Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / "Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда, таным-білім арттыруда мнемотехниканы қолдану" (әдістемелік құрал)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

"Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда, таным-білім арттыруда мнемотехниканы қолдану" (әдістемелік құрал)

библиотека
материалов

hello_html_m5cf749f6.gifhello_html_m43e0d980.gifhello_html_7315b68f.gifhello_html_m42acadb7.gifhello_html_30e1a61c.gifhello_html_m22d786dc.gifhello_html_m4d62c3d4.gifhello_html_5098b328.gifhello_html_224018db.gifhello_html_m70972807.gifhello_html_m7ded253.gifhello_html_m5021f8f3.gifhello_html_m730dc6e0.gifhello_html_16d42fba.gifhello_html_4ec9c561.gifhello_html_607c255b.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_m6577e0e1.gifhello_html_3cc0505c.gifhello_html_m37ec2908.gifhello_html_ma9f61e6.gifhello_html_m37ec2908.gifhello_html_5c015747.gifhello_html_m39356d.gifhello_html_12dbee62.gifhello_html_m39356d.gifhello_html_5c015747.gifhello_html_5c015747.gifhello_html_5c015747.gifhello_html_2bcb077e.gifhello_html_m1248ddcd.gifhello_html_79451ad0.gifhello_html_7ecf1f1c.gifhello_html_m7dd68bbd.gifhello_html_m7dd68bbd.gifhello_html_192259c5.gifhello_html_m7dd68bbd.gifhello_html_m2e620710.gifhello_html_m695a8987.gifhello_html_m4ec0c3ac.gifhello_html_45a5c192.gifhello_html_m3164f97d.gifhello_html_1784dd80.gifhello_html_m799e2a33.gifhello_html_1d35cfd4.gifhello_html_20f1808f.gifhello_html_m67dfbcf8.gifhello_html_6ecda3fb.gifhello_html_3ff00ba6.gifhello_html_30cfd8f1.gifhello_html_552138bf.gifhello_html_552138bf.gifhello_html_b896d8f.gifhello_html_m774e12ed.gif





Балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытуда, таным – білім арттыруда мнемотехниканы қолдану

(әдістемелік құрал)



G:\DCIM\100PHOTO\SAM_0307.JPG





Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

С.Торайғыров.


Тәрбие-баланың дүниеге келген кезеңінен басталады. Мектеп жасына дейінгі балаға тәрбие беріп,ертеңгі еліміздің жан-жақты ұрпағы етіп тәрбиелеу барлық ұстаздың міндеті. Егеменді алған еліміз енді аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда мектепалды балалары өзінің елін, тілін, туған халқын,салт-дәстүрін сыйлайтын ұрпағы етіп, өсіру үшін балаға алдымен өз ана тілінде таза, айқын сөйлеуге үйрету керек.

Мектепалды балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:

  • Балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.

  • Грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Сөзді дыбысталу жағынан дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

  • Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес,сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.

Жаңа сөздерді көпке дейін есте сақтауға үйретуде төмендегідей жұмыстар жүргізілуі керек, сонда балалардың сабаққа деген қызығушылығы артып,баланыстыра сөйлеуі қалыптасады,құлшынысы жоғарылайды:

  • Жаңа сөздер жайлы мағлұмат беру.

  • Хормен қайталату.

  • Сол сөздерді қолданып, сурет, тірек - сызба арқылы әңгімелету.

  • Затты көру,бақылау.

  • Карточкалармен жұмыс жасау.

  • Тәрбиеші көздеген мақсаттарға жету үшін мынадай талаптарға сүйену керек:

  • Ұстаз сабақ кезінде шешілетін мәселелерді, оқу міндеттерін, мақсатты анық қоя білу.

  • Шығарманы мәнерлеп жатқа айтып, есте қалу үшін сызбалар қолдану.

  • Шығармадағы әрбір дыбысты дұрыс айту керек, сөз тіркестерін анықтап түсіндіру.

Ғасырлар бойы халқымыз ұрпағын ізгілікке, өз елін сүюге баулып келеді. Бұл берік қалыптасқан дәстүрді ұлттық тәрбиенің өзегі, діңгегі десе де болады. «Атаңның ұлы болма, адамның ұлы бол» - деп, адамның ұлы болу үшін кісіге нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек керектігін ұлы Абай атамыз да өсиет етті. Ең алдымен ұлтжандылық, отансүйгіштік ұғымдары сол заманның ақиқаты наным-сенімнен туындайды. Жалпы «Патриотизм» деген сөз ерекше «патриотес» – отандас, «патрис» - Отан, туған жер деген сөзден шыққан. Отанға деген сүйіспеншілік,бойындағы күш-қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау.Туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрметтеу сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастаған. Ол көздің қарашығындай сақтап келген жерді қорғау, елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлау ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеуіне үлес қосу. Қазақстанды мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады. Әсіресе көркем әдебиет арқылы балаларды сөз өнеріне баули отырып, Қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеуді мақсат етеді.

  • Ана тіліне деген сүйіспеншілік, туған тілін білу, өз ана тілінде сөйлеу және оқу, ана тіліндегі көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын тудыру.

  • Туған елге деген сүйіспеншілік.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл өзіні-өзі сенімді азамат етіп жас ұрпақты тәрбиелеу әрбір ұстаздың алға қойған басты міндеті. Балабақша өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып,рухани дүниесін ашуына себеп болады.Тәрбиенің сан-салалы, күрделі мәселелеріне терең бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы-балабақша болып табылады. Халқымыз әрқашанда ұстаздың мәртебесін көтеріп, аса жоғары бағалап отырған.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», - деп Абай атамыз бекер айтпаған. «Шәкірті кімге жақын тұрса, сол адамнан үлгі алады»,- деген Абай атамыз. Бала ертеңіміздің-болашағы. Ендеше, баланы кішкентайынан бастап тәрбиелеу бастаса нұр үстіне болар еді. Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіріп, жаңа технологияларды меңгеріп, жалпы бүлдіршіндердің дамуын қамтамасыз ету керек.Ұстаздың міндеті-іздену, жаңа технологияларды қолданып, әрбір сабақты қызықты өткізу. «Ұйымдастыру» әдіс-тәсілдерін түрлендіріп қолдану үшін ұстаздың шеберлігі қажет. Міне, сондықтан да, адал да парасатты, мейірімді, жан-жақты ұстаз болу керек.

Технология-білім мазмұнын жүзеге асыратын әдіс-тәсілдер жүйесі. Ол «шеберлік, іскерлік» деген мағынаны білдіреді. Дамыта оқытудың көздейтін мақсаты-әдеби-ғылыми негізде балаларға дүние туралы түсінік беру технологиясын пайдалану балалардың жалпы дамуын,шығармашылығын дамытады. Дүниетануға деген көзқарасының қалыптасуын, ойлауын, сөйлеуін қамтамасыз етеді.Ұстаз бір бағытты ұстануы керек. Балалардың тіл дамытуға деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу белсенділігін дамыту, өтілетін тақырыпқа байланысты өз бетінше мазмұндауға үйрету.

К.Д.Ушинский: «Балаға таныс емес бес сөзді үйретсең-бекер қиналады, ал,егерде сурет арқылы үйретсең-бәрін тез ұғып алады»-деген.

Озық технологияларды қолдану қазіргі кезде әрбір ұстаздың міндеті. Жас ұрпақтың өз ана тіліне деген қызығушылығы, жағымды көзқарасы қалыптасады. Мектепке дейінгі балалардың дүниетанымы, санасы, зердесі, тілінің дамуына қазіргі білім беру саласындағы озық технологияларды меңгерген ұстаз болуы шарт.

«Ұстаздың жан-жақты дамуына, кәсіптік, интеллектуалдық, адамгершілік сияқты қасиеттерінің дамуына көмектеседі», -деп Селевко айтқандай, баланың тілін дамыту, сөздік қорын молайту күнделікті өмірде тығыз байланыстыру баланың тілінің таза, көру, есту, тыңдау, қайталау, жаттау қабілеттері жетіледі. Балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолданған дұрыс.

«Мнемотехника» -бұл әдіс-тәсілдер жүйесі, табиғаттың құбылыстары жайлы, қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту. Кез-келген әдіс-тәсілдер сияқты мнемотехника әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады. Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн. Содан кейін-мнемоалаша, ал содан соң, мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.

«Мнемосызбалар»-бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері, басқа да іс-әрекеттер. Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес, басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі. Шығарма баланың жас ерекшілігіне сай болуы керек. Бала сонда тез ұғады, ертегі желісін жылдам айтып береді. Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады. Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қоймай, көру, есту, зерттеу зейінін де дамытады қалыптасады. Бала көз алдындағы суретті елестеді де, содан соң естеріне түсіреді.Т.В.Большева-коллаж, Л.И.Ефименко-ертегі құру сызбасын құрған. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауды жеңілдету. Суреттік-графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Баланың тіліне жеңіл, шағын шығарма балалардың тілін дамытады, байланыстыра сөйлеу тілін арттырады. Әңгімені түсініп алуға,көпке дейін есте сақтауға көмектеседі. Ойын толық жеткізуге, ауызекі сөйлеуге үйренеді. Жаңа әңгімені үйреткенде алдымен ұстаз көркем шығармада кездесетін жаңа сөздерге талдау жасап алады.

Осындай сызба-үлгілер арқылы балалардың тілдері ғана емес, шығармашылығы да дамиды. Дүниетанымы, зердесі, сөзге деген қызығушылығы артады. Әңгіме құруға үйренеді, әңгімені ретімен әңгімелеуге, лексика- грамматикалық әңгімелеуге үйренеді. Сызба-үлгіні қолдану мәтінді есте сақтау үрдісін жеделдетеді, есте сақтау, әдіс-тәсілдерді меңгеруін қалыптастырады. Бұл әрекетте есте сақтау қабілеті ғана емес, көру анализаторы да дамиды. Көркем шығармамен таныстырғанда мнемотехниканы қолданамын. Балалармен бірге мәтін бойынша әңгімелесеміз, суреттерді қараймыз, сызбалардың біртінділіктерін зерттейміз. Ересек, даярлық топтарда сызбаның керекті элементтерін таңдайды, бірліктерін орналастыру, әдеби шығармаларды әңгімелеп беру үшін қажет. Бастапқы бөлімде балаларға дайын сызбаларды көрсету керек, одан әрі әртүрлі жағжаяттарын талқылайды. Баланың біртіндеп шығармашылы артады. Дамыту сабақтарда мнемосызбаларды қолдану, ертегі желісін негізгі принциптері бойынша символикалық бейнелерге қарап құру.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0329.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0330.jpg


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0331.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0332.jpg

Мнемотехниканы қолданғанда балалардың тілі ғана дамып қоймай, сонымен қатар, қоршаған ортаны танып білуде түсініктері қалыптасады. Айналамен таныстыру сабағында балалардың қоршаған ортаға деген жағымды көзқарасы қалыптасады, белгілі бір нысанды зерттеп отырып, тірі, өлі табиғатпен танысады. Балалар сабақта тәжірибе жасайды, анализ шығарады, сөздік қоры артады.

Сызба-үлгілерді қолдана отырып, балалар топырақты, суды, ауаны, күнді т.б.зерттейді. Мысалы, ауа-көзге көрінбейді, түссіз, пішіні жоқ, серіппелі т.с.с. Осылайша барлық өлі табиғатты осылай өзіне тән сапасын,қасиетін сипаттап шығады. Сызба арқылы бала қарап отырып, затты зерттейді, сол зат жайлы баяндап береді.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0384.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0385.jpg


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0386.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0387.jpg


Жұмыста көрнекі-құралдарды қолдана отырып,балаларға не үйретеміз:

  • Ақпаратты қолдану, зерттеу, салыстыру, ақыл іс - әрекеттік жоспарды іштей нақты құру, тілдік сөйлеу.

  • Зейінінің дамуы,ойлау қабілеттерінің қалыптасуы.

Сызба-тіректі әңгімелеудің жоспары ретінде қолдануға болады.Сипаттау әңгімелері сабақтың басында және аяғында құрылады. Алынған білімді балалармен бірлесіп жинақтауға болады. Жұмыста көрнекі сызбаларды қолдана отырып, біз ақпаратты қабылдауға, зерттеп, салыстыруға, ақыл іс-әрекеттік жоспарды іштей нақты құруға,тілдік сөйлеуге үйретеміз. Балалар талқылауға, оны бекітуге машықтанады. Сызбаны қолдану сөздік емес үрдістердің дамуына жағымды әсерін тигізеді: бала жаңа материалды меңгере отырып, өз бетімен оқуға, шыдамдылыққа үйренеді, өз ісінің жоспарын қабылдайды. Оның жауапкершілігі артады, қызығушылық сезімі оянады,өз еңбегіне деген қанағат сезімі артады. Сызба-тірекпен жұмысты кемшілігін жою мақсатында да, бүкіл топпен жұмыста да қолдана береді.

Мнемотехниканы қолданғанда балалардың шығармашылығы дамиды, бала іс-әрекетін белгілі бір мақсатқа жүйелейді, жаңа тақырыпты тез меңгереді. Мнемотехниканы қолданғанда балаларды тек қана көркем шығармамен таныстырып қана қоймай, сонымен қатар, лексикалық тақырыптармен де таныстыруға болады.

Мысалы: тағамдар, киімдер, балықтар, өсімдіктер, үй құстары т. б.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0369.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0370.jpg


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0371.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0372.jpg


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0368.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0367.jpg

Өсімдікті зерттегенде-оның қандай екенін,ол өсімдікті қандай күйде қолданады, жалпы, өсімдіктің қандай түріне жататынын балалар сипаттайды. Ересек топтарда өсімдіктің қайда өсетінін, яғни жер астында ма, жер бетінде ме бұтада ма т.с.с. тереңдете зерттейді.

Сонымен қатар, бұл әдістемеде мамандықпен таныстырғанда алдымен алдын-ала жұмыстар жүргізіледі, дидактикалық ойындар ойналады. Мысалы: «Сөйлемді аяқта» ойынында тәриеші мынадай сұрақтар қояды: Мұғалім балаларды оқытады, ал, дәрігер ше, құрылысшы үй салады, ал, балықшы ше, осы сияқты ұстаз балаларды жетекші сұрақтармен алға жетелейді. Бала алдымен ойланады,содан кейін жауап береді. «Кім не істейді?» деген ойында тәрбиеші жұмбақ қою арқылы балаларды ойланып жауап беруін ұсынады. Тәрбиеші: «Өзі ауыратын адамның жанында отырады, ауырған адамға тамшы береді, ақ халат киіп жүреді. Ол кім?»


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0393.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0392.jpg



C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0396.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0395.jpg


Балаларды мамандықпен таныстыруда мынадай мақсаттар көзделеді:

  • Балалардың сөздік қорын молайту,

  • Мамандықтардың атқаратын еңбектері жайлы білімін кеңейту,

  • Сөз біліміне үйрету,сурет бойынша қысқа әңгіме құрауын бекіту, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.

Балаларды мамандықтармен таныстыруда мынадай терезелер бар:

- Бұл кім?

- Ол қайда жұмыс істейді?

- Оған не керек?

- Адамға пайдасы.

Балалар осы тапсырмалар бойынша оңай әңгімелеп береді. Осылайша басқа мамандықтарға да сызба - тірек қолданылады.

Тәжірибелі ұстаздардың тәжірибесіне сүйене отырып, төрт жыл мезгілдерін мнемосызбалар арқылы әңгімелеуге болады.

Т.М.Бондаренко, В.К.Воробьева, Т.А.Ткаченко ұсынған балаларды төрт жыл мезгілдерінің өзгеруі жайлы сызба-тіректер жыл мезгілдері жайлы ұғымын кеңейтіп, білімдерін жүйелейді. Бірақ сызбалар дәлме-дәл сәйкес келе бермейді. Жыл мезгілдерімен таныстырғанда балалардың жас ерекшелігі ескеріледі.

Балалар осы сызбаларға сүйене отырып, төрт жыл мезгілдерінің атауын, өзіне тән ерекшеліктерін дәлме- дәл ажыратып, ретімен әңгімелеп береді.

Анықталған белгілерін біртіндеп құру, балалардың сөздік қорын молайтады. Міне, сондықтан да біз оларды толықтырамыз. Балалармен бірлесе отырып, қосқан ұсыныстарымызды блоктар бойынша қолданамын. Мерзім-жыл мезгілі сияқты балалардың табиғат туралы қарапайым түсінігін қалыптастыруда дайындық этапы болып табылады. Ұсынылып отырған мнемосызбалар балалардың төт жыл мезгілі жайлы білімдерін кеңейтіп, табиғат құбылыстары жайлы түсініктерін дамытады, табиғат заңдылықтарын талқылауға көмектеседі. Сызбалар арқылы әрбір жыл мезгілдерінің мінез-құлқымен жақын танысады. Кіші топтарда дайындық этапы түрінде өтеді. Ал, ересек, даярлық топтарда біршама күрделенеді. Мысалы, сәбилер тобында қыс мезгілімен таныстырғанда - сызба тек қана төрт терезеден тұрады. Қыста қар жауады. Қар көп жауады. Балалар аққала жасайды. Шаңғы тебеді. Ересек, даярлық топтарда көктемнің үш кезі, күздің үш кезі алынады. Басқа жыл мезгілдерін де сызба түрінде кеңінен сипаттап шығады.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0378.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0377.jpg

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0379.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0380.jpg

Бұл сызбалар әдістемелік құралда анық көрсетілген. Мұнда балалар тек жыл мезгілдерін әңгімелеп қоймай, монологтық сөйлеу тілі қалыптасады, табиғат жайлы,олардың өзгеру заңдылықтары жайлы ұғымдары артады,сөздік қоры молаяды, әрбір жыл мезгіліне деген жағымды көзқарасы қалыптасады.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0381.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0382.jpg

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0375.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0374.jpg



Басқалары сияқты жыл мезгілдерімен таныстырғанда алдын-ала жұмыстар жүргізіледі. Жыл мезгілдеріне байланысты жұмбақтар, болжамдар,әңгімелер айтылып,суретті альбомдар қаралады т.с.с.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0356.jpg C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0362.jpg

Мысалы, «Қараторғайды көрсең-көктем келді», - деген тақырыпты өтпес бұрын құстар жайлы материалдар жиналып,жалпы құстарға байланысты қажетті мағлұматтар көптеп жинақталуы тиіс. Суреттер символ-белгілер және олардың саны сызба-үлгіде әңгіменің мазмұнына байланысты өзгеріп отырады. Табиғат құбылыстарын тек символдармен ғана емес, сөздермен де белгілеуге болады. Егерде бала өз бетімен оқып, жаза алмаса, белгі-символдармен толтырады. Мектепалды топтарында қараторғайды сипаттау мәтініне күрделі сызба бейнеленген, болжамдар,қараторғай жайлы көптеген мәліметтер жинақталған. «қ»-деген қараторғай деген сөз, одан әрі қарай ол әріпті жағалай бірнеше дөңгелекшелер бар. Ол дөңгелекшелердегі символдар арқылы қараторғай құсына толық сипаттама берілген.Сипаттама әңгіме күрделене түскен, бірақ, балаларға қиын емес. Себебі, мнемосызбамен реттілікті сақтай отырып әңгімелесе,балаға қиыншылық тудырмайды, бала зерікпейді, керісінше қызығушылығы артады. Мысалы, даярлық тобында «Тиін» суретін әңгімелегенде де осы сияқты сызбаны қолданады.

Қазақ халқы жыл мезгілдерінің келуін ерекше атаған. Мысалы, «жазды-келеді, қыс түседі, көктем шығады, күз келеді,» -деп айтқан. Осы орайда «Жыл мезгілдері» атты дидактикалық ойында көрсеттім. Өз тәжірибемде халық ауыз әдебиетін кеңінен қолданамын. Белгілі жазушы С.Мұқанов: «Қазақ халқының халық ауыз әдебиеті-асыл қазынасы, оның асылдарын даралап, ұрпақ қажетіне жарату керек,» - деген болатын. Ұлы ғұлама халық ауыз әдебиетін зерттеп, мақал-мәтел мәнін ашып берген. Мақал-мәтелдерді балалардың жасына сай қолдану керек. Мысалы, тақырып өнер туралы болғанда - өнерлінің өрісі кең, тақырып «нан» туралы болғанда- «нан ас атасы»,- деп айтқан.

«Жаңылтпаштар» - халық шығармашылығының керемет жанры. Қысқа рифмдік фразалар дыбыстарды құруға, айтылуы күрделі, тілді дамытуға арналған тамаша құрал. Жаңылтпаштар дыбыстық аппараттардың дұрыс айтылуына көмектеседі. Дикцияның дұрыс қойылу қабілетін дамытады, тілдік естуін, сөздік қорын молайтады. Жаңылтпашпен жұмыс істегенде оны түсініп қана қоймай, есте сақтау керек. Мнемотехниканы қолдану мақсатында, жеңіл есте сақтау және есте сақтау қабілетінің дамуы қосымша ассоциация білімі жолында жүзеге асады. Жаңылтпаштар мазмұны заттар мен іс - әрекеттердің қарапайым сызбалық бейнелерінің көмегімен іске асады. Аталмыш сызба - тірек арқылы графикалық аналогия мен заттың немесе іс-әрекеттің нағыз бейнесі есте сақтаудың тірегі болып табылады. Жаңылтпашпен таныстыруда тәрбиеші бос кестені есте сақтайды. Әрі қарай бала өзі жаңылтпаш мәтінін мнемосызбаға сүйене отырып, айтады:

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0308.jpg

Жұмыстың келесі бөлімінде қиылған бөлек - бөлек жолақшалардың кестесі. Оны бала өздігімен айтып шығады.

Пиктограммамен жұмыс түрі әртүрлі болады. Мысалы, жаңылтпаштың суретін салу, жаңылтпашты әртүрлі сарынмен айту, жоғары дауыспен, баяу дауыспен, тілдің өзгеру сарынымен, жаңылтпашты оңнан солға қарай айту, фразаларды қайта құру. Берілген әдісті құру коррекциялық үрдістің белсенділігін дамытып, ассоциятивтік ойлау қабілетін арттырады. Графикалық мнемосызбаны жасау балаларға жеңіл болу керек. Бейнеленген жаңылтпаштар балалардың ұсақ саусақ қимылын дамытады, қызығушылығын арттырады, айтылған дыбыстарды бірнеше рет қайталауға мүмкіндік береді. Сөздерді, фразаларды,қойылған дыбыстардың үрдісін жеделдетеді. Жаңылтпаш жаттау арқылы балалардың тілдері ширап, дыбыстарды анық, айқын айтуы қалыптасады. Тіл дамыту, көркем әдебиет сабақтарында жаңылтпаштарды жаттауда мнемотехника көмекке келеді. Мысалы:

Жаңылтпаш

Ара, ара, аралар,

Орман ішін аралар.

Жаңылтпаш

қарға- қарға, қарғалар,

Қар үстінде жорғалар.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0314.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0313.jpg


Жағажай, жағажай, Үйір- үйір үйректі- үйірге кім үйретті?

Жағажайда Қамажай. Үйір- үйір үйректі -үйірге өзім үйреттім.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0311.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0312.jpg

Осылайша басқа да тақпақтар жатталады.

Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі-болжамдар. Қазақ халқы ауа-райын алдын-ала болжап отырған. Табиғат құбылыстарын болжауды күнделікті балалармен жүргізу керек.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0338.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0339.jpg

Мұндағы көзделетін мақсат - табиғат құбылыстарын тек болжап қана қоймай, оларды сызба арқылы жаттату. Мнемосызбаны қолдана отырып, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту. Мысалы, ерте көктемде қарға су ішсе - күн жылынады.Тауық биікте қонақтаса - күн бұзылады. Бал аралары топтасып ұшса-күн ашық болады. Бұл болжамдарды құрғақ сөзбен жаттатып қана қоймай, тірек түрінде үйретсе-балаларға түсінікті болады, балалардың оны жаттауға деген қызығушылығы артады, болжамды тез жаттап алады.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0319.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0321.jpg


«Оқу құралдарының мінезі - мектеп мінезінің айнасы», - деп атақты педагог, психолог, ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, біздің берер біліміміз, тәрбие жолына пайдаланатын әдістемелер мәнді, жұмыр болуы керек. Балаға тән білім баланың ақылына лайықталып, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық, іскерлігін дамытарлықтай, бастаған іcтің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.


Торғай, торғай торғайсың Ой, балалар, балалар

Таяу келіп қонғайсың, Қоңырқай күз болыпты.

Жем шашайын тойып ал, Қурап жапырақ солыпты.

Сонда аязға тоңбайсың Ел егінін орыпты.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0408.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0316.jpg

Олай болса ойынды балаға қай сәттерде, не мақсатпен пайдаланатынымызға тоқталып өтейік. Балалардың ой - өрісін дамытатын «санамақ» ойыны. Оның басты ерекшелігі - баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Баланың ой - өрісін дамыту әрбір ұстаздың міндеті. Санамақтар баланың сөздік қорын молайтады, түрлі дағды мен шеберлікті меңгеруге көмектеседі. Қиындықты жеңуге, шыдамдылыққа баулиды.


Ей, балалар, балалар, Мені жақсы көреді,

Нан қоқымын шашпаңдар. Күдей күліп келеді,

Жерде жатса баспаңдар Көп ертегі біледі,

Теріп алып қастерлеп, Маған айтып береді.

Торғайларға тастаңдар

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0325.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0322.jpg


Халық ауыз әдебиетінің тағы бір түрі-өтірік өлеңдер. Мен өз тәжірибемде өтірік өлеңдерді көп қолданам. Балалар өтірік өлеңдерді жаттай отырып, ойлайды, қиялдайды, ненің дұрыс, ненің дұрыс емес екенін ойлап отырып, саралайды, тілдері дамып, байланыстыра сөйлеуі қалыптасады.

Мен бұл әдістемемде өлең,тақпақтардың сызбасын алдым. Сызбалар әр түрлі топтың балаларына арнап дайындалған. Балалар өлең,тақпақты жаттағанды өте жақсы көреді. Тыңдағанды,әңгімелегенді ұнатады. Бірақ, барлығы тез ұғып алмайды: кейбіреуінде қиыншылықтар туындайды, тез шаршайды. Балалардың өлең, тақпақ жаттауға деген қызығушылығын арттыру үшін, мектепке дейінгі балалардың көрнекі - бейнелік кеңістігін бағдарлауға арналған мнемотехника тәсілдерін қолданамыз. Мнемосызбада кейіпкерлердің сызбалық бейнелері салынған, табиғат құбылыстары, кейбір іс-әрекеттер, яғни,керек деп саналатын жайттар бейнеленеді. Сызба-суретке қарасаңыз бәрі қарапайым, түсінікті. Жаңа тақпақты үйренгенде де алдымен шығармада кездесетін жаңа сөздер талқыланады.

Көкте құсша самғадым, Алдым жұлдыз есебін

Көрдім әлем жан – жағын. Айға кілем төседім.

Қырық көлдің суына, Найзағайды қамшы етіп,

Шөлдегенде қанбадым. Бұлттан арқан есемін.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0335.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0334.jpg


Тәжірибе көрсеткендей, тақпақты әртүрлі сарында,әртүрлі әуезде жаттауға болады. Мысалы: тәрбиешінің қолында әртүрлі заттар бейнеленген белгілер бар. Тәрбиеші қоңыраудың суретін көрсеткенде - балалар тақпақты көңілді айтады, ал, тасбақаның суретін көрсеткенде - балалар баяу айтады. Осылайша, балалар көрсетілген белгілерге қарай отырып, тақпақты қайталайды. Балалар логикалық біртінділік символдық бейнелер арқылы тез жаттап алады. Әдістемеде өлең,тақпақтар әртүрлі тақырыпты қамтыған. Лексикалық тақырыптарды мәтіндерді сызба түрінде үйретемін. Мысалы: «Қоян», «Түлкі» т.б.

Қоян - үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Оның төрт сирағы бар. Терісі қалың. Қыста ақ түсті, күзде сұр тусті болып өзгертеді. Қоян көжектерін сүтпен қоректендіреді. Ол қатқабат, сәбіз, жейді.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0364.jpg

Түлкі - үй жануары емес, жабайы аң. Ол орманда тұрады. Денесі – сопақша, басы домалақ. Төрт сирағы бар. Оның терісі колың. Құйрығы – үлкен. Түлкішектерін сүтпен қоректендіреді. Ол қоян, тышқан, тауық жейді.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0410.jpg


Сондай - ақ, тиым сөздерді, әңгімелерді мнемосызбалар түрінде үйретемін, ұсынып отырмын. Қазақтың алғашқы ұстазы - Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап көптеген әңгімелер жазған. Ол балаларды еңбекке, адамгершілікке, достыққа, қарапайымдылыққа шақырған. Мысалы, «Мақтақыз бен мысық» ертегісі, «Бір уыс шие» әңгімесі, «Асыл шөп», «Қарлығаш, өрмекші, құмырсқа», «Қисық ағаш» т. б. Сол әңгімелерді мен жұмысымда қолданып, тірек - сызбаларын жасадым.

Мнемотехника тәсілі балаларға өте тиімді, есте сақтау қабілетін дамытып қана қоймай, балалардың көркем шығармаға деген қызығушылық сезімін арттырады, оқиға желісін оңай әңгімелеп беруге көмектеседі. Сонымен қатар, қазақ ертегілерін де мнемосызба түрінде қолдауға болады. Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл», «Биші ешкі», «Ауырған арыстан», «Кім күшті» т. с. с.

Көркем шығармамен балаларды таныстырмас бұрын онда кездесетін жаңа сөздерді талдау керек. Сол шығармада кездесетін кейіпкерлердің символикалық бейнелерін қарап, талқылау керек. Тәрбиешіде тақтада сол ертегі мазмұнына байланысты сызба бейнеленген. Баламен ертегіні таныстырып, оқып шыққан соң, тәрбиеші балаға мынадай тапсырма береді: «Ойықша терезе арқылы мен айтқан жердегі ертегі бөлігін осы ойықша терезе арқылы көрсетіп, әңгімелеп бер». Бұл жерде техникалық құралдарды қолдануға болады. Шығарманы әңгімелеуде оқиға желісінің бейнесін бірнеше бөліктерге бөліп, балаларға құратуға болады. Тапсырманы екі, үш деңгейлі етіп беруге болады. Топпен, жұппен жұмыс түрінде беріледі. Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтағы адамдардың немесе кейіпкерлердің сөздерін мәнерлі жеткізуге икемделеді. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы тиіс. Серіктестері айтып отырған әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге әдеби кейіпкерін атымен атауға үйретіледі. Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты және дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге үйрету керек. Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде, тілдік метафора, теңеу, балама қолдануда сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу керек. Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырады.

Әңгімелеп беру - монологтық тілдің жеңіл түрі. Ол авторлық позицияны қолдайды. Онда дайын авторлық сюжет бар тілдік формалар мен әдіс-тәсілдер дайын. Бұл тілдің бейнелі, көркем болуына әсер етеді. Сәби топтарында балалар әңгіме құруды ұнатады. Балаларды ертегінің басын, ортасын,аяғын көре білуін қалыптастыру керек. Суреттерді қоюда, реттілікті сақтауға, мысалы: ұйықтайды - жаттығу жасайды, ұл бала тұрды-төсегін жинайды, балалар орманға барады, үйге себет толы саңырауқұлақпен келеді. Ол үшін мынадай ойындар ойнату керек: «Не істейді?» «Содан кейін не болды?» Мысалы: Сөз қос ойынында тәрбиеші іс – әрекеттің басын айтады, ал, бала жалғастырады. Қоян қорқып кетті де...жүгірді, тығылды. Қыз ренжіді де...кетті, жылады т.с.с. Мұндай ойындарда көбінесе дауыс ұрғағына көп көңіл бөлінеді. Бірлесе әңгімелеуді жоспарлауды тәрбиеші өз мойнына алады. Ол сызба бойынша сұрақтар қояды, ал, балалар әр түрлі мазмұнмен толықтырады. Өз бетінше әңгімелетіп үйретуде тәрбиеші мына таныс ертегілер мазмұны бойынша сахналатады. Мысалы: «Жеті лақ», «Маша мен аю», «Қоянның үйі» т.б. Тіл дамыту сабағында реттілік сақталады. Сонымен қатар,тілдік міндеттер жүзеге асады: дыбыстық мәдениеттілікке тәрбиеленеді, сөздік қоры молаяды,грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуі қалыптасады.

«Мнемотехника», «мнемоника» - бұл әртүрлі әдіс-тәсілдер жүйесі. Қосымша ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің өсуі және есте сақтауын жеңілдету. Суретті – графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет түрінде балалар мәтінді әңгімелеп береді. Әрбір белгіде бір мазмұн бар. Оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс - әрекеттері белгілі бір символдармен бейнеленеді. Мысалы: «Кейіпкер жол жүріп кетті. Ол қиыншылыққа тап болды, үйіне аман-есен сау оралды», - деп әңгіме аяқталады. Әрбір әңгіме ертегі желісіне байланысты белгілер қойылып отырылады.Ертегі желісін ойдан шығаруға болады. Мысалы: Жанұя ойынында тақтада жануарлар бейнесі тұр. Ал, балалардың алдында да сол бейнелер бар, бірақ, керісінше жатыр. Балаларға тапсырма беріледі. Пиктограммаға сүйене отырып, тәрбиеші көрсеткен сөзді ашу. Осы сияқты пиктограммаларды сабақтарда да қолдануға болады. 5-6 жастағы балалар қиялдағанды ұнатады, өздері ертегілер, мен әңгімелерді құруда сауатты түрде құру үшін не істеу керек. Балаларда әңгіме құруда оның құрылымы жайлы түсініктер пайда болады. Мысалы: басталуы, соңы, ортасы. Олар өз тілінде сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдана бастайды. Әңгіме құруда бірнеше кестелерді қолдануға болады. «Мен кіммін?» «Немен?» «Орны мен уақыты». «Не болды?» «Кім кездесті?» «Соңы» деген бөлімдерден тұрады. Әрі қарай бала өзі үстел үстінде суреттерді ретімен қояды Суреттер әңгімелеу жоспарында мазмұнды дұрыс беруге көмектеседі. Басынан аяғына дейін. Балалар әңгімелеуді ұнатады. Оны алдымен тыңдайды және әңгімелейді. Бірақ барлық балалар тез есіне сақтай алмайды. Міне, сондықтан да сіздерге үш карта - кестені ұсынып отырмын. Бұл кестелер балалардың ойлай отырып, ойша құрастырып, оқиғаны өздерінің ойдан құрастыруына арналып, құрылған. Кесте түрінде кейіпкерді бейнелеу, табиғат құбылыстарын, кейбір іс - әрекеттерді, яғни, қажет деп санаған іс - әрекеттерді бейнелеуге болады. Бұл кестелер балаға түсінікті, жас ерекшелігіне сай жасалынған. Балалардың логикалық біртінділік символдарын есіне сақтауға көмектеседі, әңгімелеу элементтерін үйренуге баулиды.

  • «Мен кіммін?» шаршысы. Қыздың беті бейнеленген.немесе ұл, әртүрлі кейіпкерлерді таңдау: сиқыршы,жалмауыз, хан, аңдар т.б.

  • « Немен?» шаршысы. Көліктердің суреттері сызба түрінде бейнеленген. Әртүрлі көліктер жинағын қолдану және сиқырлы көліктер:ұшатын кеме,ұшатын тәрелке, мыстан кемпір көлігі т. б.



C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0402.jpg C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0401.jpg

  • «Орны мен уақыты» шаршысы. Сызба түрінде ағаш бейнеленген, күннің көзі, қыз көк шалғында келе жатыр. Суреттерді таңдау керек: орман, теңіз, шаһар, ай, ертегі ауласы т.б.

  • «Не болды?» шаршысы.Сұрақ белгісі салынған, кейіпкерге не болған? Кімді кездестірді?



C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0400.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0398.jpg



  • «Кім көмектесті?» шаршысы. Сызба түрінде қоян,айна, гүл, көзілдірік т.б. Қажетті суреттерді таңдау:әртүрлі аңдар, жын, ақшақар, ұшатын кілем т. б.

  • «Соңы» шаршысы. Сызба түрінде күліп тұрған, жылап тұрған бейне, қажетті суреттерді таңдау: үйлену тойы, ата мен әже т.б. Таңдалып алынған шаршылар арқылы заттық және мазмұнды суреттерді қолдана отырып, балалар шығармашылық оқиғалар құрап үйренеді.



C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0399.jpg C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0397.jpg

Екінші, үшінші кесте-карта бойынша да балаларға тәрбиеші көмектесіп отырады. Тәрбиеші бірінші суреттен екінші суретке көшерде көмектесіп отырады, сөздік -байланыстармен мысалы: «содан кейін не болды?», «кенеттен», «ал, бұл кезде» ...т.с.с. Әрбір оқиғада баланың ойлап тапқан аты,мазмұны, басы, ортасы, аяғы болу керек. Сөйлем түрлерінің бірнеше түрлері және сөйлем дұрыс құрылуы керек. Баланы асықтырмау керек. Баланың талқылауын тыңдау керек. Баланың қатесін жұмсақ түзеп, қажетті ақпаратты айту және баланы мадақтап отыру керек. Осы карта - кестенің бірнеше түрлерін ұсынамын.

-1-түрі. (4-5 жастағы балалар үшін) Мақсаты: 1-ші карта-кестеге сүйене отырып,шығармашылық әңгіме құруға үйрету. Карта-кестенің үш суретін қолдану. Ойын үшін «Мен кіммін. Не болды.Соңы» шаршыларынан заттық, мазмұнды суреттер керек.

Ойын барысы: Бала үстел үстіне «Мен кіммін. Не болды. Соңы» суреттерін қажетті біртінділіктері бойынша қойып шығады, бұл суреттердің оқиғаның басы,ортасы, аяғы екенін түсіндіреді. Әрі қарай ұстаз бұл суреттерді басқа заттық және мазмұнды суреттерге ауыстыруға көмектеседі. Мысалы:бірінші сурет «Мен кіммін?» Қыздың суретін тауып алу. Екінші сурет- «Не болды?» Құстың суретін тауып алу.Үшінші сурет- «Соңы». Ата мен әженің суретін тауып алу.Суреттер әңгіменің өзіндік жоспары міндетін атқарады,мазмұнды басынан аяғына дейін тоқтамай айтып шығуға көмектеседі.Әрі қарай ұстаз қыз суретін көрсетіп,кейіпкер атын ойлап табуға ұсынады. Мынадай сұрақтар қояды: «Бұрын қыз қайда болды? Ол не істеді?»

Содан кейін ертегіні бастау үшін керекті сөздер мен тіркестерді еске түсіру керек. 3-ші карта-кесте. Бала тәрбиеші көмегімен немесе өзі ертегі басын ойлайды.Тәрбиеші «Торғай» деген суретті көрсетіп,балаға ертегі аяғын ойлауды ұсынады. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Қызға не болды? Ол нені көрді? Неге қыз торғайды ұстағысы келді? Неге ол жылап тұр?»

Бала өздігімен немесе ересектердің көмегімен ертегі ортасын ойлайды. Тәрбиеші «Ата мен әже» суретін көрсетеді және ертегіні аяқтауды ұсынады. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «Олар бұрын қайда болды? Немересіне қалай көмектесті? Оқиға қалай аяқталды?» Бала өздігімен немесе ересектер көмегімен ертегіні аяқтайды. Тәрбиеші бүкіл ертегі желісін сызба-тірек арқылы әңгімелетеді. Содан кейін ертегіні аяқтау үшін қажетті сөзді табу керектігін айтады.

3-ші карта-кесте.

Торғай суреті бойынша әңгіме құру. Бұл жазда болған еді. Айгүл атасы мен әжесімен ауылда тұратын. Бірде Айгүл аулаға серуенге шықты. Бір кезде ол кішкене торғайдың балапанын көрді. Айгүл оны ұстайын деп еді өзі құлап түсті, ал, балапан ағаштың басына ұшып кетті.Осы кезде атасы мен әжесі немересін іздеп жүрді.Айгүл жылап отыр,тізесі ауырып қалыпты,торғай да ұшып кетіпті. Атасы мен әжесі қызды тынышталдырды және құсты ұстамау керектігін айтып түсіндірді. Міне, осылай ертегі тәмам болды.

2-ші түрі.(5-6 жастағы балаларға арналған) Ойын мақсаты: 1-ші кесте-картаға сүйене отырып, шығармашылық әңгіме құрау. Ойын үшін жалпы 1-ші карта - кестедегі алты карточка керек және заттық, мазмұнды суреттер.

Ойын барысы: 1-ші кесте-картадағы барлық карточкаларды қарап шығу керек және әңгіме құруды ұсынамын. Бұл суреттерді басқа заттық, мазмұнды суреттермен ауыстыруға көмектесемін. Мысалы: 1-ші сурет- «Мен кіммін?» Патшаның суретін қою. 1-ші кестедегі сияқты. Әрі қарай бала үстел үстінде қажетті суреттерді ретімен қойып отырады, «неге мына суретті солай қойдың?» - деп баладан сұрап отыру. Суреттер әңгіменің немесе ертегінің әртүрлілігі үшін қызмет атқарады. Ертегі мазмұнын басынан аяғына дейін тоқтамай әңгімелеп шығуға көмектеседі. Қазір әңгімені құруға болады. 1-ші бала 1-2 суреттер арқылы әңгіменің басын «Мен кіммін?» «Немен?» шаршысы бойынша құрайды. 2-ші бала 3-4сурет пен «Орны мен уақыты», «Не болды?» шаршысы бойынша әңгімені жалғастырады. 3-ші бала 5-6 суретпен «Кім көмектесті?» «Соңы» шаршысы бойынша ертегі соңын құрып,аяқтайды. 4-ші бала бүкіл ертегі желісін карта-кестеге сүйене отырып, әңгімелеп береді. Содан кейін 3-ші карта-кестедегі ертегіні аяқтайтын сөзді табу, еске түсіру.

Үлгілеу көрнекілігін жұмыста қолдануда біз балаларды неге үйретеміз:

  • Ақпаратты талқылауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, салыстыра білуге , ақыл - ойына кіші жоспарды айқын түюге, тілдік сөйлеуге үйретеді.

  • Талқылай білуге,ақыл-ойға салуын қалыптастырады.

  • Сөйлеу тілі емес: зейіні, еске сақтау қабілеті, ойлау үрдістеріне жағымды әсер етеді.


Зерттеу жұмыстары көрсеткендей,жаңа материалды талдай отырып, оның белгілерін анықтай отырып, бала шыдамдылығы дамиды, өз ісінің жоспарын көзбен көріп, қабылдайды. Оның жауапкершілігі артып, қызығушылығы пайда болады,өз ісіне деген қанағаттанушылық сезімі оянады, психикалық түйсіктері, яғни: есте сақтау,ойлау,кемшілігін жою жұмыстарында да біршама өзгерістер болады. Балалардың тіл байлығы артады. Мнемотехниканы сонымен қатар, бүкіл топ балаларымен де өткізуге болады. Байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда сөздік жұмысы, сөйлем әңгіме құрастыру жұмыстары жүзеге асады. Сурет жинақтары бойынша әңгіме құрау, ертегіні сахналау,суретті кітаптар қарау. Бұрын оқылған шығармалар бақылаған көріністерді жүйелі әңгімелей білу, монологтық сөйлеу арқылы жүзеге асады. Бұл баланың адамды тыңдай білу, әңгімелеу кезінде сұраққа дұрыс жауап беруге ықпал етеді. Ертеде ата - бабаларымыз мақалдап жауап берген. Балаларды мақалдап сөйлеуге үйрету, оның мағынасын түсіндіру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, ойлау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ересек, даярлық тобының балаларын адамгершілікке тәрбиелеп, тілінің дамып, сөздік қорын байытуда халық ауыз әдебиеті, классик жазушылардың шығармаларын таңдап алып, балалардың күнделікті әрекеттерімен сабақта салыстыра оқу, ойнату тәсілдері көзделеді. Бұл үшін нені ескеру керек?

  • Баланың жас ерекшелігін ескеру.

  • Тәрбие жұмысын сабақтастыру.

  • Ұлттық психикалық ерекшеліктерді ескеріп,ойын - ермектер түрінде ұйымдастыру, ертегілерді сахналау, кейітендіру, т.б. жайларға көңіл бөлу.

  • Балаларды тіл дамытуға, байланыстыра сөйлеуге үйретуде: ауыз әдебиеті жанрларын, мақал-мәтел, жұмбақ, әңгіме, тақпақтарды тәрбиенің мақсат-міндетіне сай қолдану.

  • Бала өздігінен орындауға тиісті ойын-жаттығуларды түрлендіріп, сахналау, кейіптендіру, қуыршақ, көлеңке театры, мазмұнды - желілі ойындар т.б.

  • Баланы жасынан ата - баба дәстүріне, инабаттылыққа, мейірімділікке тәрбиелеуде жүзеге асыру.

Мынадай кешенді әдістерді қолдану:

- Оқып-түсіндіру,әңгімелесу,әңгімелеу,тыңдату,

- Сахналық көріністерді кейіптендіру, ойын-жаттығулар,өздеріне қандай кейіпкерлер ұнады соны бейнелеу. Өз қиялы бойынша ертегі, әңгіме құру, мазмұнды - желілі ойындар ойнату.

Шығармашылық - адамзаттық өмір шындығына, өзін-өзі тануы болып табылады. Бала дұрыс ой түйіп, өздігімен шешім қабылдауға үйренеді. Балалардың шығармашылын дамытуы үшін ұстаз ең алдымен мына жағдайларды да еске алған жөн. Әрбір шығармашылық тапсырмаларды бала жасына сай алу керек. Шығармашылығын дамытуда тәрбиеші мен ата - ана арасында сабақтастық болуы шарт, қолайлы жағдай туғызу. Бұл жерде ұстаздың рөлі ерекше. Баланың қиялын дамытуда әртүрлі ойын жаттығуларын, мнемотехниканың элементтерін қолдануға болады. Шығармашылы бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырады. Ол үшін ұстаздың қолданатын әдіс-тәсілі балаға қызықты, тартымды болуы керек. Әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану балалардың ойлауын,қиялын ойын дағдысын меңгеруге үйретеді. Бала бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың жан-жақты болып өсуіне көмектеседі. Балалардың шығармашылығын дамытуда,олардың белсенділігі, қызығушылығы артады,қиялы дамиды. Ол үшін мұндай әдіс- тәсілдерді сабақта, сабақтан тыс кездерде де қолдана береді. Шығармашылықты дамытуда мынадай шарттарды орындау керек:

  • Шығармашылық қабілетін ерте бастан бастаған дұрыс.

  • Жұмысты жүйелеу.

  • Барлық қажетті жағдайларды жасау.


Диалогтық сөйлеуге үйрету. Ұрпағымыздың парасатты да білікті,мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын жалпы азаматтық деңгейде дамыту барысында егеменді елімізде ана тілін тереңдетіп оқыту өмірлік мәнге ие. Ана тілін тереңдете оқытуда айрықша көңіл бөлінеді. Балалардың грамматикалық тұлғада дұрыс сөйлеуін қалыптастыруда сызба-тіректермен жұмыс жасалады,тақпақтар жатталады. Тіл- адамның қатынас құралы болғандықтан,ана тілін үйретудің басты мақсаты-балаға өзі қоршаған ортаны, заттарды, құбылыстарды таныстыру көзделеді. Бұлардың бәрі де балаға белгілі бір тақырып айналасында, екінші біреудің сөзін есту арқылы онымен әңгімелесу, сөйлеу немесе сұрақ-жауап, яғни, диалог түрінде меңгеріледі. Ана тілінде таза сөйлеуде диалогтық сөйлеу талаптары балалардың төмендегі сөйлеу қызметтерін анықтайды:

  • Танымдық: түрлі фактілер туралы хабар беру, суреттер, сұрау, анықтау, қарсы келу, жауапты мақұлдау.

  • Күнделікті өмірде: түрлі сұрақтар түрін қою,өтініш жасау, кеңес беру, шақыру т.б.

  • Бағалап - бағдарлау: өз пікіріңді айту, өз пікірің бойынша суреттер беру, өз бағалауың бойынша әңгімелеу.

Үлгілеу көрнекіліктері-талқыланған нысанның сапасын қабылдау,оның қосшысын құру және олармен жұмыс жасау. Бұл мектепалды балалары үшін маңызды,себебі,ақыл-ойы дамиды,көре отырып,әңгімелейді.Үлгілеу көрнекілігі арқылы неге қол жеткіземіз?

  • Бала өте зерек, қағілез болады.

  • Бір мәселені шеше білуге үйрету.

  • Символикалық аналогия балалардың есте сақтау қабілетін дамытады, өтілген материалды есте сақтауға көмектеседі, есте сақтау тәсілдерін қалыптастырады.

Есте сақтауды бекітудің ережесінде былай делінген: «Оқығанда -жазып ал, сызбасын сал, диаграммасын, кестесін салып ал».Үлгі элементтерінің үш түрі мыналар:

  • Геометриялық пішіндер арқылы ертегі құру.

  • Силуэттік бейнелер арқылы ертегі құру.

  • Заттық сызбалық үлгілеу.

Үлгі элементтері арқылы әңгімелеуде мынадай ертегілерді геометриялық пішіндер арқылы кіші топтарда қолдануға болады. Геометриялық пішіндерді қолданғанда балалар қарапайым пішіндерді қолдана отырып, олардың көлемін, түстерін ажыратады. Кейіпкерлердің мінез-құлқын,сыртқы пішінін ересектердің көмегімен ажыратып, ертегіні әңгімелеп береді. Мысалы: Шалқан ертегісін әңгімелегенде үлгі элементтері арқылы былай қолдануға болады:









Бұл жерде «Шалқан» ертегісін шалқан - сары түспен, үлкен пішінмен, басқа кейіпкерлердің пішіндері бірдей,бірақ көлемдері әртүрлі, түстері де әртүрлі. Бала геометриялық пішіндерге қарай отырып, шалқанның сары түсті екенін тез ойлайды, әңгімелейді. Ал, «Қоянның үйі» ертегісінде түлкіні - тоқсары түспен, қасқыр - сұр дөңгелек түспен, аюды-қоңырмен, әтешті –қызыл дөңгелек түспен бейнелейді, түлкінің үй і- қоңыр шаршымен, ал, қоянның үйін – көгілдір шаршымен белгілейді.









Ал, «Жеті лақ» ертегісінде қасқырды-үлкен дөңгелекпен,ешкіні - сұр үшбұрышпен,лақтарды кіші сұр түсті үшбұрышпен белгілейміз.











«Үш торай» ертегісінде қасқыр- сұр үлкен дөңгелекпен, ал, үш торай - кіші қызғылт түспен белгілейді.









Силуэттік бейнелермен шығармашылық ертегі құру.

Баланың шығармашылығын дамыту машықтарының бірі - силуэт бейнелері арқылы ертегі құру. Үлгі элементтерінің сапасы ретінде аңдардың, өсімдіктердің, адамдардың, табиғат құбылыстарының бейнелері алынады. Силуэттік бейнелерге сүйене отырып, тәрбиеші бір ертегінің басын бастайды, ал балалар аяқтайды. Мысалы: Ерте, ерте, ертеде күннің көзі түспейтін қап - қараңғы орманда бір әдемі гүл өсіп тұрыпты т.с.с.


hello_html_e600c1f.gifhello_html_m5dea8a68.gifhello_html_3cd40bcb.gifhello_html_m3d3d17fc.gif


Силуэттік бейнелердің суреттік материалдан ерекшелігі-нақты мазмұнын ашпай, мінез - құлқы, көңіл - күйі тіпті кейіпкердің сыртқы пішіні-балаға таныс болу керек. Балалар силуэттерін анықталған мағыналық сапасына қарай анықтайды. Келесі бөлімде бала өзі берілген ертегі тақырыбы бойынша ертегі мазмұнын өзі ойлап табады.

Мазмұнды сурет бойынша хабарлы монолог құру.

Сурет бойынша әңгімелеудің өзі үш бөлімнен тұрады:

  • Сурет мазмұны бөліктерін бөліп алу.

  • Олардың арасындағы байланысты анықтау

  • Бір толық мазмұн шығаруда бөліктерін қосу.

«Нұрсәуле» атты әңгімеде алдымен балаларға осы әңгімеде әңгіменің алдымен жеке бөліктерін жеке - жеке әңгімелеп, содан кейін бүтіндей әңгімелету керек. Олардың арасындағы байланысты анықтау.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0391.jpg

Деп, нұрсәуленің әтешке түсуінде-күннің әтешпен байланысын, одан соң торғайға түскендегі екеуінің арасындағы байланысты, одан әрі күннің балаға түсуін, яғни, нұрсәуленің адамды оятуы, арадағы байланысты, әңгіме соңында ұйықтап жатқан арыстанға түсіп, оянып, тамағын табуға кеткені баяндалады.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0388.jpg



Осы сияқты басқа да әңгімені бала жасына сай таңдап, осы әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бұл әңгімеде тек бұл әдіс-тәсілге ғана емес, артикулляциялық жаттығу жасауға да қолданылады. Мысалы, әтеш-шақырады, торғай - шиқылдайды, арыстан - ырылдайды т.с. с.

Әңгіменің соңында:

-«Міне, тағыда бір арайланып таң атты, тағы да бір жаңа күн келді», - деп әңгімені аяқтаймын.

Балалардың шығармашылығын дамытуда мнемотехника көмекке келеді.

Ертегінің бастапқы кейіпкері - көк түспен,қалғандары қосылған кейіпкерлер. Соңында барлық кейіпкерлер кетіп, бір ғана кейіпкердің қалғаны көрінеді.




Балалардың шығармашылық әңгіме құруында көрнекілік үлгі баланың алдындағы қорқынышын жояды. Бұл түрі - баланың әртүрлі бөліктермен және шығарманы толық әңгімелеуі. Балаға әңгіменің үлгісі беріледі, ол арқылы байланысты әңгіме құра білуі керек.Үлгі элементтерін ойша ойлап, байланыстық әңгіме құрау. Бұл біліктілік әңгіме құру машықтарына үйретеді.

Үлгілеуден әңгімелеуге көшу төмендегідей:

  • Іс-әрекетке байланысты эпизодты табу, Суретке қарап сол әңгіменің эпизодын табу.

  • Ересектерәрекетін әңгімелеу мысалы: тәрбиеші аюдың әрекетін ыммен көрсетеді, ал, бала табуы керек. Мазмұнды шығармашылық машықтарын қалыптастырудың реттілігі мынадай:

  • Тәрбиеші нақты әңгіме кейіпкерін ұсынады.

  • Балаға бір жағдай ойлату, белгілі бір орында нақты кейіпкерлермен өтетін, әңгіме үлгісі тәрбиешіге тапсырылады.

  • Нақты кейіпкерлер силуэттік бейнелермен алмастырылады.

  • Балаларға ертегіні немесе әңгімені құруға ұсынылады, нақты емес, кейіпкердің көмекшісі - геометриялық пішіндер.

  • Бала өз әңгімесіне өз бетінше кейіпкер ойлап табады.

Көркем шығарманы сызба бойынша әңгімелеудегі қадамдар:

Бірінші қадам - Бұл ұжымдық жұмыс шығармадағы детальдарды бірлесе ойлау, айта отырып,сызбасын салу. Мысалы: «Шұбар тауық» ертегісіндегі барлық кейіпкерлерді анықтаймыз:

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0405.jpg

  • Әрбір кейіпкерлерді белгілейтін белгілерін анықтау, оларға ары қарай белгілер ойластыру.

Содан кейін бір бөлігін тыңдаймыз,бірге суретін саламыз.Бала айтады, ал, тәрбиеші суретін салады.немесе үлгідегі барлық элементтерін салады.

Екінші қадам: Айтып отырып, салу: Балаларға бөліктерін салу ұсынылады, қатысушылардың және маңызды нысандарға көп көңіл бөлінеді. Бұл бөлімде балалар жұмыстың үлкен бөлігін орындайды.Тәрбиеші өзіне көп жүк артады,бірақ әрбір қимылын ұстаз айтып отырады. Мысалы: «Қызыл телпек» ертегісінде: Қызыл телпек орманда келе жатты, естеріңе түсіріңдерші орманды қалай белгілеп едік?Қызыл телпекті қалай бейнелеу керектігін ұмытпаңдар,көрсетіп беріңдер. Қараңдар,мен қалай белгіледім? Бөліктерде барлық кейіпкерлер біртүрлі белгілермен бейнеленеді. Басында қалай белгіледік - солай.

Үшінші қадам-конспектілеу. Ертегілердің немесе тақпақтардың анықталған эпизодтарын салу. Сызба - суреттер жинағы керек. Бұл бөлімде балалар өз бетімен жұмыс істейді.Тәрбиеші біраз үзіліс жасап отырады, суреттердің сызба түрінде болуын қадағалайды. Баланың қиялы мен шығармашылығы үшін кең орын берілуі тиіс.


C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0405.jpg

Төртінші қадам: Көмекші жоспарлау. Сабаққа дайындықта шығарма бірнеше бөлікке бөлінеді. Балалар қағаз бөлігін дәл параллельді түрде толтырады, бірнеше үзіліс жасай отырып. Шығарманы оқымас белгілерін талқылау керек. Топпен бірге. Мысалы: «Түлкі мен қырғауыл» ертегісінде

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0403.jpg

Бесінші қадам. Өздігімен шығарманы сызу. Шығарма бөліктерін үлгілеу және жоспарлауға үйретеді. Балалар бөліктерге бөледі,тігінен және көлденең,түзу, ирек сызықтармен, белгілі бір ені бойынша - интервалмен. Шығарма соңында нүкте қойылады. Мысалы: «Әже мен немере» атты әңгімені былай бейнелеуге болады:

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0404.jpg

Алтыншы қадам. Сызбаны жоспар құра оқу, білу іскерлігіне үйрету. Бұл қадам балаларға сабақты қызықты өткізуге көмектеседі, монологтық байланыстыра сөйлеуге үйретеді. Монолог - сипаттау, хабарлы монолог, талқылау монологы міндеттерін шешуге көмектеседі. Балаларға алдын - ала карточкалар дайындау ұсынылады, әртүрлі тапсырмаларды қолдануға болады. Мысалы: «Қояның үйі» ертегісінде әрбір алты бала өз суреті бойынша әңгімелейді.

- Өздеріне ұнаған бөліктерін әңгімелеу.

- Қоянның итке кеп қандай көмек сұрағанда,әтешке келгендегі кезі. Көңіл-күйі қандай болды?

- Қоян итке оның үйін түлкінің алып қойғанын монолог- сипаттау арқылы айтып беру.

- Ертегі сөздермен әтештің қандай батыл екенін дәлелдеу. Монолог, талқылау арқылы дәлелдеу.

- Ертегі соңын әңгімелеу. Ретімен, уақыты, түсінігі. Хабарлы-монолог арқылы.

Әртүрлі кейіпкерлер атынан диалогтық сөйлеу тілі.

-Қоянға ақыры нелер көмектесті? Әңгімелеп бер.

-Логикалық байланысын құру.

Балалар әртүрлі сызба мен үлгілерді құруда әңгімелеп береді,оқиды, көркем шығармамен таныстыруда олардың жеке қабілеттеріне сай сызбаны, іс-әрекет негізінде қарастырады.

Жетінші қадам. Әртүрлі сызба үлгілерін құру. Сабақта балалардың белсенділік іс - әрекетіне көмектеседі. Бірақ, мұнда үлгінің реттілігін қабылдау емес, олардың кез - келген бөліктерін түсіну болып табылады. Шығарманың мазмұнын түсіну үшін жұмыс жүргізіледі. Ертегі не үшін әңгімеленді? кейіпкер ол қандай адам?

Уақыт және логикалық байланыстар, шығарманың тілі, мнемотехника әдісінің нәтижелерінің критерийлері:

  • Көп варианттар ішінен белгілерін таңдау шығармаға жақын болуы керек.

  • Шығарманың кейіпкерлерін анықтау. (Ата, әже, қыз, алтын балық, мыстан кемпір т. б. )

  • Шығарманы айтып отыру арқылы жеке бөліктерін салу.

  • Сызба-үлгідегі берілетін бөліктерді табу және оны мәтінге сәйкес әңгімелеу.

  • Өз бетінше сызба үлгісін салу.

  • Ұсынылған сызбадағы кеңістікті өз бетінше орналастыру.

  • Бейнелі сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтау.

  • Мнемосызбаны тақпақты жаттауда, ертегіні құруда, әңгімелерді құруда ғана емес, балаларды айналамен таныстыруда да кеңінен қолдануға болады.

5-6 жастағы топтар арасындағы тіл дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудағы негізгі бағыттарға мыналар жатады:

  • Тіл байланысы мен қалыптасуы. Диалог және монолог.

  • Тіл байлығының мәнерлілігі, мәдениеттілігінің дамуы.

  • Әдеби оқулыққа, әдебиетке дайындық.

Тіл қатынасының дамуы. Балалар өз бетінше әдеби шығармаларды айтып, шығарманың мазмұны мен ойын дұрыс жеткізіп, диалогтегі адамдардың сөздерін мәнерлі жеткізуге тырысады. Балалар автордың сөз өнерін қолданып, сөз мәнерін өздері машықтануы қажет. Серіктестері айтқан әңгімені тыңдап отыруға, мазмұнын түсінуге, әдеби кейіпкерлерін атымен айтуға үйренеді.

Табиғи құбылыстардағы ақиқаттылықты сипаттаған кезде нақты және дұрыс сөз қолдануға, үлкендердің көмегімен бір нәрсеге тиісті белгілерді табуға, нақты бейнелеуге, әңгімеде ой - өрісін жеткізуге, үйрету керек. Балалардың сипаттау әңгімелері түрлі сөз мәнерінде,сонымен қоса тілдік метафора, теңеу, эпитет, балама қолдануда сөз өнері өзіндік ерекшелігін ашу қажет.

Ойыншықтарды қолданып, суретке қарап әңгіме құрастырылады. Баланың өзі құрастырған әңгімесінде жанрдың негізгі ерекшелігін таба білуінде. Сюжет ерекшеліктері мен әдеби шығармалардың мәнерлілігі. Ертегідегі жақсылықтың жеңгені, сиқырлық жайында, кейіпкерлерді басқа бір нәрсеге айналдырып, және т.б.қолдана отырып, ертегі құрастыруға үйрету.

Бұл жастағы балалар шығарманы қызығушылықпен тыңдайды, әңгімелерді түрлендіре біледі. Баланың шығармашылық қабілеттілігінен туындаған әңгімелерінде көңіл аударып, көмектесіп,қол ұшын береді, дұрыс емес жерін түзетеді.

Сабақ алдында балалармен алдын-ала жұмыс жүргізіледі:

  • Балалардың танымын кеңейту, танымын материалмен толықтыру.

  • Сабақ алдында табиғат құбылыстарын бақылау, немесе ауызша халық ауыз шығармашылығының шығармаларын еске түсіру.

  • Үлестірмелі заттар мен құралдарды дайындау, ақпаратты қолдану.

  • Ұстаздың әдіс - тісілдерді таңдауы балалардың қызығушылығын арттыруда керек.

Сабақ кезінде: «Ал,сен бұл жайлы не білесің?» немесе «Тағы да бұл жайлы не білесің?» деген сұрақтар қойылады. Сабаққа қимылды ойындарды қолдану, сөздік ойындарды, ән тыңдау, өлең тыңдау, халық болжамдарын, жаңылтпаштарды қолданған ыңғайлы. Сабақтың негізгі бөлігі - сипаттау әңгімесін құру болып табылады. Бұл үшін мнемосызба көмекке келеді.Т.В.Большеваның «Учимся по сказке» деген еңбегіне сүйене отырып, және Л.Е.Белоусованың «Весёлые встречи» атты кітабынан үлгі - сызбаларды қолданған ыңғайлы. Егерде Т.В.Большева әңгімені құруға дайын мнемокестелерді ұсынса, ал, Л.Е.Белоусова өз үлгі сызбасы бойынша символдарды өздері салу керектігін ұсынады. Л.Е.Белоусованың еңбегін ересектер тобында қолданған дұрыс. Мен өз еңбегімде осыларды кең қолданамын. Мектепке бейінгі жас балаларды көркем, әдемі, сауатты сөйлеуге үйрететін жас. Бұл баланың ақыл - ойын дамыту болып табылады.

«Мнемотехника» немесе «мнемоника» грек тілінен аударғанда, « есте сақтау өнері» деп аталады. Мнемотехника - бұл әдістер мен тәсілдер жүйесі екені бізге мәлім. Яғни, белсенді еске сақтауды қамтамасыз ететін, ақпаратты сақтау және қабылдау деген сөз. Баламен жұмыс істеуде байланыстыра сөйлеуін, меңгеруін, жеңілдетеді. Содан басқа сызба жоспарының нақты, байланысты және реттілігін көрсетеді. Мнемосызба - бұл нақты ақпарат салынған сызба. Сәби, орта топтарда түрлі - түсті мнемосызбалар қолданылады, сонда балалардың есінде заттың жеке бөлшектері сақталып қалады. Мысалы: Түлкі - тоқсары,т ышқан - сұр, шырша - жасыл түс т.с.с. Сабақ бірнеше бөлімнен тұрады:

  • 1-ші бөлім:Суретте не бейнеленген?Сызбаны қарау.

  • 2-ші бөлім: Ақпараттың құлпын ашу жүзеге асады. Символдан бейнеге ауысады. Мысалы:


үй - орман- аю-



  • 3-ші бөлім.Берілген тақырып бойынша ертегіні немесе әңгімені әңгімелеп беру құлпын ашудан кейін жүзеге асады. Сәби тобында тәрбиеші көмегімен, ал, ересек топтарда өз бетінше жүзеге асады. Балалардың есінде жеке бейнелер тез сақталып қалады. Мысалы: Балапан-сары түс,тышқан-сұр,шырша-жасыл.т.с.с. Қатынастан басқа тілінің функциясы дамиды, іс - әрекеттің ретімен және логикалыққұрылымы қалыптасады.

Балалардың байланыстыра сөйлеуін қалыптастыруда тек мнемосызбамен шектеліп қоймау керек. Бұл тек бастамасы ғана болып табылады. Себебі, балалардың есте сақтау, қабылдау қабілеті дамиды,көру ақпараты қайта қаралады, оны сақтап, қабылдайды. Сурет қарастыруда дидактикалық ойын барысында болсын, әр баланың жеке дамуына жол ашылады. Дидактикалық ойындағы танымдық деңгей ойынның ережесінде және ойынның әрекеттерінде байқалса, оқыта отырып ойнатуда не суреттер қарастырып оқытуда баланың әрбір тапсырманы дұрыс орындауға бағыттайтын шеберлігі ұстаздың тікелей нұсқауынан байқалады.Ұстаз түсіндіріп,нұсқау берген кезде даусының үнімен ең негізгі білуге қажетті мәселені ерекше екпін қойып айтады. Дидактикалық материал әрі мәтін, әрі сол мәтінге негізделген сурет болған жағдайда баланың сол материал мен әрекетіне баса назар аударылады.



Дидактикалық ойындарға сипаттама.

Ойын балалардың іс - әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Аса ірі психологтың айтуынша,бала ойын үстінде қандай болса, өскенде де сондай болады.Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді,ақылды ұйымдастыруды қажет етеді.

Ұсынылып отырған дидактикалық ойындар балалардың ақыл-ойының дамуына, зейінін,байланыстыра сөйлеуін қалыптастырады, сөздік қорын молайтады, сенсорлық қабілетін дамытады, көру, есту, еске сақтау қабілеттерін кеңейтіп, қоршаған ортаны танып білуге үйретеді. Кейбір ойындар балалардың байқампаздығын дамытады, қиялын, қимылының анықтылығын арттырады, адамның әртүрлі көңіл-күйін ажырата білуге үйретеді. Сонымен қатар, ой ойлау қабілеттерін дамытып, іздемпаздығын арттырады, белсенділік танытып, бағдарламалық материалдарды меңгерулеріне әсер етеді. Дидактикалық ойындар сәбилер тобынан басталады. Мұнда басқа топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі. Дидактикалық ойындарды іріктеуде баланың ойынды саналы түсініп, оның шартын дұрыс орындауға тырысып,белгілі бір нәтижеге жету көзделеді. Балаға ұсынылған ойындар бала жасына сай болуы керек.

Тақырыбы: «Неге ұқсайды?»

Мақсаты: Балаларды түстерді ажырата білуге үйрету, түсіне байланысты бір затты ұқсатуға баулу.

Шарты: Жасыл, сопақ-қияр. Қызыл, дөңгелек - алма, шар, анар, доп. Сары, дөңгелек-балапан, күн, бауырсақ, алма, күн.








Тақырыбы: «Осы түсті тап.»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін арттыру, не нәрсенің қызыл, көк, сары болатынын білуге үйрету;

Шарты: Балаларға түстерге сәйкес суреттер ұсынылады, балалар сол бойынша өздері ойлана отырып, керектісін қояды.











Тақырыбы: «Көлемі бойынша.»

Мақсаты: Балаларды заттың көлемін ажырата білуге баулу, ақыл-ойын дамыту, тілін дамыту, түстерді айыра білуге үйрету.

Шарты: Балаларға карточкалар, үлкен, кіші пішіндер таратылады. Балалар соларды қолданып, бір бүтін затты құрайды.















Тақырыбы: «Тас тіріл.»

Мақсаты: Балалардың ақыл - ойын дамыту, байланыстыра сөйлеуге үйрету, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге баулу.

Шарты: Тәрбиеші балаларға әртүрлі аңдардың, құстардың силуэттерін таратады. Ал, балалар силуэттерге сүйене отырып, қажеттісін тауып, әңгімелеп берулері керек.

hello_html_6a2088ff.gifhello_html_78194c21.gifhello_html_5baea43f.gifhello_html_m4cd6efd.gifhello_html_4813d99a.gifhello_html_7eddcf32.gifhello_html_5b344ff9.gifhello_html_af909c5.gifhello_html_38dd1e84.gifhello_html_m6b395f37.gif



Тақырыбы: «Цирк» (Даярлық тобына арналған)

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту,ақыл-ойын қалыптастыру,циркте болатын жануарлардың қандай болатынын силуэттер арқылы тауып, әңгімелеп беру.

hello_html_cda6021.gif

Тақырыбы: «Наурыз көже.»

Мақсаты:Балалардың тілін дамыту, ұлттық тағам түрлерін атап, түстерге теңеп бере білуге үйрету, сөздік қорын молайту.

Шарты: Балаларға наурыз көжеге қосылатын жеті тағамның түрлері көрсетіледі. Балалар ол тағамдарды қандай түске теңейтінін әңгімелеп береді. Түстің жанына қажетті тағамды қояды.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0408.jpg

Тақырыбы: «Жаңа пәтерге көшеміз»

Мақсаты: Балалар заттарды ажыратып беруге үйрету, топтауға баулу. Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

Шарты:Тәрбиеші: Біз жаңа пәтер алдық. Алдымен ыдыстарды жинап алайық. Ол үшін сендер маған көмектесіңдер,ал мен жинаймын. Зейінді болыңдар. Заттарды маған әкеп, сипаттап отырыңдар, ыдыстарды көк қорапқа саламыз.Осылайша киімдерді шифонерге жинаймыз,тағамдарды бөлек т.с.с.

hello_html_21649169.gifhello_html_m23092ea0.gif

Тақырыбы: «Жемістер-көкөністер.»

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту, жемістерді, көкөністерді бір-бірінен ажырата білуге үрету, олардың өзіндік ерекшеліктерін айтып, дәлелдеп беруге баулу.

Шарты:Ойын басында жүргізуші балалардың есіне мынаны салады: «жеміс деген не?» «көкөніс деген не?» Жемістерге бақтың суреті,көкөністерге бақшаның суреті беріледі. Бұл суреттер үстелдің екі шетіне қойылады. Заттық суреттер,жемістер мен көкөністер төңкеріліп жатыр. Балалар кезекпен бір суреттен алып,атайды,сосын қай топқа жататынын түсіндіреді. Түсіндірме толық түрде өтеді. Мысалы:қызанақ-көкөніс,себебі ол,бақшада өседі т.с.с. Кімде көп сурет-сол бала жеңеді.

hello_html_2bd9a167.gif



Тақырыбы: «Өсімдіктер әлемінде.»

Мақсаты: Балаларды өсімдіктермен таныстыру,өсімдікке не жататынын білуге белсендендіру, ағаштар, бұталар, гүлдердің өсімдікке жататынын бекіту.

Шарты: Лото үлкен суреттен тұрады, ортасында мазмұнды сурет бар, табиғаттағы өсімдіктердің суреттері. Ал, шетінде заттық суреттер бар. Мысалы: гүлдер мен ағаштар. Үлкен карточкалардан басқа кішкене карточкалар бар.Ойын ережесі сияқты өтеді. Барлық кішкене карточкалар таратылады. Әрбір қатысушы бір сөзбен барлық топтарды атайды, яғни, өсімдік атауларын.

hello_html_e97ddea.gifhello_html_59ff404c.gifhello_html_61c22154.gif



Тақырыбы: «Сөйлемді аяқта.»

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту,байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру, мамандық атауларын атап, әңгімелеп беруге үйрету.

Шарты: Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды,ал,балалар жалғастырады.

Мұғалім балаларды оқытады, ал, дәрігер ше?

Құрылысшы үй салады, ал, суретші ше?т.с.с.

hello_html_3002371c.gif

Тақырыбы: «Адамның көңіл- күйі»

Мақсаты:Баланың қиялын дамыту,ым-ишараға үйрету,қимылдың айқындылығын дамыту.Баланың өз ойын көрсете білуін қалыптастыру,ымның көмегімен адамның бет-әлпетінің қандай күйде екенін ажырата білуге үйрету.

Шарты:Балаларға бір-біріне ым арқылы көрсетіп,айту үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады.Балаларға сүреттерге қарай отырып, адамның көніл –күйінің қандай екенін айтып, түсіндіру керек.hello_html_13ff8a10.gif

Тақырыбы: «Ертегіні бейнеле.»
Мақсаты: Балалардың ақыл-ойын дамыту,ертегіні ым арқылы бейнелеп беруге үйрету.

Шарты:Бір топ өздеріне таныс ертегіні бейнелейді немесе мультфильмді сөзсіз бейнелеуге тырысады.Ыммен,ишарамен заттарды да бейнелеуге болатынын түсіндіріледі.

hello_html_m88714c5.gif

Тақырыбы: «Мамандық.»

Мақсаты: Балалардың қиялын дамыту, адамның көңіл – күйіным - ишара арқылы бейнелеуге баулу.

Шарты: Балалар жұппен тұрады.Тәрбиешініғң тапсырмасы бойынша айтқан көңілді - көңілсіз суретшінің қимылын, биші,дирижёр, тәрбиеші, аулашы, құрылысшы т.б. мамандықтың іс - әрекетін, өздік ерекшелігін іспен бейнелеуі керек.hello_html_m7bcd9447.gif

Тақырыбы: «Бұл кім?»

Мақсаты:Балалардың ойлау қабілетін арттыру, ақыл-ойын дамыту, жұмбақты шеше отырып, қандай маман иесі екенін дәл тауып айта білуге үйрету.

Шарты: Тәрбиеші: «Ауыратын адамдардың жанында отырады. Ол адам ауырған адамға емделу керектігін айтады,ауру адамға тамшы, дәрі береді. Бұл кім?»

Балалар жауап береді .Осылайша ойын жалғаса береді.

hello_html_422ac141.gif

Тақырыбы: «Жалғастыр.»

Мақсаты: Балалардың мамандықтарды дұрыс атап берулерін қалыптастыру,тәрбиеші сұрағына дұрыс,ойланып жауап беруге баулу.

Шарты:Тәрбиеші: «Құрылысшы мекеме салады,ал,суретші ше?Бала ары қарай жалғастыруы керек.Аспазшы тамақ пісіреді,ал,сылақшы ше?» Бала жауап береді . Осылайша ойын жалғаса береді.

Тақырыбы: «Мен бастаймын, сен жалғастыр.»

Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін дамыту, заттың сапасын, қасиетін анықтауға үйрету, ерекше қасиеттерін атап беруге баулу.

Шарты: Тәрбиеші сөйлемді бастайды, ал, балалар әрі қарай жалғастырады. Мысалы: «Өзі қу, жыртқыш, бәрін алдайды, ертегілерде көп кездеседі» т.с.с. «Ол не?» Балалар : «Ол түлкі»-деп жауап береді. «Өзі жүгіруді ұнатады, аулауға шыққанда із кесуді үйренеді.Ол не?» Балалар: «түлкішек» –дейді Осылайша тек қана аңдарды емес,тұрмыс құралдарын,затты топтауға да ойнай беруге болады.

C:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0350.jpgC:\Documents and Settings\Computer\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\SAM_0351.jpg



Психожаттығуларға сипаттама.

Үш жастан алты жасқа дейінгі балалардың ақыл - ойын дамыту-бұл баланың затты көріп қана оймай,заттар жайлы ойлауын, елестетуін, бір-бірімен салыстыруының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Ертегі-белгілі бір жүйе,соның көмегімен бала қоршаған ортаны танып, біледі. «Мектепке дейінгі балалар жансыз заттарды бейнелейді немесе аңдарды адам мінездеріне ұқсатады», -деп Ж.Пиаже айтқан. Бұл талпыну адамгершілік және эмоционалдық әрекетте жойылады. 6-7жастағы балаларда анимистикалық қойылымы шындыққа жанасымды болады, мүлдем жойылып кетпейді. Бала ситуациалық көңіл-күйді түсінеп , өз көңіл-күйін басқара білуі керек. Бұларды іске асыратын ертегі және ойын. Олар қорқынышты жеңуге көмектеседі. Бірдеңеден қорқатын балаға арнап бұрын қойылған ертегіні қояды. Сондай-ақ ертегі кейіпкерлерін өз қалауы бойынша өзгертуге,ойлап табуға болады. Бұл үрдісте бала тек танысып қана қоймай,сонымен қатар не істеу керектігін түсінеді. Міне, сол үшін де балалалармен әртүрлі психожаттығуларды көптеп жасатып, ойын түрінде қолдануға болады. Ертегі терапиялық,корекциялық дамыту жаттығулары балалардың көңіл-күйін беруге үйретеді. Ертегі міндеттерін «Триз технологиясы» арқылы атқаруға болады. Ұстаздарға өзім жинақтап жүрген бірнеше псехожаттығулар жинағын ұсынып отырмын.



Тақырыбы: «Сиқырлы түс.»

Мақсаты:Балаларды ұйқыға жатқызар алдында тынышталдыру,денелерін босаңсыту.

Шарты:Тәрбиеші: «Мен білемін,сендер бүгін қатты шаршадыңдар,өздеріңді жұмсақ,әдемі,сиқырлы кілем үстінде жатырмын деп сезініңдер.Бәрі тыныш және бірқалыпты.Сиқырлы кілемде жатырмыз,-деп елестетіңдер.»

«Кірпігіміз айқасқан,

Көздеріміз жұмулы.2 - рет.

Сиқырлы түстер көріп біз, дем аламыз, тыныстап...(терең тыныс алу.)

Қолдарымыз демалар, (қолды сипалау.)

Аяқтарым демалар, ол да ұйықтар.(2-рет.)

Мойыным босаңсыған. (2-рет.)

Барлық дене мүшелерім демалады. Айнала тып - тыныш. (2-рет.)

Ұйқыдан тұрған соң: «Ал, қанекей тұрайық,

Жұдырықты жұмайық.

Жұдырықты қатты қысып, жоғары қарап тұрайық.

Созылайық, күлімдейік.

Көзімізді ашайық та, орнымыздан тұрайық»


Тақырыбы: «Тыныштық қимылы.»

Мақсаты: Балаларды тынышталдыру,денелерін босаңсыту.

Үстелдің ұшына қарай отыру,арқалығына сүйену,қолды тізеге ақырын қою, аяқ арасы алшақ.

Жалпы тыныштық формуласы баяу, ақырын айтылады:

«Бәрі билей алады, секіреді, жүгіреді, суретті де салады, бірақ,бәрі білмейді,

Демалуды босаңсуды, бізде осындай ойын бар,

Өте жеңіл, өте жай қимылымыз баяулай,

Ашуымыз тарқайды міне болды керемет»!


Тақырыбы: «Жұдырықтар.»

Мақсаты: Балалардың денесін босаңсыту.

Шарты:Жұдырықты қатты жұму,қолдар тізеде. Оны қатты қысу, енді одан да қатты, тіптен қатты, қатты. Бізге былай отыру ұнамайды, қолдарымыз шаршады, дем алайық. Саусақтарды бір-біріне айқастырамыз, жеңіл, әрі ұнамды. Енді мені тыңдаңдар - бірқалыпты жасаймыз. Тынысымызды аламыз, шығарамыз. Қолдарымыз тізеде,жұдырықтар жұмылған. Енді қатты, қатты күшпен саусақтарды қатайтамыз. Бұлайша отырған ұнамайды бізге. Ақырындап бенемізді босатайық. Саусақ ұштарын баяу көтеріп түсіру.

«Қәне, біліп қойыңдар, саусағымыз демалды».


Тақырыбы: «Бұғылар»

Мақсаты: Балалардың денелерін босаңсыту,тынышталдыру.

Шарты: Өзімізді бұғы сияқты сезінейік. Екі қол жоғары, басқа қарай қолдарды айқастыру, саусақтарды кең ашу. «Міне, менде мүйіз қандай», деу керек. Қолды қатты ұстау. Олар қатайды,тіптен қатайды. Бұлай ұстау ыңғайсыз. Қатты ұстау ұнамайды, қолды тез тізеге түсіру керек. Қолымыз босаңсыды.Тыныш.Терең тыныс алу және қайта шығару.

«Қараңдаршы, бұғылармыз,

Бізге қарай жел еседі.»



Тақырыбы: «Пілтұмсық»

Мақсаты: Денелерін босаңсыту, балалардың қимылының айқындылығын дамыту, шаршағанын басу.

Шарты: Ерінді пілдің тұмсығы сияқты созу, «у» дыбысын айтқандай. Ерін созылды, тұмсықты босатамыз. Енді еріндер жұмсарды. Ауыз біраз ашық, ерін біраз босаңсыған.

«Мен пілді бейнелеймін, ернімді тұмсыққа ұқсатам.

Созамын барынша,

Енді босатамын,

Өз қалпыма ораламын,

Еріндерім босаңсыған.»




Мнемотехника әдісінің нәтиже бағасының критериі:

  • Берілген шығармаға сәйкес белгілерді таңдау.

  • Барлық кейіпкерлерді сала білу (шал, кемпір, алтын балық, теңіз т.б.)

  • Тәрбиешінің айтуы бойынша салу.

  • Берілген тапсырма үзінділерінің сызбасын салу, табу, мәтінге сәйкес әңгімелеу.

  • Өздігімен берілген сызба бойынша кеңістікті бағдарлау, тапсырманы орындау. Бейнелі сөзді, сөз тіркесін қолдану.

  • Мәтінге сәйкес немесе шығарманы әңгімелеу.

Мнемотехниканы қолданғанда неге қол жеткізуге болады:

  • Балалардың ертегіні ретімен әңгімелеп беруне деген қызығушылығы артады.

  • Қоршаған орта жайлы таным - білімі артады.

  • Сөздік қорының белсенділігі артады.

  • Балалардың ұялшақтығы жойылады, өзін - өзі ұстауы қалыптасады.









Қолданылған әдебиеттер

  1. Учимся по сказке. Т.В.Большева

  2. Т.Б.Полянская “Использование метода мнемотехники в обучений

  3. Рассказыванию детей дошкольного возраста”

  4. Қ.Р Білім туралы заңы.Астана,2007ж

  5. Қ.Р Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты

  6. «Отбасы және балабақшасы» журналдары №3,5,9-2008ж

  7. Психологиялық диагностика- Астана,2005ж

  8. Выготский Л.С. “Мышление и речь” (текст) Л.С.Высготский – М

  9. Лабиринт, 1996 – 416с.

  10. Дьяченко О.М. Возможности развития умственных способностей

  11. Дошкольников

  12. Венгер Л.А. Развитие способности к наглядному

  13. простанственному моделированию Д.В. 1982

  14. Дьяченко О.М. Чего на свете не бывает.

  15. Дьяченко О.М.,Е.Агаева – М.Просвещение 1991









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.12.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2585
Номер материала ДВ-254858
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх