Инфоурок Дошкольное образование СтатьиБалалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту (тәрбиешілерге кеңес)

Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту (тәрбиешілерге кеңес)

Скачать материал




ЖММ «Ақ ерке» балабақшасы












Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту


(тәрбиешілерге кеңес)












Айтхожина Б.М.







Қарағанды 2016




1. Проблема


Мектепке дейінгі шағын орталықтағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру барысында жүргізілетін ойындар мен сабақтар балаларды дербестікке тәрбиелеуге негізделеді. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрлеріндегі режимдік кезеңінің үдерісінде үлкендермен, құрдастарымен мәдениетті қарым-қатынас жасауға әдеттендіру әрі қарай жалғаса береді.

Баланың логикалық ойлауын дамытуға денсаулығын нығайтуға, дене және ақыл-ой қызметінің жұмысын жақсартуға, жүйке жүйесін сақтауға бағытталған іс-шараларды балалар шаршап-шалдықпайтындай, жарақаттанып қалмайтындай, жалықпайтындай етіп ұйымдастыру керек. Сонымен қатар, осы кезеңде күн тәртібін сақтауды қамтамасыз ететін шаралар кешенін жүргізу, жеке бас гигиенасын сақтау, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау тәртібі мен өз-өзіне қызмет жасау дағдыларын меңгерту өте маңызды.












2. Өзектілігі


Балалардың күнделікті өмір тұрмысын ұйымдастыру барысында өсіп келе жатқан балалардың дербестігінің, өзінің және құрбыларының өзін-өзі ұстау қабілеттерінің артқандығын сезіне білуі, яғни үлкендер жағынан қамқорлыққа мұқтаждығының азайғандығын ескеру қажет. Киініп-шешіну, тамақтану, жуыну уақытының қысқаруы есебінен бала еңбегі мен ойынына, қимыл-қозғалыс қызметін дамытуға, өз бетінше көркемдік шығармашылықпен айналысуға бөлінетін уақыт мөлшері артады. Осыған орай ересек топта ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің түрлерін жүргізу уақытының көлемі артып, берілетін бағдарламалық материалдар күрделене түседі.

Баланың эстетикалық танымын дамыту мақсатында көркем шығармашылық әрекеттерді (драмалық ойындар, әртүрлі көріністерді сахналау, бейнелеу өнері) түрлендіріп ұйымдастыру қажет.

Оқу мен ойын әрекеттерін де баланы жалықтырмайтындай тартымды, мейлінше түрлендіріп ұйымдастырған жөн. Өйткені осы әрекеттер арқылы бала жаңа ұғымдармен танысады, өзіне таныс емес заттардың қызметі мен оларды қолдану тәсілдерін меңгереді. Сондықтан да тәрбиешінің алдында баланың шығармашылығын, дербестігін, ерік-жігерін шыңдауға бағытталған түрлі ойындарды ұйымдастырып, оны дұрыс, тиімді тәсілдермен жүргізу міндеті тұр. Ересектер тобынан бала үстел ойындарын ойнау, түрлі суреттерді қарап, суретті ойындардағы тапсырмаларды орындау, құрастыру мен мүсіндеу сияқты келешек оқушыға қажетті әрекет түрлерімен айналысуға деген қызығушылықпен шығуы қажет.

Бала әрекетінің жүйелі даму үлгісін көрсететін, бағдарлау мен әрекет кеңістігін ашатын, вариативтілігімен және баланың тікелей қатысуымен ерекшеленетін дамытушы орта құру — оқыту мен тәрбиелеу үдерісінде өте маңызды рөл атқарады. Пәндік дамыту ортасы балалардың бір-бірімен, үлкендермен қарым-қатынасын дамытуға бейімделіп жасалады. Сондықтан ол балалардың физиологиялық, әлеуметтік, эстетикалық және танымдық дамуын қамтамасыз етуге қолайлы, әрі ыңғайлы болуы қажет. Топта еңбек әрекетінің әр түрін жүргізуге қолайлы жағдай жасалуы керек. Еңбек әрекеті арқылы баланың өз-өзіне қызмет ету дағдылары қалыптасады. Осы мақсатта әр түрлі еңбек әрекеттерін ұйымдастыруға болады. Мәселен, шаруашылық-тұрмыстық еңбек пен табиғат аясындағы еңбек түрлерін жеке және ұжымдық тапсырмалар мен кезекшілік түрінде ұйымдастырған жөн. Еңбек ету барысында балалардың жұмысын мадақтап отыру арқылы оны жігерлендіріп, еңбек етуге қызығушылығын арттырып отыру қажет.

Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата-аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды рөл атқарады. Тәрбиеші балаға қатысты мәселелерді бірігіп шешу мақсатында ата-аналармен ынтымақтастық қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді қатыстырып отыруы керек.


3. Кіріспе


Баланың мінез-құлық әрекетін реттеуде ми қабының рөлі артады. Жоғары жүйке жүйесінің қызметі жетіледі. Балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимыл әрекеттерін жетік меңгереді. 5-6 жастағы балалардың қозғалысы көбіне жігерлі, әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды кезеніп жігерлі лақтыруды беріліп орындайды. Олар допты бір қолымен қағып ала алады, бір орында тұрып, аяқтарын кезектестіріп секіре алады. Бес-алты жасқа қараған балалардың дамуында елеулі өзгерістер болады. Баланың денесінің салмағы шамамен айына 200 г, бойының ұзындығы 0,5 см артады. 5-6 жасында баланың бойы - 116 см, денесінің самағы - 21,5 кг жетіп, кеуде қуысының көлемі 67 см жетеді.

Бес-алты жасында саусақтарының жетілгені соншалық, бала өз бетімен қағаздан түрлі пішіндерді (дөңгелек, сопақша, тіктөртбұрыш, т.б.) қиып ала алады, адам мен жануарлар мүсіндерін жасап, қарындашпен, бояумен еркін сурет сала алады.

Бұл кезең баланың психикалық дамуында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді. Сондықтан, баланың психологиялық даму жағдайы күрделеніп, қарым-қатынас жасау әдістері де өзіндік сипатқа ие болады. Мысалы: дамудың әлеуметтік жағдайы 5-6 жастағы баланың үлкендермен қалыпты жағдайдан тыс - тұлғалық қарым-қатынас жасау түрінің пайда болуымен ерекшеленеді.

Бес жасар бала үшін үлкен адам тек білімнің көзі ғана емес, сонымен қатар айнала қоршаған әлемнің қыр-сырын білетін, әлеуметтік қатынастардың үлгісі, адами әрекеттердің қағидалары мен білімдерінің көзі болып табылады. Бала үшін өзін мазалаған мәселелерімен, қызықтырған сұрақтарымен, пікірімен үлкендермен бөлісу өте маңызды. Сондықтан ол адами қарым-қатынастар мен адамгершілік қағидалар туралы сұрақтарды көп қоя бастайды. Мұның себебі баланың күнделікті өмірде кездесетін жағдайлардан туындаған алаңдаушылығымен байланысты.

Бұл кезеңде баланың айналаны танып-білуге құштарлығы артқаны соншалық, ол үлкендерге қоршаған әлем туралы өзін қызықтырған сан алуан сұрақтар қоя алады.

Егер 4-5 жастағы балалар үлкендермен жан-жануарлар, машиналар, табиғат құбылыстары жайлы әңгімелессе, ал мектепке дейінгі ересек жастағы балалар өзін-өзі ұстау ережелері, өзі және ата-аналары жайлы әңгімелескісі келеді.

Бес-алты жастағы бала мектеп жасына дейінгі балалардың (бұл әсіресе балабақшаға баратын балаларға тән) құрдастарына бағытталған барлық құбылыстарының «ошағы» болып табылады. Өзінің тартымдылығымен құрдастары үлкендерді басып озып бала өмірінде ерекше орынға ие болады. Қарым-қатынастың негізгі мазмұны — іскерлік ынтымақтастығы мен біріккен ойын әрекеті арқылы ашылады. Балалардың қарым-қатынасы әсіресе, сабақ және ойын әрекеті үстінде айқын көрінеді. Бала құрдастарының әрекетіне сынай қарап, іштей қызғанады, оларды өзінше бағалайды және үлкендердің бағалауын өзіндік әсермен қабылдайды. Кейбір жағдайда құрдасының сәтсіздіктеріне онымен бірге қамығады. Бірақ мұндай қатынас тұрақты бола бермейді. Ол өз мүмкіншіліктері мен жетістігіне мақтанып, өзін басқадан биік ұстайды, өзгені қызғанады, оны өзіне бәсекелес санайды. Қарым-қатынасында жиі жанжалдасып қалу сипат алады. Ызақорлық пен қымсыну сезімінің пайда болуы әсерінен қарым-қатынас шиеленісе түседі. Әрдайым өзінің артықшылығын дәлелдеу мақсатында басқа балаларды өзімен салыстырып отырады. Қарым-қатынаста үлкендердің де, құрдастарының да оның пікірімен санасқанын, өзіне сыйластықпен қарағанын қалайды. Сонымен қатар, өзара қарым-қатынасында түсініспеушілік пен жанжалдарды болдырмаудың жолын табуды меңгеру арқылы баланың қатынас құзіреттілігі қалыптасады.





4. Мақсаты:

Мектепке дейінгі жастағы баланың табысты әлеуметтенуіне және жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға негізделген негізгі құзыреттіліктерді игеруіне ықпал ететін баланың жеке дамуының кешенді ұйымдастыру және толыққанды кеңістін құру, қоғамдадағы жағымды қатынастарға қабілетті шығармашыл тұлғаны тәрбиелеу.


Міндеттері:

Қазақстан халықтарының ұлттық дәстүрлері негізінде салауатты өмір салтының құндылықтарын қалыптастыру, баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту, денесін шынықтыру;

- мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінде педагогикалық үдерісті қоғам талаптарына сәйкес жаңғырту;

- балада қоршаған әлем, табиғат, өзі және айналасындағы әлеуметтік ортасы туралы алғашқы түсінігін қалыптастыру;

- баланың танымын дамыту, ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру, танып білуге қызығушылығы мен құштарлығын арттыру;

- баланың сөйлеу тілі мен ана тілін таным және ойын әрекеті негізінде дамыту;

- баланың дұрыс дыбыстауын, байланыстырып сөйлеуін, қатынас мәдениетін, сауат ашу негіздерін игеруге даярлау;

- баланың эстетикалық сезімін, айналасындағының шынайылығына эстетикалық қатынасын және бейнелеу, көркемдік-тілдік, музыкалық әрекеттерінде шығармашылық қабілеттерін дамыту.

5. Зерттеу объектісі: бала


6. Зерттеу пәні: мектепке дейінгі шағын орталықтағы тәрбие мен оқытуда балланың логикалық қабілетін дамыту.

7. Күтілетін нәтижелер:

- әр баланың тұлғалық қасиеті және оны ауыспалы өмір жағдайында әрі қарай сәтті дамыту мақсатында өзін-өзі тану, өз ойын еркін білдіру және оны іске асыру дағдыларын жетілдіру;

- салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыру мақсатында баланың толыққанды физиологиялық дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы кеңістік құру;

- әр баланың интеллектуалдық қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамыту;

- мектепте білім алуға жан-жақты дайындау.

8. Мазмұны

5-6 жаста сюжеттік-рөлдік ойындар ойнату арқылы тәрбиелеу мен оқыту одан әрі жетіле түседі. Балалар сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымда көрсетілетін әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек.

Осы кезеңде баланың жаңа дағдылары мен білімдері, қалыптасқан тәртіп ережелері мен психикалық үдерістері, қиялы, қарым-қатынас жасау дағдылары мектепке дейінгі жастағы жетекші іс-әрекет — сюжеттік рөлдік ойындар арқылы қалыптасып, дамиды. Басқа әрекет үстіндегі баланың мінез-құлқы бұл әрекет кезінде мүлдем басқаша болады. Қойылым кезінде бала өз-өзін тез жинап, өзін байсалды ұстайды, сюжеттің мазмұнын есінде тез сақтап қалады. Ойын үстінде басқалардың пікірімен санаса отырып, өз талаптарын да орындата алады. Осылайша түсініспеушіліктерді шешіп, бірлесіп жұмыс жасайды. Басқаша айтқанда, қарым-қатынас іскерлігіне үйренеді.

Осы кезеңдегі маңызды құрылымдардың бірі — өзін-өзі ұстау ережелері болып табылады. Бала бұрын өзінің эмоцианалдық көңіл күйін кез келген ортада еркін көрсетсе, енді өзінің іс-әрекетінде тәртіп нормалары мен қағидаларын сақтайды. Дегенмен де, бұл кезеңде өзін-өзі ұстай білу дағдысы енді қалыптасу сатысында болады. Алғаш рет өзін қалай ұстау керек деген сұрақ туады. Бала санасында өз әрекетін реттеп отыратын өзін-өзі ұстау тәртібінің үлгісі құрылады. Сол үлгі арқылы бала өз әрекетін реттеп отырады. Өз мүмкіншіліктерін, нені істей алатындығы мен істей алмайтындығын сезеді, өзгелермен қарым-қатынаста өз орнын біледі, өз әрекетін ғана емес, ішкі жан күйінің тербелістерін (қуаныш, реніш, қобалжу, толқу, т.б.) де сезінеді, үлкендердің талаптарын түсініп, өз пікіріне сай келсе саналы түрде орындай алады. Психологтердің пайымдауынша, бес жастан кейін олармен «келісуге», тапсырмалар беруге, жаңа іспен қызықтыруға болады.

Дәл осы кезеңде өзін-өзі ұстау еркіндігі — бала психикасының дамуы мен жан дүниесінің қалыптасуының көзі болып табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының бар саласында көрініс табады және бекітіледі.

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Тұрмыстық түсініктер бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-ін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.

Бұл кезеңде бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге құмарлық сияқты қасиеттер пайда болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы – танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің кескіні пайда болады. Алайда, бұл қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі ойлау ғана.

Көрнекі-бейнелік ойлау — ойлау қабілетінің кең тараған түрі. Ол тікелей затқа емес, сол заттың бейнесі мен баланың зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің маңызды шарттарының бірі — ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды құрылымдарының бірі — елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек.


Сөздік- логикалық ойлауды дамыту жаттығулары


1 "Ұғымды анықта"

Балаға төмендегідей сөз жиынтықтары ұсынылады.

Велосипед, шеге, кітапша, плащ, қауырсын, дос, қозғалу, біріктіру, ұру,өтпейтін.

Самолет, винт, газет, қолшатыр, аң терісі, батыр, тербелу, қосу, тістеу,өткір.

Автомобиль, шұрып, журнал, етік, қабыршақ, қорқақ, жүгіру, байланыстыру, шымшу,тікенекті.

Автобус, түйреуіш, хат, шляпа, мамық, өсекшіл, айналу, салу, итеру,кесетін.

Мотоцикл, кірқысқыш, жарнама, бәтеңке, тері, жау, сүріну, жинау, соғу,жарылған..

Балаға осы сөздердің бірде біреуінің мағынасын түсінбейтін адамды елестетуін сұраңыз. Одан соң айтыңыз: "Осы адамға әрбір сөздің нені білдіретінін түсіндіруін сұраңыз, мысалы, "велосипед" сөзі. Мұны сен қалай түсіндірер едің?"

Бала сөзге анықтама беруге кіріспес бұрын,оның берілген сөзді түсінетіндігіне көз жеткізіңіз.Ол үшін мынадай сұрақтар беруге болады: "Сен бұл сөзді білесің бе?" немесе: " Сен бұл сөздің мағынасын түсінесің бе?".

Балаға әр сөздің анықтамасын беруге көмектесіңіз, көмекші сұрақтар беріңіз, бірақ әрқашан да алдымен баланың өзіне жауап беруге мүмкіндік беріңіз.

2 "Ұқсас сөздерді тап"

Дәл сол сөздер жиынтығы қолданылады.

Балаға бірінші қатардан бірінші сөзді оқыңыз - "велосипед".Басқа қатардан мағынасы бойынша сәйкес келетін сөздерді табуын өтініңіз. ( берілген сөзбен бір топқа жататын. Бір ұғыммен анықталатын). Әрбір келесі сөздер жиынтығының әрбір сөзінің арасы 1 секунд интервалмен балаға жайлап оқылады.Қатардағы сөздерді тыңдау барысыда бала осы қатардағы сөздерден естіген сөзіне мағынасы бойынша сәйкес келетінін көрсету керек.Мысалы,егер оның бұрын естіген сөзі "велосипед" болса, онда ол екінші қатардан "самолет" сөзін таңдайды.Өйткені олар "көлік түрлері виды транспорта" немесе "қозғалыс құралдары" ұғымын құрайды. Бұдан әрі ол келесі жиынтықтардан "автомобиль", "автобус" және "мотоцикл" сөздерін таңдайды.

Егер бала бірінші қатардан керекті сөзді таба алмаса, онда оған бұл қатарды тағы да, бірақ жылдамырақ оқыңыз. Егер бала таңдауды қате жасаса, оған тапсырманы тағы да түсіндіріңіз және қарапайым мысалдар келтіріңіз.

Балаға керекті сөздерді табу үшін барлық төрт қатар оқылып болған соң,бірінші қатардың екінші сөзіне ауысыңыз да, осы процедураны бала келесі қатарлардан бірінші қатардағы барлық сөздерге мағынасы бойынша сәйкес сөздерді тапқанша жалғастырыңыз

Баланың сөздік-логикалық ойлауын әрі қарай жетілдіру үшін осыған ұқсас сөз қатарларын ойлап табыңыз.












9. Нәтижесін қолданушылар


  • Мектеп әкімшілігі

  • Педагогикалық ұжым

  • Мектепке дейінгі шағын орталық тәрбиешілері

  • Ата – аналар


10. Тиімділігінің критерийі

  • Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларды 2-4 адамнан шағын топ құрып, әр түрлі логикалық ойындарды дербес ұйымдастыруға үйрету.

  • Ойын ережелерін сақтай білуге үйрету.

  • Ойын әрекетінің әр түрін қамтитын және балалардың жалпы дамуына көмектесетін түрлі логикалық ойындарды қолдану.

  • Ойынды таңдауда балалардың жас ерекшеліктерін ескеру.


11. Қорытынды


Балалардың жеке басының ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасау ұстанымын басшылыққа ала отырып, дамыта оқыту мақсатын көздейді және мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын қалыптастыру мен дамыту үдерістерін басқару механизмімен жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның гуманитарлық мақсатын көздейтіндігін, «ашықтығын», мектепке дейінгі оқытудың полимәдени ұстанымын басшылыққа ала отырып жасалғандығын көрсетеді.

Бағдарламада бала ойынына үлкен мән беріледі. Себебі, ойын — баланың негізгі әрекеті. Бала өмірге келісімен ойын арқылы өзін қоршаған әлемді, табиғатты таниды. Сол арқылы дамиды, өседі. Ойын үстінде игерген білім-білік дағдыларын қолдануға, жетілдіруге мүмкіндік алады. Бағдарламада баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болатын сюжеттік-рөлдік ойындарға ерекше орын беріледі.

Ұсынылатын материалдарды меңгертудің бекітілген уақыт мөлшері көрсетілмейді. Бұл педагогке оқу материалын баланың жеке ерекшелігіне қарай тиісінше түрлендіріп, толықтыру мүмкіншілігін береді. Десек те, бұл оқу материалын жүйесіз қолдану деген сөз емес. Себебі, интеграциялаудың өзі белгілі бір жүйе болып табылады.

Ең бастысы, білім берудің базалық мазмұнын жүзеге асыру балаға тұлғалық-бағдарлық және жеке ерекшеліктеріне қарай қарым-қатынас жасау мен балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту үдерісіне ата-аналарды белсенді қатыстыру мақсатында ұйымдастырылып, жүзеге асырылғанда ғана баланың жеке басының даму сапасы жоғары деңгейге жететіндігін естен шығармауымыз керек.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту (тәрбиешілерге кеңес)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Патентовед

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 689 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.03.2016 3193
    • DOCX 104 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтхожина Бахыт Мизамбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтхожина Бахыт Мизамбаевна
    Айтхожина Бахыт Мизамбаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 42995
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы организации безопасной среды в дошкольном образовании

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 41 человек

Курс повышения квалификации

Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 822 человека

Курс повышения квалификации

Педагогические основы деятельности воспитателя в условиях ФГОС ДО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 391 человек

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в тренинг и профессия тренера

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе