Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Баяндама. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқыту тәсілдері

Баяндама. Қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану арқылы оқыту тәсілдері



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Қазақ тілі пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдалану арқылы үйрету

Кіріспе



Тақырыбы: Қазақ тілі пәнін оқытуда ойын элементтерін пайдалану арқылы үйрету

Мақсаты:

  • Ойындар арқылы балалардың белсенділігін инициативасын арттыру.

  • Білім сапасын көтеру.

Міндеті:

  • Ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтау

  • Ойын ережесін жетік біліп, балаларға да жеткізе білу

  • Ойын барысында ереженің сақталуын қатаң қадағалау

Болжамы: Сабақ үрдісінде ойындарды кеңінен пайдалансақ оның тәрбиелік мүмкіндіктері мол екеніне көзіміз жетер еді..

Теориялық негізі: түрлі ойындар бала қиялын ғана дамытпай

оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын артады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр кезеңі әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс. Баланың ойлау қабілетімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың ойлау дағдысын, сөйлеу дағдысын жан – жақты дамытады.




Ойын – балалар өмірінде ең зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызы болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады.

А.С.Макаренко

Ойын – бала үшін ойын емес, шындық.

К.Д.Ушинский

Бала ойынында көбінесе терең мән бар.

Ф.Шиллер

«Қазір біз жаңа XXI ғасырда өмір сүріп отырмыз . Болашақта өркенниетті ел қатарына қосылатын көш бастайтын ұрпақ өсіреміз дейтін болсақ, Отан сүйгіш , өз елін туған жерін сүйетін ұлтжанды , патриоттық интернационалдық сезімдерге бай, жан-жақты білімді, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді еш уақытта естен шығармауымыз керек.»- дейді елбасы Н.Ә.Назарбаев. (Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан 2030»)

Мектеп – қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы - бастауыш мектеп. Бастауыш саты - білім дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алу мен кезкелген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы бастауышта қаланбақ. Баланың жеке бас қасиеттері, оның адамгершілігінің, белсенділігінің қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш сыныптарда жүзеге асады. Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының негізгі іс – әрекеті – ойын. Оқытып – үйрету барысында олар біртіндеп ойын іс-әрекетінен таным іс-әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидкактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.

Балалардың танымдық белсенділігін дамытып, пәнге қызығушылығын арттырудың негізгі бір жолы – дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатта көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты – бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.

Дидактикалық ойынды пайдалану жиілігін мұғалім анықтайды және шығармашылықпен түрлендіре отырып, балалардың жас ерекшіліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдыруға болады. Бірақ ойын процесі мен оқу процесін бір-біріне етене ұластырылып ұйымдастырылған жөн. Бала ойын іс- әрекеті үстінде қандай да білім игеріп жатқанын, аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс – әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтереді.

Ойынның мақсаты - бағдарламада алған білімдерін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау.

Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.

Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.

Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.

Ойын сабақтың басында өткен сабақты еске түсіреді.

Сабақтың ортасында көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа ынтасын арттырады.

Сабақтың соңында тақырыпты бекіту, сабақта алған білімді жинақтау мақсатын көздейді.

Ойындық технология мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешуін іздестіруге құрылады. Ойынның ұйымдастырылу түрлері мазмұнына қарай, өзіне тән ерекшеліктеріне қарай

  • Сюжетті-рольді ойындар

  • Дидактикалық құрылыс ойындары

  • Драматизациялық ойындар

  • Қимылды ойындар

  • Ұлттық ойындар

  • Әдеби музыкалық ойындар болып бөлінеді.

Сабақта көбіне пайдаланылатын

- іскерлік ойындар

- рөлдік және оқиғалық ойындар

- саяхаттық және білімдік ойындар.

Іскерлік ойындар – оқушылардың сөйлеу қабілеттерін жетілдіретін, дамытататын тиімді тәсіл. Сабақ барысында іскерлік ойындарды қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу үлгілері, сөйлеудің әдеби нормалары меңгертіледі. Мұндай ойындар оқушылардың жасқаншақтық, ұяңдық қасиеттерін жойып, оның қиялына ерік береді.

Драматизацияланған  ойындардың түрі басқа  ойындарға  қарағанда күрделірек себебі, ол  ертегілерден және  әдеби шығармалардан құрылады. Рөлдік ойындарды меңгергеннен кейін балалар бұл ойынның түрін тез меңгереді.
Жарыс ойындарын көбінесе қорытынды сабақтарда пайдаланылады. Зырылдауық арқылы, асықтармен, топқа бөлініп те ойнауға болады. «Оқы да біл, ойна да күл», «Ойнайық та ойлайық», «Қыз қуу» т.б. жарыс-ойындарын ұйымдастырылады.

Логикалық ойындар балалардың есте сақтау, ойлау т.б. қасиеттерін дамытады. Бір сурет беріледі де, белгілі уақыттан соң жауып қойып не көргендері сұралады. Неше бала болды немесе қуыршақтың көйлегі қандай еді? Үстел астында неше доп бар? Не өзгерді? т.б.

Өркениетті елдердің мектептің бастауыш сатысында пәндерді оқыту технологиясын жетілдірудегі тенденциялары айқындалды.

  • Ойын арқылы оқытуға басымдық беру,

  • Оқушының өз ойын, өз пікірін ескере отырып оқыту,

  • Зерттеу тәсілдеріне үйрететін инновациялық оқыту,

  • Оқытуға ақпараттық және комуникативтік технологияларды кеңінен пайдалану.

Оқу сапасын жетілдіруде оқытудың қазіргі технологияның жетілдірудің маңызы ерекше. Мұнда білім мазмұнын жетілдірумен қатар оны қабылдау тәсілдерін жетілдіру, оқушының танымдық, шығармашылық күштерін жетілдіру әдістеріне басым бағыт берілуде. Бастауыш сатыда баланың жетекші іс – әрекеті оқу әрекеті.

Баланың қызығушылығын арттыру үшін; назарын аудару еліктеу, білуге ұмтылу, өзіне - өзі сенімді болу, тең қарым – қатынас жасауы қажет. Бастауыш сатыда жетекші іс – әрекет:м пәндік , ойын, оқу, қарым қатынас , бейімдеу. Мұнда білім, білік, дағды бірінші орында . Базалық деңгейде білімді; меңгеру – ойға тоқу қолдану қажет. Баланы шектемей, оған еркіндік беру керек, сонда оның ой өрісі дамиды. Бала тез сөйлесе, оның дамуы тез болады. Ол оқу материалын тез меңгереді.

Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан бастауыш, дайындық сыныптарында оқушылар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланылатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген сайын баланың жас ерекшелігіне сай болып күрделенгені дұрыс. Олай болса, ойынды пайдаланудың маңызы зор. Мұндай ойынның көптеген түрлері бар. Сондықтан ойын балалардың жас ерекшеліктеріне және өтілетін сабақтың тақырыптарына мазмұнына сай етіліп таңдалып алынғаны дұрыс. Сонда бала ойын және іс – әрекеттері өздерінің тақырыпты игеріп жатқанын байқауға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас бір бөлігі болып келеді.

Ойын дегеніміз не?  Ойын — қоғамдық тәжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-әрекеттің бір түрі, яғни тәртіпті, өзін-өзі басқаруды жетілдіреді. Адам тәжірибесіндегі кең тараған дамыту ойынының қызметі: ойынға тарту, рахат беру, демалдыру, қызығушылығын тудыру.

Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін, тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе. Белгілі педагог К.Д.Ушинский: «Ойын - бала үшін ойын емес, шындық». - деп айтқандай бала балабақшаларда және дайындық сыныптарда әртүрлі сюжетті ойындар арқылы, сан алуан тұрмыста қолданатын заттарды, сан түрлі құрастырмаларды құрастыра отырып олар өздерінің келешек өміріне дайындалады.

Демек ойын бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекеттерін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.

Педагогикалық ғылым тарихына көз салсақ, балалар ойынына қатысты мәселелерге соқпай кеткен ағартушы, педагог болмаған екен. Ойын үстінде баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С Макаренко былай дейді: «Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады». Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу - бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асырылады. Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды». Адам әрекетінің еңбек, оқу сияқты негізгі түрлерінің бірі – бұл ойын. Ойын – бұл жағдаят жағдайында қоғамдық тәжірибені игеру және қайта туғызуға бағытталған әрекет түрі. Ойын барысында тұлғаның мінез құлқын өзі басқаруы жетіліп, қалыптасады. Отандық педагогика және психология ғылымдары саласында ойындық әрекет бағдарламасын К.Ушинский, П.Блонский, С.Рубинштейн, Д.Эльконин, шетелде З.Фрейд, Ж.Пиаже және т.б.жасады. Олардың еңбектерінде тұлғаның даму сатыларында, негізгі психикалық қызметтері дамуындағы, тұлғаның өзін-өзі басқаруы мен
өзін-өзі билеуіндегі, әлеуметтену үрдісінде – адамның қоғамдық тәжірибені пайдалану және игерудегі ойынның рөлі зерттеліп, негізделген.
Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына келесі:
Мақсаткерлік;
Жоспарлау;
Мақсатты іске асыру;

 Ойын әрекеті мазмұнынан әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ойын - бала әрекетінің негізгі түрі болғандықтан, ойын ойнағанда бөлме теңіз де, ұшақ та, темір жол вагоны да, ертегі кейіпкерлері, саяхат маршруттары да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді.. Сондықтан, ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады.

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы олардың білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруды мақсат етеді. Демек, мұғалім сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды. Мысалы:

«Кедергілерден өту» , «Жұмбақ жерге саяхат», «Алтын сақа», «Адасқан әріптер», «Адасқан буындар», «Адасқан вагондар», «Вагонды тірке», «Поездбен саяхат», «Кім тапқыр?», «Жалғасын тап» «Жақын көршілер», «Кім зерек ?», т.б сияқты ойындар ойнатылады.

Мысалы: «Жұмбақ жерге саяхат» ойнынң мақсаты оқушыларға сабақтың барысында тапсырмаларды орындата отырып, оларды ойша саяхатқа алып келіп, етістік тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту болды.

Дидактикалық ойындарды пайдалана отырып баланың ынтасын сабаққа аударуға , таным әрекетін қалыптастыруға , тиянақтап пысықтауға, етістікті сөз табы ретінде танытуға тырыстым. Дидактикалық тапсырмалар мен ойындарды, сюжетті суреттерді қолдана отырып, баланы ойлай отырып ойнату да сабақты меңгертудің бір жолы болып табылды. Мысалы: Дауыссыз дыбыстардың түрлерін өткен кезде «Балалар аспанда бұлттар үйіліп қалды. Қазір жауын жауады. Балалар сендер білесіңдер біздің Қазақстан елінде көптеген өзендер мен көлдер, теңіздер бар. Солардың ішінде суы тартылып бара жатқан теңіздер де бар. Соның бірі Арал теңізі. Қазір біз жауынның суы арқылы сол Арал теңізін толтырып көрейік. Ол үшін біз жаңбырдың тамшыларын өзендердің арнасы арқылы ағызып, теңізімізді азғана болса да сумен толтыруға тырысып көрейік. Ол өзендеріміз үнді, ұяң, қатаң деп аталады екен». – дейміз. Осы кезде балалар әрбір тамшыны өзендерге дауыссыз дыбыстарды орналастырады. Сөз құрамын өткен кезде «Адасқан вагондард», «Қызықты колейдоскоп», «Сиқырлы пазлдар» ойынын ойнату арқылы сөз құрамын меңгертуге үйрететуге болады. Мысалы: «Балалар біздің жүрдек поездымыз қазір жолға шыққалы тұр. Бірақ оған тіркелген вагондар адасып кетіпті. Егер олар дұрыс жалғанбаса, біздің жолаушыларымыз жолдан қалып қояды. Сондықтан біз вагондарды дұрыс тіркеуге көмек берейік». – деп айтып оларға жұмысшылар сөзінің түбір сөз, жұрнақ, жалғайларын дұрыс жалғауға үйретуге тырыстым. Бұл жерде түбір сөз, жұрнақ жалғауларды бір - бірінен ажыратуға және түбір сөзге қосымшаларды дұрыс жалғауды үйретуге болады. «Жұмбақ жерге саяхат» ойынын ойнату кезінде «Етістік тақырыбы бойынша білімді бекіту» сабағы бойынша етістіктің сөз табы ретінде таныту арқылы ережелері мен оның түрлері, сұрақтары бекітіледі. Балаларға жұмбақ жасыру арқылы саяхатқа алып шығатын кейіпкерімізді тауып аламыз. Содан ол бізді Жұмбақ жерге саяхатқа алып шығады. Жұмбақтың шешуі бұл жерде қоян болды. Содан кейін Балалар біз бүгін саяхатқа шығамыз. Ал қайда баратынымыз әзірге белгісіз. Қайда баратынымызды білу үшін біз ең алдымен мына жасырылған бейнедегі тапсырмаларды орындау керекпіз деп айтып тапсырмаларды кезегімен орындау арқылы мақсаттарына жетуге тырысуға үйретеміз, ой өрісін дамытамыз. Бұл ойында балалар шынында қайда барар екенбіз деп тапсырмаларды шапшаң орындауға тырысады. Әр уақытта саяхаттың орны ауысып отырады. Етістіктерді қайталай отырып «Қоянға батпақтан өтіп кетуге көмектес» ойынын ойнатамыз бұл жерде Қоянға тек етістік сөздер жазылған жермен өтуге болады. Балалар тапсырманы дұрыс орындау үшін етістіктің сұрақтарына дұрыс жауап беру керек екендігі алға қойылады.

Ұлы педагог В.И.Сухомлинскийдің Ойынсыз, ертегісіз, шығармашылық пен қиялсыз баланың ой - өрісін дамыта алмаймыз. Ал тұлғалы, кезіндегі прогрессивті ұлы педагогтар А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Г.Песталоцций халықтық ойынға назар аударып, қолданып, халықтық ойындардың теориялық негізін жасауға талпынған. Ж.Ж.Руссо пікірінше білім алу ойынның балалар өмірінде кезектесіп, алмасып отыруы бір-бірімен сабақтаса байланысуы бала дамуындағы қажетті шарт болады.

Ойынды мұғалім баланың ойлау іс - әрекетін жандандыруға арналған әдістемелік тәсіл ретінде қолданады. Жаңа тақырыпты түсіндіру, оны пысықтау үшін жаттығулар орындау, өткен тақырыпты еске түсіріп қайталау үшін пайдаланылатын дидактикалық ойындардың түп нұсқасы қазақтың ұлттық ойындарын алуға болады. Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық жинау» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.

Ұлттық ойындар арқылы балалар бойларына ибалық, байсалдылық, тапқырлық, шыншылдық және т.б қасиеттерді сіңіру, қалыптастырады. Ол «Орамал тастамақ», «Алтын сақа», «Көкпар», «Бәйге» т.б . ойындары арқылы жүзеге асырылады.

Қазақ тілі сабағында әр түрлі ойын элементтерін пайдаланамын. Мысалы: Сөз құрамы тақырыбын жүргізгенде «Орамал тастау» қазақтың ұлттық ойынын ойнаттым. Мұнда орамалды кезектесе беру арқылы түбір сөзге жұрнақ пен жалғауды ажыратуға үйренуге болады. «Ойын» деген сөзді ала отырып, келесі оқушы орамалды алып оған (– шы) жұрнағын жалғауды. Келесі оқушы орамалды алып (– лар) деп жалғап кете береді. Осылайша ойын жалғасып кете береді. «Бәйге» ойынында дыбыстық талдау жасатуға болады. Үш топ әріптері бірдей сандардан тұратын сөздер беріп оларды кезекпен бір уақытта талдауды бастайды. Қай топ бірінші аяқтаса сол бәйгеде жеңімпаз болып есептеледі. «Сиқырлы қоржын» ойынын ойнату барысында қоржыннан шыққан буындар арқылы сөздер құрастыру, олардан сөйлем құратуға болады. «Қыз қуу» ойынын да зат есімнің жекеше және көпше түрін бекітіу кезінде пайдалануға болады. Бұл жер де сыныптан бір ұл бала және бір қыз бала тақтаға шығып, бірі зат есімнің жекеше түрін жазса екіншісі сол сөздің көпше түрін жазады. Ойын барысында тоқтап қалған бала ұтылды деп есептеледі. Осындай ойындар арқылы ұлттық сана сезімдерін де қалыптастыра аламыз.

Қазіргі Қазақстан мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке-дара күшінің дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолдануға бағытталған.

Теориялық бойынша түрлі ойындар бала қиялын ғана дамытпай

оқушылардың сабаққа деген қызуғышылығын артады. Бала өз мүмкіндіктерін ашып, жаңалыққа, бәсекелестікке ұмтылады.

Сабақ қызықты құрылып, сабақтың әр кезеңі әдістемелік талапқа сай жүргізілуі тиіс.

Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз - педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.

Ойын технологиясын зерттеу - бүгінгі күн талабы.

Бүгінгі күні дидактика саласындағы фундаментальды мәселелердің бірі- білім берудегі ойындар технологиясы болып отыр.

Адамдар ойынының құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидактикада аса маңызды зерттеулер болған жоқ.

Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен-өзі бастала отырып, адамның кәсіпті толық менгергенінше жалғасады және ойын оқытуда алдыңғы технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.

Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді». И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді.

Ойын оқу үрдісіндегі оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория. Сонымен бірге ойынды мұғалім мен оқушылардың бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады.

Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып , жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор.

Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ал бүгінгідей, динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни, ойын технологиясы арқылы баланың оқу ынтасын арттыру жеңіл болмақ.

Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: біріншіден, ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден, адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі.

Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігін байқатады. "Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нәрседе бір жаңалық болу керек", - деп жазады Ж.Аймауытов.

Педагогтың балалар ойындарындағы ролі өте маңызды және өзінше ерекше. Ол көбіне ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі, сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы да бола алады.

Сабақ баланың ақыл-ойына күш түсірмей, ойын түрінде өткізіледі. Балалардың логикалық ақыл-ойын, эмоциялық еркін, зейінін, ынтасын дидактикалық ойындар арқылы арттыру барысында ойындарды түрлендіріп, күрделендіріп отыруға болады. Ойынның әр түріне кақыт саналы түрде бөлінуі қажет. Бұл – сабақтың тартымды болуының шарты, әрі балалар ондай сабақты зейін қоя, тез ұғып алады.

Сонымен қатар сергіту ойындарын кеңінен пайдаланамын. Сабақты қай кезеңінде болса да, әсіресе, балалар шаршады-ау деген мезетте сергіту, бой жазу жаттығулары өте пайдалы. Сергіту ойындарында көктем гі, жазғы табиғат құбылыстарын т.б. айтумен қатар қимылдармен бейнелейді.

Мысалы: «Жұмбақ жерге саяхат» ойнында балалар жолдан шаршадыңдар ма ? Ондай болса демалып алайық.

Бәріміз орнымыздан тұрайық . Балалар сендер табиғаттың құбылыстарымен таныссыңдар . Табиғаттағы құбылыстар үнемі өзгеріп отырады . Далаға қарайықшы.

Далада күн шығып тұр .

Бір кезде жел тұрып кетті.

Жел бұлттарды айдап алып келді.

Жаңбыр сіркіреп бастады.

Жауын қатты жауып бастады.

Жаңбыр қарға айналды.

Қайтадан жаңбыр жауды.

Жаңбыр бірте-бірте басылды.( мұндағы құбылыстарды іс – әрекет

арқылы көрсетеді.)

  • Енді келесі бейнеге тоқталайық. – деп жалғастырып кетеміз.

Қорыта келгенде, ойын балалардың негізгі іс-әрекеттерінің бір түрі. Бала өмірі ойынға байланысты. Бала ойынсыз өсіп өркендей алмайды. Бұл өмірдің заңдылығы. Сондықтан да қазақ тілі сабағында ойын элементтерін пайдаланудың оқушылардың ой белсенділігін арттырудағы маңызы зор.











Пайдаланған әдебиеттер



  1. Мектеп №05. 2008

  2. Бастауыш мектеп 2009. 01. №1

  3. Педагогикалық шеберлік орталығы NIS

  4. http://www.google.kz Жаңа білім беру технологиясы мен әдіс тәсілдері

  5. К.С.Құдайбергенова «Құзырлық табиғаты тұлғаның өздік дамуында»- А: «Принт АСС»

  6. У.Б.Жексенбаева «Компетентностно ориентированное образование

в современной школе» - Алматы; 2009 г.

  1. А.А.Жайтапова, Г.А.Рудик, Е.В.Белошниченко, А.С.Сатывалдиева

«ХХІ ғасыр педагогикасы мектеп табалдырығында». Ақпараттық

әдістемелік дайджест. Алматы, 2009 ж.

  1. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика, 2009 ж.





















Қосымша 1



hello_html_m1d2ad12f.png















































hello_html_1984b186.gif





















































Қосымша 2.

























Қосымша 3

Кім тапқыр!

«Ғарышкер» сөзінен кім көп сөз табады.



Ғарышкер

hello_html_58165b07.png

































































































21





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 11.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров513
Номер материала ДВ-050313
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх