Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету

Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m13839873.gifhello_html_m77720543.gifhello_html_65ec021c.gifhello_html_286b9a5.gifhello_html_676177df.gifhello_html_m34a90a1b.gifhello_html_m67df8ff2.gifМ.Әуезов атындағы

5 жалпы орта білім

беретін мектебі

бастауыш сынып мұғалімі:

Нүркенова Мирамкул Мыржақыпқызы








Бастауыш сыныпқа арналған әдістемелік құсқау





Тақырыбы:


Бастауыш сынып оқушыларын

сауатты жазуға үйрету














2014-2015оқу жылы


Қазақ халқының ұлы ағартушысы Ы.Алтынсарин:

«Оқушы сабақты білмей қалса оған ұрыспау керек. Оған сабақты білдіре алмаған кемістікті өзіңнен іздеуің керек»


Бастауыш сынып оқушыларын сауатты жазуға үйрету


Бастауыш мектептегі оқу-білім жүйесінің ірге тасы, яғни оқушылардың білім негізі бастауыш сыныптарда қалыптасатыны барша жұртқа аян. Сол үшін бастауыш сыныптағы оқу тәрбие үрдісіне аса күшті назар аударуымыз керек. А.Байтұрсынұлы айтқандай: «Мұғалім әрдайым ізденісте болғанда ғана шәкірт жанына нұр құя алады». Оқу үрдісін жетілдіріп, сабақ сапасын арттырудың әдіс-тәсілдері өте көп.Оның өзі әрбір мұғалімнің шығармашылық еңбегіне, әдіс-тәсілдерді қолданудағы шеберлігіне, терең теориялық біліміне, тәжірибесіне, әр сабаққа тиянақты даярлығына байланысты.

Сабақ сапасын арттырудың тағы бір тәсілі – оқушылардың жеке-дара психикалық ерекшеліктерін (қабілетін, дарындылығын, қызығуын, ерік-күшін т.б) анықтап, меңгерілетін тақырыпты осыған сай үйлестіре білуде.

Бүгінгі таңда бастауыш сынып мұғалімдерінің ең маңызды мәселесі оқушылардың сабақта есте сақтай білу қабілеттілігін, тиянақтылығын, жазу каллиграфиясын және сауатты жазуын қалыптастыру. Оқушылардың таза да әдемі жазуға дағдылануы қаламын дұрыс ұстап, жаза білуіне байланысты. Сондықтан алдын ала қаламдарын дұрыс ұстауды, дәптердің жазуға арналған жолынан асырмай, әріптерді біркелкі жазудың қажеттілігін күнделікті айтып отыру, алғашқы үйретудегі негізгі қадам.

Негізгі талап – алғашқы күннен бастап оқушыларды партада дұрыс отыруға дағдыландыру. Аяқты еденге қою, омыртқа қисаймай арқасын түзу ұстау, дәптер мен көз арақашықтығы 30-35 см; басы аздап алдыға еңкейген; иықтары бірдей, бір-бірінен жоғары-төмен ұсталуы керек; қолдары парта үстінде, шынтақтары партадан сәл ғана – 2-3 см шығыңқы, оң қолы жазу жазғанда еркін қимылдауға ыңғайлы.

Жазу көлбеулігі 65 градус мөлшерінде сақталады. Ол үшін:

Жазу кезінде дұрыс отыру;

Дәптерді дұрыс қою;

Қаламды дұрыс ұстай білу дағдыларын қалыптастыру қажет.

Сонымен бірге қол шынтаққа дейін парта үстінде болуы керек. Шынтақты 1-2 см ғана партадан шығаруға болады.

Дәптер көлбеулігі 25 градус мөлшерінде. Дәптердің сол жақ төменгі бұрышы оқушының кеудесінің ортасына қарсы жатады. Дәптер беті толған сайын оқушы сол қолмен дәптерді солға жылжытып отырады.

Қалам үш саусақпен ұсталады. Қаламның екінші ұшы иыққа бағытталады. Саусақтар қалам ұшынан 2-2,5 см қашықтықта болу керек. Қалам ұстауды да мұғалім мұқият үйрету керек .

Оқушыларды сауатты және көркем жазуға үйрету мектепке келген алғашқы күннен-ақ осылай басталады. Сауатты жазу мен көркем жазуды бөліп қарауға болмайды. Сауатты жазуға үйрететін негізгі пән сауаташу, ана тілі, қазақ тілі. Сауатты жазудың ең негізгі құралы – ережелер. Ережелерді жаттап, оны пайдалану ең басты мәселе. Оқушы сауатты жазу үшін қазақ тіліндегі грамматикалық ережелерді дұрыс түсініп, күнделікті өмірде қолдана алатын дәрежеге жетуі тиіс.

Бастауышта сауаттылықты жете меңгермеген оқушы жоғарғы сыныптарда өзін толықтыра алмайды. Оқушы әріп танығаннан бастап, ең алдымен алфавитті бес саусақтай жатқа білуі қажет. Әріпті меңгергеннен кейін сөздерді буынға бөліп оқуға үйрету қажет. Буынды дұрыс меңгерген оқушы дұрыс тасымалдауды біледі. Тасымалдан қате жіберу ең күрделі қатенің бірі. Бала сөзді дұрыс тасымалдау үшін, дұрыс буынға бөлу керек, ал дұрыс буынға бөлу үшін- дауысты дыбыстарды жатқа білу керек. Бұл жерде буын туралы ережені де басшылыққа алу керек.

Сауатты жазуға үйрену жұмысы грамматикаға сүйенеді. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады. Олай болса, белгілі бір жазу ережесіне негіз болатын грамматикалық құбылыстар саналы түрде ұғындырылып, содан кейін қорытынды шығарылуы қажет. Мұнда ережені мәніне түсінбей, құр жаттап алудан сақ болған жөн.

Мына жұмыстарды жасау керек.

Сауатты жазуға бағыттаудың тағы бір түрі сөзге дыбыстық талдау жасау. Дыбыс түрлерін ажырата білмегендіктен әріп тастау, әріп айырбастау қателіктері кетеді. 1- сыныпта дауысты әріптің астын бір сызықпен, дауыссыз әріпті екі сызықпен сызу жұмыстары жүргізілсе, 3- сыныпта дауыссыз дыбыс түрлерін анық ережеге сүйеніп ажырату керек. Мысалы: оқушы «у» әрпінің қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын меңгергеннен кейін іс жүзінде дұрыс қолданып, ережеге сүйеніп дәлелдей алуы керек және сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болатынына көз жеткізеді. Мысалы: дауыл – 5 ә, 5 д, 2 д-ты, 3- д-сыз, 2 б. 
Оқушы өздері сөйлем құруға келгенде оны қолдана алмайды. Егер олар сөйлем құрғанда сөздердің арасындағы байланысты анықтау арқылы, жалғаудың қызметіне көңіл аударып дағдылануы керек.

Бұл үшін сөйлемдегі бір сөзден екінші сөзге сұрақ қойып дағдылануы қажет.

Тек сөзді ғана емес сөйлемді дұрыс жаздыру қажет.

Сауатты жазуға үйрену үшін аналогия арқылы жаза білудің маңызы зор. Яғни онда нақты бір сөзді қалай жазу емес, бір топтағы сөздердің жазылуы көрсетіледі. Сондықтан оқушылар бір ережені меңгеру барысында дайын мәтінмен ұқсас мысалдарды таба білуге немесе өздері мысал келтіре алуға тиіс. Мысалы: Буындарды ажырату, әріп қалдырмау, жазылуы мен айтылуы бөлек сөздерге мән беру. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әр түрлі факторға негізделеді. Жазу жұмыстары сауаттылықты арттырудың тиімді жолы болып табылады. Оған диктант, мазмұндама, көшіріп жазу, диктант т.б.

Сауаттылыққа үйренуде сезім анализаторларының барлығы да есту де, көру де, қол қозғалысы да қатысуы керекті зерттеліп анықталды. Яғни бұл сезім мүшелерінің атқаратын қызметі өте маңызды. Сөйтіп жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, оқушыларды сауатты жазуға үйрету үшін ескерілетін жағдайларды топтап көрсететін болсақ, олар төменедегідей:

Мұғалім жазылатын сөздің немесе сөйлемнің мағынасын, мәнін оқушының түсінетіндігіне әбден көзі жеткеннен кейін барып жаздыруға тиіс


Ұқыпты жазу

Сөзді дұрыс айту

Қатемен жұмыс

Жазғандарына ой жүгірту




Материалды меңгеруге жасалатын жағдай





Ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыру

Үнемі талдау

Түбірлес сөздер табу

Сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастыру






Дыбыстық талдау, сөз құрамына жаттығу, сөз табының қызметі, синтаксистік талдаулар, іске асырылып, сөйлеуге үйрету жұмыстарымен байланыстыра жүргізіледі. Арнаулы орфографиялық жаттығулар (көшіру), тіл дамыту жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезек жүргізіледі.

Сөздік жұмысы үздіксіз жүргізіліп отырылады. Әрбір оқушының жазудан әлсіз жақтары болады. Мұғалім ондай оқушылармен сөздік жұмысын жеке жүргізеді.

Белгілі бір жағдайға дағдылану біраз уақыт жаттығуды қажет ететіні сияқты, сауатты жазуға жаттығу дағдысы да көп қайталауды, жаттығуды талап етеді. Сондықтан өтілгеніне біраз уақыт болған материалдарды жүйелі түрде еске түсіріп отыру пайдалы.

Сауаттылықты арттыру мақсатында жоғары да айтылған ережелерге сүйене отырып, әр сабақта тапсырмалар мен ойындар қолдану керек.


«Шашылған әріп» ойыны

заж ; ақба; рақ; ғаша; лмаа ; Аталау; іпл, норма, раңжыб, ғышреакр, баттағи.



Кестені толтыр


д-ы

д-з

буын

ұяң

үнді

қатаң

әріп,

дыбыс

өріс

ө,і

р,с

2

-

р

с

4 әріп

4 дыбыс

ине

 

 

 

 

 


 

кітап

 

 

 

 

 


 

теңге









«Буындардан сөз құра» тапсырма

Бал, бұ, зау, бүр, шал, ба, ғы, ға, кіт, бар.


«Мен сөйлемді бастаймын, ал сендер жалғастырасыңдар»


1. Вагондар тұр...

2. Самат тұр...

3. Вокзал басын...

4. Гүлсая жүр ...


Үлгі: Вагондар тұр тізіліп,


«Кім жылдам?» ойыны.


1. А әрпінен басталатын қалалардың аттарын жазыңдар.

Мысалы: Астана,...

2. Тек қана а (е, ы, і ) дауысты дыбысы бар сөздер ойлап жазыңдар.

(ы) Ыдыс, ыстық,...

(і) Ірімшік,ілгіш,...

(е) Ерке, ертең,...


Үлгі: дауысты дыбыс (а) : Тамаша, Тамара, Шағала, ...



Мақал тауып жаз.

Әр сөзі «Е» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын еңбек туралы бір мақал жаз.

Е.........................е..................................е..........................

Әр сөзі «Ж» әріпінен басталатын үш сөзден тұратын ерлік,батырлық туралы бір мақал жаз.

Ж.....................ж.......................ж.............................


Жазба жұмыстарды зерделей, саралай отырып, «Игеру дағдысын бақылау» тәсілімен үздіксіз жұмыс істеу – үлкен нәтижелерге жеткізеді. Оқушылардың жазба жұмыстарындағы қатені нақты ашып көрсету – қатені екінші рет жібермеуге жетелейді. Ол үшін қатемен жұмысты оқытудың жаңа технологияларының талабына қарай ұйымдастыру қажет. Осындай мақсаттағы жұмыстарыма тоқталайын:


Оқушылардың көркем жазуды игеру дағдысын бақылау


Жазу сараптамалары





1

Жазба әріптерімен толық жазғаны





2

Жазба әріптермен жартылай жазғаны





3

Әріптерді жолға дұрыс орналастырғаны





4

Әріптерді жолға жартылай дұрыс орналастырғаны





5

Көмекші жолды түгелдей пайдаланғаны





6

Жоғары қосылысты толық дұрыс пайдаланғаны





7

Жоғары қосылысты жартылай пайдаланғаны





8

Төменгі қосылысты толық дұрыс пайдалаңғаны





9

Толық қосылысты жартылай пайдаланғаны





10

Сөйлемнің шекарасын толық анықтау





11

Сөйлемнің шекарасын жартылай анықтау






Шартты белгілер:

« »-жүзеге асқаны

« »жартылай жүзеге асқаны

«-» жүзеге аспағаны


Оқушылардың әріп жазуды игеру дағдысын бақылау


Оқушының аты-жөні

Әріп элементтерін дұрыс жазуы

Жеке әріптерді өзара құрастырып жазуы

Жазу жұмысына ұқыптылығы

Әріп элементтерін қате жазуы

1






2






3






4







Диктант жазу барысында жіберілетін қателермен жұмыс


Жіберілген қателер оқушының

аты жөні










Дауысты дыбыс емлесі

о-ө









ы-і









у-ұ









а-ә










Дауыссыз дыбыс емлесі

н-ң









т-д









п-б









с-з









ш-ж









Бас әріптің емлесі









Әріп тастау









Тасымалдау









Қос сөз









Қатар келген дауыссыз дыбыс











Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының тарапынан жақсы түсіндіріліп, онан қаншама дұрыс дағды берілгенімен әр оқушының білімі, дағдысы мен шеберлігі есепке алынбаса, оларды материалды қалай меңгергені, мұғалім мен оқушылар еңбегінің барысы, нәтижесі және оған қалай жеткені белгісіз болады. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке деген ықыласы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай сабақ болмасын, балалардың алған білімдері, дағдысы мен шеберліктері есепке алынып отырғаны дұрыс.




Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров419
Номер материала ДВ-124954
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх