Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Конспекты / Баяндама "Қазақ тілі сабағында ойын, мақал-мәтел, жұмбақтарды тиімді пайдалану жолдары"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Директору, завучу

Баяндама "Қазақ тілі сабағында ойын, мақал-мәтел, жұмбақтарды тиімді пайдалану жолдары"

библиотека
материалов




Қазақ тілі сабағында ойын, мақал-мәтел, жұмбақтарды тиімді пайдалану жолдары.


Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Ойлау мен жазу бағдарламасын сабақтарда қолдану , оқушыға үйрету емес, оқушының үйренуіне көмектесу негізінде іске асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс-әрекет білім игеруде ортақ қарым-қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланады.

Сабақ барысында қазақ халқының асыл қазынасы болып саналатын ауыз әдебиеті жанырларының түрлерін, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді,жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, әдет-ғұрып,ұлағатты нақыл сөздерді тағы басқа тағылымдарды үйрету арқылы оқушылардың танымы кеңейтіледі. Осылайша дербес тұлғаның дүниетанымы кеңейіп, тіл үйренуге ұмтылысы артады. Кез келген сабақ таным әрекетін іске асыруға бағытталады.Қазақ тілі мен ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте қазақ тілі мен ана тілін оқыту ісіне ерекше мән берілуі тиіс.Өйткені қазақ тілі мен ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ қазақ тілі мен ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды»деген болатын. Ана тілі мен қазақ тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөлінеді.

Мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда «Ана тілі»мен «Қазақ тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту. Және сөздік қормен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру – осы пәннің міндеттерінің бастысы. Осы орайда белгілі ғалым Н. Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді. Жалпы, ана тілі мен қазақ тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты қаланады.

Әсіресе түзеу мектеп оқушыларына ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап ,мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.

1. Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде,қалай қабылдату керек.

2. Үйрету. Білгенін оқушы практикада қолдана отырып,ережеге байланысты тапсырманы қиналмай орындауы керек.

3. Тәрбиелеу. Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4. Дамыту оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып,өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру.

Қазақ тілі мен ана тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін,мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы, оқушылардың сөздік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету,сөздік қорын байыту оң нәтижелер береді.Оқушылардың сөздік қорын байытуда сөздік жұмысының алатын орнын ерекше түсініп, сабақ үрдісінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдаланады: мәтін бойынша сөздік қорды байыту,әңгіме, өлең оқып, мақал-мәтел, жұмбақ жаттау.

Әр сабақтарында жаңа сөздерді, сөз тіркесін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет. Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру. Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге деген қызығушылықтарын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Мысалы; «Адасқан әріптер» ойыны.

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.

Қ,у,о,ы,ш-оқушы

Т,п,і,к,а-.......................

І,і,б,л,м-........................

М,м,ғ,ұ,а,л,і-.................

«Шашылған дыбыстар» ойыны.

Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.

Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.

Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау, мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б.

Мектепте оқытылатын әр пәннің оқушы тілін дамытуға қосар үлесі болғанмен, бұл үлкен міндетті жүзеге асыруда «Ана тілі»мен «Қазақ тілі» пәнінің атқаратын қызметі зор. Пәннің негізгі мақсатының өзі – оқушының сөздік қорын дамыту. Және сөздік қормен қоса оқушының тіл мәдениеті нормаларын меңгеруіне түрткі болады. Оқушылардың таза, жатық, түсінікті сөйлеуін қалыптастыру – осы пәннің міндеттерінің бастысы. Осы орайда белгілі ғалым Н. Уәлиев: «Тіл мәдениеті дегеніміз – сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», - дейді. Жалпы, ана тілі сабағы арқылы жазу мен сөйлеу мәдениетінің алғышарты қаланады.

Әсіресе түзеу мектеп оқушыларына ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады.

Оқушылар ауыз әдебиеті үлгілерін (ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, аңыз әңгімелер мен шешендік сөздер) оқу арқылы білімдерін кеңейте түседі. Әдеби ертегелерді оқу барысында “тұтас рухани кеңістік” шығады, сонымен қатар әлемнің ұшы-қиырсыз кең, алуан түрлі және тіртұтас екендігін біледі. Әдеби шығармаларды оқу арқылы олардың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, адалдақ пен мейірімділік, батырлық пен азаматтық, сезімталодық пен адалдық сияқты ізгі қасиеттер қалыптаса бастайды.

Бала тәрбиесінде жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал мәтелдер олардың дүниетанымын, түсінігін, болжағыштығын, ұғымын кеңейтумен қатар, тілін ұстартып ойын жүйелеуге, кеңейтуге әсері мол. Мақал –мәтелдер- ой дәні, сөз мәйегі. Балалардың ақыл-есін молайтып, ой-өрісін кеңейтеді, адамгершілікке, адалдыққа, ерлікке, еңбекке, өнер-білімге тәрбиелейді.Жаңылтпаш баланың тілін ұштап, асықпай еркін сөйлеуіне көмектессе, жұмбақ –тез ойлауға , шапшаң жауап беруге үйретеді.Сондықтан мен сабақтарымда балалардың тілін дамыту үшін, осы жаңылтпаш, мақал-мәтелдер, жұмбақтарды кеңінен пайдаланамын.

Мысалы:

Жұмбақтар

1. Өзінше ноян,

Қорқақ кім... (қоян)

2. Алмастан тыным,

Шабады ... (құлын)

3. Бата алмас түлкі,

Үсті тікен ... (кірпі)

4. Айбат шегер алыстан,

Аң патшасы ... (арыстан)

*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.

Жұмбақты оқып, қай әріп екенін тап.

Қорада емес сарайда,

Аспанда емес тоғайда.

Отында жоқ күйеде,

Жылқыда жоқ, түйеде.

Қырда емес, сайда бар,

Құнанда жоқ, тайда бар.

Бұл жұмбақты шешетін

Тапқыр бала қайда бар?

Қай әріп? ........

Дыбысы жоқ болса да,

Алфавитте орны бар.

Оқылмайтын жазса да,

Қай белгі ол табыңдар.

( ------------------ )

Қоянда бар,

Шортанда жоқ,

Шаянда бар.

( ------------------- )

Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласың ба?

Алшаң-алшаң басады,

Құйрығында шашағы,

Аң біткен одан қашады. (Арыстан)

Бата алмас түлкі

Үсті тікен..... (Кірпі)


Ауыз әдебиетінің мынадай үлгілері: балаларға арналған ойын өлеңдері, төрт түлік жырлары, ертегілер мен аңыз әңгімелер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, шешендік сөздер мен билер сөздері, нақыл сөздер мен мысалдар, батырлар жырларының үлгілері, өтірік өлеңдер мен айтыс өлеңдері кең орын алады.

Ана тілі жас баланың ақыл-ойының дұрыс дамуына білімді еркін және оңай меңгеруіне көп жеңілдік келтіреді. Сол себепті мектепте ана тілін оқыту ісіне ерекше мән береді. Өйткені ана тілін дұрыс меңгермеген оқушы басқа пәндерді де ойдағыдай үйрене алмайды. Білгенін не сөз тауып айтып бере алмай, не ойын қағаз бетіне түсіре алмай, қиналады. Осыдан-ақ ана тілі мектептегі негізгі пәндердің бірі екенін анық байқаймыз. Аса көрнекті педагог К.Д.Ушинский ана тілінің білім берудегі ролі туралы: “Ана тілін толық меңгермеген бала тарихты, географияны, жаратылыс ғылымдарын және математиканы өз сөзімен айтып бере алмайтын күйге ұшырайды». Ана тілі басқа пәндердің бәріне қатысы бар және олардың нәтижелерін өзіне жинастыратын басты, өзекті пән. Сондықтан да мектепте оқушылардың сөздік қорын молайтып, сол үйренген сөздерін қолдана отырып, айтайын деген ойын анық жеткізіп сөйлеуіне зор көңіл бөліну пән мұғалімдерінің басты міндеті.





































Автор
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Директору, завучу
Подраздел Конспекты
Просмотров310
Номер материала ДБ-023286
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх