Инфоурок Директору, завучу Другие методич. материалыҚазақ хандығының тамырынан сусындаған тәуелсіз Қазақстан.

Қазақ хандығының тамырынан сусындаған тәуелсіз Қазақстан.

Скачать материал

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ТАМЫРЫНАН СУСЫНДАҒАН

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН

 

Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектебінің математика және информатика пәндерінің мұғалімі Раманова Мульдер Джаксимуратовна

 

Мемлекет пен оның азаматтарына ең керек құндылық – азаттық. Қазақ хандығы құрылғанға дейін де азаттықты сақтаудың басты шарты ретінде билік пен билеушінің біліктілігі, халқының бірлігі мен ынтымағы, ел мен жерді қорғауға қабілетті қарулы күштердің сақадай сай тұруы ұлықталды. Мемлекеттің астанасына айрықша мән берілді. «Өткеннің қойнауында отырсаң, – делінген Күлтегін ескерткішінде, – мәңгі елдігіңді сақтайсың». Біздің ойымызша, түркілік «Мәңгі Ел» идеясының астанамен байланыста дүниеге келуі қалыптасқан мемлекетте ғана мүмкін құбылыс.

Қазақ хандығының тарихи тамырлары тереңде жатыр. XV ғасырдың екінші жартысында (1465 ж.) Қазақ хандығы Еуразияның сайын даласында кем дегенде екі мыңжылдық тарихты артта қалдырған мемлекеттер мен халықтардың өміршең жиған – тергенін, мәнді белгілерін, қағидаларын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қабылдай, бойына сіңіре, жетілдіре жалғастырып, өзіне ғана тән қадір-қасиетімен, даралануымен алғашқы қадамын жасады. Әлемдік тарих кеңістігінде жаңа жұлдыз жанды.

Қазақ хандығы шаңырақ көтерген шақта әлем орта ғасырлардың  соңғы дәуіріне аяқ басып, іргелес Мәскеу мемлекеті мен Қытай мейлінше күшейе түсті. 1453 жылдан Осман империясының тарихы басталды. Батыс Еуропа қайта өрлеу қарсаңында тұрды. Бабаларымызға ақылмен, қайратпен, жүрекпен болашаққа жол салуға тура келді.

Бабаларымыздың  тәжірибесі мен  тағылымын бойына  жия дүниеге келген сәтінен хандық төл тарихының  классикалық ғасырларын бастап кетті. Классикалық саты үш ғасырға жуық созылып, 1715 жылы Тәуке ханның қайтпас сапарға аттануымен аяқталды.

Осынау заманды классикалық деп айдарлауымыздың бірнеше себебі бар. Біріншіден, Қазақ хандығы бір сәтке тәуелсіздігінен айрылған жоқ. Тіпті, XVI ғасырдың жазба дерегі «Бадаи ал-Вакаи» қазақтар елін «Қазақстан» деп атағаны хандықтың нығайғанын көрсетсе керек. Ел басына күн туған сәттер аз емес еді. Жоңғар мен қытай да, қырғыз бен өзбек те, орыс пен қалмақ та қазақ жеріне тамсана қараумен болды. Бірақ, олар Күлтегін жазуында айтылғандай, «Игі, білгіш кісілерді, игі, батыл кісілерді қозғалта алмады. Бір кісі жаңылса, рухы, халқы, тұқымына дейін қалмас еді». Әрине, Қазақ хандығының күшеюіне көрші мемлекеттердің ішіндегі  алауыздық, өзара қырқысулар, мәселен, шайбанидтердің, аштарханидтердің, Ноғай ордасындағылардың билік үшін таласы себеп болғанын да ескеруіміз керек.

Екіншіден,тәуелсіздіктің арқасында қазақ халқының қалыптасуы түпкілікті аяқталды. Қилы тағдыр мен қазақтар құрамына кірген түркілік, түркілік емес тайпалар тегіс қазақтанып кетті. Қазақтың тілі, мінезі, әдет-ғұрпы, ру-тайпалық құрылымы, ойындары, этнопедагогикасы,философиясы, өнері, болмыс-бітімі дараланғаны тап осы тұс.

Үшіншіден, күндіз отырмаған, түнде ұйықтамаған билеушілер мен саны үздіксіз өскен халық ұлан-ғайыр жерін анықтап, шекараларын бекемдеді, Қазақ хандығы субъект дәредесіне көтерілді. А.Левшин, Ш.Уәлиханов, Т.Шонаұлы зерттеулерінде XVI ғасырда-ақ қазақтар қазіргі Қазақстан аумағын қоныстанып отырғаны дәйектелген. Ал ортағасырлық Шығыс  қолжазбаларында Қазақ хандығының өзбектермен, Ресеймен, Ауғанстанмен, Иранмен, Үндістанмен, Түркиямен саяси және сауда-саттық байланыстар орнатқанынан деректер молынан кездеседі.

Төртіншіден, билік жүйесі тармақталып, заң шығару, атқару және сот  салалары нақты орнықты. Мемлекеттік биліктің  бір адам қолында немесе жалғыз әкімшілік  құзырында шоғырлануына жол бермейтін тетіктер мүдіріссіз жұмыс істеп тұрды. Билер институты шешімінің хан жарлығымен бірдей  дәрежеде атқарылғаны осыған айғақ болса керек. Хандықты басқарушылардың әлеуметтік иерархиясында ханнан басқа билер, сұлтандар, батырлар, тархандар, қожалар, ақсақалдар жайғасты. Дәстүрлі биліктің  шет жағасын ғана көріп қалған  А.Левшиннің таңданысын жасыра алмай: «Все соседи киргиз- казаков управляются или монархическим или деспотическим правлением, все родственные им народы живут в рабстве, достойным сожаления, а они почти совсем не знают подчиненности, у них не существуют  даже ни имя одданого, ни имя владельца. Явление очень любопытное для политиков!» –  деп жазғаны бар.

Бесіншіден, мемлекет пен құқық қарым-қатынасы реттеліп, «Қасым ханның қасқа жолы»,  «Есімханның ескі жолы»,  Әз Тәукенің « Жеті жарғысы», ислам дінінің  гуманизмге толы қағидалары хандық өмірін дала демократиясының арнасына түсірді. Азаматтық, қаржылық, отбасылық, қылмыстық құқықтардың  алғашқы үлгілері мен баптары классикалық заман үшін беймәлім емес еді. Адамның өмірі, бостандығы мен бас еркі дала  демократиясының өзегін құрады.

Алтыншыдан, мемлекет,құқық және азаматтар арасындағы ақниет ізгілік пен дала демократиясы қоғамның тұрақты да күш жинай дамуына жол ашты. Мәселен, классикалық 250 жыл ішінде 17 қазақ ханы билік басында отырған екен, яғни әрқайсысына орта есеппен 14-15 жылдан келеді.

Қазақ хандығының шаңырақ көтеруі халқымыздың тарихы мен тағдырындағы ұлы бетбұрыс. Ал оның нығая өркендеуі Еуразия болашағына пәрменді әсер етті. Сол ілгерілеу мен мақтаныш ұлттық санамызға өшпестей боп жазылғаны соншалық, тәуелсіздік тұсында хандар мен билерге, батырлар мен сұлтандарға құрметіміз жаңа серпінмен сыртқа шықты. «Мәңгілік Ел » идеясының өміршеңдігіне бұл да бір айғақ екені сөзсіз.

Тәуке  ханның дүниеден озуымен Қазақ хандығы өз тарихының екінші сатысына аяқ басты. Оны сындарлы саты деп айдарладық. Хронологиялық шеңбері 1715-1847 жылдар, яғни Кенесары ханның қасіретімен тұйықталады. Соның алдында ғана  1801 жылы Павел І патшаның жарлығымен  құрылған Бөкей хандығы тарқатылған (1845 ж.) болатын.

XVIII ғасыр қазақтың «Елім-айлаған» ғасыры. Шоқан ол ғасырды «қанды қырғын»  («кровавый»), «жантүршігерлік» («ужасный»), «жаугерлік» («рыцарство») ғасыры деп сипаттаған. XIX ғасыр «Зар заман» атанды. Ел басына туған сын сағаты XIX ғасырдың ортасына қарай  хандықтың біржолата жойылуымен аяқталды.

Тәуелсіздігімізден, елдігімізден айырыла бастауымыздың құпиясы жүзге бөлінуде де емес, жоңғармен  соғыста да емес. Бар пәле технологиялық дамудың  жалынан ұстай алмағанымызда, ындыны бұзық еуропалықтардың от қаруын иеленгенінде жатыр. XVIII ғасырда Ресейдің артиллериясы, Англияның кемесі қылыш пен найзаға әмбебап «батыр бір оқтық» екенін алдыға тосты.

Қалай десек те, 1723 жылғы апат, 1731, 1740 жылдарда Кіші жүз бен Орта жүздің  Ресейге бодандықты қабылдауы, отарлаушылардың Атырау мен Арқаға, Алтайға сұғына кіруі, Ресей мен Қытайдың «бөліп ал да, билей бер» саясатын жымысқылықпен жүзеге асыруы – бәрі классикалық заманауи құндылықтардың іргесін шайқады.Сол тұста тарих сахнасына  шыққан Абылай тәуелсіздікті сақтап қалудың басты шарттарының бірі  хандық билік  тізгінін нық ұстау деп білді. Шынында да Ұлы Даланың  шаңырағын шайқаған «Ақтабан шұбырындыдан»  кейін күшті хандық биліксіз қазақтың  ел болуы екіталай еді. Әйгілі билеуші мақсатқа жету үшін барын салды. Шоқан Уәлиханов жазғандай, қазақтың ешбір ханы Абылай сияқты шексіз билік құзыретіне ие болған емес.

Абылайдың ана сүтімен дарыған, қатыгез ғасыр шыңдаған мемлекетшілдігі жоңғарлар талқандағаннан кейін Алтай, Жетісу үшін Қытаймен теке-тірес кезінде толығымен ақталды. Ал қарсылас осал емес еді. Біріншіден, Қазақ елін өзіне қарату ниетін бірде ашық, бірде жасырын білдіріп жатты. Екіншіден, жоңғарлардан босаған жер бұрынғы  иесі – қазақтарға қайтарылмайтынына сенімді болатын.

Мемлекетшіл тұлға Абылай бір орталыққа бағынған хандық құруды аңсады. 1771 жылы хан сайлануымен Орта жүз бен Ұлы жүз аймақтарында осынау ұлы идеяны  бірсыдырғы жүзеге асырды да. аң шығару, атқару, сот билігін қолына шоғырландыруға тырысқаны рас. Ал бұл әлемдік-тарихи маңызы бар талпыныс ретінде бағалануы керек. Көшпелі өмір салтындағы халықтар темірдей тәртіппен орталықтанған мемлекет құра алатынын XIII ғасырда Шыңғыс хан көрсетсе, отырықшы халықтың  капиталистік қатынастарға аяқ басқанда да саяси бытыраңқылықтан  шығуы оңай еместігін XVIII ғасырдағы Германия  тағдыры дәлелдеді. Мұнда  300-ден астам князьдік бар еді.

Абылай тұсындағы Қазақ хандығын мәні мен мазмұны  бойынша  жаңғыру әлеуетінен айрылған дәстүрлі құрылым деп атаған  жөн болар. Оның орталықтанбау негізінде іргелес алпауыт елдердің қысымы, содан туындаған әлеуметтік- экономикалық факторлар жатыр. Енді, міне, тәуелсіздіктен кейін соның бәрі ұмыт болып, төрт қүбыласы тең түгел елдікке қол жеткіздік. Дүниеде ақпараттық технология алға шықты. Жай шығып қойған жоқ. Адам бүкіл адамзат санасына ықпал етіп,екпіндеп шықты.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әйгілі Ұлытау сұхбатында ұлтымыздың, еліміздің, тарихи тереңінен ой қозғап, оның мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі үшін маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

«Біз қазақ деген елміз, ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз. Елімізден құт-береке кетпесін деп, жеріміздің шетін  жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір  дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз...», – кезінде Қаз дауысты Қазыбек  бабамыз айтқандай, қазақ тарихының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  біздің жаңа дәуірдегі  мемлекетіміздің бүкіл мақсат-мүдделерін, өсіп-өркендеуін тереңнен әрі кеңінен  толғап, көп халықтың көкейінде жүрген  сан алуан сұрақтарға  толымды жауап берді. Халқымен сырласып, біздің мемлекеттігіміздің тарихын білмейтін, білгісі келмейтін, көпе-көрінеу көре алмайтын кейбір керауыз кердеңдердің сөзін жоққа шығарып, тарих  шындығына тағзым етті. Жаңа дәуірдегі Қазақ мемлекеті оның Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев тек бейбіт әрі жасампаздық жолымен,  ешкімнің құқын шектемей еш мемлекетке соқтықпай  өз елін дамыту, оның әлеуетін көтеру арқылы әлем сахнасына шығуға болатындығын  дәледеді.

Бүгінгі  Қазақстан – әлем танып, мойындаған, ел басшысымен санасатын,  бәсекеге қабілетті мемлекет.

Қазақты осындай әлемдік  дәрежеге  көтере  алған  адам – қазақтың  ұлы перзенті, Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев.

Елбасын қолдап, жасампаздық  пен өркениетке, мәңгілікке  ұмтылған  ел – көп  ұлтты Қазақ елі.

 

 

 

 

Пайдаланған  әдебиеттер: 

1.      «Егемен Қазақстан» газеті,  23 маусым 2015 жыл.                                            

2.      «Егемен Қазақстан» газеті,  11 қараша 2014 жыл.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ хандығының тамырынан сусындаған тәуелсіз Қазақстан."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 873 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.11.2015 948
    • DOCX 27.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Раманова Мульдер Джаксимуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 69944
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Курс повышения квалификации

Машинист крана (крановщик): управление тельфером с площадки

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Городское строительство и планирование: основные тенденции развития

36/72/108 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе