Инфоурок Начальные классы Научные работыБастауыш сыныпта дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі

Бастауыш сыныпта дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі

Скачать материал

БАСТАУЫШ СЫНЫП САБАҒЫНДА ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

          

 

Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш саты – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Шығармашылықты  дамыту тақырыбы еш уақытта бүгінгі күн тәртібінен түспейді және барлық зиялы қауымның, ата-аналардың, ғалым-зерттеушілердің, ұстаздар қауымының назарын ерекше аударып отырған, әлі де назар аудара беретін көкейкесті мәселе. Оқушының шығармашылығын  дамыту – ойын ұштау деген сөз, ойы айқын, сөзі жатық оқушы ішкі пікір-пайымын да бүкпесіз жеткізе алады. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.

         Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Бастауыш мектеп – оқушысы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш тілі – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс. Бастауыш мектеп балаға белгілі білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Дамыта оқытудың басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие қалыптастыру басты орында тұрған өзекті үрдіс. Осы бағытта басты назар оқушылардың шығармашылық ізденістерін нығайту,  тапсырмалар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқушылардың алған білімдерін, дағдыларын келешектегі өмірлерінде қолдана алуларына көздерін жеткізу өте қажетті әрекеттердің бірінен саналады.

          Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой-пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да рөлі зор.  Сабақ үрдісінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді .

      Бастауыш сынып сабақтарында  шығармашылық жұмыстардың сан алуан түрі жүріп отырады.Сөз тіркестер, сөйлемдер, мазмұндаманы айтпағанның өзінде сурет салу, сөйлем талдау, елек құрастыру жүріп отырады. Мұғалім үнемі оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі.

         Демек, қазақ тілі сабағында да дидактикалық ойындарды тиімді қолдана отырып, оқушылардың ойлау, сөйлеу қабылетттңн дамыту қажет.  Себебі ойындар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп, ұжымды сыйлауға, өз ой-пікірін дәлелдеуге үйренеді.

        Бастауыш сыныпта әр сабақты дидактикалық ойындар арқылы оқушыларды тәрбиелеу жұмыстарын төрт жақты жүргізген дұрыс.

        Бірінші бағыт – дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін, логикалық ойлауын тәрбиелеу.

        Екінші бағыт – оқушыларға ізгілікті тәрбие беру – оқыту үрдісінде халық педагогикасының мол мұрағаттарын пайдалана отырып, оқушыларға ізгілік, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіру.

       Үшінші бағыт – түрлі көркем шығармаларды пайдалана отырып, оқушыларға эстетикалық тәрбие беру арқылы олардың жеке тұлғалық қабілеттерін, жат нәрседен бойын аулақ салуға тәрбиелеу.

      Төртінші бағыт – оқушылардың сөздерді орынды қолдану дағдыларын жетілдіре отырып, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

         «Мақал-мәтелдер айтудан жарысайық» ойыны арқылы қазақ тілі сабақтарында оқушыларға тәрбиелік мәні жоғары, адамгершілік, ізгілік қасиеттерді үйрететін мақал-мәтелдерді жаттатып, тәрбиелік мәнін өз пікірлерімен айтып беру қабілеттері тәрбиеленеді.

        Дидактикалық ойын – оқушылардың ынта-ықыласын күшейтетін, оқудың қиын процесін жеңілдететін, дамуды тездетуге көмектесетін, оқу барысында таным қызметін күшейту мен көтермелеудің қуатты қайнар көзі болатын оқыту әдісінің бір түрі. Дидактикалық ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып, жаңа сабақты немесе өткен материалды берік меңгерту болып табылады. Дидактикалық ойындардың ережесі оқушылардың түсінуіне оңай, қарапайым әрі қысқа болуы шарт. Дидактикалық ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескерту қажет:

        - сол ойынның оқушыға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

        - баланың жан-жақты дамуына танымдық қызметінің артуына әсер етуі;

        - өтіліп отырған материалға қызығушылығын туғызуы;

        - ойын сабақтың мақсатын іске асыруды оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қылыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;

        - өтілген тілдік материалды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі.

        Дидактикалық ойындардың балаларды қоршаған ортамен таныстырудағы рөлі де ерекше. Ойын үстінде оқушы өзіне үлкен адамның белгілі бір функциясын қабылдайды. Оны өз іс-әрекетінде жүзеге асыруға тырысады. Балалардың дидактикалық ойындарға деген қызығушылығы ойын әрекетінен ойлау әрекетіне, ақыл-ойды дамытуға берілген логикалық жаттығуларға ауысады. Мысалы, рөлдік «Капитандар» ойынын алайық. Бұл ойынды ойнау барысында балалар елестету әрекеті арқылы «кемені жүргізеді». Ойындағы рөлді оңға, солға бұрады, кеменің жүзуіне, қозғалысына тән дыбыс шығарады. Бұл әрекеттер арқылы оқушылар кеме капитанының рөліне енеді. Ал дидактикалық жағынан алғанда олар капитанның ойлау әрекетіне еліктейді, мұғалімнің алдын ала жасаған түсіндірмесіне сүйене отырып, «берілген бағыт бойынша» жүргізеді. Мұндай ойындар арқылы оқушы өздігінен жұмыс істеуге үйренеді, өз бетімен қорытынды шығаруға машықтанады. Сондай-ақ ойын барысындағы іс-әрекеттерді белгілеу, балалардың орын тәртібін анықтау, түрлі рөлдерде бөлісу т.б. баланың ой-санасының дұрыс қалыптасуына әсер етеді.

        Оқыту тәжірибесінде дидактикалық ойындардың бірнеше түрі қалыптасқан. Атап айтқанда, бастауыш сыныптардағы оқыту процесінде төмендегі ойын түрлері жиі пайдаланылады: «Қай әріпті жоғалттым?», «Қай буынды жоғалттым?», «Бос тор көзді толтыр», «Қызықты торкөз», «Суретті билет», «Сөйлем қуаласақ» , «Тыныс белгісін тап», «Екі-екіден ірікте», «Тордан шық», «Парашюттен түсір», «Синтаксистік касса» т.б.

        Аталған ойындардың алғашқы төртеуін тілдің дыбыстық жүйесімен таныстыру барысында пайдалануға болады. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны сабақта жаттығудың бір бөлімі ретінде 4-5 минут көлемінде жүргізіледі. Ойын тәртібі:  әріптері кем карточкалар сыныптағы оқушыларға таратылып беріледі. Ойынға қатысушы оқушы өзіндегі әріптерден керектісін алып, әр сөздегі жоқ әріптердің керектісін алып, сөздегі жоқ әріптердің орнына қоюға тиісті. Мұғалім белгіленген уақыт ішінде оқушылардың орындаған жұмыстарын қарап, қай топтан қанша оқушының дұрыс орындағанын анықтайды. Қай топтың қатесі аз болса, сол топ ұтады. Ойын соңынан қойылған әріптерді ататқызып, дыбыстық талдау жасауға болады. Дауысты ма, дауыссыз ба, жуан немесе жіңішке ме деген сияқты. «Қай буынды жоғалттым?» ойынын буын тақырыбын өткенде жүргізуге болады. Ол үшін бір буыны қалдырылып кеткен сөз карточкалары жасалады. Буындары жоқ карточкалар сыныптағы оқушыларға таратылып беріледі. Ойынға қатысушы әр оқушы өзіндегі кеспе буындардың ішінен сөздерге қажетті буындарды тауып алып, керекті орындарына дұрыс қою керек. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын көріп шығып, қай оқушының қалай орындағанын айтады. Өздеріне берілген карточкалардағы дұрыс қойған жауап оқушы ұтқан болып табылады. Бұл ойынды екі топқа бөліп ойнатуға да болады.

        «Бос төркөзді толтыр» ойыны оқушыларды ойлай білуге, өз бетімен жұмыс жасауға, тапқырлыққа үйретеді. Ойынға арналып бірнеше торкөзді карточкалар жасалынады., карточкада бір торкөз әріп жазылмай ашық беріледі, қалған торкөздерге тиісті әріптер жазылады. Ойын тәртібі: оқушыларға карточкалар таратылып беріледі немесе тақтаға ілінеді.

        Кейінгі жылдары дамыта оқыту талаптарына сәйкес ойынның оқушыларды ойландыратындай етіп берілуіне айрықша мән беріліп жүр. Сондай ойындардың кейбіреуіне тоқталып өтейік.

«Кім тапқыр?» ойынының шарты: алғашқы және соңғы дыбыстары бірдей, қай жағынан оқысаң дыбысатры бірдей, қай жағынан оқысаң да бірдей сөздерді табу. Үлгі: қазақ, ара, шаш, қырық, көк т.б.

«Кім тез ойлайды?» ойынында кім ішінде саны бар сөздерді көп ойлап жазса, сол көп ұпай жинайды. Мысалы:

        Түбір – тү + 1

        Күшік – к + 3 + ік

        Дербес – дер + 5

        Жетік – 7 + к

        Сегізкөз – 8 + көз

        Желтоқсан – жел + 90

«Ойлан,тап!» ойынында өтіліп отырған тақырыпқа орай тапсырма беріледі. Мысалы: Берілген сөздердің мағынасы шығатындай бәріне ортақ жалғауды тап.

        бі

        ше

        ті       ---------------       (...)

        көй

        ә

Немесе, берілген сөздің мағынасы шығатындай алғашқы буынды тап деген тапсырма беруге болады.

         (...)   ---------- кіт

         (...)   ---------- та

         (...)   ---------- рік

         (...)   ---------- за

Ойын әдісі мына бағытта жүргізіледі:

- үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі;

         - оқушыларға грамматикалық ұғымдарды меңгертуге қажетті оқу материалы ойын құралы ретінде пайдаланылады;

         - үйрету де, үйрену де ойын – жарыс түрінде жүргізіледі;

         - оқушылар мәселені шешу тетігін іздейді, шығармашылық ойлауы қалыптасады.

       Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен құлшынысы көрініс табады.  

         Шығармашылықты дамытудағы өздік жұмыстардың ықпалы зор. Шығармашылық дағдылардың қалыптасып, дамуы оқушының жаңа жағдаяттарға байланысты білім, біліктерін қолдана білуден, таныс объектілердің жаңа қызметін көре алудан, мәселенің белгілі шешімімен қатар өзгеше, тиімді әдістерін іздестіруден және таба білуден көрінеді.

Ал оқушылардың мұндай шығармашылық әрекетін ұйымдастырудың алғышарттарының бірі – олардың өздік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өздік жұмыс оқушыдан белсенді ой қызметін, танымдық ізденімпаздықты талап етеді. Өздік жұмысты оқушының оқу нәтижелеріне жету құралы деп есептеуге болады. Жұмыстың бұл түрі оқушының білімін, іскерлігін бекіте отырып, оның қабілеттілігін, белсенділігін, дербестігін дамытады. Өздік жұмысты оқу үрдісінің барлық буындарында қолдана отырып, шығармашылық сипаттағы оқу тапсырмаларын шешуге, игерілген білімді тәжірибе жүзінде қолдана білу біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға болады.

Оқушылардың шығармашылық әрекеті, өз бетімен жұмыс жасай алу қабілеттері философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттерде едәуір зерттелген.

Оқушылардың өздік жұмыстарының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды. Оқушының өздік жұмысын іске асырудың құралы – тапсырмалар дейтін болсақ, осы тапсырмалардың шығармашылық сипатын басты назарда ұстау қажет. Шығармашылық жұмыстар оқушылын логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен білім алуға икемділігін, дағдыларын дамытады, білім алуға қызығушылығын туғызады, ал бұның негізінде оқушының өзіндік талпынысы, ерік-жігері дамиды да, сол арқылы оқу үрдісінде жоғары нәтижеге жетуге болады.

        Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға не өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызады. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді.

         Тұжырымдайтын болсақ, қазақ тілі сабақтарында шығармашылық жұмыстарға ден қою оқушылардың білім сапасын арттырады, сабаққа деген қызығушылықтарын ұштайды. Сол себептен дәстүрден тыс, жаңаша құрылған дамыта оқу сабақтарын жиі өткізуден ұстаздар қауымы мен оқушылардың зор жетістіктерге жетері анық.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Кертаева Г. Дамыта оқыту идеясын жүзеге асыру. \\ Қазақстан мектебі. 2002.№6

2.Мұстафин.Б. Тіл дамыту сабақтарында көрнекілікті  пайдалану.\\ Бастауыш мектеп. 1999. № 6. 28-32 бет.

3. Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш сыныпта көрнекілік арқылы тіл дамытудың ғылыми негіздері мен оқыту әдістемесі. Алматы, Ғылым, 2002ж, 312-бет.

4.Жәркенов М. Қазақ тілін өмірмен байланыстырып оқыту. Алматы, 1984. -46-бет.

5.Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш класта текспен жұмыс істеудің әдістемесі. А., «Қазақ университеті», 1993ж.

6.Сапарбекова Р.Т., Дамыта оқытудың ғылыми негіздері. «Бастауыш мектеп, №4, 23-28-бет.

7.Мағауова С,И. Бастауыш мектепте тіл дамыту. «Бастауыш мектеп, №5, 2001 жыл, 32-35бет.

   8.Айтыманова Қ. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту шарттары // Бастауыш мектеп.-2007.-№6-7.-8-12б.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Бастауыш сыныпта дидактикалық материалдарды қолданудың тиімділігі"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 030 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2017 2248
    • DOCX 181 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тлеуғазықызы Назгүл Тлеуғазықызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 170086
    • Всего материалов: 40

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система образовательной организации в начальном общем образовании в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 844 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной образовательной программы начального общего образования

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 113 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1200 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 598 человек

Мини-курс

Современные подходы к духовно-нравственному воспитанию дошкольников

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Транспорт в экономике: роль, взаимодействие и потенциал

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе