Инфоурок / История / Другие методич. материалы / Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар

Қазақстандағы 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

1-ТОП


МӘТІНДЕГІ КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫН ТОЛТЫР


Әскери-губернатор жанында іс жүргізумен айналысатын облыстық басқармалар ұйымдастырылып, оны вице-губернатор қадағалады. Басқарма 3 бөлімнен тұрды: .............., ................, жарлықты іске асыру. ................... ............. сұлтандар өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етіліп, салықтардан босатылды. Сырдарияда басқару билігі ақсақалдарға берілді. Обылстық әскери губернатор бекіткен ақсақалдар үш жылға сайланды. Ақсақалдарға қоладан құйылған арнайы белгі және ......... тапсырылды.










2-ТОП

МӘТІНДЕГІ КӨП НҮКТЕНІҢ ОРНЫН ТОЛТЫР



1867 жылғы 11 шілдеде “ ............... мен ............. облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілді. ...................... “Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже” бекітілді. 1867-1868 ж.ж. реформа Ресейде ................. ............. жойылуымен тұстас келді.




















Реформаның жағымсыз жақтары: 1-топ

1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады;

2. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды;

3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді;

4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті;

5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті;

6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез - келген сылтаумен тартып ала беретін болды;

7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді;

8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды - солды емін - еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.





Реформаның жағымды жақтары: 2-топ

1. Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуында белді орын алды;

2.Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты;

3. Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады;

4.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті;

5. Кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы.

















Сәйкестендір






















































ТЕСТ

1. Әкімшілік реформалар қай жылдары жүргізілді?

А) 1822-1824 ж.ж. В) 1865-1866 ж.ж.

С) 1867-1868 ж.ж. D) 1871-1872 ж.ж. Е) 1875-1876 ж.ж.

2. 1867-1868 ж.ж. жүргізілген реформаның басты мақсаты?

А) Қазақстан территориясын облыстарға бөлу

В) Қазақстан территориясын арақашықтыққа бөлу

С) Басқарудың билік жүйесін өзгерту

D) Революциялық қайта құрулар

Е) Хандық билікті қалпына келтіру

3. Ресей үкіметі қазақ жерін басқару туралы Ереженің макетін дайындау үшін Дала комиссиясын қай жылы құрды?

А) 1865 ж. В) 1866 ж. С) 1867 ж.

D) 1868 ж. Е) 1869 ж.

4. 1865 ж. 5-маусымда қазақ жерін зерттеп білу сұрақтарын дайындауға әмір берген патша?

А) І Александр В) ІІ Александр

С) ІІ Павел D) І Николай Е) І Петр

5. ХІХ ғ. 60-ж.ж. И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды?

А) 3 облысқа (батыс,шығыс,орталық)

В) 4 облысқа (батыс,шығыс,оңтүстік,солтүстік)

С) 5 облысқа (батыс,шығыс,орталық,оңтүстік,солтүстік)

D) 2 облысқа (батыс және шығыс) Е) 1 облысқа (орталық)

6. Реформа жобасын дайындау жөніндегі комиссияға кім басшылық етті?

А) Ішкі істер министрлігінің кеңес мүшесі Гирс

В) Премьер-министр Перовский

С) Генерал-губернатор Гасфорт

D) Генерал-губернатор Гутковский Е) Патша Александр

7. Реформаға дейін қазақ жері неше генерал-губернаторлыққа бөлінді?

А) 3 (Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір)

В) 4 (Орынбор,Омбы,Түркістан,Батыс Сібір)

С) 2 (Орынбор,Батыс Сібір)

D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді Е) 1 (Орынбор)

8. Реформа бойынша қазақ даласы неше генерал-губернаторлықтаға бөлінді?

А) 3 (Түркістан,Орынбор,Батыс Сібір)

В) 4 (Орынбор,Омбы,Түркістан,Батыс Сібір) С) 2 (Орынбор,Батыс Сібір)

D) Генерал-губернаторлықтарға бөлінбеді Е) 1 (Орынбор)

9. Реформадан кейін неше сатылы басқару жүйесі қалыптасты?

А) 3 В) 4 С) 2 D) 5 Е) 1

10. Реформадан кейін қандай басқару жүйесі қалыптасты?

А) Генерал-губернаторлық,облыс,уезд,болыс,ауыл

В) Генерал-губернаторлық,облыс,уезд,село С) Генерал-губернаторлық,болыс,ауыл

D) Генерал-губернаторлық,облыс,село Е) Генерал-губернаторлық,село

11. ІІ Александр патша Жетісу және Сырдария облыстарында басқару туралы ережеге қашан қол қойды?

А) 1868 ж. 21 қазанда В) 1867 ж. 22 қыркүйекте

С) 1867 ж. 11 шілдеде D) 1869 ж. 10 мамырда Е) 1870 ж. 1 ақпанда

12. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторы дипломатиялық келісім-шарттар жасауға құқылы болды.Қай елдермен?

А) Қазақстан, Қырғызстан В) Қытай,Иран

С) Ресей,Греция D) АҚШ,Жапония Е) Италия



13. Реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлыққа кірген облыстар:

А) Ақмола,Семей В) Түркістан,Перовск

С) Орынбор,Ақмола D) Павлодар,Алматы Е) Орынбор,Семей

14. Торғай,Орал,Ақмола және Семей облыстарын басқару туралы ережеге патша қашан қол қойды?

А) 1867 ж. 11 шілдеде В) 1868 ж. 21 қазанда

С) 1868 ж. 11 қарашада D) 1869 ж. 2 маусымда Е) 1870 ж. 10 тамызда

15. Облыстар қандай әкімшілік бірлікке бөлінді?

А) Ауыл В) Село С) Уезд D) Қала Е) Аудан

16. Реформаның таптық сипатын неден көруге болады?

А) Қазақтарға жер берілмеді

В) Шыңғыс тұқымдары салықтан босатылды

С) Қазақтардың малдарын тартып алды

D) Қазақтардың жерін тартып алды

Е) Ешқандай таптық сипат болмады

17. 1867 ж. 11 шілдеде қандай оқиға болды?

А) Патша қайтыс болды

В) Қазақстанда хандық билік жойылды

С) Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге патша қол қойды

D) Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы ережеге қол қойды

Е) Қазақстанға дүнгендер көшіп келді

18. Реформа бойынша кімдер салықтан босатылды?

А) Патша В) Шаруалар С) Шыңғыс тұқымдары

D) Генералдар Е) Қазақтар

19. 1868 ж. 21 қазанда қандай оқиға болды?

А) Патша қайтыс болды

В) Қазақстанда хандық билік жойылды

С) Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы ережеге патша қол қойды

D) Торғай,Орал,Ақмола,Семей облыстарын басқару туралы ережеге қол қойылды

Е) Қазақстанға дүнгендер көшіп келді

20. 1867-1868 ж.ж. реформа бойынша қазақтың қай ғалымы өз ұсынысын жасады?

А) М.Бабажанов В) Ы.Алтынсарин С) А.Құнанбаев

D) Ш.Уәлиханов Е) М.Қаратаев

21. Реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны қалай аталады?

А) Билер мен қазылар соты В) Патшалық сот

С) Губернатор соты D) Хан соты Е) Әкім соты

22. Уездер бөлінген әкімшілік буын:

А) Ауыл В) Село С) Болыс D) Қала Е) Аудан

23. 1867-1867 ж.ж. жылғы реформа бойынша қазақ далалық әкімшілік басқару жүйесінің басты принципі:

А) Көшпелілердің өмірі патриархалдық-рулық қауымда

В) Қазақстан әкімшілік басқаруында өзін-өзі басқаруға көшуі

С) Әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды енгізу

D) Қазақтардың материалдық жағдайларының жақсаруы

Е) Әскери және азаматтық басқарудың генерал-губернатор қолына шоғырлануы

24. Қай облыста басқару билігі ақсақалдарға берілді?

А) Орал В) Торғай С) Сырдария D) Омбы Е) Орынбор

25. Уезд бастығын тағайындаған басшы:

А) Патша В) Генерал-губернатор С) Әкім

D) Генерал Е) Халық


Күні: 09.02.16

Пәні: Қазақстан тарихы

Сыныбы:8


Сабақтың тақырыбы:

1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы әкімшілік реформалар

Сабақтың мақсаты:

Б: Реформаны әзірлеудің түпкі мәні неде және 1867-68 жылғы

реформаның Қазақстан жеріне тигізген ықпалын түсіндіру

Д: Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан-

жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу

дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету,

сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Т:Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру,тарихи оқиғаларды объективті жағынан қарауға тәрбиелеу,Отанымыздың тарихын қастерлеп,бағалай білу, имандылыққа тәрбиелеу

Сілтеме

Ж.Қасымбаев, З.Қабылдинов, А.Қайыпбаев 8 сынып оқулығы


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

Болжам ағашы, ұяшықтағы сұрақтар, бағалау терезесі, топтық жұмыс, тест тапсырмасы, картамен жұмыс, сәйкестендіру кестесі,тариха диктант


Оқушылар үшін оқу нәтижелері

1.білу Реформаның 1. Қазақстанда реформа жүргізудің себептері және барысы.Реформалардың басталуы.


2.түсіну.Басқарудың ерекшіліктері. Реформаның отаршылдық сипаты.


3. қолдану. Картамен жұмыс. Реформаның жағымсыз жақтары мен реформаның жағымды жақтары кесте толтырады


Көрнекілігі.

Карта, интерактивті тақта, қима қағаздар, кесте, тест сұрақтары,стикер


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезіңі 1 мин

Оқушылармен сәлемдесу.түгендеу

Оқушыл

Психологиялық ахуал 2 мин

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың сәтті өтуіне тілек білдірі.

Оқушылар зейіндерін сабаққа аударады, бір-біріне күлімсіреп сәттілік тілейді

Үй тапсырмасын тексеру:


Миға шабуыл 10 мин












Жаңа сабаққа дайындық.Болжау ағашы 2 мин

«Білім» биржасының акцияларын сатып алу.

1.«Жасырын сұрақ » акциясы. 5 ұпай (тақтадан ұяшықтарды көрсету)

1.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ әдебиетіне қандай екі идеялық ағым болды?

2. Махамбет Өтемісұлы кім болды?

3. Шернияз, Шөже, Сүйінбай ақындарының өнері қандай болды?

4. Қазақ халқының тұрмысында музыка қандай орын алды?

5. Материалдық мәдениет дегеніміз не?

6. Қазақтар күн мен түннің теңелуінде қандай мерекені атап өткен?

7. Асар дегеніміз не?



Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын жариялайды.Тақарап «1867-1869 жылдардағы Қазақстандағы реформалар» Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ, біз бүгін сабақта қандай жаңа білім алуымыз мүмкін?

Оқушылар берілген тапсырманы орындау үшін тақтадағы ұяшықтарды таңдайды. Ұпай жинайды












Оқушылар алдарында тұрған алманың стикеріне бүгінгі сабақта қандай жаңа білім алулары мүмкін екеніне болжам жазып,оқып алма ағашына іледі.


Жаңа сабақты түсіндіру. (10мин)

Мұғалім интерактивті тақтаны пайдалана отырып жаңа тақырыпты екіге бөліп қарастырып түсіндіреді. 1. Реформаны дайындау.

2.Реформаның мазмұны, мәні

Оқушылар мұқият тыңдайды

Топтастыру әдісі 1мин

Түрлі-түсті стикерлер арқылы оқушыларды екі топқа бөлу

2 топқа бөлінеді

Тапсырма орындау.

5 мин

1 топ- Реформаның жағымсыз жақтары:

1. Қоғамның қайшылықтарын шеше алмады;

2. Реформа арқылы отарлық басқару, билік нығайтылды;

3. Халықты бағынышты жағдайда ұстайтын, үстем таптың саясатын бұлжытпай орындайтын әскери әміршілер Қазақстанда да өз күшіне енді;

4. Реформалар Қазақстанды Ресейге қосып алу үрдісінің толық аяқталғанын көрсетті;

5. Қазақстанның кең байтақ жері Ресейдің мемлекеттік меншігіне өтті;

6. Патша үкіметі енді қазақтардың құнарлы жерлерін кез - келген сылтаумен тартып ала беретін болды;

7. Қазақтарға болыс және ауыл старшыны деген ең төменгі дәрежедегі қызметтер ғана тиді;

8. Патша өкіметінің Қазақстанның табиғи бай ресурстарын оңды - солды емін - еркін пайдалануы бұл өлкені Ресей экономикасының қосалқы арзан шикізат көзіне айналдырды.

2 топ- Реформаның жағымды жақтары:

- Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуында белді орын алды;

- Өлкенің табиғи байлықтарын игеруге қолайлы жағдайлар қалыптасты;

- Әлеуметтік, шаруашылық өмірге капиталистік құбылыстар ене бастады;

- Көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақтардың да күнделікті өмірі өзгеріске түсті;

- Кедейленген қазақтардың қалаларға, алғашқы өндіріс орындарына шоғырлануы.


Топ мүшелері ақылдаса отырып берілген тапсырмаға байланысты реформаның жағымсыз жақтары мен жағымды жақтарын анықтап алдарында тұрған стикерге жазып тақтаға іледі.

Бағалау

басбармақ әдісі

Оқушылар басбармақ арқылы бірін-бірі бағалайды

Мағынаны таны

10 мин

1-тапсырма «Сәйкестендіру кестесі»





2-тапсырма «Тарихи диктант» көп нүктенің орнын толтыру.


Топ мүшелері алдарына берілген тапсырманы орындайды.Тақтаға іліп оны қорғайды.


Оқушылар топ болып берілген мәтіндегі жоқ сөзді тауып толтырады.

Бағалау

Жұлдызша арқылы бағалау

Жақсы жауап берегендерге жұлдызша тапсыру

Қорытындылау

7 мин

1.Сабақты «Ішіне, сыртына» ойыны арқылы қорытындылау. Бүгінгі тақырыпқа байланысты сөздерді ішіне, қатысы жоқты сыртына жазғызу.Ауызша оқылады.


Ішіне

Сыртына

Ш. Уәлиханов, статс-хатшы,1822ж, Батыс Сібір, реформа, болыс

II Александар, саты т.б

1870ж, Пушкин, Бикей и Мәулен, Кейкі, Бородино т.б


2. Тест жұмысы

Әр бір оқушы өзі үшін ұпай жинайды.Қолдарындағы стикелерін көтеріп сол бойынша жауап береді.Әр сөзді неге сол бөлімге жазғанын дәлелдейді.






Тестті белгілеп интерактивті тақтадан дұрыс жауабын тексереді.

Бағалау 1мин

Оқушылардың алған білімдерін бағалалайды.

Оқушылар сабақ барысында алған жұлдызшаларын бағалау парағына жапсыру арқылы өзін-өзі бағалайды.

Үйге тапсырма

§24 оқуға

Үй тапсырмасын жазып алады.







Кері байланыс

Тақтаға смайликтер ілінеді «Ұнады, ұнаған жоқ»

Екі жұлдыз, бір тілектерін тақтаға жапсырады.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-420163
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>