Инфоурок Начальные классы КонспектыҚазақ тілі 4 сынып Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі

Қазақ тілі 4 сынып Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі

Скачать материал

Атырау қаласы

Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын техникалық гимназияның бастауыш сынып мұғалімі Шахшаева Лиза Нагимбековна

 

Қазақ тілі 4 сынып

Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі

 

Сабақтың мақсаты : Жіктік жалғау туралы түсінік беру, жіктік жалғауының үш жағы барын айту, әрқайсысының өздеріне тән арнайы қосымшалары барын таныту. Ауызша , жазбаша тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа , сауаттылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың міндеттері :

-оқушылардың ойлау қабілетін сабаққа деген қызығушылығын арттыру және негізгі мәселелерге аса көңіл бөлуге үйрету ;

— өз бетінше ізденуге,ойлау қабілетін арттыруға ықпал ету,өз ойын еркін жеткізуге баулу,жылдам жауап беруге дағдыландыру,тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөйлеу машықтарын, сөздік қорларын дамыту.

Көрнекіліктер : тірек схема, слайдтар , суреттер.

Сабақтың әдісі : «Ой қозғау»,«Топтастыру» ,” Өзін-өзі бағала», «Ыстық үстел»

 

 I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылар зейінін сабаққа аудару, дайындау.

  I I. Психологиялық дайындық.

Дайынбыз ба сабақты бастауға?

Орнынында ма,құралдарың түгел ме?

Бәріміз түзу отырмыз ба?

Ендеше  мен сендерге бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін!

Сендер де бір-біріңе қарап тілек тілеңдер!

 

Слайд  Ахмет   Байтұрсынов -қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.

 

«Оқу құралы» (1912) – қазақша жазылған тұңғыш әліппелердің бірі. «Тіл – құрал» атты оқулығының фонетикаға арналған бөлімі 1915 жылы, морфологияға арналған бөлімі 1914 ж., синтаксис бөлімі 1916 жылдан бастап жарық көрді. «Тіл – құрал» – қазақ тілінің тұңғыш оқулығы. Ол тұңғыш төл граммат. терминдерді қалыптастырды. Мысалы, зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, бастауыш, баяндауыш, пысықтауыш, шылау, сөз таптары, сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, т.б. жүздеген ұлттық терминдерді түзді. «Әдебиет энциклопедиясында]]» (Мәскеу) Байтұрсынұлы тұлғасына «аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогы. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. тұңғыш жалпыұлттық «Қазақ» газетін шығарып тұрды. Газет қазақ халқын өнер, білімді игеруге шақырды. Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябі облысына қосу туралы шешіміне қарсы Б-тың жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды. 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады 1937 жылы 8 тамызда тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды.

 

“Басқа халықтардан кем болмас үшін, біз білімді, бай һәм күшті болуымыз  керек.   Білімді болуға оқу керек,  бай болуға кәсіп керек,күшті болуға  бірлік керек”.

 

Слайд Көркем жазу

Мұғалімім  ,дәрігерлерге мұнайшысыз

 

-Осы сөздерді бір сөзбен қалай айтуға болады?

 

-Ол қай сөз табынан жасалған?

 

-Қай сөз артық деп ойлайсың?  Неге?

-Рахмет!Олай болса,мына сұрақтар арқылы миға шабуыл жасайық.

 

Слайд     «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта құрымайды» деген екен ұлы тұлға ұлт ұстазы А.Байтұрсынов

 

"Миға шабуыл”

1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

     а) 5      ә) 9     б) 8

2. Заттың атын білдіретін сөз табы?

      а) сын есім   ә) сан есім    б) зат есім

3. Жалқы есімді көрсет?

    а) Көкшетау, Жандос, Айғаным

      ә) Айсұлу, Өзен, Ертіс

      б) Балқаш, Айгөлек, Ағаш

4. Туынды зат есімдер қалай жасалады?

       а) жұрнақ арқылы ә) сызықша арқылы 

       б) түбір тұлғада

5. Сөз таптарын,сөз құрамын зерттейтін ғылым?

а) синтаксис   б)фонетика    в)морфология

6.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз:

7. Қазақ тіліндегі жалғау нешеу?

а) 5      ә) 4     б) 7

-Ендеше ,кім жалғаулар атайды

 

Зат есімдер сөйлемде баяндауыш қызметінде жұмсалғанда жіктеліп қолданылады. Жіктік жалғау зат есімнің бәріне жаппай жалғана бермейді. Лексикалық мағынасы адамға (адамның есімі, мамандыққа) қатысты зат есімдер жіктеледі (мен мұғаліммін, ол дәрігер, сіздер ақынсыздар, біз адамбыз, т. б.).

Жекеше                                                          Көпше

Іжақ–мын-мін,-бын,-бін,-пын,-пін      -быз,-біз,-пыз,-піз-мыз,-міз

Ііжақ      –сың, -сің-сыз-сіз,                           –сыңдар, -сіңдер

   -сіз                                                        -сыздар, -сіздер

ІІІжақ       —                                                                       –

Слайд -Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтамыз екен?

Слайд  Мағынаны ашу.  Өлеңді мәнерлеп оқы

-Өзім әрі ағамын,

Мен іні де боламын,-дейді Жаннұр

-Сыпайының бірімін,

Мен тек қана інімін!-дейді Бақай.

-Келеді өсіп батырлар,

Қабақ шытпас татулар,-дейді атам.

                                           (Мұзафар Әлімбаев)

Өлеңнен жіктелген зат есімдерді тауып,қай жақта тұрғанын айт:

 

ағамын  I жақ,жекеше түрде

інімін    I жақ,жекеше түрде

Енді оларды ауызша жікте.

Ағамын 

  Слайд  Ағамын ауызша жікте

-Сонымен бүгінгі сабақта не туралы айтамыз екен?

Өзбетімен жұмыс

104-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті жіктік жалғауын қойып,сөйлемді көшіріп жаз.

Орнында отырып түсіндіріп жүргізіп жазамыз

1.Мен     қазақ  ...     , мың өліп, мың  тірілген. (Ж.Молдағалиев).

2.Мен   Оразбай емеспін,елдің жазықсыз,қылмыссыз адамы           (М.Әуезов).

3.Біз бейбітшілікті сүйетін  ел …       .

-Бұл сөздерге жіктік жалғауларының әртүрлі жалғану себеі неде?   Ереже

Тексереміз 3 2 1

 

105-жаттығу Олай болса,мамандық атауларын мына жалғауларға сәйкестендіреміз

…                мын

 …                пын

 …                сың

 …                сің

 …                мыз

 …                 міз

 …                пыз

 …                 піз

Тексереміз 3 балл

 

Спортшы мын

 …            ұшқыш    пын

 …            кітапханашы сың

 …            дизайнер сің

 …                аудармашы мыз

 …                имиджмейкер міз

 …                матрос пыз

 …                әртіс піз

  Жіктік жалғауды жер - су (тау, төбе, өзен), жануарларға (түйе, аю, түлкі, елік, т. б.) қатысты зат атауларына жаппай жалғай алмаймыз. Алайда шешен де шырайлы ана тіліміздегі көркем әдебиетке қатысты (сөз шеберінің қолдануына сәйкес) кейбір нәрселер мен құбылыстар (жел, қайың, қағаз, кітап т. с. с.) жан - жануар атаулары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу мақсатында ауыспалы мәнде қолданылған жағдайда жіктік жалғауын қабылдайды

 

- Келесі кезекте ,балалар ,біз сендермен терме диктант жазайық.


Мен Ақұштап Бақтыгереева апамыздың өлең жолын оқимын, ал сендер оқылып отырған өлеңнен жіктік жалғаулы зат есімдерді теріп жазыңдар.


Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып ағылған.
Көңілмін екіге бөлінген,
Жүрекпін екіге жарылған.

 

 Тексереміз  3 балл

 

106-жаттығу

Қазақпын, күйшісің, дәрігермін, кезекшісіңдер, жазушысыз, балаңмын , сатушысың, бишіміз, көршісіз, ғалыммын, тергеушісіздер, ағасымын,інісісің.

 


Сонымен ,балалар, біз сендермен зат есімнің түрленуінің бірі жіктелуді өттік.

-Қай жақтарда жіктеледі екен?
Олай болса зат есімнің түрленуін толық бекіту үшін суретші ,дәрігер сөзін жіктейік.
Әр топты бағалау. Ең көп смайлик жинаған жеңімпаз атанады.
Балалар , бүгін не үйрендік ?

 «ЫСТЫҚ ҮСТЕЛ»

1.Жіктік жалғауының  неше жағы болады?

а) I       б)II      в)III       г) бәрі болады

2.Қазақ сөзіне қай жалғау сәйкес?:

 а)  быз

 б)  піз

 в)  міз

 г)  пыз

2. Сөйлемге зат есімге I,II жақта жіктік жалғауы жалғанғанда    …   қызметін атқарады:

а) баяндауыш

б) бастауыш

в) анықтауыш

г) толықтауыш

3.Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалы сөз:

 а)кәсіпкер    б) қаламгер    в) қызметкер  г) сәулетші

4.Зат есімге I,II жақта жіктік жалғауы жалғанғанда

        сөйлемнің қай мүшесі болады?

 а) баяндауыш    б)бастауыш   в)анықтауыш    г)толықтауыш

 5.Жіктік жалғаудың II жақ жалғауларын ата

    а) –мын,бін         б)-сың,-сің         в)-пыз,-піз

6)Көпше түрде жіктелген сөзді ата

  а)кітапханашымын   б)ұландармыз  в)сәулетшісің

7.Біз үйірменің мүшесіміз     сөйлеміндегі жіктелген сөзді тап

       а)біз   б) үйірменің  в) мүшесіміз

 

-Сонымен, бүгінгі сабағымыз бойынша қандай қорытындыға келдік?

-Балалар , бүгін не үйрендік ?

-Сіздерге бүгінгі сабақ  ұнады ма ?

 

Бүгінгі сабақта көңіл күйіміз қалай болды? /смайликтермен белгілеу/

 

IV. Үйге тапсырма : 145-бет  108,109 –жаттығу

 

V. Бағалау.   Бармақпен бағала Мен түсініп отырмын_____ және түсіндіре аламын. (қолдын бас бармағы жоғары бағытталады)

Мен әлі түсінбей отырмын_____(қолдын бас бармағы жанына қарай жантаяды)

Мен түсінгеніме сенімді емеспін_____(қолды бұлғау)

 

Әр оқушы «Білім пердесі » атты бағалау парағы бойынша өздерін бағалайды.

Сабақ аяқталды сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ тілі 4 сынып Сабақтың тақырыбы : Зат есімнің жіктелуі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 164 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2016 5811
    • DOCX 31.8 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шахшаева Лиза Нагимбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шахшаева Лиза Нагимбековна
    Шахшаева Лиза Нагимбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18208
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 58 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 684 человека

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации на уроках по продуктивно-творческой деятельности у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 134 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, технологи

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Стратегии успешного B2C маркетинга: от MoSCoW до JTBD

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек