Инфоурок / История / Другие методич. материалы / "Қазақ хандығының құрылуы" Планирование
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

"Қазақ хандығының құрылуы" Планирование

библиотека
материалов

  Қазақ хандығының құрылуы.

 

      Сабақтың мақсаты:

      1.Білімділігі: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген қандас-туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық,мәдени және саяси қарым-қатынастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімдік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.

      2.Дамытушылығы: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланылып,пікір сайыстар ұйымдастырып отыру қажет.

     3.Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу,өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

     Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, слайдтар, видео,карточкалар.

     Сабақтың түрі:Аралас сабақ (сұрақ-жауап,баяндама)

                                  

                                        Сабақтың барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу.

б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.

    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

 

1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?

        2.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?

          3.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары жөнінде әңгімеле.

         

    ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.          

                                               Сабақтың жоспары:

а) Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.

б) Қазақ хандығының аумағы мен халқы.

в) Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.

   

         Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып,отаншылдыққа,адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор. (видео).


1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылары

 Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді.ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды.ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде,өз мақсаттарына шебер пайдаланды.Сөйтіп Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды.Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталықжәне Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді.Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне,Қазақ хандығының құрылуына негіз қалады.

        Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей,Жәнібек сұлтандарды құшақ жайа қарсы алады.Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп,1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.

 2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы

Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша Қозыбасы мен Шу аймағы еді.Бұл аумақ Жетісудың батысы,Қозыбасы тауы,атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін.ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген.Әбілқайыр ханығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хндығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ.Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.

3.Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды.

 ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа,Алтайдан Каспий мен Аралға,Қараталдан Сырдарияға,Тянь-Шаньнан Қаратауға дейінгі кең байтақ,жазық даланы қоныстанған еді.Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін,қаңлы,қоңырат,қыпшақ,найман,керей,маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды.Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі,ділі,наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті.Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына,оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты.Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік – мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.

4.Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатқан елдермен қарым-қатынасы.

 Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жайа қарсы алды? ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқада аудандарын мазалай бастағңан ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

      Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты.Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады.Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын,қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады.Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.

     Міне,жаңа құрылған  Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.

  6.Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы

   ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынандай тарихи міндеттер қойды:

1)Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;

2)Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;

3)Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.

7.ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясаты

 ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды.ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары  Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде Қазақ хандығының жер көлемі әлде қайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.

8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызы

 Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды.Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды.Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды.Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат,еркін елге айналды.

      

ІҮ. Бекіту сұрақтары.

1. Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?

2. Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?

3. ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?

4. Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?

5. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

    Карточкалар арқылы жаңа тақырыпты меңгергендіктерін тексеріп өту: 

1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр). 2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр). 3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы). 4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу). 5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші (Шайбани). 6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей). 7. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? (М.Х.Дулати).

             Ү. Қорытындылау.

         Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оның жеңісті жолдары дәлел бола алады.Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.

    

     ҮІ. Оқушыларды бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма беру. 35-36 тақырыпты оқып келу.







































1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі.



2. Шайбани әулетінен шыққан хан



3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі


4. Қазақстандағы жер атауы




5. Қазақ хандарымен 30жыл соғсықан Орта Азиялық билеуші




6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан



7. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-178608

Похожие материалы