- 04.10.2020
- 2127
- 4
Еще материалы по этой теме
СмотретьКүні:
Сабақтың
тақырыбы: Барыс септігі
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік.Зат есімнің септелуі туралы түсініктерін кеңейту. Септік
жалғауларын және сұрақтарын толық меңгерту. Барыс септіктегінің сұрақтары мен
жалғаулары туралы білімдерін тиянақтап, бағалау.
2.Дамытушылық. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу
және ой қортуға дағдыландыру,сөздік қорын молайту.
3.Тәрбиелік.Ұқыптылыққа тәрбиелеу,білетінін дәлелдей білуге,
адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ міндеттері:Оқушылардың қызығушылығын арттыру, тақырыпты толық
меңгерту, сөйлеу мәдениетіне төселдіру.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақ
әдісі:
сұрақ-жауап, талдау
Сабақтың түрі: Ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: үлестірмелі қағаз.
Сабақтың барысы:
Оқушыларды 3 топқа бөлу (1мин)
(асық арқылы оқушылар өздерінің таңдаған сандарын алып топқа отырады)
І Үй тапсырмасын тексеру ( 3 мин)
(әр топқа карточка беру арқылы үй жұмысын бекіту)
1- топ: -Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
-Септік жалғаулары дегеніміз қандай жалғаулар?
2-топ: -Қандай септік түрлерін өттік?
-Атау септік дегеніміз қандай септік?
3-топ:-Ілік септік дегеніміз қандай септік?
-Қазақ тілінде неше септік бар
-Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Барыс септігі»
Біз бүгінгі тақырыпта нені білуіміз керек? Сабағымызға мақсат қояйық (2мин)
ІІ Жаңа материалды игерту
Психологиялық
дайындық: (3мин)
- Ендеше бүгін сабақты бір - бірімізге барыс сөзін қатыстырып, жақсы тілек
айтып бастайық,
1 - оқушы: Мирас жазуда барыстай жылдам, епті бол!
2 - оқушы: Арайлым, оқуда барыстай алғыр бол!,
3 - оқушы: Исатай, сабақта барыстай қырағы бол!
4 - оқушы: Барлығына барыстың сұлулығын берсін! т. с. с.
Осы айтқандарыңды орындауға бар күш - жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын,
бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!
Балалар біз қазақ тілі сабағында «барыс» сөзін септік ретінде қолданатын болсақ, дүниетану сабағында қалай қолданамыз?
Барыс туралы жазған мәліметін оқу 3мин
Барлығымыз дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді қояйық
Ендеше ,жылдам «барыс» сөзін септеп шығайық (3 мин)
(Тақтада бір оқушы септейді, қалғандары өздері септеп шығады)
- Өте жақсы
(әр топқа портер беріледі. Барыс септігіне шолу жасайды) (5мин)
- Топтардың пікірін тыңдау
Оқулықпен жұмыс
1-жаттығу: Өлеңді мәнерлеп оқу. Қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын тап.
Аспанға, асқарға, көктемге, (1мин)
2-жаттығу: Жұмбақтардың шешуін тап. Барыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қой.
Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жем бермейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымға сүйкеп, зымырайды. (трактор)
2. Суға батпайдыд,
Отқа жанбайды.
Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан (мұз) (2мин)
3-жаттығу: Мәтіннен ілік, барыс септіктегі сөздерді өздері байланысатын сөздермен теріп жаз. (Топқа бөліп беру) (3мин)
Сергіту сәті:
4- жаттығу: Барыс септіктегі сөздерді тауып, қосымшасын белгіле (5мин)
(Мағынасын ашу)
1-топ: Жақсыға ерсең, жетерсің мұратқа,
Жаманға ерсең, қаларсың ұятқа
2-топқа: Мұзға сүйенбе, жауға сенбе
3-топқа: Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді
Карточкамен жұмыс 4 мин.
Карточкамен жұмыс(Сөздері барыс септігіне қойып, сөйлем құрап жазу. Тақтаға бір сөйлемнен жазу. Қалған сөйлемдерді дәптерге жазу)
1-топ:Тай, ауыл,
2-топ: мал, мектеп,
3-топ: теңіз. қала
Мына сөздерді септе Әр топқа зат есімдер жазылған картокалар беріледі балалар өткен септіктер бойынша септейді 3мин
І топқа Ақын сөзін, ІІ топқа сазгер сөзін ІІІ топқа жазушы
Өзара тексеруге берілген тапсырма Тапсырма орындалып болғаннан кейін бір –бір оқушы оқиды.
І нұсқа ІІтоп ІІІ топ
А.с Ақын А.с Сазгер жазушы
І.сАқынның І.с Сазгердің жазушының
Б.с Ақынға Б.с Сазгерге жазушыға
Ж.с Ақыында Ж.с.Сазгерде жазушыдан
Т.с Ақынды Т.с Сазгерді жазушымен
Сабақты қорытындылау:
- Балалар сонымен біз бүгінгі сабағымыздың мақсатына жеттік пе? (2 мин)
«Мен журналистпін» ойыны арқылы 3 мин
Қолында микрофоны бар оқушы сұхбат алады
Журналист балаға
карточкамен сұрақтар беріледі.
Бала пікірлерін сұрау
Аты жөніңіз кім?
Сабақ ұнады ма? Несімен ұнады ?
Сабақта нені білдің?
Поэзия минуты». Балалар бәрімізде сабақ соңында нені қолымызға аламыз? Күнделікті .Ендеше «Күнделік» деген олең шығарайық. 1 мин
----------- аламыз Күнделікті аламыз.
Тапсырманы --------- Тапсырманы жазамыз.
Жақсы оқып,--------- Жақсы оқып, сабақты,
Бестік болсын --------- Бестік болсын бағамыз.
Қазақ тілінде неше септік бар? Сабақта кімдер белсене қатысты деп ойлайсың ?
ІV Бағалау 1мин
Үйге тапсырма 5 -жаттығу
Настоящий материал опубликован пользователем Заирова Бибигуль Бейсенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалучитель казахского языка
Файл будет скачан в форматах:
«Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары» нысаны.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі №130 бұйрығына 4-қосымша.
Ол орта және арнаулы білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттың нысаны.
Курс повышения квалификации
Курс повышения квалификации
72 ч. — 180 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Курс повышения квалификации
36 ч. — 144 ч.
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
«Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов өткен ғасырда айтқан екен. Сол айтқандай күнделікті ұстаз өміріне сабақты өткізуде қиыннан-қиыстырып, бала жүрегінен жол таба білуі керек.
Қазіргі заман талабы балалардың мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру.Қызығушылығын ояту үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан бері,елімізде көптеген өзгерістер болып жатыр.Білім мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды.Оның дәләлі - «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналғанмемлекеттік бағдарламасы».Онда Елбасы:«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш –жігерімізді салуымыз керек»-деген.
Оқу материалдарын оқушылардың дайындық деңгейлеріне қарай сұрыптап ұсыну, сабақтың типі мен түрін оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау,мақсаттарды және күтілетін нәтижені анықтау, оқу біліктілігін жетілдіру.Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
7 241 497 материалов в базе
Вам будут доступны для скачивания все 218 934 материалы из нашего маркетплейса.
Мини-курс
8 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.