Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыҚазақ халкынын 550 жылдыгы

Қазақ халкынын 550 жылдыгы

Скачать материал

Қазақ хандығына 550 жыл!

1-жүргізуші:

  • Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, Ұлы Отан соғысының жеңісіне 70 жыл, ҚР-ның Конституциясына және Қазақ халқы ассамблеясына 20 жыл, ҚР-ның Тәуелсіздігіне 24 жыл толып отыр.

2-жүргізуші:

  • Бейбарыс, шын мәнінде биыл қазақ халқы үшін атаулы жыл екен ғой. Төлеген Айбергенов атамыз жырлап кеткендей,

Бір тойым болатыны сөзсіз менің,

Дәл қай күні екенін айта алмаймын.

Бірақ, бірақ... – дегендей, бүгін сол күнгі той десеңші.

1-жүргізуші:

  • Иә, Бикетай. Төлеген атамыз айтқандай

Біздің үйді сол күні бетке ал қауым,

Нысанаға ап қуаныш тоқталмауын.

Кім білсін талай күнгі арманым еді,

Мәңгілік тарқамауы да мүмкін оның –

деп, бүгінгі атаулы мерекеге де біздің аяулы мектебіміздің 10 - сынып оқушылары да өз үлестерін қоспақшы.

2-жүргізуші:

  • Ендеше, аяулы ұстаздар, құрметті шәкірттер қауымы бізбен бірге болып, Тәуелсіз Қазақ елінің тарихынына, өткеніне көз шолып, тарихымызды еске түсіріп көрейік.

1-жүргізуші:

  • Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті. Осыдан кейін қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібек елмен ақылдаса отырып, өз алдына дербес ел болу керектігін ұғынды. 1465 жылы Әбілқайыр хандығы Ақсүйектер кеңесінде



Көрініс: «Сұлтандар кеңесі»

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/

-Ассалаумағалейкум,ағалар.

-Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.

 

Ақсүйектер басшысы:-Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей –берекетсіздік басып алды.Хан-екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?

 Жәнібек:-Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.

 

Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

 

 Жәнібек:-Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді.Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?

 

Керей: Ия,көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.

Сұлтандар: -Біз дайынбыз бастаңыздар көшті.Біз сіздермен біргеміз.

 

Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.

 

Керей:

Жолыңды Алла қолдасын,

Жаманшылық болмасын.

Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,

Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.

Барған жерде құшақ жая қарсы алсын

Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.

Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын

Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,

Көңілің шат, ат-көлігің арымай,

Отбасыңмен аман-есен табысқын.

Әумин.



2-жүргізуші:

  • Иә, сөйтіп Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алып, Шудағы Қозыбасыға қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465 жылы Қазақ хандығы құрылды.

1-жүргізуші:

  • Күй ойнайды қазағымның қанында, 
    Күй ойнайды қазағымның жанында.

Бабамыздың мұңысың сен, домбыра, 
Анамыздың сырысың сен, домбыра. 

Домбыра бұл, үнсіз қалып көрмеген, 
Қуаныш та, қайғы-мұң да кернеген-дегендей қазақтың қара домбырасына кезек берелік.

Мырзағалиев Айбар «Көреғұл» күйі

2-жүргізуші:

  • Ендігі кезекте алдарыңызға 10-сынып оқушыларын шақырамыз. Қазақ елінің тарихын өлең жолдарымен баяндап берсін. Қол соғып, қошаметпен қарсы алайық.

Оқушылар тақпағы

1-жүргізуші:

  • Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас. Десек те 1986-ның қайғылы желтоқсаны бір күнгі немесе бір жылғы наразылықтың көрінісі болмаса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па? Осыдан 29-жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рұсқұлбеков, Е.Сапатаев, Л.Асанова және т.б. апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
    1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар ешбір жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

2-жүргізуші:

  • Бұл тарих шындықтарды електейді, 
    Десең дағы керексіз, керек мейлі. 
    "Желтоқсан" деген сөзді естігенде 
    Көз алдыңда сол күндер елестейді.

Көрініс: Қайраттың қамалуы
2-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасының басты қаһарманының бірі Қайрат Рысқұлбековке телеорталық инженері С.Савицкийдің өліміне кінәлі деген айып тағылды. Сөйтіп, Семейдегі № 21 камераға қамайды. (Күй ойнайды)


(Тергеуші, Қайрат, Милиционер)
Қ: Қайратты тергеуге әкеледі. 
Таспа тілгенде тәнімнен тозақ ұштырдың, 
Балағаттайсың маған, бір түйінін түсіндім. 
Жазықты емеспін, қайталай берем несіне 
Оқып көр міне өлеңге түнде түсірдім. 
Т: Түкірдім мен жырларыңа 
Ит, не деген өткір едің, 
Ине сұқтым тырнағыңа, 
Өлердей ғып, тепкіледім. 
Алдап-арбау тәсілімен, 
Мойындата алмадым

Қ:Мойындата алмайсың.
Т: Байқа, 87-бұл бүлігі көп
Отырсың ғой қылмыстың дүбірі боп, 
Тіліңді безеп, өлең айт, маған десең 
Савицкиді өлтірдің алаңда сен.

Қ:Бітер екен осы бір "Кеңес"қашан
Өлтіргем жоқ, көргем жоқ мен ешқашан 
Сенбесеңіз құдай менен достар куә.
Т: Жылап бүркіт болмас 10 мың қорға 
Үкіметті мұқатпақ болдыңдар ма? 
Бәрі бір іске аспады амалдарың 
Қарағайдай қаңқылдаған қадамдарың 
Жарық дүниеге сені енді қайтармаймыз. 
Паспортыңды атуға даярлаймыз.
Қ: Күнәдан таза басым бар,
21-де жасым бар. 
Бозторғайдай жаным бар, 
Алам десең алыңдар 
Қайрат деген атым бар 
Қазақ деген затым бар 
Еркек тоқты құрбандық 
Атам десең атыңдар.

Т:Тарт тіліңді. Алып кетіңдер мына малғұнды.









2-жүргізуші:

Сәл аялдап, тағзым етпей бұл алаңнан өтпеңдер...

Желтоқсанда ызғырықтан тiтiркенiп көк пен бел,

Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,

Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,

Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,

Жатты мұнда естен танып, күзге айналған көктемдер...

Алаң шетiн қоршап тұрған шыршаларға ала көк,

Жас бүлдiршiн, сезiмiңдi жанар етiп қарап өт.

Сол арадан сатқындық та елестейдi қара бет,

Қара беттiң көбi бүгiн дара тұлға, дара бет.

Жас бүлдiршiн, мұз құрсанған шыршаларға қарап өт,

Заманыңның жеңiсi мен жеңiлiсiн санап өт.

Мұхтар Шаханов.

1-жүргізуші:

Елім, елім, елім деп,
Ар-намысын сақтаған. 
Бұйырғанда өлімге 
Кірпігін де қақпаған. 
Батыр бабаң Бауыржан 
Қолдады ма, қарағым, 
Желтоқсанның шыдадың 
Толғағына, қарағым. 
Арман, арман, арман көп. 
Айтылар теңеу қалған жоқ. 
Қысқа ғұмыр сүрсең де, 
Таң қалдырған қарағым! 
Қазағыңды Қайрат деп, 
Тамсандырған қарағым! 
Мамық болсын қара жер, 
Жатқан жерің жарық боп.
Бақұл бол, бақұл, әй, көкем, 
Тәубе, тәубе, тәубе етем!


Ән: "Желтоқсан желі".

2-жүргізуші:

  • Қазіргі бұл күн қазақ халқы үшін үлы күн әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Бұл 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр да, әділітсіз көтерілістің бірі. Енді міне осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.



1-жүргізуші:

  • Ақталды боздақтардың ақ талабы, 
    Әділ іс әрқашанда ақталады. 
    Елі үшін жанын қиған асыл жандар 
    Ел есінде мәңгілік сақталады.

Желтоқсан құрбандарын еске алып 1 минуттық үнсіздік жарияланады.

2-жүргізуші:

  • Қуан бүгін, қуан халқым, шынында,
    Ақтарылсын ағыл - тегіл жырым да.
    Бір құдайдан бірлік қана тілеймін,
    Бүгінгі мынау тәуелсіздік таңында.

1-жүргізуші:

  • Шықты тарап ой данадан, 
    Бері қарады жұлдыз беті. 
    Өзі қалап сайлап алған 
    Елімнің бар Президенті.

2-жүргізуші:

  • Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді. Отанынан жырақта жүрген қандас туыс бауырларымыз Аллаға тәубе етіп бір кісідей қуанып, қуаныштарымен бөлісіп жатты.

Көрініс: «Н.Назарбаев – Ұлт көшбасшысы»

2-жүргізуші:

  • Сүйрік саусақ сағадан,
    Мың бұралған өрмелеп.
    Асып - тасып сабадан,
    Биші кетер дөңгелеп.

Би «Қазақ биі»

1-жүргізуші:

  • Аспан түстес көгілдір 
    Тік бұрышты матаның 
    Ортасында төгіп нұр 
    Күн жаяды шапағын. 
    Астында оның қалқыған 
    Қыран құсы шалқыған. 
    Сары түсті жолақ бұл, 
    Мұратындай атаның 
    Әсем өрнек ол ұлттық. 
    Көк байрағы бабамның 
    Бүгінгі ұрпақ алауы. 
    Мұның бәрі бүгінгі 
    Қазақстан жалауы 

Ән: «Көк тудың желбірегені»

2-жүргізуші:

  • Әнұраным жанұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Туған жерім – сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады,

Республикам әнұраны.

1-жүргізуші:

  • ҚР-ның мемлекеттік Әнұраны шырқалсын.

Әнұран орындалады.

1-жүргізуші:

  • «Ынтымақты елге ырыс енші». Аталардан қалған аңыз да соны меңзейді. Сондықтан бостандығымыз баянды болу үшін өзімізбен мидай араласып кеткен жүздеген ұлт өкілдерімен арамызға сызат түсірмеуіміз керек. Мыңға жөн айтып алқалы топты аузына қаратқан қаз дауысты Қазыбек би бабамыздың сөзімен айтқанда «Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз». Бір сөзбен айтқанда қалайтынымыз бейбітшілік, тыныштық, бостандық, еліміздің босағасын нығайту. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз. Бір ата, бір ананың түлегіміз Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз «Бірлік барда тірлік бар» деген бабам Бірлік деп бірге соқсын жүрегіміз! - дей отырып, тарихи кешімізді қорытындылаймыз!


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ халкынын 550 жылдыгы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 641 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.01.2016 752
    • DOCX 57.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайыкбай Перизат Меретбайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жайыкбай Перизат Меретбайкызы
    Жайыкбай Перизат Меретбайкызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20773
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "История" в условиях реализации ФГОС СОО

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Инструменты и навыки современного дизайнера

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек