Инфоурок Всеобщая история ПрезентацииҚазақ елінің тарихи тұлғалары

Қазақ елінің тарихи тұлғалары

Скачать материал
Скачать материал "Қазақ елінің тарихи тұлғалары"

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Контент-менеджер

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Қызылорда облысының тарихи тұлғаларының Қазақ елінің дамуына қосқан үлесі”
Ж...

    1 слайд

    “Қызылорда облысының тарихи тұлғаларының Қазақ елінің дамуына қосқан үлесі”
    Жоба қорғаушысы: Ермағамбетов Мәди
    №260 орта мектебінің
    9 “А” сынып оқушысы
    Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі
    Адильбекова Гульнура Курмамбековна
    30 наурыз 2017 жыл

    Қазақ елінің тарихи тұлғалары

  • А ң д а т п а
І.Тақырыпты зерттеудің мақсаты: Бұл  тақырып еліміздің ұмыт қал...

    2 слайд

    А ң д а т п а
    І.Тақырыпты зерттеудің мақсаты: Бұл тақырып еліміздің ұмыт қалған есімдерін еске түсіріп, жаңғыртып, тарихымызды қайта бастан кешіруге деген сезімді арттырады, қызығушылығық оятады. Қызылорда облысының тарихи тұлғаларын іздеп, зерттей отырып, өзімнің, өз қатарластарымның бойна ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру. Жұртшылыққа ой тастау. Батыр бабаларымыз және олардың ерліктерімен мақтанатындай сезім ұялату.
    ІІ.Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгідей дербестікте өмір сүріп отырған кезде Қазақ елінің тарихы өте өзекті. Қазақ хандығы тарихының алатын орны алабөтен. Бұл оқиға тарихи маңызын жоғалтпақ емес. Өз жобамда тарихи еректерді, тарихшылардың пікірлерін мысалға ала отырып, Қызылорда облысындағы тарихқа, Қазақ елінің дамуына үлес қосқан тұлғалардың зор еңбегін көрсетуге тырыстым.
    ІІІ.Даярлық кезеңі:
    а) Қызылорда облысының тарихи есімдері туралы жалпы мәліметтерді жинау;
    ә) күнделік жазу
    б) Тақырып туралы халықпен сұхбаттасу
    ІV.Тақырыпты зерттеу кезеңі:
    Зерттеу жұмысым негізінен 3 бөлімнен тұрады.
    Кіріспе бөлімі, алты тараудан тұратын негізгі бөлім және қорытынды бөлімдерден тұрады.
    VІ.Ұсыныс
     

  • «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету...

    3 слайд

    «Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету
    үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» деп елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай менің бұл тақырыпты зерттеуге қызығушылығымның артуының ең басты себебі ол кеудемдегі патриоттық сезімім деп білемін. 2015 жыл Қазақстан үшін аса маңызды мерейтойларының бірі деп-Қазақ хандығының 550 жылдығының тойлануын өзім және исі қазақ жұртымыздың мақтанышы екеніне кәміл сенемін.
    “Қазақ елінің тарихи тұлғалары” тақырыбын зерттеу біраз уақыт алмасада ол менің көптеген сансыз құнды мәліметтер жинақтауыма себін тигізді. Мәлімет жинақтау барысында өзімнің туған өлкем Қызылорда облысының атақты тарихи тұлғаларын туралы нег жазбасқа деген ой туындады. Оларда Қазақ еліеің тарихына зор үлес қосқан тұлғалар еді. Осылай тақырыбымды “Қызылорда облысының тарихи тұлғалары” деп алдым.
    Осы тақырыпты зерттеудің арқасында өз болжамдарымда пайда бола бастады. Ең басты зерттеудегі жаңылығым деп-тарихымызда түбегейлі өзгерістер болуының дәлелдері, тың жаңа зерттеулердің ашылуы. Мысалға, халық арасында аттары ұмыт қалған немесе көп естіле бермейтін тұлғалардың зерттелуі, жаңа есімдердің ашылуы. “Қызылорда облысының тарихи тұлғалары” тақырыбындағы ғылыми жобамдда жеті тарау берілген. Әрбір тарауда тарихи тұлғалардың өмір баяны мен Қазақ елінің дамуына қосқан үлесі туралы жазылған.
    Кіріспе

  • Қызылорда облысының дана бабасы – Қорқыт (ІХғ)		Бағзы замандарда өмір сүрген...

    4 слайд

    Қызылорда облысының дана бабасы – Қорқыт (ІХғ)
    Бағзы замандарда өмір сүрген бабаларымыздың бірі. Қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы.Ұлы бабамыз шамамен ҮІІІ-ІХ ғасырларда Сыр бойында туып-өскен. “Қорқыт ата кітабы” әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік, оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға. Әкесінің аты-Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан. Әріден қозғасақ, Әбілғазының “Түрік шежіресі” мен Рашиддадиннің “Оғыз намесінде” Қорқыт туралы айтылады. Әбілғазы “Қорқыт бес ханға уәзір болды”, Рашиддадин оның “ұзақ өмір сүргенін” баяндайды. Қорқыт – қобыз арқылы музыка өнерінің негізін салған ұлы сазгер әрі жыршы. Сонымен бірге, ел басқарған данышпан, қасиетті әулие. Аңыздарға сүйенсек, ол өзгеше бір музыкалық аспап жасау үшін ойланып-толғанып жүреді. Бір күні қалғып кеткен оған періштелер аян береді. “Ағаш аспапқа түйенің көнін қаптап, жылқының қылынан шек жаса” дейді. Соны орындап, әлгі аспапты қолға алып тарта бастағанда керемет бір әуен шығады. Содан бері “Қорқыттың қобызы” деген сөз қалған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген. Қорқыттың дүниеге келуі де ғажайып
    сырға толы.Оны анасы босанарда аспанда күн тұтылып, дүниені қараңғы түнек қаптап, жауын-шашынды дауыл соғады. Күшті күн күркіреп, найзағай ойнайды. Жұрттың есіл-дерті қалмай қорқып, зәресі ұшады. Қорқыт жарық дүниеге келгенде, әлгіндей табиғат құдіреті бірден тоқстап, әлем шайдай ашылады, мамыражай бір тұп-тынық күй орнайды. “Апырмай, бұл бала дүниеге жұртты шошындырып, қорқыта келді ғой, соған орай есімін де Қорқыт қоялық” деседі жұрт... Ә.Қоңыратбаев “Қорқыт жырларын” ондағы шежірелік арқауға орай 3 кезеңге бөлген:
    1. Оғыз-қыпшақ ұлысының ұйымдасу кезеңін суреттейтін жырлар.
    2. Түркімендер мен пешене тайпалары арасындағы 34 жылға созылған алалықты суреттейтін жырлар
    3. Оғыз-қыпшақ ұлысының ыдырауын білдіретін жырлар
    Қорқыт туып-өскен қазіргі Қызылорда облысының Төретам станциясынан бес-алты шақырым жерде, Сырдарияның жағасында мазар бар болатын. Мазарды зерттеуші Ә.Диваев 1929 жылы суретке түсірген. Ол жерде Қорқыт атаға арналып, архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ескерткіш зәулім қобыздың формасында жасалды. Авторлары – архитектор Б.А.Ыбыраев, физик – С.И.Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған. 4-тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8м. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады. Ол сарын Қорқыт қобызының үнін еске салғандай. Бұл жер шетелдерден келген туристердің барар жеріне айналды.

  • Қызылорда облысының жырауы – Асанқайғы (ХІҮ-ХҮғғ.)				Асан қайғы Сәбитұлы XIV...

    5 слайд

    Қызылорда облысының жырауы – Асанқайғы (ХІҮ-ХҮғғ.)
    Асан қайғы Сәбитұлы XIV ғасырда ғұмыр кешкен, Алтын Орда, қазақтың данышпан ақылгөй жырауы, өз дәуірінің абызы, бас биі, Шоқан Уәлихановтың айтуы бойынша, қазақ халқының қамын, болашағын ойлаған "дала философы", осындай ойшыл, ел қамын жеп, қайғы-қасірет кешкен Асан атына кейін "қайғы" сөзі қосылып аңыздалып кеткен. Шежіре-аңыздардың айтуынша Асанның әкесі Сәбит ұзақ жасаған, он сегіз мың ғаламның, құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел әулие, атақты саятшы болса керек. Ел дауын, жер дауын, әдет-ғұрып мәселесін шешерде оның ақылдылығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді. Әз Жәнібек (туған жылы 1342) Бүкіл Алаш
    жұртын билеген, Алтын Орда ханы Асан жырау сол Әз Жәнібекпен бірге талай-талай мәселелерді баскаруға,
    шешуге араласады. Әз Жәнібек өлген соң Асан би Дешті Қыпшаққа қайта оралады. Алайда ордадан бөлінген
    рулар Шу, Сарысу бойына орналасқан соң, ел іргесі берік, ағайын арасы тату болуы жолында күреседі.
    Асанқайғы ең алдымен хандық үкіметті күшейту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажет деп санайды. "Әз
    Жәнібек ханды уақытша табысқа мастанып кеттің, қазақ халқының, Алтын Орда болашағын жете
    ойламайсың деп сөгеді". Асан қайғы атамыз туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба
    алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан
    іздейді. Соның бір мысалы әрбір көрген жеріне теңеу береді.
    Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті. Сыр
    бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам,
    қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті. Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну
    қамысың еліңді жұтқа бермес" депті. Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды
    жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті. Ақмешіт тұсындағы
    (Қызылорда) жерді көргенде: "Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ
    бол" - деп ескертіпті.
    Асанқайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының
    Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16
    шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш “Асан ата күмбезі” деп аталады,
    Қызылорда облысында орналасқан, бұл ескерткіш 1982 жылдан бері мемлекет қорғауында

  • Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері. Ақмешіт (қазіргі Қызы...

    6 слайд

    Қазақ ойшылы, оқымысты, мемлекет және қоғам қайраткері. Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласында дүниеге келген. Ол белгілі датқаның немересі, Ер Шоқай бектің ұлы. Нағашылары Хиуадағы қазақ хандары тұқымынан. Мұстафа бастауыш білімді ауылда ата-анасынан алады. Осыдан соң Ташкенттегі орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бітіріп шығады. 1912 жылы түрік-балкан соғысы бұрқ ете қалғанда, ол Түркияны қолдау қоғамына белсене араласты. Мұстафа Шоқай Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірден-бір өкілі болды. Думаның 1916 жылғы көтеріліске қатысушыларды жазалаушы казактардың айуандық әрекеттерін тексеру үшін комиссия құру туралы шешім қабылдауы барысында М.Шоқай шешуші рөл атқарды. Мұстафа, сондай-ақ Құрылтай жиналысындағы “Түркістан халықтарының құқығын қорғау” жөніндегі өкілдер комиссиясын басқарды.
    1917 жылдың 22 қарашасында Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкілтүркістандық конгресі өтіп, онда Қоқан автономиясының құрылғандығы жария етілді. Оның президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсанында М.Шоқай “Алашорда” үкіметінің құрамына кіреді.
    1918 жылдың қаңтарында қарулы жұмысшы отрядтары мен қызылгвардияшылар Қоқанды шабуылмен басып алған соң, М.Шоқай Грузияға кетті. Онда ол Кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсене ат салысады. 1920 жылы Қызыл Армия Грузияға кіргенде, М.Шоқай Түркияға қоныс аударды, одан әрі Берлин асып, кейін Францияда тұрақтады. Эмиграцияда жүріп кеңестік езгідегі Түркістан халықтарының өмірін көрсетуге арналған журналдар мен газеттер шығаруды ұйымдастырып, олардың жұмысына белсене араласады. Стамбул мен Парижде, Берлин мен Лондонда, варшавада ол Орта Азия туралы мақалаларын теориялық зерттеулерін, тарихи және саяси шолуларын жариялады. Ол ұйымдастырған “Жаңа Түркістан” және “Жас Түркістан” журналдары тиісінше Стамбул мен Берлинде басылып тұрды. Ұлы Отан соғысы басталысымен М.Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жіберілді. Осында екі апта ұсталған ол кейінен босатылды. М.Шоқай үйінде ұзақ бола ала алмайды. Оны әуелі Германияға, кейінен Польшаға және Украинаға әкеліп, тұтқанға түскен Түркістандықтармен жүздестіріледі. Лагерьлердің бірінде қазақтың ардагер ұлы 1941 жылдың 27 желтоқсанында дүниеден өтті.
    Гуманист-ойшыл, демократ, энциклопедиялық білім иесі М.Шоқай ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халқы тарихы мен мәдениетінің жоқтаушысы болды, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін өте жетік меңгерді. Бүкіл ғұмырын ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройын қорғауға, шындық үшін күреске арнады. Оның жан-жүрегі өле-өлгенше туған халқымен бірге болды.
    Қызылорда облысының қоғам қайраткері – Мұстафа Шоқай
    (1890-1941жж.)

  • Шахмардан Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы,...

    7 слайд

    Шахмардан Есенов 1927 жылы тамыздың 5-інде Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Торғай ауылында дүниеге келді. Ш.Есенов – қазақ совет геологы, пайдалы қазбалар саласының маманы, қоғам және мемлекет қайраткері, геология-минерология ғылымының докторы, профессор, Қаз.ССР ҒА-ның академигі (1967). Қазақтың кен-металлургия институтының геоглогия барлау фаукльтетін бітірген (1949ж), Жезқазған геология барлау экспедициясының геологы, аға геологы (1949-1952), бас геологы (1952-1956), бас инженері (1956-1960), Қаз.КСР геология министрінің орынбасары (1960), Қаз.КСР геология министрі (1961-1965), Қаз.ССР министрлер Советі Председателінің орынбасары (1965-1967). 1967-74 жылдары Қаз.КСР ҒА-ның президенті және Қаз.ССР ҒА-ның Қ.И.Сәтбаев атындағы Еңбек Қызыл Ту орденді геология ғылымдар институтының директоры.
    Ш.Есенов-академик Қ.И.Сәтбаевтің шәкірті. Ол 1952-60 жылдары Үлкен Жезқазған кен руда өнеркәсіьінің шикізат бөлімін ашу және бағалау жөніндегі барлау жұмысына басшылық етті.
    Ш.Есенов-СССР-дің Лениндік және Мемлкеттік сыйлықтар жөніндегі мемлекет комитетінің мүшесі. (1967 жылдан). БҰҰ-ның Қиыр Шығыс Елдері Комиссиясының 1962 жылы Таиландта өткен сессиясында Совет делегациясын басқарды. Халықаралық Геологиялық Конгресс (Үндістан, 196..Пагуош конференциясына(Швеция 1968), Үндістан ғылымдарының конгресіне (1971) қатысты. Ол 8 – сайланған КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің халық ағарту ғылым және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясы председателінің орынбасары: 5,6,7,8 сайланған Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесінің Председателі; КПСС 24-съезінің, Қазақстан КП 11, 12, 13-съездерінің делегаты, КПСС ОК-нің мүшесі,2 рет Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
    Қазақстан ғылымын көтеруге көп еңбек сіңірді. Бұл жөнінде оның есімі сол кезде Қаныш Сәтбаевтан кейін қойылатын. Оның таланты жан-жақты еді. Академияда президент болып тұрғанда ұлттық мәдениетімізді тереңінен зерттеуге, әдебиетімізде ұмыт болған, тыйым салынған эпостар мен дастандарды қайта өмірге әкелуге, іздеп табуға бұйрық берді. Қазақ топырағының ұлы даналарының бірі Әбу-Насыр -әл-Фарабидің халқына қайта орлауына көп еңбек сіңірді.
    1970 жылы Әл-Фарабидің туғанына 1100 толуына байланысты Халықаралық симпозиум Алматыда ашылды. Оған әлемнің көптеген елдерінен қонақтар шақырылды. Есенов осында өзі баяндама жасады. Осы симпозиумда ұлы бабамыз Аристотельден кейін “Екінші ұстаз” атанды.
    Ш.Есенов – шыншыл, әділетшіл жан болатын.
    Қызылорда облысының қазақ совет геологы – Шахмардан Есенов
    (1927ж.)

  • Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев (27.12.1910, Телікөл мекені, қазіргі Қызылорд...

    8 слайд

    Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев (27.12.1910, Телікөл мекені, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы) – қазақ әдебиеті сыншысы, жазушы, ғалым. Филология ғылымының докторы (1963), профессор (1965), ҚазССР-і ҒА-ның корреспондент мүшесі (1967), академигі (1975). ҚазССР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1974). Қазақтың Абай таындағы педагогикалық институтын бітіріп, Ленинградтағы тарих, философия, әдебиет институтының аспирантурасында оқыды. 1936-37 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты секретары, 1937-38 жылдары председателі болып істеді. М.Қаратаев бұл жылдары педагогтық жұмысты қоса жүргізіп, Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтында әдебиет кафедрасының меңгерушісі болды. Ол 1955-60 жылдары “Жазушы” баспасының директоры және ҚазПИ-дің доценті болып қызмет атқарды. 1960 жылдан Қазақ ССР ҒА-ның М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтында қазақ әдебиет бөлімінің меңгерушісі, Қазақ Мемлекеттік университетінің профессоры әрі Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакторы.
    М.Қаратаев әдебиетке 1934 жылдан бері келді. Жас сыншы жаңа дамып келе жатқан қазақ әдебиетіне қызу араласты, сын мақалалар жазды. Орта мектепке арналған оқулықтар құрастырды, Әдебиет тақырыбына баяндамалар жасап, лекциялар оқыды, сөйтіп қазақ әдебиетінің қалыптасуы үшін күресті. М.Қаратаевтың бұл тұстағы ірі еңбегі – С.Сейфулиннің “Қызыл ат” поэмасы туралы мақала. Кезінде бұл поэма әдеби жұртшылық арасында үлкен дау туғызған, оның көркемдік-идеялық құны туралы баспасөз бетінде қызу айтыстар болған. Сыншы осыларды қорытып, шығармаға дұрыс талдау жасады. Ғ.Мүсіреповтің “Шұғыла” повесі туралы да оның сол кездегі мақаласы жұртшылық назарын аударды. М.Қаратаев творчествосының жаңа қарқынмен дамыған кезі – КПСС 20-съезінің кейінгі уақыты.
    Қызылорда облысының оқымыстысы – Мұхамеджан Қаратаев
    (1910-1995ж.ж.)

  • Қорытынды ой		Дүниежүзінің көптеген ғалымдарының Еуразия тұрғындарының әлемді...

    9 слайд

    Қорытынды ой
    Дүниежүзінің көптеген ғалымдарының Еуразия тұрғындарының әлемдік өркениетке сүбелі үлес қосқандығын жазып жүргені бүгін ғана емес. Неміс ғалымы Г.Шварц: «Сонау көне заманнан қазіргі уақытқа дейін Орталық Азия мен оның тұрғындары бүкіл адамзат баласына зор ықпал жасап келеді. Орталық Азиясыз көршілес жатқан елдердің тарихы қаншалықты түсініксіз болса, шығыстағы Қытай, батыстағы Жерорта теңізі маңайындағы мемлекеттер мен оңтүстігіндегі Үндістансыз орта­азиялық елдердің тарихы соншалықты бұлдыр көрінер еді», - дейді /Гельмгольт Г/. Ғалымның бұл сөздері көшпелілердің томаға-тұйық, Даниель Дефоның ХVII ғасырдағы беймәлім аралында өмір сүрмегендігін, олардың орасан зор аймақта отырықшы мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста болғандығын көрсетеді. Мұндай пікірдегі Г.Шварц - жалғыз емес. Профессор И.С.Брагинский де: «Орта Азия - адамзат өркениетінің алғашқы ошағының бірі ретінде есептеледі», - деп жазады. Т. Барфилд (АҚШ) «далалық империялардың» (саяси орталығы Моңғол үстіртінде орналасқан мемлекеттерді айтады. - К.Е.) пайда болуы және өмір сүруі мен Қытай мемлекетінің саяси және экономикалық күш-қуатының артуы арасында каузальды байланыс болғандығын дәлелдеуге тырысады. Қытай бір орталыққа бағынған және қуатты мемлекетке айналған кезде көшпелілер де сондай деңгейге көте­рілді. Қытай саяси анархия мен эко­но­микалық депрессияға ұшы­рап құл­дыраған шақта, далалық мем­лекеттер де сондай күйге түсті дейді ол.
    Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай берсін .Сонау Керей мен Жәнібектен бастап, бүгінгі Елбасымыз Н.Назарбаевқа дейінгі Алаштың айтулы тұлғаларының аңсағаны еді.
    Жасасын менің елім!


  • Пайдаланылған әдебиеттер.
 
1)Тарихи тұлғалар энциклопедиясы Алматы-2005
2)Қа...

    10 слайд

    Пайдаланылған әдебиеттер.
     
    1)Тарихи тұлғалар энциклопедиясы Алматы-2005
    2)Қазақстан энциклопедиясы
    3)Х.Әбжанов, Б.Аяған, А.Исин
    «Қазақ хандығының тарихы: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы». Алматы-2011
    4)Тұрсын Сұлтанов «Қазақ хандығының тарихы»
    Т. Жұмаханов, Б.Жұматаев «Қазақ хандығы» 5)Қазақстан балалар эциклопедиясы. Алматы: Аруана -2006

  • Ұсыныстар:
 
1)Қазақ елінің ұлы тұлғаларының өмірдастаны туралы  жас ұрпаққа...

    11 слайд

    Ұсыныстар:
     
    1)Қазақ елінің ұлы тұлғаларының өмірдастаны туралы жас ұрпаққа дәріптейтін көп сериялы фильмдер түсіру
    2)Қаламызда көптеген тарихи ескерткіштер бар. Солардың
    қатарына Қызылорда облысының ұлы тұлғалары да қосылса.
    3) Қаламыздың әлі де қалып қойған бұрынғы орыс атауларының орнына қазақ ұлы тұлғаларының есімдері берілсе.  

  • 12 слайд

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қазақ елінің тарихи тұлғалары

“Қызылорда облысының тарихи тұлғаларының Қазақ елінің дамуына қосқан үлесі”
Жоба қорғаушысы: Ермағамбетов Мәди
№260 орта мектебінің
9 “А” сынып оқушысы
Жетекшісі: тарих пәнінің мұғалімі
Адильбекова Гульнура Курмамбековна
Мақсаты: Қызылорда облысының тарихи тұлғаларының еңбектерін насихаттау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Конспект урока "Уникальность событий Холокоста и современность его уроков"
  • Учебник: «История. Всеобщая история (базовый и углублённый уровни)», Волобуев О.В., Пономарев М.В., Рогожкин В.А.
  • Тема: Глава 3. Вторая мировая война
  • 13.03.2018
  • 1282
  • 0
«История. Всеобщая история (базовый и углублённый уровни)», Волобуев О.В., Пономарев М.В., Рогожкин В.А.
Презентация по истории России 20 век по теме "Великая Отечественная война", 9 класс
  • Учебник: «История России. XX – начало XXI века», Данилов Д.Д., Лисейцев Д.В., Клоков В.А., Кузнецов А.В., Кузнецова С.С., Павлова Н.С., Рогожкин В.А.
  • Тема: Глава 4. Огонь великой войны (СССР в 1939-1945 гг.)
  • 13.03.2018
  • 509
  • 0
«История России. XX – начало XXI века», Данилов Д.Д., Лисейцев Д.В., Клоков В.А., Кузнецов А.В., Кузнецова С.С., Павлова Н.С., Рогожкин В.А.
Презентация по истории на тему "Уникальность событий Холокоста и современность его уроков"
  • Учебник: «История. Всеобщая история (базовый и углублённый уровни)», Волобуев О.В., Пономарев М.В., Рогожкин В.А.
  • Тема: Глава 3. Вторая мировая война
  • 13.03.2018
  • 682
  • 0
«История. Всеобщая история (базовый и углублённый уровни)», Волобуев О.В., Пономарев М.В., Рогожкин В.А.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2018 5788
    • PPTX 1.2 мбайт
    • 24 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Адильбекова Гульнура Курмамбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13459
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по истории в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 191 человек

Курс профессиональной переподготовки

История: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Методы сохранения баланса в жизни

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Судебные процессы и взыскание убытков: правовые аспекты и процедуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек