Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Қазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары "Сын есім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Қазақ тілі пәніне арналған сабақ жоспары "Сын есім"

библиотека
материалов

Бибінұр Ділкашева

Тараз қаласы №42 орта

мектебінің мұғалімі

Санаты:Жоғары

Еңбек өтілі :35 жыл



Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін кеңейту,ауызекі сөйлеу тілінде сын есімдерді дұрыс қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық:Танымдық ,есте сақтау,ойлау қабілеттерін,ауызекі сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік.Ұқыптылыққа,парасаттылыққа,бір-бірін сыйлауға,жауапты ,мәдениетті болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың түрі:Дәстүрлі емес

Сабақтың құрал-жабдығы:интерактивті тақта

Болжамданған нәтижесі:Сын есімді меңгерту,оларды ауызекі сөйлеу тілінде дұрыс қолдана білу.



Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

1.Сәлемдесу;

2.Кезекшімен сұхбат;

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II.Үй тапсырмасын сұрау



I деңгей

Жаңа сөздерді жаттау

Мақал-мәтелдерді жаттау

II деңгей

Жаңа сөздерді жаттау

«Достастыру» мәтінін мазмұндау

III деңгей

Жаңа сөздерді жаттау

«Мен және менің достарым ізеттіміз» ой-толғаныс жазу.

III.Жаңа сабақ

-Жақсы.Сонымен өткен сабағымыздың тақырыбы қандай еді?

-Өткен сабақтың тақырыбы «Ізетті бала»

-Енді осында «бала» сөзі қай сөз табы болады?

- «Бала» сөзі зат есім болады.

-Ал «ізетті» деген сөзге қандай сұрақ қоюға болады?

- «Ізетті»сөзіне қандай сұрақ қойылады.

-Дұрыс.Ал осы «қандай»деген сұраққа жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.Сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Сын есім»

Заттың түр-түсін,сапасын, дәмін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.Сын есім қандай?қай? сұрақтарына жауап береді.

Дара сын есім –бір сөзден тұрады.Мысалы:қызыл,ақ,тәтті.

Күрделі сын есім-екі не одан көп сөзден тұрады.Мысалы:қызыл сары,.

Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз.Мысалы:таза,әдемі.

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Мысалы:білімді,өнерлі.

Сергіту сәті

Жұмбақтарды шешіңдер

1.Тек өзі көрінбейді,

Адамды тоңдырады.

Ызары дірілдетіп,

Есіңнен тандырады.

2.Таудан түссем,тоқтауды білмейді,

Тауға қарай тартсам да жүрмейді.

3.Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым.

Бейнебаянмен жұмыс.

(Жыл мезгілдері жайлы бейнебаян қойылады)

-Қазір бейнебаян қойылады.Бейнебаянға назар аударып көреміз,

Ат қоямыз.Әңгіме құрастырамыз.Сөйлемдерден сын есімдерді тауып түрлерін анықтаймыз.

Грамматикалық тапсырмалар

I деңгей

Мәтінді оқып,сын есімдерді теріп жазыңдар.

Күз келді.Күзде айнала сап-сары.Адамдар жылы киінеді.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.Күндер салқын болады.Жеміс-жидектер піседі.

II деңгей

Мәтінді оқып,дара сын есімдерді бір бағанға,күрделі сын есімдерді бір бағанға теріп жазыңдар.

Бүгін күн өте тамаша.Қар жауып тұр.Қыста айнала аппақ.Балалар үлкен аққала жасап жатыр.Адамдар жылы киінген.Үлкен балалар мұз айдынын дайындап жүр.Шелекпен суық су тасып жүр.

III деңгей

Мәтінді оқып,негізгі және туынды сын есімдерді екі бағанға теріп жазыңдар.

Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады.Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады.Өзеннің тек ортасы ғана мұзсыз.Осындай кезде шыр-шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай жүреді.Ол қайқы құйрық,кішкентай қараторғай.Торғай шолп етіп ағынды суға сүңгіп кетеді.Оның мөлдір судың түбінде жорғалап ,тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады.Бұл қандай ғажап құс!Бұл құсты су торғайы дейді.Ол қысы –жазы бірдей жемін су түбінен табады.



Келесі зат есімдерге сын есімдерді тіркестіріп сөйлем құрастырыңдар.

Бала,оқушы,мұғалім,сынып,қыз,дәптер,кітап,дос,ата-ана.



IV.Бекіту кезеңі.



Өз-өздеріңді тексеріңдер.

1.Бір сөзден тұратын сын есімді ..... дейді.

А)күрделі сын есім

Ә)жай сын есім

Б)дара сын есім

2.Дара сын есімді көрсетіңдер

А)сары ала

Ә)көкшіл

Б)ақ сары

3.Екі не одан да көп сөзден тұратын сын есімді .... дейді.

А)жай сын есім

Ә)күрделі сын есім

Б)дара сын есім

4.Дара сын есімді көрсетіңдер

А)қызғылтым

Ә)қызыл сары

Б)ақшыл қызыл

5.Күрделі сын есімді көрсетіңдер

А)сарғыш

Ә)сап-сары

Б)ақ сары

6.Көп нүктенің орнына керекті сөзді жазыңдар. ....көк

А)ақ

Ә)боз

Б)қара

7.Сын есім .... және .... болып бөлінеді.

А)негізгі,туынды

Ә)дара,туынды

Б)негізгі,күрделі

8.Негізгі сын есім деп ..... болған сын есім деп айтамыз.

А)жалғау сөзден

Ә)түбір сөзден

Б)түбір сөз бен жұрнақтан

9.Туынды сын есім ... жасалады.

А)түбір сөзден

Ә)түбір сөз бен жұрнақтан

Б)Жалғау мен жұрнақтан

10.Туынды сын есімді табыңдар.

А)көк

Ә)әдемі

Б)өнерлі

11.Негізгі сын есімді көрсетіңдер

А)көк

Ә)алды

Б)ақылды

12.Туынды сын есім қатарын белгілеңдер

А)көк,ақыл,жасыл

Ә)тәртіп,аппақ,қызғылт.

Б)өнерлі ,сапалы,таулы.

ТЕСТ жауаптары



1. Б 7.А

2.Ә 8.Ә

3.Ә 9.Ә

4.А 10.Б

5.Б 11.А

6.Б 12.Б

V.Үй тапсырмасы

I деңгей

1.Ереже жаттау

2.Сын есімі бар 5 сөйлем құрастыру

II деңгей

1.Ереже жаттау

2.Дара сын есімі бар 3 сөйлем,күрделі сын есімі бар 2 сөйлем құрастыру.



III деңгей

1.Ереже жаттау

2.Еркін тақырыпты сын есімдерді қатыстыра отырып әңгіме құрау.

Бағалау




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров155
Номер материала ДВ-361829
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх