұман қабағында Желтоқсан.

                  Жауыздықты жасқаған да Желтоқсан,

                  Жаңа ғұмыр бастаған да Желтоқсан.

                  Жазықсыздың көз жасына жуынып,

                  Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

                  Намысымның шырағы да Желтоқсан,

                  Сұрқай өмір сынағы да Желтоқсан.

                 Жігіттіктің ұраны да Желтоқсан,

                 Жаңа күннің шуағы да Желтоқсан.

 

2-оқушы:  Көліктерді аударған да өртеген,

                  Қылмыс емес,

                  Айықпаған өлкеден

                  Жанып бітпес дерт-емен

                  Қызыл қоғам...

                  Қызыл көлік торабы

                  Сырттағы өртті сөндіруге жарады

                  Ішімізде лаулап жатқан  наланы

              Сөндіре алмай қызырықтап барады....

               Қисынбаған фәни, бақи –бұл бір сын,

               Оған ие уақыт та бүлдіршін.

               Көз жасына сөне қалған мұнсын....

               Шоғы қалса кім білсін....?

3 – оқушы Дариға

 

1-жүргізуші: Желтоқсан, оқиғасы  мәңгілік.  Біз  Желтоқсан  оқиғасын есімізден  ешқашан  шығармаймыз.  Жылдар  өткен  сайын  Желтоқсан оқиғасы  айқындала  түсуде . Құрбан  болған  ерлеріміздің бейнесі сол жас қалпында есімізде мәңгілік сақталады. Көтеріліске шыққан жастар-тәуелсіздік киесі. Болашағымызды   нұрландырған,   тәуелсіздік  әперген азматтарымызды   біз   ұмытуға   тиіс   емеспіз.

 

2-жүргізуші:
1986 жылы 16 желтоқсан ызғарлы қыста қазақ елінің азаттық көктемі үшін солақай саясатқа алғаш рет бас көтеріп құрбан болған ұл-қыздарымыз жайлы сыр шертпекпіз.
Ол оқиғаны ешбір қазақ азаматы ұмытуға тиіс емес.

Бейтаныс бізге Колбин би,
Бізге патша болады.
Қайтпас, қайсар қазағым,
Оған қарсы шығады.

4. Ән. Қарабауыр қасқалдақ.  7- сынып 


5. Қайрат: Тұрсынхан,   Бауыржан
Естідіңдер ме? – бұл не масқара!
Неге халықпен санаспайды. Қашанғы   шыдаймыз. Ең    болмаса өз ішімізден неге сайламаған. Ел қамын біз ойламағанда кім ойлайды. Жан-жақтан жатақханаларға, институтқа, қыздарға хабар барды ма екен?

Ортаға осындай сөздерді айтып сахнаға Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол рөлінде ойнаушылар шығады.

6. Ербол:
Дүр сілкінді қайранда қоңыр аймақ,
Бағы жана ма? Қалама соры қайнап.
Ұран жазып, қып-қызыл ту көтерген,
Біз де шықтық алаңға "Елімайлап"

7. Ләззат:
Сүймейтұғын болдық қой, күймей ғұмыр,
Көлеңкесіз күннен де тимейді нұр.
Колбин деген кім екен, қайдан келген,
Уа, сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

8. Сабира:
Бұл дегенің Қазақстанда беделдің қалмағаны,
Тілің құрып барады, білесің бе?

1-жүргізуші:
Міне,  өз  тәуелсіздігін  алу  үшін 1986  жылы 17  желтоқсанда  астанамыз Алматы  қаласында   мыңдаған  қазақ  жастары   наразылық   білдіріп,  шеруге шықты. Олар: "Тәуелсіздік керек!  Қазақ  елінің  өз  көсемі  сайлансын"  деген  тілек  білдірді.

 2-жүргізуші:
Сол  кездегі  үкімет  басшыларының  бұйрығымен  күш  көрсетілді.  Көптеген жастар  түрмеге  қамалды.  Өз  елінің  тәуелсіздігін  талап  етіп,  шеруге шыққан   жастарға " бұзақылар,  ұлтшылдар,  нашақорлар"  деген  кінә тағылды.

9  оқушы
Нашақор деп, ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.

10 - оқушы
Әділдік пен шындықты,
Өтірік жала еткен күн.
Надан жасаған шындықтан,
Адамдар азап шеккен күн.

11 - оқушы
- Иә, тарихта "Құйын-86" деген атпен мәңгі қалды. Бұл жойқын шабуыл қазақ қыздары мен жігіттерімізді арамыздан ала кете барды.

 1-жүргізуші:
Желтоқсан  оқиғасының  қаһарман   батыры   Қайрат   Рысқұлбековтің түрмедегі  кезінен  көрініс. /түрмеде/

14. Тергеуші: Жарылқасын Азамат
- Сен  өзіңнің  Савицкийді  өлтіргеніңді  мойындайсың  ба?  Жоқ  па?
Қайрат:
- Жоқ,   мен   Савицкийді   көргенім   жоқ.

Тергеуші: Жарылқасын   Азамат
- Ақымақ,   әкетіңдер,   атыңдар.   Көзін   құртыңдар.

Қайрат:
Бұл  әділдік  емес
Бас-аяғы  сол  болсын,
Басыңа  түскен  қатердің.
Ақтық  сөзді  енді  мен,
Сотқа  да  бір  айтайын.
Күнәдан  таза  басым  бар,
Жиырма бір  де  жасым  бар.
Қасқалдақтай  қаным  бар,
Бозторғайдай  жаным  бар.
Алам  десең,  алыңдар!
"Қайрат" деген  атым  бар,
"Қазақ" деген  затым  бар,
Еркек  тоқты  құрбандық,
Атам  десең, атыңдар.
/Қайратты сүйретіп әкетеді/

1-жүргізуші:
Қарсы шыққан патшаға,
Қайрат, Ләззат, Сәбира
Міне, осындай жастарды,
Жер құштырып тастады.

 

Слайд  : Желтоқсан  желі

 

М.Шахановтын  тақпағы  «Лаула, лаула желтоқсаннын мұзға жаққан алауы!»

 

 

1-жүргізуші:

Желтоқсан  оқиғасы  қанша  ызғарлы естілсе де, жанымызға  нұр  септі. Желтоқсан   жұлдыздарының   арманы   орындалып,   199  1 жылы   желтоқсан   айында «Қазақстан –тәуелсіз   республика»  деп   жарияланды.
Сол   күндер  ғой   жүректің   аңсағаны,
Соған шөлдеп,   шөліркеп   тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін   қуаныш па
Өз-өзінен   жүрегім ән  салады.

«Туған еліме» әні.  

2-жүргізуші:

Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүниежүзіне танылды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Слайд : Тәуелсіздік  туралы  видио

 

Ән:

 Президент  туралы  слайд жүріп  жатады  президент  туралы  тақпақ  оқылады.

 

Би 7 сынып

Слайд:  Тәуелсіздіктің  жетістіктері  туралы

Тәуелсіздік  туралы  тақпақ  оқылады

Қорытындылау:

1 -  жүргізуші

Ел  Президентінің Қазақстан халқына жолдауында:

Біз барлық қиындықтарды еңсеретінімізге

және Қазақстанда күшті ,өркенді

және әлемде құрмет-телетін

мемлекетке  айналдыратынымызға

сенемін.

Ән : Көктудың  желбірегені.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық тәрбие сабақ "«Еліміздің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік»" (6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор дома творчества

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 658 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.03.2016 1613
    • DOCX 23.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кененбаева Айнур Жуманкуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кененбаева Айнур Жуманкуловна
    Кененбаева Айнур Жуманкуловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 62681
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 815 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 854 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Мини-курс

Event-менеджмент и видеопродакшн: от концепции до успешной реализации

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов